Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны



бет6/11
Дата10.06.2017
өлшемі2,32 Mb.
#18948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасыларқажет етеді.

Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.

Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:

диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);

қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);

әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);

ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);

прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);

координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).


Әлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..

1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.



Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;

- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);

- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;

- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.

Отбасын диагностикалау – ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.

Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.

Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.



2. Реабилитация – бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады.

Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді.

Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары («сенім телефоны», супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек).

Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, патронаж. Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.

Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады.Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек.

Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:

1. Дайындық – отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т.б.

2. Кіріспе бөлім – отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.

3. Ақпарат жинақтау және бағалау – отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.

4. Қорытынды – отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.

5. Отбасымен жұмыс жасайтын басқа мамандармен (мектептердің әлеуметтік педагогтары, бала құқығы жөніндегі инспекторлар, білім беру, денсаулық сақтау, ІІБ органдарының мамандары т.б.) байланыс орнату.

6. Есеп – отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау, отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.

Отбасы проблемалары, оның күрделілігі патронаждың түрлі кезеңдерінде минимум-бғдарлама және максимум-бағдарлама деп аталатын бағдарламалар жүзеге асырылады.

Минимум-бағдарламалар отбасындағы өте құнды нәрселерден кенеттен айырылуына байланысты оқиғаларға бағытталған. Мысалы, жақындары, туыстарының денсаулығы, жұмыс, өрт нәтижесінде үйден т.б. айырылу. Мұндай жағдайларда әлеуметтік қызметкердің әрекеті обьективті шектеулерге қарамастан қысқа уақыт ішінде отбасы мүшелерінің қабілеттерінің оптималды қызмет атқаруын қалпына келтіруге бағытталады.

Максимум-бағдарламалар жоғалтқан нәрсенің орнын толтыру қажет кезде ғана емес, өмірлік позицияның бағытын өзгерту, отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын түзету және ауыстыруға қол жеткізу үшін де керек. Әсіресе масштабты өзгерістер түрлі мамандар мен қызметкердің потенциалын біріктіру, ұзақ та ерекше күш салуды талап етеді.

Жоғары айтылған әрекеттерден басқа отбасы және оның мүшелерімен кеңес беру және психотерапиялық жұмыс жүйелі жүргізілуі керек.

Патронажды реабилитация қол жеткізген нәрсені тек бекітудің сәтті формасы ғана емес, сонымен бірге профилактика болып саналады. Реабилитация отбасымен жұмыс істеудің үш деңгейін қарастырады: индивидуалдық (кеңес беру, патронаж), топтық (тренинг, жобалау) және қауымдық (әлеуметтік акциялар, әлеуметтік шығармашылық, бұқаралық мейрамдар).

3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы –оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.

Ағарту бағдарламасының негізінде ата-аналарды тәрбиелеудің қарапайым шеңберінен тыс тұжырымдамалар мен модельдер алынады. Олар ересектерді түрлі адамдармен қатынаста пайда болуы мүмкін проблемаларды шешу, түрлі жағдаяттардағы мінез-құлық түрін таңдауда өз бетімен жұмыс жасауды кеітуге бағыттайды.

Мысалы, Ю.Хямяляйнен бірнеше модельдерді пайдалануды ұсынады.

А.Адлердің моделі ата-аналардың, отбасының басқа да мүшелерінің мінез-құлқын өзара сыйластық, біріктіру, теңдік принциптерін ескеру арқылы мақсатты және саналы түрде өзгертуге негізделген. Міндет ата-аналарды баланың ерекшелігін сыйлау, оның индивидуалдылығын мойындауға оның істерінің мотивтерін анықтауға үйрету.

Б.Скиннердің оқу-теориялық моделі ата-аналарды жағымды және теріс бекіту арқылы жедел қарқынмен қайта оқыту және үйретуге шақырады. Бұл модельге негізделген бағдарламаның мақсаты ата-аналарды өз баласының мінез-құлқын бақылау біліктілігіне, оны талдау және реттеуге үйрету.

Т.Гордонның сезімдік коммуникация моделі ата-аналарды қарым-қатынастағы диалогтыққа бағыттайды және біліктілікті қалыптастыруға ұмтылады. Біріншіден, белсенді тыңдау, екіншіден, «екеуі де дұрыс» ұстанымын жетекшілік ету және, үшіншіден, балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

М.Джеймс пен Д.Джонгардтың моделі адам түрліше: балаша, ата-анаша, ересекше әрекет ететін фактіні мойындауға, транзактілік талдауға негізделген. Мұны түсіну отбасы мүшелеріне компромисс, келісім көмегі арқылы өз қарым-қатынасын реттеуге үйретеді.

Алдын-алу элементі ретінде ата-аналарды, отбасының барлық мүшелерін ағарту қиындықты жеңу біліктіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынасты реттеу және басқалардың бойында аналогиялық біліктіліктерді жасауға біліктілікке оқытады.

Бұл жағдайда тренингтер отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ананың коммуникативтік компетенттілігін дамытуға бағытталған.

Отбасын әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны бар және оны әлеуметтік қызметкер өз практикалық іс-әрекетінде жүзеге асырады. Бұл тұрғын үйлік және басқа да көмекпен қамтамасыз ету, транспорттық, коммуникалдық қызмет, медициналық, заң және әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қызметі сферасындағы қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.

Осылайша, отбасымен әлеуметтік жұмысқа экономикалық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық астарлар қатысты, және бұл маманнан бұл ғылымдардың негізін білу, олардың технологияларын меңгеруді талап етеді.
Дәріс 5. Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.

1.Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.

2.Отбасы типологиясына сипаттама.
Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.

Егер мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.

Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.

Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:

ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;

ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;

сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.

Аралық топтарға әлеуметтікқауіп тудыратын отбасылар бар. Егер олар уақытында көмек алмаса олар жағдайы нашар отбасына айналады. Олар обьективті және субьективті себептерге байланысты қиындық жағдайында болады және мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің қолдауын қажет етеді. Оларға толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектері бар, асыранды балалар, өмірге жарамсыз ата-аналар бар, қашқындар отбасылары жатады.

Әлеуметтік қызметкердің мұндай отбасылармен практикалық іс-әрекетінің үрдісі диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік кезеңдерден өтеді.

Диагностикалық кезеңде арнайы кесте бойынша отбасының материалдық мүмкіндіктері және тұрмыс жағдайлары, эмоционалды-психологиялық климат, білімдік, жалпы мәдениеттік деңгейі, бос уақытты өткізу сипаты, міндеттерді және рольдерді бөлу, өзара біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруы зерттеледі, сонымен бірге тұтас отбасының және оның мүшелерінің проблемалары анықталады.

Ұйымдастырушылық кезеңде отбасы мүшелерінің жағдаятты және ресурстарды бағалауға, көмектесуші бағдарламаларды жобалау және адаптациялауға, отбасы-тұрмыстық біріккен еңбекті ұйымдастыруға, қарым-қатынасты дұрыстау, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға тартуға жағдай жасалады.

Коммуникативтік кезеңде қалыптасқан біліктілік пен дағдылар қолдау табады, қолданылатын құралдар кеңейтіледі. Осылайша, мұндай отбасылармен жұмыс өмір іс-әрекетінің дағдыларына оқыту супервизиямен (патронаж) біріктірумен ерекшеленеді.

Дистантты отбасылар да, яғни ата-аналары вахталық әдіспен жұмыс істейтін, ұзақ уақытқа іссапарға шығатын, ересектер не ата-аналары дәстүрлі емес режимде жұмыс жасайтын отбасылар да қолдауды қажет етеді. Оларға өмірлік маңызды құндылықтарға көзқарастардың келіспеушілігі, эмоционалдық алыстау, бос кінәлау, көп уақыт болмағаннан кейін әдеттенудегі күрделілік тән.

Мұнда көбіне кеңес беру өте қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыстағы негізгі мақсаты – отбасына, клиентке өмірлік жағдаятты өзгертуге қол жеткізуге көмектесу, қызметтер потенциалы мен мамандардың әрекеттерін координациялау.


Дәріс 6.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби міндеттері. Әлеуметтік педагогтың этикалық нормалары және құндылықтары

Мәселелі және қиындықтар бар адамдармен жұмыс істеуде жауабы күнделікті мінез -құлық және қарым-қатынас нормаларына келіп тірелмейтін этикалық жоспардағы сұрақтар туындайды. Әлеуметтік педагог кәсіби міндеттерді орындай отырып, сонымен бірге тек өзіне тән көзқарас, әдет, қызмет стилі, қарым - қатынас, темпераментке ие адам болып табылады. Сондықтан көптеген әр маманда туындап отыратын этикалық сұрақтардың жауабы әрқашан жеке түрде шешілді. Міне, сондықтан да әлеуметтік жұмыста маманның адамгершілік және әлеуметтік жетілгендігі маңызды. Әлеуметтік жұмыстың бірегей мамандығы жүз жыл өмір сүргеніне қарамастан, тек 20ғ. 90ж. басында ғана кәсіби қоғамдастық әлеуметтік жұмыстағы бірегей этикалық стандарттарды жасауға кірісті.

1994 жылы шілдеде Коломбо қаласында өткен (Шри - Ланка) әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық Федерациясының Жалпы Жиналысында «Әлеуметтік жұмыс этикасы:принциптер және стандарттар» атты құжатты қабылдады. Құжат 2 бөлімнен тұрады: «Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптерінің Халықаралық декларациясы» және «Әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық этикалық стандарттары». Бұл құжаттарды Федерация көп жылдар бойы қабылдаған жоқ. Бұл ұйымға кіретін жүздеген елдердің өкілдері діни және саяси көзқарастары бойынша әр алуан. Оларды жіберген мемлекеттер орналасулары, басқару формасы, мәдениет бойынша әртүрлі, әлеуметтік жұмыстың құрылымында өзіндік дәстүрге сай тарихи мұраға ие.

Көптеген қарсыласулардың нәтижесінде бір шешімге келіп, нәтижесінде осы құжаттар пайда болды.

«Әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптер туралы Декларацияда» келесідей принциптер көрсетілген:

Әр адам өзіне адамгершілік тұрғыдан қарауды талап ететін тұлға.

Әр адам басқалардың құқығына зиян келтірмей өз қажеттілігін қанағаттандыруда еркіндікке құқылы, және қоғамның жағдайын көтеруде өз үлесін қосуға міндетті.

Әрбір қоғам басқару формасына қарамастан өздерінің барлық мүшелеріне игілікпен қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.

Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік әділдік принципіне сүйенеді.

Әлеуметтік қызметкер жеке адамға,топ,қоғамға және қоғамның дамуында, жеке –қоғамдық келіспеушіліктерді шешуде және алдын алуда көмек көрсету үшін объективті білім жүйесін,біліктілік,дағдыларды қолдануға міндетті.

Әлеуметтік жұмыс дискриминациядан бас тартуға негізделген. Ол жыныс, жас ерекшелік, ұлт, дін, тіл, саяси көзқарас, жыныстық бағдардан тәуелсіз жүзеге асады.

Әлеуметтік қызметкерлер әр адамның, әлеуметтік топтардың құқықтарын сыйлайды, олардың тәуелсіздіктерін, намысын, осы негізде «Адам құқығы жөнінде ООН Хартиясына» және т. б. осы Хартияның халықаралық конвенциясына сүйенеді.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің жетімсіздік принципін қорғауға негізделген, осыған таңдау еркіндігі және кәсіби құпиялылық, клиентке оның құқықтары және оның жеке істері жөнінде құзіретті түсіндіру құқығын талап етуді қосады.

Әлеуметтік қызметкерлер, әрекет етуші заңдылықтарына қайшы келсе де кәсіби құпияны сақтайды.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің қатысуы және онымен ынтымақтасу принципіне негізделген. Әлеуметтік қызметкерлер клиенттің қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында туындайды. Әрбір мәселені шешуге тырыса отырып, өз клиенттерімен ынтымақтаса жұмыс жасаулары қажет. Әлеуметтік жұмысшының қызметтерін қолдаушы адамдар өз мәселесін шешуде белсенді қатысулары қажет. Клиенттер әлеуметтік жұмысшылар арқылы осы біріккен әрекеттің мақсаты және салдары жөнінде әрқашан ақпараттандырылып отырылуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыс клиенттің өзіндік анықталу принципіне негізделеді. Сәйкесінше, ол қандай да мәжбүрлеу жөнінде хабар ету принципіне негізделген.

Бір қатысушылар тобының мәселесін басқа топтардың мәселесі есебінен шешу қажеттігі туындаған жағдайда мәжбүрлеуді қолдану қарсы топтардың қызығушылығын ескеріп қарау және екі топты да тыңдағаннан кейінгі принципті таңдау негізінде қолданылады. Әлеуметтік жұмысшылар екі қарама - қарсы топтарды білікті өкілдермен қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен бірге әлеуметтік жұмысшылар өз елінің заңдылығы негізінде легальды мәжбүрлеуге қол жеткізулері тиіс.

Әлеуметтік жұмыс терроризм, зорлық т. б. қатаң тәсілдерді қолданушы азаматтарына әсер ететін жеке адам, топ, саяси күш немесе беделді құрылымдарды тура немесе жанама қолдауы мүмкінемес.

«Әлеуметтік жұмыстың Халықаралық этикалық стандарттарында» 5 топ бөліп көрсетілген: этикалық мінез – құлық стандарттары, клиенттермен өзара қарым – қатынас, агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым – қатынас, әріптестермен өзара қарым – қатынас, мамандыққа деген қатынас.



Этикалық мінез – құлық стандарттары:

  1. Әр адамның мінез-құлқы, және оған көрсетілетін көмектің сипатын түсінуге тырысыңыз.

  2. Кәсіби құндылықтарды дәлелдеңіз, білім және дағдыларды жетілдіріңіз, мамандық беделіне зиян келтіретін әрекеттерді жасамаңыз.

  3. Өзіңіздің жеке және кәсіби мүмкіндіктеріңізді қате бағаламаңыз.

  4. Үнемі туындап отыратын мәселелерді шешуде ғылыми танымның білімін, біліктіліктерін, әдістерін өз орнымен қолданыңыз.

  5. Қоғам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған саясат және әлеуметтік бағдар негізгі бағыттарын жасауда өз кәсіби тәжірибелеріңізді қолданыңыз.

  6. Әлеуметтік қажеттіліктерді, жеке табиғатыңыз және мінезді,топтық,қоғамдық,ұлттық,халықаралық әлеуметтік мәселелерді анықтаңыз және оларды түсініңіз.

  7. Өзіңіздің барлық құрылымыңызды немесе әрекеттеріңізді жеке адам ретінде анық және есеп бере анықтаңыз, сонымен бірге кәсіби ассоциация, агенттілік немесе ұйымдардың өкілі ретінде.

Клиенттермен өзара қарым-қатынас:

  1. Бірінші орынға өз клиенттеріңізге қатысты міндеттерді қойыңыз, тек басқа адамдардың этикалық негіздерін сыйлау шегінде ғана.

  2. Клиент құқықтарын өзара сенімділік, құпия және құпиялылық, ақпаратты жауапты қолдануға итермелеңіз.

Басқа адамдарға ақпаратты жинақтау және беру тек клиенттің қызығушылығына негізделе кәсіби іс - әрекет саласында жүзеге асады. Ешқандай ақпарат клиенттің келісімінсіз хабарланбайды. Клиент әлеуметтік қызметкердегі бар ақпаратты білуі міндетті.

  1. Клиенттің жеке ұмтылыстарын, инициативасын,жеке ерекшеліктерін бағалаңыз және сыйлаңыз. Агенттілік және клиенттің әлеуметтік ортасы аясында маман клиентке өз әрекеттері үшін жауапты болуына көмектеседі; ол әрқашан әр клиентке көмек көрсетуге дайын. Егер қандай да бір себепке байланысты кәсібилілік қажет деңгейде көрсетілмесе, онда бұл жағдай туралы клиентке ақпарат беріліп, және ол өз қалауы бойынша әрекет етеді.

  2. Клиентке өзіндік жүзеге асу және жеке потенциалдарды мүмкіндіктерінің максималды дамуына жету мақсатында көмек көрсетіңіз, алайда басқа адамдардың құқықтарын тең дәрежеде сақтай отырып. Клиентті өз негізінде қызметпен қамтамасыз ету дегеніміз, клиенттің маманмен байланысты заңды қалау және қорытындыға жетуге бағытталғандығын түсінуі, қолдануы тиіс б.т.

Агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас:

  1. Әлеуметтік саясаты,әдістері және практикасы клиентке құзіретті көмек көрсетуге және кәсіби әлеуметтік жұмысқа қолдау көрстеуге бағытталған агенттілік және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасаңыз.

  2. Агенттілікпен немесе ұйымдардың Жарғылық мақсатына және міндеттеріне толық; әлеуметтік жұмыстың жоғары стандарттарына жету мақсатында әлеуметтік саясат, әдістеме және практикасын жасауда үлесіңізді қосыңыз.

  3. Клиент тағдырына толық жауапкершілікпен қараңыз, сәйкес агенттілік, ұйымдардың каналы бойынша әлеуметтік саясатқа әдістеме, практикаға қажетті өзгерістерді енгізіңіз. Егер бар мүмкіндік текке кетіп, өзгерістер енгізу мүмкін болмаған жағдайда жоғары ұйымдарға немесе қызығушылық танытқан көпшілік қоғамдастыққа жолығыңыз.

  4. Әлеуметтік жұмыстың тиімділігі жөнінде клиентке клиент, агенттілік және ұйымда туындаған мәселені кезеңдік талдау, сонымен бірге жеке қызметті өзіндік талдау формасында кәсіби есеп беріңіз.

  5. Әрекет, процедура, практика бағытында әлеуметтік жұмыстың этикалық прициптері арасында қарсылық орнатпаңыз.

Әріптестермен өзара қарым-қатынас:

  1. Өз әріптестеріңіздің және басқа да мамандардың кәсіби дайындығына және практикалық қызметіне тиісті сыйластықпен қарап,әлеуметтік жұмыста тиімділікке жетуге қандай да ықпал етіңіз.

  2. Әріптестердің және басқа да мамандардың әртүрлі пікірлеріне және практикалық тұрғыларына сыйластықпен қараңыз.

  3. Өзара жетілу және өзіндік дәлелдеу мақсатында мамандық бойынша, басқа мамандардың және ерікті білім,дағды,идеяны алуға, таратуларына мүмкіндік беріңіз.

  4. Клиенттің қызығушылықтарына немесе этика нормаларының бұзылуы болған жағдайда сәйкес органдарға хабар беріңіз.

  5. Әріптестерді әділетсіз шешімдерден қорғаңыз.

Мамандыққа деген қарым-қатынас:

  1. Мамандық құндылықтарын,білім,әдістемелерін сақтаңыз, олардың дамуына және жетілуіне үлесіңізді қосыңыз.

  2. Мамандықты әділетсіз сыннан қорғап, біздің мамандығымыздың қажеттілігіне деген сенімділікті күшейту үшін бар мүмкіндікті жасаңыз.

  3. Мамандық, оның теориясы,әдістері және практикасына конструктивті сын жасаңыз.

  4. Бұрыннан бар және жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті әлеуметтік жұмыстағы жаңа тұрғы және әдістерді жасауды кеңейтіңіз.

Кәсіби нормаларды бұзу немесе қателесу, құзіретсіздік немесе алдын-ала ойластырылған әрекет салдарынан кәсіби нормалардың бұзылуы ретінде анықталады. Әлеуметтік жұмысшылар құпиялылық, балаларға жаман қарау күмәнін біле тұрып жеткізбеу, қасақана қолдану, сөзбен тигізу және физикалық зомбылық қаупі, әрекетпен қорлау, емдеу әрекетінде қателесіп орналастыру тәсілі арқылы еркіндікті заңсыз шектеу сияқты актілерге көңіл бөлмеу негізінде сотқа тартылады.

Әлеуметтік жұмысшы міндетті:

  1. Алмауға, бұйырмауға, рұқсат етпеуге. Тұлға қадірін сыйлай отырып, клиентті әрекетке, инициативаға, шығармашылыққа итермелеу, ояту;

  2. Клиентті тыңдай білу, шыдамдылық таныту, мәселені және жағлайды түсіну, оның жағдайына ену, сыпайылық, такті сезімін көрсету;

  3. Коммуникабельді, түйіскен бола білу, клиентті «сөйлете» алу, біріге отырып мәселеден шығу жолын анықтау; орта үшін қажетті, қызықты бола білу;

  4. Клиент және оны ортасы арасында байланыс көпірі, делдал болу, клиентке көрсетіліп отырған қайырымды көмек формасы негізінде қадірінің түсуіне жеткізбеу;

  5. Клиентпен жұмыста формальды емес бола білу, клиенттің жеке мәселесін шешуде кеңесші, көмекші ролін орындау; тең, диалог негізінде өзара қарым-қатынас орнату;

  6. Ізгіліктік және сүйкімділік позициясынан үнемі шыға алу. Клиентті кінәламау, тексермеу; тұлғасына немесе топ адамдарына қатысты ізгіліксіз немесе дискриминацияланған мінез - құлықтың алдын ала білу; клиентті физикалық немесе рухани үйлесімсіздіктен, ауытқушылықтардан, қауіп немесе төмен сезінуден қорғау;

  7. Қандай да шатасу, ақиқатсыз әрекеттерге енгізген әрбір алданудан шыға отырып, өзіндік мінез - құлықтың жоғары стандарттарын қадағалаңыз; үнемі клиенттің қызығушылықтарын ескеріп әрекет етіңіз;

  8. Әлеуметтік жұмыста өзіңізге көмекші таба біліңіз, әлеуметтік жұмысты дамытуда қоғамдастықтың қатысуын қадағалаңыз;

  9. Тек өз құзіреттілігіңіздің аясында жұмыс жүргіңіз, өз жұмысыңыздың сапасы үшін персоналды жауапты болыңыз; ықпалдарға берілмеңіз; клиентті жасалатын шара, оған көрсетілетін жұмыс сипаты, жүргізілген жазба, жинақталған мәліметтер туралы ақпараттандырыңыз;

  10. Өз кәсіби қарым-қатынасыңызды жеке мүддеңіз үшін қолданбаңыз; жағдайды талқылау, бағалауда тек кәсіби мақсатта қатысыңыз, клиент сеніп тапсырған құпияны сыйлап, таратпаңыз; қызмет үшін ақыны тек ерікті берілгенде және заңды негізді қабылдаңыз.Орындалған жұмыс үшін бағалы сыйлықтар алмау;

  11. Үнемі кәсіби білім, шеберлік, біліктілік деңгейін көтеруге ұмтылу. Өз практикалық іс - әрекетіңізді кәсіби білімде негіздеңіз;

  12. Мамандық қадірін және тазалығын қорғап, күшейтіңіз.Әріптестердің сенімін кәсіби өзара қарым-ұатынас және өзара әрекетте сыйлау, сыпайылық және әділдікті қадағалаңыз.Әріптестеріңіздің қайсысы болмасын этикаға жатпайтын мінез-құлқына қарсы шара қолданыңыз (В. Г. Бочарова бойынша).

Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың құндылықтарының жиынтығын білдіретін негізгі идеялар, принциптер, жағдайлар бөлінеді.

Әлеуметтік жұмыс әмбебап қызмет түрі болғандықтан, жұмыстың жалпы, жалпыадамзаттық сипатқа ие құндылықтарын бөлуге болады: ізгіліктік, әлем, адам құқығы, әлеуметтік әділдік, заңдылық, альтруизм, қоғамдық, топтық және жеке қызмет үйлесімділігі, өзіндік қамтамасыз ету, демократизм, толеранттылық, әлеуметтік жауапкершілік, сенімділік, құзіреттілік, құпиялылық т.б.

Ресей Федерациясының заңды және басқа да нормативті актілерінде елдердің әлеуметтік тәжірибесін жалпылаудан шығатын кейбір нақты принциптері қалыптасқан. Солардың ішінде: адам және азамат құқығы, оларды әлеуметтік қамтамасыз ету және қызмет көрсету аясында қадағалау; әлеуметтік қызметті алуда азаматтың ерікті түрдегі келісімі; әлеуметтік қызмет көрсетудің жетімділігі; әлеуметтік жұмыстағы құпиялылықтың сақталуы; әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрі және формалардың қолданылуы; мекен-жайлығы; азаматтардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген жағдайда ықпал ету; әлеуметтік реабилитация және адаптация әсері; қызметтік тұрғы; әлеуметтік қызметтің шекаралық ұйымы; әлеуметтік қызмет және халыққа көмек көрсету боойынша ерікті қоғамдық қызметті мемлекеттің қолдауы.

Ізгіліктік адамды жоғары құндылық ретінде қабылдайды, оның қадір-қасиетін, азаматтық құқығын қорғайтын, тұлға қабілетін еркін және жан - жақты көрсетуге жағдай туғызатын әлеуметтік жұмыстың жетекші құрылымы б.т.

Міндетті нұсқаулар, бұйрықтармен реттелетін ресми қатынастардан өзгешелігі, әлеуметтік жұмысшы және клиентарасындағы формальды емес байланыс, ең бастысы жеке қасиеттердің психологиялық сәйкестігі, қызығушылықтардың ортақтығы, симпатия және антипатия негізінде туындап құрылады. Әлеуметтік жұмыстағы формальды емес қарым - қатынас сипаты психологиялық феномен ретінде болса да, әлеуметтік жұмысшылардың міндетті қызметіне, оның қызметтік міндетіне жатпайды.

Әлеуметтік жұмыс демократизмі клиентпен психологиялық байланыс орната білу, қарым-қатынас нормаларын және ережелерін сақтау, клиент тұлғасын сыйлау және көңіл аудару, клиентті тұлғалық мәселесінің шешімін іздеуде белсендендіре білуді талап етеді.

Өмір әрқашан теориялардан байырақ, нұсқаулардан жан - жақты. Үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайлары, мәдениет деңгейі бойынша әлеуметтік топ және адамның әртүрлілігі (білім, жыныс, жас ерекшелік, еңбекке орналасуы, біліктілік, денсаулық) әлеуметтік педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер кездесіп отыратын әлеуметтік мәселенің үнемі жаңаруын және ерекшеліктерін алдын-ала анықтайды. Міне сондықтан да әлеуметтік жұмыстың тұлғаның өміріндегі нақты жағдайлармен байланысы ең алдымен жағдайды талдау және бағалауды, адамның өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалаудан тұрады. Бұл принцип әлеуметтік жұмысшыны әлеуметтік жұмыста мақсатқа жету үшін тікелей маңызды болуы мүмкін әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктерін анықтауға бағыттайды. Ол дерексіз теорияны, шаблон, инерция, формализмді қолданбайды.

Заңдылық - әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі және құндылығының бірі ретінде. Заңды қатаң орындау, және барлық мемлекеттік органдар, міндетті адамдар, қоғамдық ұйым, азаматтардың құқықтық актілерін қатаң түрде орындауды негіздейді. Нормативті - құқықтық акті мемлекет саясаты, соның ішінде әлеуметтікке кіретін форма б. т. Құқық ролі және орны ең алдымен саясаттың жүзеге асуына қызмет етуден тұрады, алайда осы құқық ролін оны бүкіл нормалармен қатаң сақтағанда ғана орындауға болады. Осыдан жалпы заңдылық, әлеуметтік жұмыстағы, былайдағы да бірінші және соңғы талабы шығады.

Әлеуметтік саясат, адам қызығушылығын қай формада болсын көрсетсе де, сонда да маңызды болады, егер ол істе жүзеге асып, егер оның жүзеге асуының нәтижелерін адам практикада түсінсе ғана. Декларация және ұран, нақты әрекеттермен олардың шынайылыққа айналуға бекітілмеген ,- бұл тек олардың дискредитациясының бір тәсілі ғана. Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды сәтті жүзеге асыру көбінде әлеуметтік жұмыста кәсіби принциптерді қадағалаумен анықталады, соның ішінде әлеуметтік, әлеуметтік қызметкерлерді басқару органдарының технологиялық құзіреттіліктерін бөлуге болады.

Технологиялық құзіреттілік – әлеуметтік қызметкерлердің туындаған мәселені шешудің жағдайы және технологиясы жөніндегі терең білімі, өз білімін практикада сауатты жүзеге асыра алуы, жүйелі оқу және кадрларды қайта даярлау, нақты ақпарат, басқарудың барлық салаларындағы талдау және болжамдық іс-әрекеті, әлеуметтік жұмыс, оның типологиясы, объектілері жөніндегі жан-жақты білімі, әлеуметтік қызметтің клиенттерімен жұмыс істеудегі іскерлік және ұйымдастырушылық.

Бұл топтың ең маңызды принциптерінің бірі – әлеуметтік белсенділікті ынталандыру- аламдарды, оынң күшін, қабілетін, нақты әлеуметтік маңызды мақсатқа жету үшін адамгершілік және еріктік потенциалды жүзеге асыруда белсенділік көрсетуіне итермелеу. Осы жерде қызметтің әр түрінде еліктірудің қайнар көзі адамда өздігінен пайда болатын қызығушылықтары, қажеттіліктері емес, а олардың қанағаттандырылу деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстағы ынталандыру принципі оынң формасының идеялық және матераилдық бірегейлігін және сәйкестігін талап етеді; құралдардың адекваттылығы және ынталандырудың жеке, кәсіби, тұлғаның білім беру мәдениеті және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген тәсілдер; адамның іске, оның өмірлік іс-әрекетінің әлеуметтік құндылықтарына қатысты бағалаудағы объективтілік және дауыстылық.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды басқарушылық принципі – орындауды бақылау және тексеру б.т. Әлеуметтік қызметтің бақылау – тексерушілік функциясы – бұл әлеуметтік жұмыстың қандай да бір өзінше шекарасы емес, а оның бөлінбес компоненті. Әлеуметтік қызметті және басқару органдарын бақылау – тексеру қызметінің мағынасы мынада, яғни мемлекет кепілдік берген халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету б.т.

Әлеуметтік жұмыстың ең негізгі ұйымдастырушылық принциптерінің бірі – әлеуметтік қызмет кадрларының құқық және міндеттерінің, жауапкершіліктерінің біртұтастығы әлеуметтік қызмет іс - әрекетінің тәжірибесін, олардың басқару органдарының қызметін зерттеу көрсеткендей, олардың нақты қызметтері әлеуметтік жұмыстың әр маманының өзіндік қызметі және міндеттері жөнінде анық білуі негізінде болады.

Әлеуметтік жұмыс теориясында және практикасында психологиялық-педагогикалық принциптер үлкен роль атқарады, олар әлеуметтік жұмыстың формалары және әдістері, клиентке ықпал ету тәсіліне деген талаптарды анықтайды.

Бұл топтағы әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптерінің бірі – кешенді тұрғы б. т.

Әлеуметтік жұмыста кешенділік бір жағынан әлеуметтік жұмыс объектісіне ықпал етудегі тұтастық және жан - жақтылық, ал басқа жағынан адамдардың қызығушылығын, қажеттіліктерін, көңіл - күйін зерттеу және есепке алу, олардың мінез – құлқына және өзіндік сезіміне ықпал ету сипатын болжамдау, сонымен бірге адамдардан шынайы тұлғаны көруді білдіреді.

Әлеуметтік жұмыстың психологиялық - педагогикалық принциптерінің ішінде адамдарға деген дифференциалды тұрғыны бөлуге болады. Ол әртүрлі топ, мамандық, жас ерекшелік өкілдерінің материалдық және рухани құндылықтарға, қоршаған орта шынайылығына деген көзқарасын және қатынастарын анықтауға негіздейді.

Сонымен бірге қарастырылған қоса психологиялық - педагогикалық принциптерге әлеуметтік жұмыстағы мақсатқа бағдарлануды қосуға болады. Әлеуметтік лердің назарында үнемі болатын клиентке әсер ету мақсаты; оның әрекетінің сипатын және тәсілін анықтайды, әлеуметтік жұмыс мазмұнын және формасын алдын-ала анықтайды. Мақсатқа жету әлеуметтік қызметкер күшінің тиімділігі б. т. Мұның бәрі жеке маман, сонымен бірге әлеуметтік қызметкердің бүкіл құрылымының қызметтегі мақсатқа бағдарланушылық принципінің орны және маңыздылығын көрсетеді.

Мақсатқа бағдарланушылық әлеуметтік жұмыстың бүкіл принциптерін біріктіре отырып, оған жұмыс әдістерін, формаларын таңдауда ғылыми сипат, нақты перспектива беріп, нәтижені болжауға, әрекеттің нақты бағдарын құруға мүмкіндік береді.

Дәріс 7.

Әлеуметтік педагогтың қалыпты іс-әрекеті мен нормативтік-құқықтық аспектілері.


  1. Әлеуметтік педагог қызметін реттейтін нормативтік, құқтық актілер

  2. Әлеуметтік педагог құжаттары.

Кез-келген басқа елдердегі сияқты Ресейдің заң шығарушы органы әлеуметтік жұмыстың нормативті құқықтық базасы мынадай шартты бес деңгейге топтастырылған құжаттарды анықтады әрі олар олардың шығу субьектілерімен сәйкесті:

  1. Әлемдік бірлестіктердің қалыптасқан және ұсынылған құжаттар актісі, декларация,

пактілер, конвенция, БҰҰ ұйымы ұсынысы мен резолюциясы. (ЮНЕСКО, ЮНИСЕВ, ВОЗ, МОТ, ООН және т.б.).

2 .Мемлекет ішіндегі заңдық мәні бар актілер ( Констетуция. Кодекстер, заңдар, РФ.

президентінің жарлығы, РФ. Үкіметінің қаулысы, бұйрықтар, ұжымның шешімі мен еңбек және әлеуметтік даму Министрлігінің құрылымы, білім Министрлігі, денсаулық сақтау Министрлігі мен медициналық өндірістері, т.б.).

3. РФ-ның өз аймағындағы заңның орындалуын қамтамасыз ететін субьектілір құжаттары.

4. Муниципальды білім беру құжаттары ( қалалық, аудандық, ауылдық, шағын аудандар,

әкімшілік бөлімшесі жоқ шағын қалалар).

5. Шешімдер, бұйрықтар, мекемелер мен ұйымдардың жарлығы;

Маңызды халықаралық құжаттардың арасында әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіне қатыстылары мыналар:



  • БҰҰ жарлығы 1945 ж.

  • Адам құқығының жалпы декларациясы, 1948 ж.

  • Адам құқығының халықаралық пактісі, 1966 ж.

  • Адамзаттың және саяси құқықтың халықаралық пактісі, 1966 ж.

  • Әлеуметтік прогресс пен дамудың халықаралық пактісі, 1969 ж.

  • Құқық бұзушылық пен оған қатыстыларды ұстау ережесі, 1955 ж. және БҰҰ-ның Бас

Ассамблеясы ұсынысы, 1971 ж.

  • БҰҰ Қоршаған орта туралы бағдарламасы, 1972.

  • БҰҰ-ның бүкіл әйелдерге қатысты формалар декларациясы мен конвенциясы, 1979 ж.

  • Медициналық этика принципі, 1982 ж.

  • БҰҰ-ның абыройды аяқ асты ету, қатыгездік т.б. қатынас түрлеріне қарсы болу

конвенциясы.

  • БҰҰ-ның жасөспірімдерді әділ жазалауға байланысты стандартты ережесі, 1985 ж.

  • Бала құқығы туралы БҰҰ-ның конвенциясы, 1989 ж.

  • Мигранттарды (оралман) және олардың отбасыларының құқығын қорғайтын

халықаралық конвенция, 1990.

РФ-ның қоғамдық және мемлекеттік негіздері, мемлекеттік басқару органдар жүйесі,

оларды құру іс-әрекеті, азаматтық міндеттері мен негізгі құыларын жүзеге асыратын негізгі заңдар констетуциясы.

Азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттері тұрғындармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі іргетасы болып салатыны Констетуцияда көрсетілген.

Қазіргі кезде ресейлік қоғам РФ Констетуциясы бойынша өмір сүреді, ол 1999 ж. 12-желтоқсанда бүкілхалықаралық референдум нәтижесінде қабылданды. Әлеуметтік жұмысты дамытуда мыналардың маңызы зор:

Азаматтардың, адамдардың құқығы мен бостандығы туралы декларация (1991, 22-қараша).

РФ-ның азаматтық Кодексі (1-бөлімі 1995.01.01; 2-бөлімі 1996 ж.01.03.). РПФСР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі (1984, 20-маусым). РФ. Отбасылық кодексі, Еңбек заңы кодексі (2002). РФ.Қылмыстық істер кодексі (1996,13-маусым). РФ. Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы негізгі заңы (1993,22-маусым). РФ.тұрғындарының жұмыспен қамтылуы туралы заң (1991, 19-сәуір). РФ. Жергілікті өзін басқару жалпы принципін ұйымдастыру (1995, 28 тамыз). Қоғамдық серіктестік туралы (1995, 14-сәуір). РФ-ның мүгедектерін қорғау туралы (1995, 24-қараша) РСФСР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы «РФ-ның тұрғындарын әлеуметтік қызметпен қамту туралы» (1995, 10-желтоқсан) «Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру» (1995, 4-тамыз) «Ардагерлер туралы» (1995, 12-қаңтар) «Көмек қоры бар ұйымдар мен қамқор іс-әрекеттер туралы» (1995, 7-шілде) «Саудалық емес ұйымдар туралы» (1996,12-қаңтар) және т.б. Соңғы он жыл ішінде РФ-ның Президенті мен Үкіметі 100- деген нормативті актілер қабылдап, әлеуметтік жұмыстың түрлі аспектілерін қамтыды.

Әлеуметтік ортаның кез-келген дәлелі жеке нормативтік акті. Яғни білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т.б. салалар түрлі деңгейді кадрлар білімін жетілдіру мен мамандықтарды арттыруды керек етеді. Сондықтан жұмысшылардың міндеттері жеке ретпен сипатталып, мекемеде әр типтің жинақталуымен жүзеге асады. Осыған сәйкес түрлі құжаттар мен міндеттер қабылданып, мекеме де тұтас бір жүйе қабылданды. Осындай нормативті және құрылымды құжаттардың ішінде әлеуметтік педагогқа маңыздысы мыналар:

Кеңес Одағының мемлекеттік комитет ұжымының шешімімен 13.07.1990 ж. қабылданған №14/4 «Әлеуметтік педагогтар инстетутының ашылуы туралы», Кеңес Одағының мемлекттік комитетінің халықаралық білім туралы бұйрығы (1990, 21.08. №528) «Әлеуметтік педагогика» мамандығының ашылуы туралы» РФ-сы Білім министрлігінің шешімімен 1993,27.10. қабылданған №19/1 «Ресейде әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамытудың тәжірибесі туралы» және РФ. Білім министрлігінің мектептен тыс білім беруде Басқарудың әдістемелік хаты (1995, 27.02. № 61/20-11 «Балалармен әлеуметтік-педагогтың жұмысы туралы», РФ.Білім министрлігінің бұйрығы және РФ.мемлекеттік комитеті жоғары білім туралы бұйрығында (31.08.95. №463/1268 «Білім мекемелеріндегі жұмысшылардың міндетін, біліктілігін бекіту және білім беру саласындағы жетекшілердің еңбек ақысын белгілеу туралы» заңдар.

Соңғы жылдары бүкіл Ресейлік білім беру жүйесін қамтитын маңызды құжаттар жасалып, жария етілді: Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Білім берудің ұлттық доктринасы, жалпы және орта білім берудің мазмұны мен құрылымы Концепциясы, тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы.

Әлеуметтік педагогтың құқықтық және нормативтік іс-әрекет аймағын анықтау мәселесі күрделі де этикалық мәселе болып саналады: Әлеуметтік педагог біріншіден кімнің қызығушылығына көңіл бөлуі тиіс?- мемлекеттің бе әлде нақты жұмыс беруші мен клиенттің бе немесе тұтас қоғамның ба?

Мамандандырылған жүйенің пікіріне сай әлеуметтік жұмысшы бәрінен бұрын клиенттің қызығушылығына көңіл бөлуі тиіс, содан соң- қоғам, кейін- мемлекет пен өз ұйымдарына көңіл бөледі. Бұл тәртіп иерархиялық деңгейде құқықтық құжаттарды қарастырып, әлеуметтік жұмыстың нормативті бағасын құрайды. Мұндай жүйе өмірде әрдайым оңайға соқпайды. Сондықтан әлеуметтік жұмысшылыр онымен күресе отырып, тұтас ұжым мен серіктестің көмегіне сүйенеді.



2. Әлеуметтік педагогтың құжаттар жинағы.

Әлеуметтік педагог жұмыстың жеке құжаттары мен тұтас барлық жұмыситы мекеме құжаттары арнайы жүйені анықтады. Бұйрықта көрсетілгендей, жетекшінің іс-әрекеті құжаттар жинағында тіркелген, ал педагогикалық кеңес жұмысы- хаттамада, оқушының үлгерімі- журналда тағы сол секілді.

Құжаттарды жинау жүйесі іс-жүргізу деген атауға ие болып, онда құжаттарды толтыру, олармен жұмыс және сақтау қаралған.

Әлеуметтік педагогтың іс-жүргізуі былай жиналады:

1). Мекеме мен мамандардың қалып іс-әрекетінің нормативті-құқықтық аспектілері;

2). Мекеме мен мамандардың іс-әрекетінің жалпы жоспарлануы;

3). Жалпы тіркеу кітабына қоңыраулар мен оларға жіберілген жауаптар, көмек сұраушылар мен әлеуметтік педагогтың кездесулері жазылады.

4). Келісім шарт, зерттеу актілері, өзара келісу;

5). Әлеуметтік педагогтың қабылдауы кезіндегі немесе кездесуден кейінгі кездегі ақпартты «жазып алу».

6). Жасалған жұмыстың талдауын күнделікке жазу;

7). Мекемелер мен ұйымдардың мәселесін шешуге қатысқан кездегі құжаттарды жинау;

8). Жұмыс уаықыты кезіндегі жасалған есептер;

9). Шағын аудандарда, білім беру мекемелері мен отбасында жүргізілген әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер нәтижесі;

10). Медициналық, психологиялық-педагогикалық сипаттамалар;

11). Түрлі жиналыс, мәжіліс, кездесу, педагогикалық кеңестің хаттамалары;

Жоспарлар мен есептерден басқасы- маманның жұмыс құжаттары ресми бақылауға кірмейді. Құжаттарды жинақтау арқасында ұйымдар жекелік іс-әрекетке ие болып, 1-жағынан, әкімшілік тұтас маман, 2-жағынан-жеке мүмкіндіктермен әрекет етіп, әлеуметтік орта мен клиенттің өзіндік мүмкіндігі жүзеге асады. Құжаттарды жинау процесі барлығы үшін, әсіресе жаңадан байланысқан әлеуметтік педагогтар үшін өте маңызды.



Әлеуметтік-педагог жұмысының іс-жүргізудегі шешілген міндеттері:

1). Клиенттің мәселесі, әдіс-тәсілі мен олармен жұмыс істеу әдістері жайында ақпарат жинау;

2). Көмекке дайын болу, оның жоғары дәрежеде орындалуына бағытталу;

3). Серіктесе отырып өзара тәртіп сақтау, түрлі мамандармен, инстетуттармен тығыз байланыс орнату;

4). Әлеуметтік педагоикалық мәселе жайында барлық басқару және орындалу деңгейінде ақпарат беріп отыру;

5). Осы және басқа да әдістер, нормалар, тәсілдер, әрекеттердің сызбасын, графигін жасау, компьютерлік бағдарламалар, перспективт жобалар сызбасын дайындау;

6). Кез келген көмекке мұқтаж адамдарға көмек түрлері мен формалары туралы ақпарат сызбасын жасау және оны қамтамсыз ету.

Әлеуметтік педагогтың құжаттары

Ұйым құжаттарын жүргізудің өзіндік толық жүйесі бар, құжат барлық жасалған жұмыстың нәтижесін көрсетіп отырады. Мысалы, бұйрықта жетекшінің қызметі, хаттамада – педагогикалық кеңестің жұмысы, журналда – білім алушылардың оқу үлгірімі көрсетіледі.

Құжатты жүргізу қазіргі уақытта іс жүргізу жүйесі деп аталады, мұнда құжат жасалады, сақталады және олармен жұмыс жүргізіледі.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуі төмендегідей құжаттарды қамтиды:


  1. ұйым және маманның қызметін қадағалап отыратын құқықтық нормативті акті;

  2. ұйым және маманның қызметін жалпы жоспарлау;

  3. көмек қажет ететін немесе әлеуметтік педагогпен кездесуге келетін клиенттердің тізімі көрсетілген жалпы тіркеу кітабы;

  4. клиент пен әлеуметтік педагог арасындағы келісімшарттар, келісімдер, актілер;

  5. әлеуметтік педагогтың қабылдау кезеңіндегі толтырылған хаттамалары;

  6. жасалған жұмыстар талданға жеке күнделік жазбалары;

  7. туындаған мәселелерді шешуде ат салысқан ұйымдар мен мекемелердің тізімі;

  8. жұмыс уақытында жасалған жұмыс есептері;

  9. шағын аудандарды, білім беру мекемелерін, отбасыларын әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер нәтижелері;

  10. клиенттердің медико-психолого-педагогикалық мінездемелері;

  11. әр түрлі кездесулердің, кеңестердің, педагогикалық кеңестердің, отырыстардың хаттамалары.

Маманның жоспарлары мен есебінен басқа құжаттары қатаң бақылауға

алынбайтындығы түсінікті жайт.

Іс жүргізудің көмегімен маманның қызметі ұйымдастырылады, қадағаланады. Құжат жүргізу ісі барлық мамандардың, әсіресе жас әлеуметтік педагогтардың жұмыстарында маңызды болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде шешілетін міндеттер:



  • контингент жөнінде толық ақпарат (оның мәселелері, оны шешу әдіс-тәсілдері) жинақтау;

  • көмек көрсету үрдісінің тиімділігін арттыру;

  • әр түрлі мамандармен, институттармен серіктес болу;

  • әлеуметтік-педагогикалық мәселені басқару және орындау деңгейлері жөніндегі ақпараттарды беру;

  • мәселені шешу әдістерін, кестелерін, графиктерін, компьютерлік бағдарламаларын және жоспарларын жалпылау;

  • көмек қажет ететіндерге арналған көмек беру формалары мен түрлері жөніндегі ақпараттарды жүйелеу.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде құжаттардың кей бөлігі әр түрлі күйде беріледі, бұл – оның ерекшелігі болып табылады, мысалы:

  • клиенттің және туыстарының сөздерінен туындаған мәселе суреттеліп, хабарланады;

  • көрсетілген көмекті талдау, алдын-ала шығарылатын қорытындылар сипаттамаларын хабарлау;

  • тестілеу, анкеталау нәтижелерін қорытындылау;

  • қызмет көрсетудің жоспары мен бағдарламасы, хаттамасы, жүктемелер өтініші, арнайы форма бойынша жазылған сенімхаттар мен мінездемелер;

  • жасалған жұмыс есебі, комиссия қорытындылары және т.б.

Әлеуметтік педагог әрдайым балалар мен ересектердің құқықтарын қорғап жүреді, сондықтан ұйымдар мен мекемелерге жазылған өтініштер мен арыздарды маңызды құжат ретінде тіркеп отыруы тиіс.

Әлеуметтік педагог іс жүргізуде нені білуі қажет?

Әлеуметтік педагог жетекшінің жазбаша немесе ауызша берген нұсқауын өзбетті негізгі қызметтік құжат ретінде тіркеуді, компьютерді қолдана отырып, өзбетті әлеуметтік құжаттарды жазуды, диктофон, магнитофон, видеокамера және фотоаппарат және көптеген құжаттардың көшірмесін жасауда көшірме жасау құрылғыларын қодануды білуі тиіс. Құжаттардың көшірмесі заң жүзінде сауатты болуы қажет.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерқұжат жүргізу тәртібін білуі тиіс. Ол жазылған өтініш-арыздармен жұмыс жасайды. Барлық құжаттар ұйымдарда қатаң ескеріледі. Бұл құжаттың оңай табылуын және жоғалмауын қамтамасыз етеді. Тіркеу бөлімі – құжаттарды жүргізу, бақылау орындарының бірі, сондықтан әлеуметтік қызметкер әр құжатты тіркеу бөліміне өткізер алдында мұқият тексеріп алғаны дұрыс.

Әлеуметтік қызметтегі іс жүргізуде құжатты топтастыру, жүйелеу және сақтау маңызды орында. Құжатты тіркегенде құжаттың номенклатурасы мен классификаторы жасалады. Осылардың көмегімен құжаттар топтастырылады және сақталады. Сақталатын құжаттар мұрағатқа жіберіледі. Мұрағатқа жіберілетін құжаттарды әлеуметтік педагог құндылығына және сақтау мерзіміне байланысты мұқият бөліп, тізімін жасайды.

Құжат түпнұсқа немесе көшірме күйінде болады. Түпнұсқа деп құжаттың алғашқы жалғыз нұсқасын айтады. Түпнұсқадан бір немесе бірнеше көшірме жасап алуға болады. Құжаттың бірнеше көшірме түрлері бар – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі (мысалы, хаттаманың бір бөлігінің көшірмесі), толық көшірме, дубликат, яғни құжаттың заң жолымен жасалған көшірмесі.

Құжаттардың артынан адамдардың өмірі, өмір сүру деңгейі көрініп жатады және құжат арқылы жасалған жұмыстың барлық нәтижесі көрінеді. Сондықтан әлеуметтік педагог құжаттарды сауатты да мұқият толтыруы қажет.
Дәріс 8. Мінез құлқы қиын балалар және олардың жанұяларымен жұмыс

1. Бүгінгі күнде «Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары» ұғымы жие қолданылып жүр. Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары – бұл қоғам және оның кәмелеттік жасқа толмағандардың дезадаптациясының салдары болып отырған криминалдық элементтерінің жағынан жағымсыз сыртқы әсерлердің салдарынан ауруға шалдығуға бейім балалар категориясы. Балалар және жасөспірімдерге психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің және қолдау көрсету мәселесінің шешім табуы үшін ондай балалар тобының континпенті мен олардың психологиялық мінездемесін анық білу қажет.

Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмектің мунипаципалдық жүйесін жасаудың 8 жыл бойғы эксперименттік жұмыс нәтижесінде балалардың ахуалдық болу мүмкіндігі бар топқа түсулерінің себептері анықталды.



2. Оның негізгі себептері бала өмірінің келесі жағдайлары: ата-ананың біреуінің немесе екеуінің ішімдікке салынуы, олардың әлеуметтің нормаларға қайшы келетін дөрекі әрекет қылықтары; ата-ананың үйде криминалдық және әлеуметтік ке қайшы элементтерге жол берулері; ата-ананың баланы сексуалдық мәжбүрлеуі, баласын сатуы; баласының көзінше ішімдікке салынып біреуді немесе ата-ананың біреуінің түрмеде отыруы; ата-анасының біреуінің алкоголизм, психикалық аурудан емделуі; балаға дөрекі қатынас жасау; балаларды аш қалдыру; баланың ата-анасымен қаңғыбастыққа салынуы; үйден қашу; құрдастарымен жанжалдасу т.б.

Мұндай балалар мен жасөспірімдердің өмір жағдайын талдау қауіпті фактордың басты себебін ажыратудың мүмкін еместігін көрсетті. Мамандар баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін отбасындағы көптеген жағымсыз жағдайлардың жиынтығын тіркеп отыр. Жағымсыз жағдайлардың, әсіресе өмір сүру мүмкін емес отбасында баланың ұзақ уақыт болуы ауыр ахуалға әкеліп соқтыратын ағзада жағымсыз психикалық, физиологиялық өзгерістер туғызады.

Балада мінез-құлықтың әрекесінде сондай-ақ тұлғалық дамуында елеулі ахуалдар пайда болады. Оларға бір мінез-құлықтың қыр тән, ол – кең мағынасында әлеуметтенудің бұзылысы:

Гигиеналық дағдылардың болмауы, танымайтын ортаға бейімдеу қабілетінің жоқ болуы, гиперсексуалность, жыныстық бағдарындағы бұзылыс, ұрлық, өтірік айту, адам өмірінің құндылықтың болмауы, еріншектік, құндылық бағдардың болмауы, әдептілік, мораль нормаларының болмауы, білімге қызығушылықтың болмауы, жағымсыз әдеттер, ішімдікке салыну, шылым шегу, балағат сөздер айту, есірткі пайдалану.

Балалардың әлеуметтік-педагогикалық көмек және қолдау мекемелеріне түсуінің себептері түрлі, ескеретін жағдай бұл балалардың мәселесінің шешім табылуы қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесіне тәуелді емес. Отбасылық жағымсыз жағдайда, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсететін мекемесіз балалар мәселесін шешу қиын.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет