Халық аспаптары оркестрлерін жетілдірудің кейбір мәселелері бөрі Иса – доцент



Дата15.09.2017
өлшемі78,94 Kb.
#33597
ӘӨЖ 347.785

ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бөрі Иса – доцент

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы


Резюме

Кочевой, индивидуальные-индивидуальные уйдет, потому присоединении головок с посадкой меньше мигрантов, людей искусства, неразвитость или аккомпаниатор танцевального искусства в своей категории, в результате, наши инспекторы играть ансамблевого соответствии стреляет

Summary

The nomadic way of life, individual-individual leaves, because joining heads with

landing fewer workers, artists, the poor or the accompanist of the art of dance in its category, as a result, our inspectors play in the ensemble for shoots
Қазақ халқының аспаптық музыкасы бірнеше ғасырдан бері қалыптасып, жетіліп келеді. Көшпелі ел, дара-дара ауып, көшіп қонып жүргендіктен өнер адамдарының бастарының аз қосылуы, немесе би өнерінің өз дәрежесінде дамымауы салдарынан сүйемелдеуші, ансамбльдік қосылып ойнау біздің еншімізге тимей қалды. Дегенімен әр халықтың тұрмысында, өнерінде ерекшеленіп тұратын жағы бар. Европа халықтарының музыклақаспаптары бір-біріне өтіп араласып жатса, қазақ халқының музыкалық аспаптары да, оған арналған шығармалары да оқшауланып, дара тұр. Аспаптық шығармаларға да бай. Бұл жөнінде марқұм, профессор Болат Сарыбаев “Қазақтың музыкалық аспаптары” (“Өнер” 1981) атты кітабында егжей-тегжейлі зерттеп, түр-түрге бөліп классификациясын жасап беріп кетті.

Біздің ұлттық оркестріміздің құрылғанына да алпыс жылдан асып барады. Сол уақыт ішінде оркестр үлкен творчестволық жолдан өтіп, өзін таныта білді. Бұл, әрине оркестр жетекшілері мен орындаушылардың талмай еткен жемісті еңбектерінің арқасында. Осы уақыт аралығында оркестр бұрауы бірнеше рет өзгертілді. Себеп – оркестрдің көркемдік орындаушылығының арта түсіп, орындаушылардың талғамдарының жоғарылауы. Кезінде аспап зеріттеушілері де жоқтың қасы болды, сондықтан болар оркестр жетекшілері аспаптың түрін ғана өзгертіп, симфониялық және орыс халық аспаптары оркестрдің ізіне түсіп, құлақ бұруларын қабылдауға тура келді.

Соңғы кезде елімізде арнайы шеберхана болмағандықтан оркестрміз шұбарланып, оның құрамына домбыра – тенор мен қобыз – примадан басқа түгелдей, симфониялық және орыс оркестрлерінің аспаптары ене бастады. Олар: домбыра-малая, флейта, гобой, виолончель, контрабас, баян, соұпалы, аспаптар. Тек бұларға қазақша-итальянша араластыра айдар тағып, домбыра-прима, домбыра-секунда, сыбызғы, сырнай, бас-қобыз, кнтрабас деп атап жүрміз.

Бұл күнде өскелең халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, музыкаға үлкен талаппен қарауда. Алғашқы жетілген аспаптар екі-үшеу ғана болса, қазіргі таңда музыкалық аспаптардың түрлері (шертер, жетіген, сыбызғы, қамыс сырнай, аса таяқ, дабыл т.с.с.)көбейтіп, жетілдіруді талап етіп, басқа аспаптармен қатар оркестр партитурасына енуді күтуде. Қазіргі аспаптардың құлақ күйлері де, жақындықтоп құруларды да қайта қарауды қажет етіп отырғандай.

Біз домбыра тобын алып қарасақ, “Домбыра” деп аталғаныменосы атаумен атай аламыз ба? Тек түрі ұқсағанымен домбыра-прима, бас, контрабастың ойнау әдістері, дыбыс шығару тәсілдері, құлақ күйі, тембрі жақындай ма? Әрине жоқ! Неге байырғы атамыз “Домбыра” деп атаған аспапты біз “ тенор ” деуіміз керек. Домбыра екі шекті, құлақ күйі “ре”, “соль” ноталары, ал прима, бас, контрабас “ми”, “ля”, “ре” дыбыстарына түсірілген. Шығармаларды, әсіресе қүйлерді ойнаған кезде төменгі “ре” нотасы жетіспей жатады. Сонымен қатар ұлттық музыкаларымыздың көбі осы “ре” нотасынан басталмай ма?

Көршілес өзбек, әзірбайжан халықтарының аспаптарын ұлттық формасын, тембрін, құлақ күйлерін сақтай отырып, жетілдіріп топ құрған. Ал бізде әр аспап өз алдына басқа ұлттың аспабының үлгісінде дамыған. Менің ойым әлемдегі барлық жақсы жетістіктерді жатсынбай бойымызға сіңіре отырып, табиғатымызға сай партитура жасау.

Партитурадағы атау топтардың:

-сыртқы формаларының бірдей болуы,

-ойын тәсілдерінің ұқсастығы,

-құлақ күйлері бір-бірін қайталануы,

-тембрі бір-біріне жақын үйлесімді болуы,

-ұлттық тембрді сақтау,

-жалпы оркестрді бір бұрауға түсіру,

-аспаптардың аттарын дұрыс атау жағынан көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын.

Домбыра аспабы техникалық, тембрлік, ойнау тәсілдерінің штрихтарының еркешеліктерімен және бүкіл оркестрдің бір қанатын алып жатқан ұжым болғандықтан топ жасамай өз алдына қалдырған жөн сияқты.

Негізгі топ құратын аспаптар кішкенесіне ең үлкеніне дейін сыртқы формалары, ойын тәсілдері, штрихтары, құлақ күйлері бір-бірене ұқсас келіп жатқан дұрыс. Яғни, кіші шертер, бас, контрбас етіп “шертер” тобын құру жөн-ау. Себебі шертерде екі бірдей: домбыра сияқты оң қол буыны арқылы қағып та, шертіп те және медиатормен ойналып, штрихтары, әдістері сәйкес келеді. Кіші шертерге сым шек тағылып, беті терімен қапталғаны дыбысы жоғары , тембрі жұмсақ, қоңыр болып, домбыраның және шертердің үнімен үндесіп жатады. Кіше шертер қазіргі домбыра-приманың қызметін атқарса, шертер негізгі мелодияны жүргізуші және сүйемелдеуші, аккордтарды да алуға мүмкіншілігі бар. Шертердің құлақ күйін кіші октаваның “ре”, “ля” бірінші октаваның “ре”, “соль” дыбыстарына келтірген дұрыс-ау деп ойлаймыз. Кіші шертерге орыс халық аспаптары оркестрлеріндегі төрт шекті домбыра-приманың немесе банджонның сым шектерін пайдалануға болады. Орыс, украиын, беларус халықтарында осы уақытқа дейін төрт шекті домбыра-прима мен үш шекті домбра-малая қатар пайдаланып жүр, осыған сайып оркестрлерге кіші шертер мен домбра-приманы қатар жүргізген дұрыс. Болашақ керексізін өзі ысырып шығарады. Әлде халық арасында пайдаланып жүрген кішкене аспап “шеңкілдек” атауын пайдаланса. Бұл атау кішкене сым шекті аспаптардың жіңішке шеңкілдеген дыбысына да сай келер еді.

Қазақ оркестрінде үрмелі аспаптар тобы әлі күнге дейін жетілдірілмеген, зерттей келе болашақта қолға алса, сыбызғы, тіл сыбызғы, қамыс сырнай, керней, уілдектерді әжетке жаратуға болатындығын әр жердегі жеке орындаушылардың тәжірибелерінен көріп жүрміз.

Жетігеннің қазіргі үлгісімен оркестр құрамына енгізуге болады деп айта аламаймыз. Себебі дыбыс күші өте аз. Сондықтан шектерін сыммен тағып, медиатормен және қасық таяқшамен соғып ойнайтын түрлерін жетілдіру қажет.

Симфония, үрмелі аспаптар, орыс, өзбек, әзірбайжан халық аспаптар оркестрлері түгелдей бір “ля” нотасына, ал қазақ оркестрі аралас “ля” және “соль” ноталарына келтіріледі. Осыған орай жалпы оркестрдің құлақ күйін тек “ля”, “соль” немесе “ре” ноталарының біріне ғана түсірілетіндей жүйеге келтірсе дұрыс болар еді.

Және бір айтар сөз аспаптардың атаулары: Мысалыға алсақ домбыра-прима І-ІІ, осы атауды өз тілімізде ойлап қарасақ аудармасы домбыра бірінші-екі болмай ма? Әр аспапқа ата-бабамыз қойған домбыра, шіңкілдек, қыл қобыз, нар қобыз, бала қобыз атауларын пайдалануға неге болмасқа.

Соңғы кезде баспадан оркестрге арналған партитуралар шыға бастады. Көріп отырып көз қуанады. Партитуралар түгелдей қазақша атаулармен аталып рет-ретімен жазылған: домбра-прима, домбра-секунда, домбра-алть, сыбызғылар, сырнайлар т.с.с. аспаптардың тізімін көресіз. Бірақ осы аспаптардың кейбіреуінің атын ғана естіп, затын осы күнге дейін көре алмай жүргеніміз жоқ па?!

а) Домбыра-прима. Соңғы кезде барлық жерде орыс халық аспабы домра-малая пайдаланылып жүр. Тіпті музыкалық училищелер мен басқа оқу орындарын айтпағанда консерватеорияның өзінде осы аспапта сабақ өткізіледі. Және бір айтатын нәрсе бұл аспаптың атауының өзі “прима” яғни басқа домбра семьясының аспаптары осы аспаптан шықты дегенге саймай ма? Орыс аспаптарын алсақ негізгі ұлттық аспап домра-малая мен балалайка-примадан барып дамыған. Приманың - өзі бірінші негізгі аспап болып есептеліп, басқа аспаптар осыдан барып туындамай ма? Ал бізде керісінше болып отыр.

б) Домбра-секунда. Бұл аспап қайда? Мұның орнына да сол прима пайдаланылып жүр.

в) Домбра-алть. Партитурада (К. Күмісбеков. “Дала сыры”. Өнер, 1982, “Қоңырқаз” Құраст. А.Мырзабеков, Өнер, 1982, “Қосбасар” Құраст. Ш.Қажығалиев, Өнер, 1984) аты бар да оған жазылған нота жоқ.

г) Сыбызғы. Бұл аспап партитураға ену былай тұрсын, әлі жетілдірілген де жоқ емес пе? Ойнаушылардың өзі де саусақпен санарлықтай екі-үш ғана кісі. Флейта, гобой деген атаулары бар бүкіл халыққа танымал аспаптарды бұрмалап, “сыбызғы” атаудың керегі не?

д) Сырнайлар – әрине жақсы атау. Ал, пайдаланлатын аспап баян ғой...

Енді бәр айтар сөз ұлт аспаптары оркестрінің партитурасы, ондағы аспаптардың орналасу тәртібі жайлы. Партитура туралы әлі күнге дейін арнайы оқу құрал жоқ. Сондықтан оқу орнындағы оқытушылар мен оқушылар баспадан шыққан партитураларға сүйенеді. Ал жарық көрген партитуралардағы аспаптардың орналасуылары әр қилы. Бірінде алдымен домбыра тобы, сонан кейін үрмелі аспптар, сырнайлар тобы, ұрмалы аспаптар, соңында ыспалы аспаптар тобы орналасқан (композитор К.Күмісбековтың партитурасында). Ал ендігі бір кездесетін түрі (композитор Н.Тілендиевте) үрмелі аспаптар сырнай тобынан бөлініп, партитураның ең алғашқы жолына домбыра тобынан жоғары жазылады. Біз бұны айтып отырғанда композиторлар мен аспаптандырушыларды кінәлап отырған жоқпыз. Негізінен алғанда алғашқы айтылған екі партитура да дұрыс. Біріншісі дәстүрлі симфониялық оркестрдің партитурасына, екіншісі орыс халық аспаптар оркестрінің партиткраларын өздеріне үогі еткен. Ал халық ше, қайсысын үлгі тұтады? Оркестрмен жұмыс жасау кезінде көбіне домбры тобымен сырнайлар тобын шатастырып жатқандары.

Симфониялық оркестр партитурасында аспаптарды орналастырудың халықаралық жүйедегі заңдылықтары қалыптасқан. Кез-келген оркестр сол жүйені басшылыққа алады. Яғни бір тектес, дыбыс үйлесімдігі жақын, аспаптардың жасалынған материалдарына қарап, ең жоғарғы дыбысты аспаптардан бастап ретімен ең төменгі дыбысты аспаптарға қарай орналастырады.

Қазіргі таңда көптеген ансамбльдер мүмкіндіктерінше аспаптарды жетілдіріп, өздерінің партитураларын түзіп жүр. Соларды көре және өз тәжірибелерімізді саралай отырып, оркестр партитураларын жетілдіру мәселелері жөнінде төмендегіше оркестр партитурасының үлгісін ұсынамыз.

1. Үрмелі аспаптар тобы:

Ысқырауық

Саз сырнай - флейта

Қамыс сырнай – гобой

Сыбызғы - кларнет

Керней


І,ІІ,ІІІ Сырнайлар (клавишті үрмелі аспаптар)

2. Шекті аспаптар тобы:

Кіші шертер - шіңкңлдек

Домбыра

Шертер


Бас шертер

Нар шертер

Жетіген

3. Ұрмалы аспаптар тобы:

Шың - треугольник

Қоңырау

Тұяқ тас



Аса таяқ

Кепшік - бубен

Шыңылдауыл

Дабыл - Малый барабан

Дауылпаз - литавра

4. Ыспалы аспаптар тобы:

Қобыз


Қыл қобыз

Бас қобыз



Нар қобыз

Қорыта айтқанда, болашақта халық аспаптарын жасаушы шеберлер, аспапта ойнаушы және жетілдірушілер, зерттеушілер арасында конкурстар жариялап, мәдениет министрлігі, композиторлар одағы, консерватория, музыкалық оқу орындары келісе отырып жүлделер даярлап, ізденушілер ынталандырылса. Конференциялар өткізіліп, халық алдында ең үздік үлгілерді қабылдап алу, ұлттық аспаптарға арнайы шығармалар жазуға композиторларды жұмылдыру және оларды дәріптеу жағы қарастырылса. Ол үшін зеріттеушілер жалпы оркестрдің және аспаптардың құлақ күйі, түрлері мен формаларын түсіндіріп тікелей жол сілтеулері керек деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет