Электрдинамикалық прибордың кемшіліктерін сипаттаңыз
Кемшіліктері: үлкен өзіндік энергия тұтынуы , шкаласы біркелкі емес, сезімталдығы жоғары емес, асқын жүктелу қабілеті кіші, конструкциясы күрделі және құны жоғары, шайкалумен діріл жарамайды
Электрмагнитті прибор нұсқама тілінін ауытқу бұрышын анықтайтын формула туралы қорытынды жасаңыз
α= (c1/c2) I2 = kI2 мұндағы k тұрақты шама. Сондықтан электромагниттік өлшеу механизмі бар құрылғыларда қозғалатын бөлік пен көрсеткіштің айналу бұрышы а катушка арқылы өтетін токтың квадратына пропорционал болады. Сондықтан мұндай құрылғы біркелкі емес масштабқа ие
Электрмагнитті өлшеуіш прибордың жұмыс істеу принципін сипаттаңыз
Электрмагнитті өлшеуіш приборларда қозғалатын бөлігін орналастыру үшін өлшенетін тогы бар орамадан және ферромагнитті материалдан орындалған бір немесе бірнеше өзекшеден құралатын жүйенің магнит өрісінің энергиясы қолданылады. Электрмагнитті өлшеуіш приборлардың келесі үш конструкциясы кең тараған: жазық орамасы бар; дөңгелек орамасы бар; тұйықталған магнитөткізгіші бар. Жазық орамасы бар электрмагнитті өлшеуіш приборларда пермаллой материалынан жасалған өзекше 1 магнит өрісінің күшінің әсерінен мыс сымынан оралған ораманың 5 тар ауалы қуысына тартылады.
Электрмагнитті прибордың артықшылықтарын сипаттаңыз
Артықшылығы: конструкциясы қарапайым және сенімділігі жоғары, асқын жүктелі қабілеті жақсы, тұрақты және айнымалы ток тізбегінде жұмыс істеуге қабілетті, дәлдік класы 1,0; 1,5; 2,5; жиілік диапазоны 45 Гц ...10кГц дейін; ток бойынша өлшеу диапазоны 0,005...300А (тікелей қосқанда) және ток трансформаторымен 20 000А дейін ; кернеу бойынша 1,5...60В(тікелей жалғанғанда) және өлшеуіш кернеу трансформаторымен жалғағанда 6000В дйін жетеді
Электрмагнитті прибордың кемшіліктерін сипаттаңыз
Кемшіліктері: үлкен энергия тұтынады, сезімталдығы жоғары емес, шкаласы бірккелкі емес, электрмагнитті өлшеуіш прибордың көрсеткіштеріне қоректендіру кернеуінің жиілігі, сыртқы магнит өрісі және температураның әсеріне бар.
Достарыңызбен бөлісу: |