Постреквизиттер: Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білім, білік және дағды қажет: оқылатын пәндерге пайдаланылатын пәндер тізімі: Азаматтық құқық және іс жүргізу, Қылмыстық құқық және іс жүргізу. ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасының негізгі ережелерін білу; алынған білімді тəжірибеде сауатты қолдану, өзінің көзқарасын дəлелдей білу.
Пән сипаттамасы
2.1 Оқу пәнін оқытудың мақсаттары Болашақ қызметі аясында азаматтық құқығы теориясынан алған білімді практикада заң нормаларын қолдана алады; азамат құқығын еңбекті қолдану аясында тараптардың қызметіне ықпал ететін заң құралы ретінде жариялау іс-әрекеттерін жүргізу, студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алуы, азаматтық-құқық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдай білуі және азаматтық-құқықтық заңдылығын зерттеу, зандылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейімделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау. Құқықтық мәселелер бойынша дұрыс және сауатты кеңес бере алады, құқықтық мәселелер, оның ішінде ғылыми сипаттағылары бойынша өз көзқарасын жеткізе және қорғай алатын болады;