ЭКОНОМИКАЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЭКОНОМИКА И ПРАВО ҒТАМР 06.73.75 Альдешова С.Б., Дарискалиева М.С., Адиетова Э.М., Салауатұлы Н. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Атырау қ., Қазақстан Республикасы
samalab_79@mail.ru
«АТФ БАНК» АҚ-НЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ Аңдатпа Таңдалған мақала тақырыбының өзектілігі несие беру әрбір
коммерциялық банк қызметінің ажырамас бөлігі болып саналатындығымен
байланысты. Тұрғындарды банктік несиелендіру мемлекеттің экономикалық
тұрақтылығының ажырамас элементі, ұлттық экономиканың өсуін
жеделдетудің, мемлекет тұрғындарының банктің жоғары сапалы
қызметтеріне артып отырған сұранысын ұсынудың маңызды шарты болып
саналады.
Бұл ретте тұрғындарға несие беру ішкі сұранысты қалыптастырудың
жаңа деңгейіне көшу рәсімін ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл өз
кезегінде жылжымайтын мүлік объектілеріне, көліктерге және өзге де тұтыну
тауарларына ішкі сұранысты жандандыруға әкеледі.