2.2 Оқу пәнін оқытудың міндеттері Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер жүктеледі:
- азаматтық құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жан-жақты қырынан меңгеру және оларды құқықтық сараптау қабілетін қалыптастыру;
- азаматтық құқық қатынастарын құқықтық реттеуде туындайтын күрделі мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу және шешімдер қабылдау ісінде жан-жақты талдау қабілеттерін қалыптастыру
- дауларды шешу жолдарын анықтау және сот-төрелік тәжірибеде қолданылатын құқықтық актілерді қолдану және сараптау қабілетін қалыптастыру
- Теориялық білімдерді практикада ұтымды пайдалануға баулу.