Халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттар тәлімінің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру



Дата17.10.2023
өлшемі18,1 Kb.
#186226
Байланысты:
Алғы сөз Жас аспазшы (1)




Алғы сөз
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқу үрдісінің басты нысанасы да, назарда ұстаған негізгі мақсаты да оқушы қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, жекелеген пәндер бойынша деңгейлік саралап оқытуды ұйымдастыру. Ал, технология пәні бойынша жаңа технологияларды, жаңа кәсіптерді меңгертуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі қоғамда негізгі міндеттерді жоғары дәрежеде дамыған технология атқарады. Ақпараттандырылған технология талабы – жобалай білуге, шешім қабылдауға, шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйрету. Мектептегі жүргізілетін еңбек тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың қолөнеріне баулуға бағытталады. Оқушы барлық пән түрлерінен алған қорын, қабілеттілігін еңбек технологиясы арқылы іске асырады. Өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп, дұрыс бағыт сілтеу, қолөнерге баулуда баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында «Кішкентай аспазшы» үйірмесінің орны ерекше. Ең басты мақсат қазіргі оқушы, болашақ үй иесі, отбасы болатын адамға ас мәзірін, тамақтану мәдениетін үйрету. Әр халықтың тұрмыс тіршілігінен хабардар болып, этнографиялық салтына қарай дастарханның өзіне тән ерекшелігіне тоқталады. Тағамдардың адам ағзасына қажетті минералды заттармен таныса отырып, тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қабілеттерін шыңдатады.
Мақсаты:

  1. Халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттар тәлімінің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  2. Оқушыны еңбек сүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, эстетикалық мәдениетін дамыту.

  3. Дастархан мәзірін дайындау, күнделікті өміріне пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы кәсіби бағдар беру.



Міндеттері:

  • Аспаздық өнерінің тарихи-мәдени өзіндік ерекшеліктерінен мол мағлұмат алып, оны өз қажетіне жарата білуге;

  • Тағам дайындауда алған жан- жақты білімін өзінің күнделікті өміріне пайдалана білуге;

  • кәсіби бағдарын анықтауға жәрдемдесу;



Мазмұны:
Адам ағзасына дұрыс тамақтанудың маңызы мен дастархан басында отыру мәдениетін, сүт, ет, ұннан, көкөністерден тағам жасаудағы технологиясымен маңызын, әр ұлттардың аспаздық өнерінің өзіндік техникаларын қамтиды.


Мамандыққа бағдарлау:
аспазшы, кондитер, дизайнер, даяшы, мейрамхана
менеджері мамандықтары
Ұйымдастыру формалары:
Дәріс, тәжірибелік жұмыстар


Сабақ түрлері:

Дәріс сабағы, аралас сабағы, жоба қорғау сабағы, шығармашылық көрме, кездесу, шығармашылық сабағы




Қорытындылау формасы:
Тағамдар жәрмеңкесі

Атырау қалалық білім бөлімі


Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы
Бекітемін:
Абай атындағы Атырау қаласының
оқушылар орталығы
оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі:
________Қалауова А.Т.
«____» «_____________»2021ж.
«Жас аспазшы» үйірмесінің
қосымша білім беретін оқу
БАҒДАРЛАМАСЫ

10-16 жас аралығындағы білім алушылар үшін
бағдарлама жүзеге асырылатын мерзім 1 жыл
Муканова Р.А.
қосымша білім беру педагогі
Атырау қаласының оқушылар орталығы
Аспаздық бағыты
Атырау-2021ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет