Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет10/11
Дата10.06.2017
өлшемі2,32 Mb.
#18948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау.

Дәріс 1. Мектептегі психологиялық қызметтің ғылыми негіздері

  1. Мектептегі психологиялық қызметтің пайда болу алғышарттары

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің елде және шетелдегі қазіргі жағдайы.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 2. Францияда мектептегі психологиялық қызметтің дамуы

  1. Франциядағы мектеп психологиялық қызметінің даму ерекшеліктері. Альфред Бине тәжірибесі

  2. Мектеп психологы қызметінің заңды негіздерінің жасалуы

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 3. Шығыс Европада психологиялық қызметтің дамуы

  1. Мектеп психологы қызметінің мәні

  2. Шығыс Европадағы мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесі

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 4. Ресейде және Қазақстанда психологиялық қызметтің дамуы

  1. Ресейде және Қазақстанда психологияны оқыту мен тәрбиелеу практикасы

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің пәні

  3. Мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 5. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары және мақсаты

  1. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 6. Мектеп психологына қойылатын біліктілік талаптары және оның құқығы мен міндеттері

  1. Білім жүйесіндегі психолог сипаттамасы

  2. Ерекше балалармен жұмыс жасауда психологтарға қойылатын талаптар

  3. Арнайы мекемелерде жұмыс жасайтын психолог мамандарға қойылатын талаптар

  4. Психологтың құқығы мен міндеттері.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 7. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеті, қызметі мен құрылымы

  1. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеті, қызметі

  2. Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің құрылымы

  3. Практикалық психологтың біліктілік талаптары, құқықтары, міндеттері

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 8. Мектеп психологының әдеп кодексі

  1. Мектеп психологының әдеп кодексі

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 9. Мектеп психологы қызметінің негізгі бағыттары және оларға сипаттама

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 10 . Психологиялық кеңес әдістемесі

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 11. Кеңес беру психологиясы.

  1. Психологтың кәсіби қызметі психологиялық кеңес беру.

  2. Психологиялық кеңес беру принциптері мен техникасы.

  3. Психологиялық кеңес формалары

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 12. Мектептегі дәріс жұмыстарының психотехнологиясы

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 13. Психокоррекциялық жұмыс және оның құрылымы

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 14. Балаларды тәрбиелеуде дау- таластарды шешу жөнінде әлеуметтік педагог қызметі.

1.Балаларды тәрбиелеуде дау- таластарды шешу бойынша әлеуметтік педагог қызметі.

2.Балаларға қатал қарау жағдайларының көріну формалары.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 15. Психологтың кәсіби қызмет әдебі.

1. Психологтың кәсіби әдебінің ұстанымдары.

2. Психолог қызметінде ұстанымдардың сақталуы.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 16. .

Әлеуметтік педагогтың қызметі мен рөлі. 10(18-21б),13 (10-12, 28-31.230-234), 14(46-52)

Әлеуметтік педагогты даярлау жүйесі.13 (12-21)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 17.

  1. Әлеуметтік педагог мамандығына жалпы сипаттама.13 (21-22)

  2. Білім беру орындарындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары. 10 (21-23 б),13 (22-28, 66-69),14(55-62)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 18.

Әлеуметтік педагог жұмысының әдістері мен технологиялары.10 (23-31),13(234-237)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 19. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі мен технологиясы.

1.Отбасын диагностикалау әдістемесі.

2.Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістемесі.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 20. Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.

1.Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.

2.Отбасы типологиясына сипаттама.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 21.

  1. Әлеуметтік педагогтың кәсіби міндеттері.13 (42-44)

  2. Әлеуметтік педагогтың әдеп нормалары мен құндылықтары.10 (38-49), 13(39-42,62-63, 69-80,237).

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 22.

  1. Әлеуметтік педагог қызметін реттейтін нормативтік, құқтық актілер.10 (49-52), 13 (52-55,63-65.238-239), 14(63)

  2. Әлеуметтік педагог құжаттары. 10 (52-56), 13 (240)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 23. Жұмыс уақыты, еңбек ақы, жеңілдіктер. 10 (56-57), 13 (238), 14(53-54)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 24. Әлеуметтік педагог жұмысын бағалау. 10 (57-59), 13 (58-60), 14 (72)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 25.

  1. Әлеуметтік педагог жұмысындағы жоспарлау.14(64-69)

  2. Әлеуметтік педагог жұмыс жоспары. 11 (34-42),14 (20-21)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.

Дәріс 26. Мінез құлқы қиын балалар және олардың жанұяларымен жұмыс 14(73-78) .

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 27. Әлеуметтік педагогтың жұмыс столы. 15 (83-89)

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 28. Мектепке бейімделмеу 14(78-87).

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 29. Бос уақыт іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.

1.Бос уақыт іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.

2.Клуб қызметінің өзіндік мазмұны.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.



Дәріс 30. Әлеуметтік- педагогикалық қызмет әлеуметтік басқару ретінде.

1.Әлеуметтік басқару.

2.Әлеуметтік делдалдық. Әлеуметтік- педагогикалық делдалдық.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.


Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

-Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

-Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.



Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсыныстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

-Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Сондықтан да мұны аквариум деп атайды.

-Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

“Мозайка” әдісі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



-Ассоциация стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады.

-Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.



-РАФТ стратегиясы:«РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты береді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.

Р - Роль


А - Аудитория

Ф - Форма

Т - Тақырып

-ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




















-Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

-Топтастыру стратегиясы:

Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.

-Пікірталас жүргізу әдістемесі (классикалық кесте):

Мақсаты: проблемалық пікірталас негіздерін анықтау, жүргізуші ролін және функцияларын анықтау.



Тақырыпты нақтылау және жазба (тезис). Пікірталастағы маңызды шарт тезиті немесе тақырыпты ашу. Егер қатысушылар сабақ тақырыбынан тірек сөздері мен басты ұғымдарды бөліп қарастыра алса, бұл пікірталастың “басқа жаққа” ауытқып кетпеуіне, логикалық бағытының бұзылмауына, тұрмыстық мысалдарда тұрып қалмауына кепілдік береді. Жүргізушінің фнкцияларымен танысу; пікірталас уақытын анықтау. Мәселені талқылау. Қорытынды жасау; жүргізуші ролін бағалау (ертерек анықталған функциялар бойынша).

-Өзара әдісі:

Оқу төрттігін (“Өзара”) ұйымдастыру кестесі

Кезең

Іс-әрекет мазмұны

1. Жеке жұмыс.

Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2. жұппен жұмыс (горизанталды байланыс).

Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды. Мазмұн бойынша тапсырма бұрынғыша қалады, бірақ бұл кезеңнің мақсаты жұп болып ортақ шешім шығару. Ұсынылған шешім сол екі қатысушылардың ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3. Жұппен жұмыс (вертикалды байланыс).

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, Табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4. Топтық шешім қабылдау.

Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

ОЖСӨЖ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Психологтардың кәсіби қоғамдастығы.

ОЖСӨЖ-1 мазмұны:

  1. XX ғасырдағы психологияның үш дүниесі – 86б.

  2. Кәсіби психологтардың жұмыс орны – 87б.

  3. Психологияның кәсіби қоғамдық ұйымдары – 87б.

  4. Халықаралық психологиялық қоғамдар мен ассоциациялар.

. Өткізілу формасы: «Ассоциация» стратегиясы

әдістемелік нұсқау:

Тақырыбы: Әлеуметтік саладағы практикалық қызмет жағдайлары.

ӨЖСӨЖ -2 мазмұны: Психологтарды психологиялық біліммен қаруландыру.

  1. Психолог мамандығының спецификасы.

  2. « Психолог » мамандығы бойынша оқитын студенттерге психологияны оқыту.

  3. « Адам- адам » мамандығы бойынша оқитын студенттерге психологияны оқыту.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

Тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық әдістер.

ОЖСӨЖ-3 мазмұны:

Психологтың жұмыс орнын ұйымдастыру, эскиз,сурет,сызба даярлаңыз.



Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

Тақырыбы: Жанұямен психологиялық жұмыс.

ОЖСӨЖ -4 мазмұны:

  1. Жанұямен психологиялық зерттеу тұрғысы.

  2. Жанұямен зерттеу объектісі.

  3. Жанұямен психологының жұмыс бағыттары.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

Тақырыбы: Психологтың кәсіби және тұлғалық сапалары.

ОЖСӨЖ-5 мазмұны:

  1. Психологтың кәсіби сапалары.

  2. Психологтың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар.

  3. Студент психологтың кәсіби тұрақтануында «көңілі қалу» дағдарыстары.

Өткізілу формасы: «ББҮ» стратегиясы.

Тақырыбы: Типтік технологияның алгоритм шаралары.

ОЖСӨЖ-6 мазмұны

Психологиялық мерзімдік басылымдардан ҚР- да педагогикалық психологияның дамуын қарастыратын мақалалардың картотекасын құрыңыз.



Өткізілу формасы: «Конференция»

Тақырыбы: Мүгедек балалармен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыс.

ОЖСӨЖ-7 мазмұны:

Психологиялық қызметтің мәртебесі ( 162 бет ). « Менің болашақ кабинетім »эссе.



Өткізілу формасы: Эссе жазу.

Тақырыбы: Психолог қызметін ұйымдастыру принциптері.( 46с).

ОЖСӨЖ-8 мазмұны:

1. Құзіреттілік, шынайылық принциптері.

2. Кәсіби қызметтегі табиғилық, дербестік принциптері.

3. Баланың тұлғасын құрметтеу және сенім білдіру принциптері.



Өткізілу формасы: «Өзар» әдісі.

Тақырыбы: Әлеуметтік- педагогикалық технология мазмұны.

ОЖСӨЖ-9 мазмұны: Мектеп психологының жұмыс жоспары.

Өткізілу формасы: «Дөңгелек үстел».

Тақырыбы: Спортсаласындағы психологиялық жұмыс.

ОЖСӨЖ-10 мазмұны:

1. Спорт психологының мақсат-міндеттері.

2. Спорт саласындағы практикалық психолог жұмысы.

Өткізілу формасы: «Кубизм» стратегиясы.

Тақырыбы: Әлеуметтік ауытқушылықтың алдын алу міндеттері.

ОЖСӨЖ-11 мазмұны:

Нақты жанұямен психологтың жұмыс жасау жоспарын құрыңыз. ( диагностика, кеңес беру, психотерапия).198 бет.



Өткізілу формасы: «РАФТ» стратегиясы.

Тақырыбы: Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысы.

ОЖСӨЖ-12 мазмұны:

Нақты жанұямен психологтың жұмыс жасау жоспарын құрыңыз. ( диагностика, кеңес беру, психотерапия).198 бет.



Өткізілу формасы: «Конференция»

Тақырыбы: Оқушылардың психологиясы. (№3.93с).

ОЖСӨЖ-13 мазмұны:

1. Оқыту мен дамыту қатынасы. ( 93 с).

2. Таным мен интелектінің дамуы. ( 98 с).

3. Интелектуалды дамудың критерийлері. ( 106 с).



Өткізілу формасы: «Пікір талас жүргізу» әдісі.

Тақырыбы: Психологиялық түзету бағдарламасын құру әдістемесі. ( 41 с).

ОЖСӨЖ-14 мазмұны:

1. Психологиялық түзету бағдарламасына қойылатын талаптар.

2. Психологиялық түзету бағдарламасына қойылатын ерекшеліктері.

Өткізілу формасы: «Ассоциация» стратегиясы.

Тақырыбы: Ұйымдастырылған түрдегі әлеуметтік- педагогикалық технология мазмұны.

ОЖСӨЖ-15 мазмұны:

Еңбек саласындағы психолог маманының мәртебесі және функциялары.



Өткізілу формасы: «ББҮ» стратегиясы.

Тақырыбы: Дау- жанжалдың алдын алу және оны жеңу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет