1.5. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі.
Ислам жолымен тәрбие беретін басты құрал – Алладан соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке (С.Ғ.С.) түскен – Құран кітабы.
Құран-ислам дінінің ең негізгі классикалық үлгісі, сондай-ақ араб әдебиеті тарихында кітап болып шыққан тұңғыш шығарма.
Құран-адам бойында адамгершілік қасиеттерді дарытатын асыл мұра. Әдепті инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін қазина. Қазақтың бір ақиқаты дәлелденген болса "Құран атсын" істі қарғануы тегін емес қой. Қазақ баласы дүниесі таза, ар-ожданы пәк, арлы адамды "Иман жүзді" "Аузында алласы, қолында құраны бар екен деп құрмет тұтады. Немесе "Ал хаяу шоғбатун мин-ал-иман».
Ұят – имандылықтың бір бөлімі деудің тәрбиелік мәні де түсінікті ғой.
Иманшаратта: "Құдайға құлшылық еткен пенденің көңілін кірлетпе. Өз сенімі бар адамды сыйла. Еш нәрсеге сенбейтін, ешкімді сыйламайтын мәңгүрттен қорық. Иек астындағыны көрмейтін көңіл соқырларынан құтыл. Қорғансыздың көз жасын төкпе. Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайрымды бол, жасы кіші болса да сен деп сенсіремей, сіз деп ілтипат көрсет. Сіз деп сөйлеу кішіліктің белгісі. Жау іздеме, дос ізде. Билікке ұмтылма, бірлікке ұмтыл. Иманды сенім, ұлшылдық, тазалық, арды - қанағат деп түсін" деген парасатты ақыл кеңестер шығарманың негізгі арқауы.
Құран сүрелері мен бірге Халифа Алтайдың аударуымен жарық көрген хадистерді де тәрбие ісіне қолдану өте тиімді.
20 хадис. Шындық туралы.
Мұхаммед пайғамбар шындық туралы – 20 хадис ұсынған. Өйткені ислам діні ұдай турашылдыққа және шыншылдыққа өте маныз беріп, қисық жолға таюды айыптап отырған. Сондықтнп Мұхаммед пайғамбар әр орайда үмметіне шыншылдықты, әділдікті үгіттегендігін мынадай хадистерден білеміз.
Шындыққа жабысындар, өйткені шындық игілікке жетектейді.
Міндетті түрде өтіріктен сақтаныңдар, өйткені өтірік немесе өтірік
айтушылар жамандыққа жетелейді.
Өтірік айтудан қашатын жағдайлар бар. Яғни, өтірік айтпай-ақ ол
орындауға болады. Басқаша айтқанда ешкім өтірік айтуға мәжбүр
емес.
Шындыққа жабысындар, одан айрылмандар, өйткені шындық
жақсылық пен бірге болады да екеуі де жәннатта болады және әлуметтік тұрмыстық жағдайларды өте жетік білді. Сол арқылы оның шығармалары өз кезіндегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік пен қасиеттерді өзіне ұран тұтып, "Жастарға" деген өлеңінде былай дейді:
Қай жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдеп, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол - ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.
Мен де айламдай болсам деп таласарлық,-
деп оларға қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып білім ал, талаптанып, талпынып бойындағы өнері мен білімін ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен арсыздықтың ара жібін былай ашып көрсетеді:
Ақылды сол- нысаппен ар сақтайды,
Арсыз сол - адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп.
Жаны үшін адамшылық ар сақтайды,-
деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, ұрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу-сұм болма, өзгеден айланды асыр, азғырушылардың "Ақыл-кеңесін алсаң оңбайсын, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айрыласың" дей келе:
"Өнер қаша ар сатып, жалдамақты,
Ұлық болып, елді жеп молдамақты.
Біреуді жеп біреуді табамыз деп,
Қашан жақсы көруші ек алданбақты.
Өлсең де ондай сөзге құлақ салам,
Ардан күсік, ақылдан құры қалма.
Әкең түгіл, арғы атаң айтса дағы,
Білімі жоқ наданың тілін алам!"
Ақынның жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан артылады, адамгершілік тезге салады. Осыған орай ақын жастарға арнап:
Байладым белді бекем буайын деп.
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп марқұм қалма,
Адамдық ғылым жолынан қуайын деп.
Он үшінші қара сөзінде:
"Иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуел не нәрсеге иман келтірсе соның хақтығына ақылы бірлән дәлек жүргізерлік болып ақылы дәлел сипат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек. Екінші кітаптан оқу бірән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық бірліктік керек."
"Отыз сегізінші" қара сөзінде:
"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі — надандық , екінші — еріншектік, үшінші залымдылық деп білесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығын, дүниеден еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедсйлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады.
Абайдың өсиетті - адамгершілікке, өнер-білімге, әділеттілікке үндейді.
Мазмұны жағынан олар ел тілегі, халық мүддесі, болашақ қамы үшін айтылған адамгершіл ақыл-гақлия сөздер.
Атамыз Абай мал табуды тек еңбек деп қарастырмай, оны адамгершілікке, адамның еркіндігіне бастайтын жол екендігін ескертеді:
Қулық, сұмдық, ұрлық пен мал жиылмас. Сұм нәпсін үйір болса тез тиылмас. Зиян шекпей қалмайсыз ондай беттен, мал кетер, мазақ кетер, ар бұйырмас,- деп таза адал еңбекті жоғары бағалаған! Еңбектің ролі, байлықтың көзі адамгершілік жағынан тұтастылығын көрсетеді.
Адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің
оқудың, білімнің, өнердің адамға тән ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы түбіне жеткізе айтқан адам Шәкәрім Құдайбердіұлы десек кателеспеген болар едік. Ол:
Ынсап, рақым, ар-ұят ,сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жай,
Анық төмен болмай ма хайуаннан
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғамастан,
деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк артады, мақсат міндет қояды. Олардың орындауына қажетті шарттарды, жолдарды да нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым, мінсіз сөз адал еңбек"! Шәкәрім сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық саяси және өтіріктен өте сақтаныңдар, ол бұзықтықпен бірге болады да екеуі де тозақта болады.
Қауіп-қатер көрсеңдер де шындықты іздестіріңдер. Өйткені шындықта құтылу бар. Басың кессе де шындықты жақта.
Хазірет пайғамбар ғ.с. былай деп бұйырған: мен үшін алты нәрсеге
уәде берсеңдер жәннатқа кірулеріңе кепіл болайын, біреулерін сөйлегенде өтірік айтпасын, қашанда уағда етсе айнымасын, қашанда аманат етілсе қиянат етпсең. Харам нәрсеге қараудан көздерінді жұмындар, харамнан қолдарынды тыйындар және абыройларыңды қорғаңдар, зиянқорлықтан аулақ болыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |