185
бірінші әдіс күні кешеге дейін микробиологиялық зерттеуде кеңінен
қолданылып келді. Микроорганизмдердің физиологиясын білу биологиялық
іріктеу әдістеріне жақсы қоректік ортаны таңдауға мүмкіндік берді, бірақ бұл
әдіс өте ұзақ және көп уақытты алды. Биологиялық зерттеулердегі
қарқынды әдістер математикалық модельдеу, бұл әдіс қоректік ортаның
құрамын тез анықтауға және белгілеуге мүмкіндік береді. Математикалық
модельдеу әдісінің басым көпшілігі үдерісті математикалық модельдеумен
жүзеге асырылды. Тәжірибе мәліметтерін нақты белгіленген тәртіппен өңдеу
арқылы операцияларды жүзеге асырады. Коэффиценттердің статистикалық
талдауы, зерттелу диапазондарын нақты қоя білу, қоректік ортаның қолайлы
құрамын нақты анықтап алуға мүмкіндік береді, математикалық модельдеу
арқылы культивирлеудің қолайлы әдісі анықталады [1].
Зерттеу объектісі ретінде L.acidophilus туысының сүт қышқылы
бактериялары алынды. Олар сүт және сүт өнімдерінен бөлініп алынған
болатын. Тиімді және жаңа коммерциялық қоректік орта MRS алмастыру
үшін көптеген басқа қоректік орталарға зерттеу жүргізілді (сүт, пептонды,
гидролизденген сүт, сусло агар, глюкоза қосылған ЕПА, орамжапырақ және
картоп қайнатпалары т.б.). бақылауға MRS қоректік ортасы алынды.
L.acidophilus культуралары осы қоректік ортаға егіп, аэрациясыз 37
0
Стемпературада 3 тәулік бойына өсіріледі. Қоректік орталардың тиімділігі
туралы қорытындыға олардағы жинақталған L.acidophilus биомассаның
жинақталуына байланысты айтылды, оны КФК – 2МП әдісімен анықтап 590
және Горяев камерасы арқылы санап, қышқыл түзу қабілеттерімен және
протеолитикалық белсенділігі де анықталды.
Қоректік
орталардың
ең
тиімді
түрін
анықтау
тәжірибені
математикалық модельдеу әдісі бойынша да ыңғайланды. Осыған сәйкес
жеті орта матрицасы құрастырылды[2].
Жоспарды жүзеге асыру үшін L.acidophilus культураларын қоректік
суспензияға (ашытқы автолизаты - 1; глюкоза – 1; КН
2
РО
4
– 0,05; КН
2
РО
4
–
0,05 %) егіп, 7 зерттелетін қоректік ортаны қайтадан санайды.
Тәжірибенің бірінші сериясын өткізу нашар нәтиже берген қоректік
ортаны анықтап алуға мүмкіндік берді. Кестеде көрініп тұрғандай қоректік
ортада биомасса мөлшері 2,62-10
9
кл/мл жетсе, қышқыл түзу қабілетінің
белсенділігі 110,0 Т
0
, ал протеолитикалық белсенділік 46,0 мг % құрады,
дегенмен ең нашар нәтиже №7 қоректік ортада болды, зерттеу
параметрлері 2,16 -10
9
кл/мл, 68,0 Т
0
, 23,2 мг % құраса, басқа азотты
ортасы бар нұсқалармен салыстырғанда анағұрлым салыстырмалы түрде
нашар болды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, симплекс әдісі бойынша №7
қоректік ортаның құрамын қайтадан зерттеп, оның құрамындағы (NH4)
2
SO
4
иондары 6,5 есеге және ашытқы автолизаты 61 есеге жоғары екендігі
анықталды [3].
Достарыңызбен бөлісу: