108-бап. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары
Ескерту. 108-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.
4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау
Ескерту. 109-бап алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
110-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу
Ескерту. 110-бап алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
111-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек
Ескерту. 111-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-тарау. АИТВ жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |