Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі



бет10/13
Дата30.04.2024
өлшемі325,5 Kb.
#201617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
kur -halyq-pedagogikasyndagy-imandylyq-pen-adamgershilik-tarbiesi

Тыйым сөздер-тәрбие көзі.
Адам бойына қажетті имандылық, қайырымдылық, саналылық, ізгілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру да елеулі орын алаатын, қазақтың сан ғасыр ұлт ретінде қалыптасу барысында жинақталады: тыйымдар мен ырымдары өте көп және әр түрлі мәселені қамтиды. Ғасыр қайнауынан бүгінгі күнге келіп жеткен ырым-тыйымда; халқымыздың әлеуметтік мәдени тұрмыстық көрсеткіші екенінде сөз жоқ. Қазақ бұрын да ұл-қыздарының кейбір оғаш, осал қылықтарын бетіне басып айтып, тәртіпке салған. Бұл тыйымдар бүгінгі күнге дейін келгені белгілі.
Өткізу мақсаты: Халық педагогикасын оқу тәрбие барысында қолдану.
Имандылық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.
Көрнекіліктер: ырым-тыйым сөздер жазылған плакаттар, буклеттер
I жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз кәріміз де.
Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге.
II жүргізуші: Жаңарғашы сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді осы күн.
Қазылар алқасы сайланып, екі топ өздерін таныстырып өтеді.

  1. "Айгөйлек" тобы.

  2. "Атамекен" тобы.

I жүргізуші: Ал қазір сайсымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
Ойын тәртібі мынадай. Қоржынан нөмірленген асықтар алып, ондағы сұрақтарға жауап беру. Топ болып ойланып 1 минутта жауап береміз. Дайын болғанда қамшы көтереміз.
Сұрақ: "Айгөйлек" тобы.
"Көкті жұлма, аққуды атпа" деген тыйым сөздерді түсіндір. Көкті жұлма дейтін себебі - басында қайғысы бар адам табиғаттан кек аламын деп шөпті жұлған екен. Ал, аққуды атпа дегеніміз – қазақта аққуды құстың төресі, сұлулықтың белгісі деп қарайды. Сондықтан аққу киелі құс, оны атуға болмайды.
Сұрақ: «Атамекен» тобы.
"Айды саусақпен көрсетпе". Себебі ай, жұлдыз, күн дегендер қарапайым халыққа түсініксіз, құпия болып келген. Сондықтан киелі деп есептеп, оны қолмен көрсетуге болмайды деген.
II жүргізуші: Музыкалық үзіліс. Әр топтың дайындаған әнін тыңдаймыз.
Сұрак: "Айгөйлек" тобы.
"Малды бастан ұрма, малды теппе, сүйегін отқа жақпа, ақты баспа, төкпе" деген сөздердің мағынасын түсіндір.
Көшпелі елдің мал жесе тамағы, кисе киімі, мінсе көлігі болған. Сондықтан мал сүйегін отқа жақса, тірі малдың сүйегі сырқырайды, ақ төгілген жерді басса - сол малдың желіні іседі деген.
Сұрақ: "Атамекен" тобы. "Есікті керме, маңдайшаға төбеңді тіреме" сөзінің мағынасы.
Егер адам екі қолымен босағаны керіп, төбесімен маңдайшаны тіресе, бір аяғын ішке аттап, бір аяғы сыртта тұратын болса, ол "босағаны қиратып, шаңырағыңды ортаға түсіремін" деген мағынаны берген.
I жүргізуші: Музыкалық үзіліс, әр топтың дайындаған биін тамашалайық.
Сұрақ: "Айгөйлек" тобының жанкүйерлеріне.
"Бүйірінді таяма, үйге қарай жүгірме" сөздің мағынасын түсіндір. Себебі қазақта жоқтау айтқанда бүйірін таянып айтқан, жаманат хабар айтқанда атпен шауып келген.
Сұрақ: "Атамекен" тобының жанкүйерлеріне.
"Қызға – қырық үйден тыю, қыздың жолы жіңішке" сөздерінің мағынасын түсіндір.
Қыз бала болашақ ана. Сондықтан оны сынаған, жаман қылықтан жат жүрістен аулақ болсын деген мағынаны білдірген.
I жүргізуші: Келесі сайсымыз "Үй тапсырмасы".
Әр топ өздері алдын ала дайынлаған көріністерін ұсынады.

  1. "Айгөйлек" тобы: "Қазыбек бидің шешендігі".

  2. "Атамекен" тобы: "Төле бидің даналығы".

Сұрақ: '"Айгөйлек" тобы.
"Үйге ысқырма! Үйдегі жан баласын санама" деген ырым сөздердің мағынасын түсіндір.
Үйге ысқырма, үйге жылан келеді дейтін ұғым бар. Жалпы қазақ ұғмыида жылан-дұшпан. Немесе айдалада ысқыран желдей улыған, қасқырдай баспанасыз қаласың деген ырым. Көп баланы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген. "Көз тиеді", "Көп екен ", "Сұқтанба" деп қорыққан.
Сұрақ: "Атамекен" тобы.
"Нанды бір қолыңмен үзбе! Нан уағын тастама" осы тыйым сөздерінің мағынасын түсіндір.
Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастамай "обол " болады "жеп қойсаң бай боласың " деп тәрбиелеген.
Сұрақ: "Айгөйлек" тобы.
"Қайтыс болған адамға топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа. Күректі екінші адамға қолыңмен берме! Бейіт топырағын сәндеме, ескі зиратты жөндеме!" тыйым сөздерінің мағынасын түсіндір. Өлімге ризалық білдірме дегенді білдіреді. Соңғы қызыметіңді өтеп тұрғанда күшіңді аяма деген сөз. Бейіт топырағын сәндеу, ескі зиратты жөндеу - өлім тілеу деген мағынада.
Сұрақ: "Атамекен" тобы.
"Жатқанда аяғынды бойңнан биік котерме! Тізеңді құшақтама!" тыйым сөздерінің мағынасын түсіндір.
Бұл сөз басыңды қорлау, өйткені "Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды" деген мақал тегін айтылмаса керек. Тізе құшақтау жаман ырым болып саналған, жалғыз қалудың белгісі.
I жүргізуші: Бәйге ойыны арқылы "Ырым-тыйым" сөздер жарысы.
Әр топтың мүшелері кезек-кезек екі ырым-тыйым сөзден айтады. Бірінің айтқанын екіншісі қайталамайды.

  1. Адамды айналма.

  2. Адамға қарай түкірме.

  3. Ата-анаңа қарсы келме.

  4. Аяғынды тұсама, қолынды байлама.

  5. Әлсізге күн көрсетпе.

  6. Тұзды баспа.

  7. Отпен ойнама.

  8. Бейуақытта ойнама.

  9. Жалғыз ағашты кеспе.

  1. Табалдырықты баспа.

  2. Суға дәрет сындырма.

  3. Малды теппе, балағаттап боқтама.

  4. Малды құр қол айдама.

  5. Қолынды төбеңе қойма.

Сергіту ойындары
1- ойын. Сиқырлы тымақ.
Балалар өрт жақтарынан тымақтарын бір-біріне береді. Кигізеді. Қай топ бірінші киіп шықса, сол топ жеңеді.
2-ойын. Допты бір-біріне беру.
Иық арқылы допты бір-біріне береді. Ойын кездерінде музыка ойнап тұрады.
Соңында қазылар алқасы төрелігін айталы. Жүлдегерлер анықталып, сыйлықтар тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет