1.2. Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының алатын орны
Елбасы Н.Ә.Назарюаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы жолдауында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында(2), көрсетілгендй қоғамны ң эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді, Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «ар адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.
Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогичя теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру пирамидасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негідерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге педагогтарды даярлау- оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологиялар- бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері- оқытудың ізгілендіру өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты, жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі Американдық психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладғы оқыту мақсаттарының таксономиясы. Өзге технолгиялық карталардың авторлары секілді бізде Блум таксаномиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.
Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Г.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді., сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғнт, таксономияның өзі ресйлік дереккөздерден ішінара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б.Блум бұл психология-педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.
Көптеген зерттеушілер Б.Блумның ағылшын тіліндегі түпнұсқа еңбегіне сілтеме жасағанымен, оның әдістемесін ашып көрсетпейді. Осы қиындық бізді Б.Блумның таксономиясы жайлы ағылшын тіліндегі материалдардан танып білуге итермеледі. Белгілі болғандай, бұл әзірлеме бас кезінде білім беру технологиясына арналып дайындалмағанын көрсетеді. Оның мақсаты оқып үйретудің әмбебап психологиялық заңдылықтарды ашу болды.
Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог-педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу-орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.
1950 жыылдардан бастап бері білім беруде жасалған өзге жүйелер мен иерархиялардың ішінде Б.Блумның танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксономиясын сабақ, тақырып шеңберінде когнитивті (танымдық) процесс кезеідерінің ретін көруге, әрбір кезеңге шығу белгілерін анықтауға арналған педагогикалық стратегия деуге болады.
Стратегия оқу іс-әрекеттерін ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін тигізіп, күтілетін нәтиже мен ұстаз міндеттерін айқын тұжырымдауға мұмкіндік береді.
Танымдық саладаға педагогикалық мақсаттар таксаномияның оқыту қызметінде пайдаланудың мүмкін әрң жөн екенін шын мәнінде оқыту қызметінде пайдаланудың мүмкін әрі жөн екенін шын мәнінде түсіну үшін сабақтың технологиялық картасы «Мұғалімге ақпарат» бөлімінің «Күтілетін нәтиже» тармағында беріліп отырған кестені қолданудың мына бір әдістемесін ұсынды. Әдістеме Б.Блумның әдістемелік нұсқауларына (Bloom,B.S. Taxonomy of Educational Objectives, Handbook I: The Cognitive Domain. New York: David MeKay Co Inc.) сәйкес берілген мәлімет болып саналады.
Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын дамытады.
Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияларды қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдындағысын меңгеріп алуды қажет етеді.
Танымдық саласындағы оқыту мақсаттарының таксономиясы
Категория
|
Мысалы мен түйінді ұғымдары
|
Білім деректерді не ақпаратты еске түсіру
|
Мысылдары:Стартегияны баяндау. Сатып алушыға бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік технологиясын білу.
Түйінді ұғымдары: анықтайды, сипаттайды, құсатады, біледі, қайсібір категорияға жатқызады, атап шығады, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.
|
Түсінік: мағынаны, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударады, нұсқаулар мен поблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен сипаттау.
|
Мысалдары: жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.
Түйінді ұғымдары: түсінеді, жақтайды, айырып таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді, қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.
|
Қолданыс: Ұғымды жаңа жағдайда пайдалану, я болмаса абстракцияны еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияды) үйренгенді жұмыс орында отырып бейтаныс жағдайға байланысты қолдану.
|
Мысалдары: Анықтаманы пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін бағалауда статистика заңдарын қолдану.
Түйінді ұғымдары: қолданады, өзгертеду, есептеп шығарады, құстарды көрсетеді, сырын ашып біледі, қолмен шебер жұмыс істейді(манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді, жасап шығарады, байланысын анықтайды, танытады, шешеді, пайдаланады.
|
Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы
|
Мысалдары: Жабдықтың қаймыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөңдеу. Дәлдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден(мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап, оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді қажет ететін тапсырмаларды іріктеу.
Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп құрастырады, салыстырады, қарсы қойып салыстырады, сызба нұсқа түрінде бейнелейді, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады(деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейд, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады,байланысын анықтайды,іріктейді, ұсақтап бөледі
|
Синтез: Құрылымы я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағынаны, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.
|
Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизм) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре пайдалану. Алынған нәтижені жақсарту үшін оны өңдеп түзету.
Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түйсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлейді, жазады.
|
Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру
|
Мысалдары: Ең тиімді деген шешім таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түйсіндіріп негіздеу
Түйінді ұғымдары: есептейді, салыстырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады, сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірместен береді, түйіндейді, қолдайды.
|
Міне көріп отырғандарыңыздай, Блумның классикалық түсіндірмесі « біз білетін Блумнан» әлдеқайда нақтырақ десек болады. Тағы бір назар аударатын жайт, Блум ажыратқан категориялардың мағынасын Блумша түсіну аса қажет. Мәселен, «Блум» категориясын Блум көрсеткендей деректерді не ақпаратты еске түсіру деп тар мағынасында ұғыну керек. Содан соң осы категорияның мағынасына сай, сабақ тақырыбына қисыны келетін «түйін ұғымдарды» таңдап алуға меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |