Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған



бет58/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

77-бап. Бірыңғай дистрибьютор

1. Бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


Мыналар:


1) өнім берушілерді таңдау;


2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру шарттарын жасасу;


3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу;


4) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету;


5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;


6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;


7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;


7-1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару;


8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі нысаналары болып табылады.


2. Мыналар:


1) сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;


2) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;


3) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;


4) отандық тауар өндірушілерді қолдау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаттары болып табылады.


Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 211-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет