Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол – өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.
Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды
.
Піл – жер бетіндегі ең ірі,ең мықты, төрт тізесі бар жалғыз жануар. Оның аяғы жуан,тұмсығы ұзын болады.Сондай -, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.
в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.
Хайуанаттар бағына орналастыр
Мақсаты: заттың көлеміне қарап, салыстыруды үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап хайуанаттар бағына орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: хайуанаттар торлары, әртүрлі жануарлар, аңдар, құстар.
Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелінген аңдар мен құстарды торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін, т.б. кіші торға орналастыруы қажет. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып, олар туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаштар айтады.
г) Жұмбақтар шешу.
1.Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.
2. Ағаштан-ағашқа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
3.Тарғыл-тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па?
4.Қаңғырамын,үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Танамақтанар-нәсібім.
5.Айбарлы түрі бар,
Қанжардай тісі бар,
Тұма бойында
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды.
Білсең айт бұл аңды.
ғ) Дидактикалық ойын
Достарыңызбен бөлісу: |