Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



Дата15.12.2022
өлшемі469,18 Kb.
#162917
түріКодекс
Байланысты:
Салауатты және қауіпсіздік өмір салты


Салауатты және қауіпсіздік өмір салты
 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіру үшін бұйрық негізінде әр түрлі іс шаралар ұйымдастырылып жатыр
Салауатты өмір салты— бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын
Денсаулық сақтау шаралары
Қимыл белсенділігіБұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал ете ді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыруОрганизмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.
Жұқпалы аурулардың алдын алу Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Зиянды әдеттерден алшақ болу Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Экологияның денсаулыққа әсері Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.
Өмір салты және репродуктивті денсаулы Семіздіктемекі шегу алкогольді тұтыну, кофеині бар газдалған сусындар (бірақ шай, кофе және какао емес)[1] ерлердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етеді.[2] Жүктілік кезіндегі алкогольді тұтыну, темекі шегу және темекі шегу жүктіліктің асқыну қаупін арттырады, оның ішінде өздігінен түсік түсіру[3] және ана мен нәресте үшін ДНҚ-ның зақымдалуына әкеледі
Біздің мектебімізде салауатты қауіпсіз өмір салтын ұстау үшін сынып жетекшілер оқушылар және ата аналар арасында көптеген іс шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл оқушылардың салаутты өмір сүруіне үлкен әсер береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет