Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары



бет103/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары

1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.


2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.


3. Жекелеген объектілерде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).


4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.


Ескерту. 150-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет