Х. Жұмабаев атындағы Қарсақ бастауыш мектебі 2015-2016 оқу жылының оқу- тәрбие жұмысына сараптама



бет20/31
Дата25.12.2016
өлшемі5,71 Mb.
#4885
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Қорытынды:

-Балалар, жылы сөз,қайырымды іс,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, « Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



18 наурыз күні мектебімізде сынып жетекші Нұртаева Роза Нұрмәдиқызының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Іс-шараға оқушылардың әжелері мен ата-аналары шақырылды.Ертеңгілікті жүргізушілер бастады.



Наурыз тойым,Наурыз тойым

Құтты болсын халайық!

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық.

Оқушыларға жалпы наурыз туралы түсінік берілді. «Наурыз»сөзі – біріншіден, «жаңа күн»,дегенді білдіреді,екіншіден,аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп,күн мен түн теңеледі,сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам,үшіншіден,ай аты.Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған.Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні,яғни Ұлыстың ұлы күні»деп атаған.Наурыз бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған,халық қастерлейтін күн.Осындай кіріспеден соң оқушылар өздерінің дайындаған мерекелік бағдарламасын ұсынды.Әндер шырқады,өлең өқыды,би биледі.

Роза Нұрмәдиқызы оқушылармен сұрақ – жауап жүргізді.
1.Наурызды қалай түсінесің?
-Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту.
2.Наурыз көже неден жасалады?
- Ет, сүт, тұз, кеспе т. б.
3.Ұлттық киімдерді ата?
-Қамзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан, кимешек т. б.
4.Ұлттық ойындарды білесіңдер ме?
- Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге, ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т. б.Ертеңгілік өз мақсатына жетті.Соңында барлық қонақтар мерекелік дастарқаннан дәм татып,бата берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет