3.Оқу пәнінің саясаты Курс бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты жұмыс жасау қажет. Бұл курс бойынша бағаның семестр ағымында қалыптасатындығын көрсетеді. Ең жоғары балл қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берілген жағдайда, жазбаша жұмыс уақытында және толық көлемде ұқыпты орындалған жағдайда беріледі.
Пәнді игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.
Өзіндік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған, сонымен қaтар қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.
Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы дәріс (дәріс) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.
Студент СОӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Студенттің сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс.
Тапсырманы тапсыру мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды.
Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, бірақ сабаққа қатысуына болады.
Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады.
Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен қасындағы білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс.
Студенттің курсқа көзқарасы Студент Ар Кодексіне сәйкес болу керек.
Ауыруына немесе басқа себептерге (туыстарының қаза болуы) байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (анықтаушы құжаттар талап етіледі) жоспарланған тапсырмаларды басқа мезгілде (декан өкімімен) тапсыруға мүмкіндік береді. Сабаққа қатыспау академиялық талаптардан босатпайды. Студент шектен тыс сабақ жіберсе, келесі курсқа қалдырылады немесе академиялық демалыс алуы тиіс.
Тапсырманы орындау барысындағы адалдық (шынайылылық) университет миссиясы үшін және студенттің жеке дербес құқықтылығының дамуы үшін өте маңызды. Алдау, плагиат т.б. түрлері орын алмауы тиіс және орын алған жағдайда тапсырыманы орындай алмау немесе келесі курсқа көшірілмей қалу секілді сәйкес шаралар жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіншілігі Жалпы топта мүмкіндігі шектеулі студенттерге жеке оқу жоспарына бойынша қашықтықтан оқыту технологиясына сәйкес білім алудың инклюзивті әдісі қолданылады.