22-1-бап. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат Ескерту. 5-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 211-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері 1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері: 1) бюджет қаражаты; 1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері; 2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты; 3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат; 3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді уәкілетті орган бекітеді. 3. Алып тасталды - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.