33 Хадис. Тәкаппарлық және кішіпейілдікке байланысты.
"Тәкаппар" - деген сөз арабша "Тәкаббүр", яғни өзін-өзі үлкен санау деген сөзден кірген. Қазақша паңдаңдайсыған, менмен және шікірейген деп атайды.
І.Жүрегінде тозаңның түйірінің салмағындай тәкәпарлық болған кісі, жаннатқа кірмейді. Ал бұзық мінез қатыгездік туралы айтатын болсақ. Адамды құдай жаратқанда бірдей етіп жаратты, оған бой, өн күш-қуат айда берді.
Дүниенің жарығын, бақытты қызығын берді, ксн дүниенің төрінде еркін өмір сүруді жазды. Бірақ адам баласының бәрі бірдей таза, адал ниетті бола алмайды. Біреуі өтірік айтты, біреуі ұрлық етеді, енді біреулері қан құмар алдаушы болады, нашақор болады,
Олар "бұл ісімізді ешкімге де білгізбелік" деп есептейді. Одан емес. Аллаға оның барлығы да аян. Жақсылық пен жамандлықтың тарзыға түсер өлшемдер, әрбір жан иесінің жауап берер кезі болады. Ол – қиямет күні. Кісі өлтіру, әлсіздікке зорлық қылу, әйел адамдарды қорқыту, зорлықпен күш көрсету, біреуге өтірік куәлік беру, біреуге нашар көзімен, біреуге жақсы пиғылымен қарамайтын әкімнің билігі, әділ қазылық жасамау, аңқау адамларды алдау, озбырлық жасау – мұның бәрі тыйым салынған харам істер екенін жан иесі білуге міндетті.
"Адам кішіпейіл болмай, жұмсақ болмайды".
"Сәлем беріп кірмеген адамды көзге білмеуге де болады".
14 Хадис. Көркем мінезгс байланысты.
Көркем мінез. Алланың мінезі жұмсақтың, сабыр, айыптарды
жасыру.
Су мұзды еріткендей көркем мінез күн оларды ерітеді. (жояды). Ал
жаман мінез ғамалды сіркебалды бұзғандай бұзады (жояды).
Досым Кәпірлерге болса да мінезінді көркемдестір, игі жақсылықтардың жолына кіресің.
Адамның сұлулығы – оның сөйлеген сөзінен белгілі.
Достық жолдастық туралы.
Адам мен адамның шын достығы, тыныштық пен татулықтың, ізгілік пен рахымдылықтың шынайы белгісі болмақ.
Достық жолы ауыр да, берір жол.
Екі кісінің арасын жарастыру үшін өтірік айтқан өтірікші емес.
Бір адам алыс ауылда жатқан досын көріп келу үшін сапарға шықса, Тәңірі оның жолында бір періштені қамқоршы етіп қояды.
Ол жолаушыдан:
Қайда барасың? - деп сұрайды екен.
Анау ауылда тұратын досымды көруге барамын, - деп жауап береді бұл.
Саған оның өтіп кеткен бір қызметі бар ма еді? - деп сұрайды періште.
Қызметі жоқ, бірақ мен оны Тәңірі жолында дос тұтқам. – дейді
жолаушы.
Мен саған Тәңірі жіберген елшімін. Сен досынды қандай жақсы
көрсең, Тәңірі де сені сондай жақсы көреді деген сөзді саған айтқалы
келдім,- дейді екен періште.
Тәңірі иман келтіруден кейінгі істердің жақсысы – адамдармен достасу.
Тәңірі досына қабақ түйіп қарайтын адамдарды жақтырмайды.
Дос үшін дана сөзден артық сый жоқ, себебі сол даналықтың
арқасында Тәңірі оны дұрыс жолға түсіріп, жамандықтан қайтарады.
Досыңның ауыртпалығын жеңілдету қиямет күні сенін-ақ қараңды өлшер таразының сауап салынған басына тас боп қойылады.
Қасиетті "Құран" және хадистерде бұлар басқа да тәрбиелік мәні зор жақсы қасиеттерге итермелейтін уағыздар да көп. Құранның мынадай ұлағатты сөздеріне құлақ түрейікші:
"Ей адамдар... Тегінде атасы баласына сүйеу бола алмайтын, баласы атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар.
"Ана тілі, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана лағысы дүниеніц мәні мен мағынасы. Сондай-ақ ана қарғысы, ананың өкініші- өте қатерлі. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр, таразы жоқ. Ойткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр".
"Ананың ақ сүтін арда емген азамат та, сол сүттің бағасын білген пенде де ең алдымен жақсы жүрек, жайдары да жаздай мейірімді жан, таза рух, келісімді мінез-құлық, қасиетке толы қадір мен салт сана, ақыл-парасат, адалдық, инабаттылық, бойына толы адам болып қалыптасады".
Бұл үзінділер инабаттылық, имандылық қана емес, жалпы адамгершіліктің қайнар көзі қайда екенін меңзеп тұрған жоқ па?
Діни, имандылық, адамгершілік тәрбиесінің негізін, қағидаларын естерінде сақта дей отыра, мына қағидаларды ұсынамыз:
Әрқашан жақсылық істеуді ұмытпа.
Жақсылықты жалпы халыққа жаса!
Керісінше сөйлеме, теріс ой ойлама.
Қай істе болсын әділ бол.
Егер көңілінде қайғың не қуанышың болса, соған серік болатын
адамыңды тауып ал.
Қайғылы жаңға қуанышыңды айтпа.
Әр нәрсеге таңданып таңырқама. Таңдану жас сәбидің ғана ісі.
Үмітсіз болуға болмайды, әр іске үмітпен қараған жөн.
9.Біреудің еңбегін зая кетірме, еңбегіне қарай бағасын бер.
10.Жақсылықты ең алдымен өз жақыныңа істе.
11.Қарт қарияларды ізет құрмет көрсетіп сынай біл.
12.Білмегеніңді үйренуге намыстанба, үйрене білсең өкініштен аулақ
боласың.
Бұл әңгімені Мұхамбет пайғамбарымыздың сөзімен аяқтағымыз келеді: "Бір-бірлеріңе қайрымды, мейір шапағатты болып, қол ұшын беріндер, сонда іштеріндегі арам пиғылдан тазарасыңдар". Имандылық қашан да адамгершілік айнасы. Жастарымыз иманды болғай!
ІІ ТАРАУ.
Достарыңызбен бөлісу: |