Х. С. Муханбеткалиев 201 ж


Сабақтың типі мен құрылымы



бет7/12
Дата01.04.2017
өлшемі1,86 Mb.
#13003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақтың типі мен құрылымы.


  1. Сабақтың қандай типі таңдалды, оның мақсатқа сайлылығы.

  2. Берілген бөлім бойынша сабақ жүйесіндегі сабақтың орны.

  3. Алғашқы сабақ пен жаңа сабақтың өзара байланысы.

  4. Сабақтың барысы (логикалық) қалай?

  5. Сабақтың құрылымы берілген типті сабаққа сәйкестігі.

  6. Сабақтың аяқталуы мен біртұтастығы қамтамасыз етілді ме?


Оқыту принциптерінің жүзеге асуы


  1. Тапсырманы комплексті шешуде оқытудың бағытталу принципі.

  2. Оқытудың ғылымилығы, өмірмен байланысы.

  3. Оқытудың қолайлығы.

  4. Көрнекілік.

  5. Жүйелік және бірізіділік.

  6. Оқушының саналылығы, белсенділігі және өзбетімен жұмыс орындалуы.

  7. Сабақта оқушының танымдық қабілетінің дамуы.

  8. Танымдық іс - әрекет қандай сипатта болды.

  9. Оқытудың жекелендіру мен даралануы.

  10. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мүмкіндігі.


Оқытудың әдістері


  1. Сабақтың міндеттеріне әдістер сәйкес келді ме?

  2. Танымдық іс - әрекеттің сипатына мүмкіндігі берді ме?

  3. Оқушының белсенділігіне қандай әдістер әсер етті.

  4. Өзбетімен жұмыс қалай жоспарланды және орындалды.

  5. Оқытудың әдістері мен тәсілдердің тиімділігі қандай?


Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру


  1. Оқу міндеттері әрбір сатыда қалай жүзеге асты?

  2. Әр түрлі формадағы сатылардың өзара үйлесуі.

  3. Оқушының әр түрлі іс - әрекетінің бірізді орындалуы.

  4. Оқушының іс - әрекетін бақылауды ұйымдастыру қалай өтті.

  5. Оқушының білімі дұрыс бағыланды ма?

  6. Оқушының дамуын қалай жүзеге асырды?

  7. Оқушыларды ұйымдастыру мұғалім қандай тәсілдерді қолданды?

  8. Сабақтың сатыларын қорытындылау.


Мұғалімнің жұмыс жүйесі


  1. Сабақты жалпы ұйымдастыру іскерлігі.

  2. Оқу жұмысының тиімді тәсілдерін оқушыға көрсете білу.

  3. Сабақтың оқу материал көлемін анықтау.

  4. Мұғалімнің басқарудағы мінез – құлқы: такт, сыртқы көрініс, сөзі, эмоция, ақиқаттығы және т. б.

  5. Топтағы психологиялық көңіл – күйді орнықтыра білу.


Оқушының жұмыс жүйесі


  1. Сабақтың әр бір сатысында ұйымдастыруы мен белсенділігі.

  2. Оқушының эмоциясы сабаққа сәйкестілігі.

  3. Жұмыстың әдістері, тәсілдері және олардың деңгейінің қалыптасуы.

  4. Мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы.

  5. Білімді игеру деңгейі.

  6. Білімді шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.


Сабақтың жалпы нәтижесі


  1. Сабақтың жоспарын орындау.

  2. Сабақтың үш міндетін орындап жүзеге асыруы.

  3. Оқушының білімді игеру деңгей және іс - әрекет тәсілдері.

  4. Қабылдау, түсіну, еске қалдыру деңгейі.

  5. Ұқсас жағдайларды қолдана алуы.

  6. Жаңа жағдайларда білімді қолдану.

  7. Сабақтың тиімділігі мен нәтижесін жалпы бағалау.

  8. Сабақтың сапасын жақсарту туралы ұсыныс.


Сабақтың типологиясы


  1. Кіріспелі

  2. Жаттығу

  3. Тексеру

  4. Білім, іскерлік және дағдыны бекіту

  5. Өзбетімен жұмыс орындау сабағы

  6. Техникалық құралдарды пайдалану

  7. Сарамандық жұмыс сабағы

  8. Біріктірілген сабақ

  9. Қайталау және жалпыламау

  10. Қайталау

  11. Білім, іскерлік және дағдылануды игеру

  12. Предметті сабақ.


Бейнелеу өнер пәнін оқытудың формасы, құралы және әдістері
І. Бейнелеу өнер пәні оқу жұмысын ұйымдастыру формалары:

- сынып сабағы;

- экскурсия;

- практикалық жұмыс;

- өзбетіндік жұмыс;

- лабораториялық жұмыс;

- шығармашылық жұмыс;

- плэнер;

- емтихан;

- сынақ.
ІІІ. Оқытудың және үйрену әдістері.



  1. Әңгіме.

  2. Түсіндіру.

  3. Сөйлесу.

  4. Пікір талас.

  5. Әдебиетпен жұмыс.

  6. Көрнекілік әдістері.

  7. Тапсырма орындау әдістері.

  8. Шығармашылық жұмыс орындау.

IV. Оқытудың құралдары.




  1. Оқу-әдістемелік құжаттар.

  2. Техникалық құралдар.

  3. Бейнелі-техникалық құралдар.


Бейнелеу өнер сабағының құрылымының жалпы үлгісі.


    1. Сабақтың тақырыбы.

    2. Сабақтың мақсаты.

    3. Сабақтың формасы.

    4. Сабақтың оқыту және үйрену әдістері.

    5. Сабақтың құрал-жабдықтары.

    6. Ұйымдастыру кезеңі.

    7. Өткен оқу материалын қайталау.

    8. Жаңа оқу материалын қарастыру.

    9. Практикалық (өзбетіндік)жұмыс.

    10. Жаңа оқу материалын бекіту.

    11. Сабақты қорытындылау.


Бейнелеу өнер сабағы бойынша оқушылардың білімі мен іскерлігіне

қойылатын талаптар
Практикалық жұмыстарын бағалау.


  • Жұмысты оқушының өзбетімен орындауы.

  • Игерген білімін жаңа тапсырмаға қолдана алу іскерлігі.

  • Өнер мен құбылыстың шынайлығын белгілей алуы.

  • Жұмыс орындауда ұқыптылық және танымға ұмтылушылығы.

  • сабақтың міндетін сапалы орындау.

  • Жұмыстың көркемдік мәнер мазмұндығы.

  • Машықтық техниканы игеруі.


Оқушының ауызша жауаптарын бағалау.


  1. Жауаптың толықтығы.

  2. Сөздің мәнерлігі мен образдығы.

  3. Жауап кезінде ұғымдар мен терминдерді қолдана алуы.


Жүргізілген сабақты талдаудың үлгі сұлбасы
Жалпы мәлімет


  • Сынып.

  • Сабақтың өткізілу уақыты.

  • Сабақтың тақырыбы.

  • Сабақтың міндеттері.


Сабақтың құрал-жабдықтары


  1. Оқытудың құралдарын қолдана алуы.

  2. Оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын дайындалуы.

  3. Сабаққа тақтаның дайындығы.


Сабақтың мазмұны

  1. Сабақтың міндеттері оқу бағдарламасының тақырыбына сәйкес келді ма?

  2. Дидактикалық өңдеу жүргізілді ма?

  3. Өткізлген сабақтың мазмұны қандай білім жіне іскерлікті қалыптастыруға бағытталған?

  4. Алғаш рет қандай жаңа материал оқушымен игерілді? Олар қалай бекітілді?

  5. Оқу материалы оқушының шығармашылық және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді ма?

  6. Қандай жалпы оқу және арнайы іскерлік пен машықтықтар оқушының бойында дамытылды?

  7. Қалай пән аралық байланыс жүзеге асты?

  8. Оқушының танымдық қасиетіне сабақтың мазмұны ықпал етті ма?


ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


  1. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы

  2. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы

  3. Занковтың дамыта оқыту технологиясы

  4. Ұжымдық оқыту

  5. Модулді оқыту

  6. Біріктіре оқыту

  7. Саралай оқыту

  8. Бағдарламалап оқыту

  9. Жеке оқыту

  10. Білімді толық игерте оқыту

  11. Оқу дидактикалық бірліктерді ірілете оқыту

  12. Проблемалық оқыту

  13. Интерактивті оқыту

  14. Түсіндіре-көрсете оқыту

  15. Милы атқылау әдістерімен оқыту

  16. АРИЗ негізінде оқыту

  17. ТРИЗ негізінде оқыту

  18. Имитациялық ойындармен оқыту

  19. Қашықтықта оқыту

  20. Ақпараттық технологияда оқыту

Бақылау сұрақтары:

  • бейнелеу өнерінің білім беру стандарты дегеніміз не?

  • Мектептегі бейнелеу өнерінің түрлері;

  • Оқытудың мазмұны дегеніміз не?

  • Оқытудың құралдары дегніміз не?

Әдебиет:


  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

12- Лекция. 1-4 сыныптарда натурадан сурет салу әдістемесі.

Мақсаты: натурадан сурет салу әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Натурадан сурет салу тапсырмасының екі түрі болады: ұзақ уақытта орындау және қысқа мерзімде орындау болып табылады. Бірінші тапсырма бірнеше сабаққа созылса, екінші тапсырма 5-10 минутқа созылады. Бейненің нобайы, наброскасы сабақтың басында, ортасында және соңында орындалуы мүмкін. Оқушының есін және кеңістікті ойлау қабілеттерін дамыту үшін натурадан сурет салу кезінде есі және ұғынуы бойынша да сурет салуға көңіл бөлу керек.

1-2 сынып оқушыларына предметтің кеңістікте орналасуын, формасын, пропорциясын, түсін анықтап бейнелеуге бағытталған орынды. Предметтің аумақтылығын беру, натурадан сурет салу фронтальды жағдайда орынадалады.

3-4 сыныптарда бейне кескіндерін перспектива заңдарына негізделе орындауға көшеді. Олай болса дененің бетіндегі аумақтылық жарық түсі мен көлеңкелері арқылы орынадау қажет етеді. Яғни, суретті орындау фронтальды жағдайда ғана емес, сонымен бірге бұрышты перспективада кескіндеу де орын алуы тиіс.

1 сынып оқушылары түс бойынша, олардың түрін тануға үйренсе, 2 сыныпта оқушылар хроматикалық және ахроматикалық, жылы және салқын түстермен танысады.

Натураларды сабақтарда отыратын столдың биіктігінен төмендеу жерде қойылады. Натураның өлшемдері үлкен емес, сондықтан көп натура болса, оларды әрбір оқушының столына қоюға да болады. 1-2 сыныптарға арналған тапсырмалар: натурадан сурет салу, еспен салу, ұғынуымен салу болып табылады. Негізгі объектілерге: жазық предметтер, ойыншықтар, әшекейлі бұйымдар жатады. 2 сынып оқушыларына қарапайым геомтериялық предметтерді орындауға бағытталған орынды. Мысалы, шарауашылық қарапайым аспаптар, құс, жануар, балықтар, сонымен бірге, сфералы предметтерді де орындатуға болады. 3-4 сыныптарда үш өлшемді предметтерді салуға үйрету керек. Яғни, перспектива заңдылықтарына негізделе дененің аумақтылығын және көлемділігін өң түстермен беру.

Бақылау сұрақтары:



  • оқытудың әдістемесі деген не?

  • Натурадан сурет салу әдістемесінің мазмұны.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

13- Лекция. 1-4 сыныптарда декоративті жұмыстар сабағының әдістемесі.

Мақсаты: декоративті суреттерді орындаудың әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Сәндік – қолданбалы өнер сабағында алғашқы сабақтарда, оның даму тарихы, түрлері және мұра болып сақталған бұйымдармен таныстуры мазұнда өткені дұрыс. Бұл сабақтың практикалық жұмыстарында өрнектерді салу, жолақ бетте қайталанатын бейнеде тапсырма орындайды. Бұл тапсырмалар бірінші сынып оқушыларына тән. Бірінші жарты жылдықта өрнектерді үлгілер бойынша көшіріп салатын болса, екінші жарты жылдықта өзбетімен жолақтарға өрнектерді құрастыруға кіріседі. Екінші сывныптарда ою композицияларын жазық бетке салуға үйретілуі тиіс. 3-4 сыныптарда бұйым бетіндегі оюларды кескіндеуге үйренеді. Сондай –ақ, бұйым бетіндегі ою композициясын құру өз бетімен орындалады.

Сабақ барысында бейнелеудің бірнеше құралдарымен жүзеге асырылады: акварель, түсті қалам, гуашь, түсті қағазда және т.б..

3-4 сыныптарда оқушыларға үйрететін оқу материалы әсемдеу техника түрлерімен танысады. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдардың бетін әсемдеу түрлері, бояу, кесу, нақыштау, мозайка, маркетри , металдан, зергерлік жұмыстар, чеканка, металлопластика және т.б...

Бақылау сұрақтары:

- декоративті суреттерді орындаудың мазмұны.

Әдебиет:


  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

14- Лекция. Бейнелеу өнер шығармалары мен даму тарихымен танысу әдістемесі.

Мақсаты: бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Оқу бағдарламасы бойынша бейнелеу өнер тарихымен таныстыруда оқушы туынды жұмыстардың мазмұнымен таныса отырып, өздерінің ойларын ортаға салуға бағытталған.

Бірінші сабақтарда шығарма жұмыстардың ішідегі табиғат көрінісіне байланысты картина мазмұнымен таныстырады. Тақырып міндетті түрде жалпылама түрде болғаны орынды. Бұл сабақта әңгіме және пікір алысу мазмұнды өтеді. Суретшілердің жұмыстарымен таныстыруда бейне кескіндері реалды жағдайда болады. Сол реалды жағдай оқушының табиғаты түсінуге, оны сүюге, қадірлеуге сияқты қасиеттер белгіліері қалыпатсады. Сабақ барысында жұмыспен танысу үшін мұғалім нәзік, жай мәнердегі музыка қоюда ұтымды тәсіл бола алады. Музыка сол жұмыстың мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Олай болса мұғалім сабаққа қажетті барлық шарттар жасауы тиіс.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес картина мазмұны таңдалуы дұрыс. 1-2 сыныптарға жұмыстың мазмұны жалпылама түрде болса жоғары бастауыш сыныптарға оның терең мазмұны, суретшінің танымдық ойларына көңіл бөлінеді. Сондай – ақ, картинамен таныстыру барысында оқушыларған мұғалім шығарма жазған суретшінің өмірі мен шығармашылық жұмысына да тоқталған жөн болады.

Екінші класста бейнелеу өнерінің түрлерін ажыратуға, көркемдік формаларын түсінуге, мазмұнын ұғынуға, өзінің көзқарасын айта білуге үйрету болып табылады. Бұл сыныпта сәндік – қолданбалы өнер түріне ерекше көңіл аударылады. Пікір алысу кезінде оқушылардың ұғымдарды дұрыс меңгеруге, оның практикадағы мәніне көбірек көңіл бөледі.

Үшінші сыныпта пікір алысу кезінде бейнелеу өнерінің шығармаларындағы ерекшелік белгілерін тануға, оларды бірі – бірінен ажырата алуға үйретеді. Шығарма жұмыстарының мазмұнын айта алу сияқты біліктілікке үйретеді.

өнер туралы пікір алысу сабақтары әр алуан. Соның ішіндегі кең тараған түрі, сабақтың басында пікір алысу, яғни, мұғалім пікір алысудың тақырыбын баяндайды. Суретшінің қандай шығармаларын білесіңдер, оларды қандай көрмеде көрдіңдер. Оның мазмұнын айтып беріңдер.

Келесі сатыда сол суретшінің жұмысын талдауға кіріседі. Сол тақырыпта көптеген картиналарды демонстрациялайды. Олардың авторларын және тақырыптарын атайды. Ол картиналар туралы оқушыларға сұрақтар қояды.

Сабақты бекітуде картинаның мазмұны туралы көптеген сұрақтар дайындап оларға қояды. Оның мазмұны туралы дұрыс жауап берген оқушыларға баға қояды.

Бақылау сұрақтары:


  • бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру формалары;

  • бейнелеу өнер шығармаларымен таныстыру әдістемесінің мазмұны.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982

15 – Лекция. Бейнелеу өнер бойынша сабақтан тыс жұмыстардыә әдістемесі.

Мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне үйрету.

Лекция мазмұны.


Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтан тыс жұмыстардың міндеттері:


  • Бейнелеу өнер құралдарының түрлерімен баланың эстетикалық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушылардың бейнелеу өнерге қызығушылығын және бейімділігін дамтыа, дүниенің әсемдігін тануға үйрету;

  • Бейнелеу өнер сабағындағы біліктілігін арттыру;

  • Оқушының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту.

Баланың сабақтан тыс жұмыстарының бір формасы үйірме. Үйірме сабағында оқушының жасына қарамай, әртүрлі жастағы оқушылар бірге шұғылданады. Бейнелеу өнер құралдарының әр алауан түрлері қолдануға мүмкіндік алады. Бейнелеу өнер түрлерімен, жанрларымен терең және кең түрде таныса алады. Үйірме жұмысында оқушылар тақырып бойынша қалаған тапсырмалар орындауға мүмкінді алады. Кейде жұмыстарды топ болып орындайды.

Сабақтан тыс жұмыстың мәнді бір түрі мұражайға, көрмеге, суретшілердің шеберханасына саяхаттау. Ол формадағы сабақтан тыс шара оқушының сабақта алған білімін кеңейтеді, эстетикалық талғамын дамтады, шығармашылық қиялын қалыптастырады. Саяхаттауға дейін мұғалім оның жоспарлы жұмыстар орындап алады. Сабақтың жоспарын жасап, сол объектіге барып экспозициялармен танысып алуы керек.

Сабақтан тыс жұмыстағы кең тараған форма – бейнелеу өнері туралы әңгімелесу. Оқушылардың қызығушылық қасиеттеріне негізделе бейнелеу өнердің даму тарихы, көне және орта ғасырдан мұра болып қалған экспонаттармен таныстыру, оларды талдау, суретшілердің өмірімен толық таныстыру, бейнелеу өнердің түрлерімен, техникасымен өте терең танысу болып табылады. әңгімелесудің негізгі міндеттері тәрбилілік бағытта білімдеріне негізделе жүргізіледі.

Тағы мәнді жұмыс формасы оқушлыардың орындаған жұмыстарына байланысты көрме ұйымдастыру. Сол жұмыстар бойынша көрмеде байқаулар ұйымдастыру.

Осы аталған сабақтан және мектептен тыс сабақтардың формасы оқушының қызығушылығын дамытуға және өздерінің қажеттлігіне сай ұйымдастыруы тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  • сабақтан тыс жұмыстардың түрлері;

  • сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына сипаттама.

Әдебиет:

  1. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1-3 классах. М.,1982

  2. Кузин В.С. Методика преподавания изобразительного искусства в начальной школе. М.,1993

  3. Кузин В.С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. М., 1998

  4. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. М., 1982


6.Мамандықтың типті оқу жоспары бойынша семинар және практикалық сабақ формалары белгіленбеген.

7. Пән бойынша материалдарды қарастырудың әдістемелік ұсыныстары.
Берілген курстың мазмұны оқытудың төрт сабақ формасымен қарастырылады: лекция; лабораториялық сабақ, оқытушының көмегімен студенттің өзбетіндік жұмысы және жеке өзбетіндік жұмыс. әрбір сабақтың оқыту формалары бойынша оқу материалдары және дидактикалық тапсырмалар белгіленген. Ол материалдардың көлемдері ОӘК мазмұнында болық белгіленген.

Лекцияның материалын студент өте ұқыпты оқып, түсініп және ұғына отырып конспектілесе, оның мазмұнын терең игеруге мүмкіндік береді. Лекцияның оқу материалы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім бейнелеу өнерінің теориясына арналса, екінші бөлім әдістемелік материалдарға арналған.

Лабораториялық жұмыстар мамандықтың оқу жоспары бойынша қарастырылған. Олай болса, лабораториялық жұмыс әдістемелік курстың мазмұнына жасалған. Жалпы саны 10 болып табылады. Лабораториялық жұмыстардың толық мазмұны мен көлемі, әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулары өзінің мазмұнында көрсетілген, яғни, толық көлемде.

Оқытушының көмегімен орындалатын өзбетіндік жұмыстар бейнелеу өнерінің түрлерін кескіндеу тәсілдеріне байланысты белгіленген. Ол жұмыстардың саны он болып табылады. Жұмыстың орындалу шарттары мен материал, құралдарыда нақты түрде ОӘК көрсетілген.

Студенттің өзбетіндік жұмыстарында біз лекция материалдарына қажетті толықтырғыш материалы ретінде тақыыптар белгіледік. Сол тақырыптарды көрсетілген әдебиеттерден тауып, оларды конспектілеп ұғынуды ұсынамыз. Ол тақырыптардың мазмұны емтихан сұрақтарына енеді.

Теориялық материалдарды игеріп және дидактикалық тапсырмаларды орындап оқытушыға есеп тапсыру әрбір оқытудың формасмымен жеке-жеке белгіленеді. Олардың мазмұны бойынша рейтинг және қорытынды бағаларға тікелей ықпалы тиеді. Сондықтан студент белгіленген тапсырмаларды толық көлемде орындаған орынды.

Оқу материалдары мен сарамандық жұмыстарды орындауға қажетті материалдар электорнды түрде көрсетілген ОӘК нен және университеттің әдебиеттер қорынан материалдар пайдалануға болады.
Оқытушының көмегімен орындалатын студенттің өзбетіндік(жеке) жұмысы


п/п


Тақырып

Мақсаты

Тапсырма

әдістемелік ұсыныс

Әдебиет

1

Суреттің теориялық негіздері

Натюрморт орындаудың практикалық іскерлігін қалыптастыру

Екі фигурадан құралған натюрморт орындау

А3 форматқа екі фигурадан(жеміс) құралған натюрмортты карандашпен кескіндеу.

1,2,3,6,14,16

2

Сурет композициясының теориялық негіздері

Кескінді бояу іскерлігіне үйрету.

Түстің спектірін орындау

А4 формат қағазына түстің спктірін бояумен орындау

1,2,3,6,14,16

3

Кескіндеменің теориясы мен технологиясы

Кескіндеме жұмысын орындау тәсілдеріне үйрету.

Кескіндеме техникасында натюрморт орындау

А3 форматқа акварель бояуымен натюрморт кескіндеу(жемістерден)

1,2,3,6,14,16

4

СҚО теориясы мен технологиясы

Ырғақты оюларды кескіндеуге үйрету

Қағаз бетіне ырғақты оюларды орындау

А4 форматына өсімдік және жануар тектес мотивте ырғақты оюлар орындау

1,2,3,6,14,16, 17,18,19, 24,25

5

Сәулет өнерінің теориясы мен технологиясы

Картоннан ғимарат моделін орындауға үйрету.

Картоннан ғимарат моделін орындау.

20х30 см. өлшемдегі ғимараттың моделін түсті картоннан жасау.

1,2,3,6,14,16

6

Мүсін жұмысының теориясы мен технологиясы

Саз немесе пластилиннен аумақты дененің кескінін орындауға үйрету.

Жаунардың бейнесін пластилиннен немесе саздан орындау.

Пластилиннен жануардың бейнесін орындау (1 дана)№

1,2,3,6,14,16

7

Безендіру жұмысының теориясы мен технологиясы

Шрифтіні орындау тәсіліне үйрету

Шрифтіні қағаздың бетіне салу

А4 формат бетіне шрифт орындау(мәтіннің мазмұны өз еркімен таңдау).

1,2,3,6,14,16

8

Безендіру жұмысының технологиясы

Бөлменің дизайнын жасауға үйрету

Түсту картоннан бөлменің интерьерін орындау

30х45см. Көлемде бөлменің интерьерін түсті картоннан орындау(объектіні өзбетімен таңдау)

1,2,3,6,14,16

9

Кескіндеменің теориясы мен технологиясы

Пейзаж жанрын орындауға үйрету

Акварель бояуывен пейзаж орындау

А3 форматына акварель бояуымен пейзаж орындау

1,2,3,6,14,16

10

СҚО теориясы мен технологиясы

СҚО бұйымдарын жасау тәсілдеріне үйрету.

СҚӨ бұйымдарына оюлардың композициясын орындау

Табиғи материалдардан СҚӨ бір түрінен өз еркімен бұйым жасау.

17,18,19, 24,25


8Лабораториялық жұмыстарды орындаудың ұсыныстары мен нұсқаулары.
Лабораториялық жұмыс №1
Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны.
Объектісі: бейнелеу өнер пәнінің оқу процесіндегі білім беру мазмұны.
Предметі: 3 сынып бейнелеу өнер пәнінің сурет бөліміне модулді оқу бағдарламасын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер пәніндегі сурет бөлімінің оқу материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау.
Міндеттері:


  • жұмыстың құрылымы және орындалу мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • бейнелеу өнер пәнінің міндетті білім беру стандартымен және оқу бағдарламасын жасауға қажетті талаптармен оқу - әдістемелік құжаттардан қарастыру;

  • оқу бағдарламаның құрылымын, мазмұнын және техникалық безендірілуін танысу;

  • айқындалған оқу мазмұнына негіздеме жасап модулді оқу бағдарламаның жобасын құрастыру;

  • орындалған оқу бағдарлама жобасын тәжірибеде тексеру;

  • оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру.



Жұмыстың құралдары: бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сынып бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, 3 сынып оқу - әдістемелік құралдары, бағдарлама жасауға қажетті нормативті оқу - әдістемелік құжаттар (дидактикалық талаптар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет