Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары



бет33/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

34-1-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі әмбебаптылық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттелушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.


2. Әмбебаптылық қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың кіріс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмектің ең төмен көлемімен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.


3. Қолжетімділік қағидаты осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу мүмкіндігін білдіреді.


4. Дәлелділік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми деректердің болуын білдіреді.


5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің мемлекеттік бюджет өлшемдеріне сәйкес келуін білдіреді.


6. Реттелушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және дәрілік заттардың шекті бағаларын мемлекеттік реттеуді білдіреді.


Ескерту. 9-тарау 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).



34-2-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:


1) аурулардың диагностикасы және оларды емдеу;


2) созылмалы аурулардың асқынуларын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;


3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың зардаптарының алдын алу;


4) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;


5) пациентте өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;


6) аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға медициналық күтім.


Ескерту. 9-тарау 34-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет