Халықаралық білім беру корпорациясы қазақ бас сәулет-қҰрылыс


Тілдік пәндер бойынша білімді бағалау үшін



бет5/6
Дата22.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#38140
1   2   3   4   5   6

Тілдік пәндер бойынша білімді бағалау үшін білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығын ескеретін, білімді бағалаудың көп баллдық жүйесінен өзгеше бағалау жүйесі енгізіледі.

ХБК-да оқыту деңлейлері бойынша тілдік пәндердің сатылығы енгізіледі, мысалы:

I – бастапқы (beginners);

II – орташадан төмен (pre-intermediate);

III – орташа (intermediate);

IV – орташадан жоғары (upper-intermediate);

V – жетік (advanced).

Бірінші семестрде білім алушылар «орташадан төмен» ІІ-деңгейді оқу тобына қабылданады, ағылшын тілінде өзгеше – бастапқы деңгейге (І) қабылданады (ҚАУ кампусында КАУ –II-деңгейге).



Ескерту: а) орташадан төмен деңгейде оқу үшін білім жеткіліксіз болған жағдайда (бастапқы білім деңгейін бақылауда анықталады) білім алушылар «орташадан төмен» деңгейге дейін өз беттерімен оқиды; б) тілді жоғары деңгейде меңгергендер үшін оқу кеңес беру түрінде жеке өткізіледі.

Емтихан біріктірілген түрде өткізіледі: компьютерлік тетілеу (теориялық бөлім) және ауызша (практикалық бөлім).

Компьютерлік тестілеуде әр студент теориялық білім деңгейін анықтайтын 20 минут ішінде 20 сұраққа жауап береді. Межелік деңгей 10 сұраққа дұрыс жауап беру болып табылады, одан төмен болған жағдайда F деген баға қойылады. Бұдан әрі бағалар көп баллдық әріптік жүйеге сәйкес қойылады Д: D – 10-12 сұраққа дұрыс жауап бергенде; C – 13-15 сұраққа дұрыс жауап бергенде; B – 16-18 сұраққа дұрыс жауап бергенде; A – 19-20 сұраққа дұрыс жауап бергенде.

Ауызша емтиханда студенттің практикалық дайындығына сәйкес тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым - тілдік әрекеттің төрт түрін қамтыған тапсырмалардан тұратын билет беріледі. Ауызша емтихан ұзақтығы 40 минут, оның ішінде: тыңдалым – 5 минут; сөйлесім – 5 минут; оқылым – 20 минут; жазылым – 10 минут. Жауап 0-ден 100%-ге дейін пайызбен бағаланады. Сонымен қатар тілді практикалық меңгеру деңгейі ескеріледі: (0-20)% – бастапқы деңгей, (21-40)% – орташадан төмен, (41-60)% – орташа, (61-80)% – орташадан жоғары, (81-100)% – жетік. Ауызша емтиханда сондай-ақ межелік деңгей белгіленеді – жоғарғы (19-20, 39-40, 59-60, 79-80 – келесі деңгей бойынша емтиханның практикалық бөлігін тапсыру мүмкіндігі) және төменгі (21-29, 41-49, 61-69, 81-89 – бір деңгейге төмен емтиханды қайта тапсыру).

Тілдік пәндер бойынша білімді қорытынды бағалауды есептеу формуласында және білім алушының орташа өту баллында GPA (ОӨБ) біріктірілген емтиханның теориялық бағалау компоненті ғана есептеледі. Сонымен бірге курстан курсқа көшу үшін шектеу енгізіледі.

Бір академиялық кезеңде (семестр) білім алушы кем дегенде бір деңгейге (20%-ға дейін, ерекше жағдайда 15%-ға дейін) тілді практикалық меңгеру дәрежесін көтеруі тиіс, ондай болмаған жағдайда ТО соңында қорытынды аттестация өткізілетін, ақылы негізде пәнді қайта оқуды ұйымдастырады. Сол уақытта келесі курсқа көшу үшін (яғни, оқу жылында) тіл бойынша білімді бір деңгейге көтеру жеткілікті. Осылайша, екінші курсқа ауысу үшін қойылатын талап тілді меңгеру болып табылады, ең аз дегенде: мемлекеттік және орыс тілі үшін – орташа деңгейде; ағылшын тілі үшін – орташадан төмен деңгейде. Екінші курстан үшінші курсқа ауысу үшін: мемлекеттік және орыс тілі үшін – орташадан жоғары деңгейде; ағылшын тілі үшін – орташа деңгейде.

Апелляцияға өтініш төмендегі мерзімде Тіркеушінің атына білім алушының өзімен беріледі:


  • компьютерлік тестілеу, ауызша немесе біріктірілген емтихан – емтихан өткізілген күні;

  • жазбаша емтихан – емтихан өткеннен кейін үш күннің ішінде.

Апелляция емтихан билеті немесе компьютерлік тест нұсқасы бойынша қатаң ауызша формада факультеттің аппеляциялық комиссиясымен өткізіледі.

Бір сабақтан емтиханды екі реттен артық қайта тапсыруға болмайды.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ауысу, қайта қабылдану, қабылдану кезінде бұрын оқыған пәндерден қайта сынақ тапсыруы мүмкін (ҚазБСҚА жанындағы колледж және ҚАУ жанындағы АҚК). Бұрын оқыған пәндерден қайта сынақ тапсыру үшін төмендегі тәртіп белгіленген:

Тиісті білім деңгейінде оқыған пәндер бойынша «жақсы» (В) және «өте жақсы» (А) деген бағалар болған жағдайда ғана қайта сынаққа рұқсат беріледі.

Бұрын тапсырылған атауы бірдей пәндерден қайта сынақ үшін құжаттар транскрипт, академиялық анықтама немесе дипломға қосымша, оқу карточкасы болып табылады.

Білім алушы пәннен қайта сынақ туралы өтінішті Тіркеуші офистің атына жазады. ТО маманы транскрипт, академиялық анықтама немесе дипломға қосымша көшірмесін өтінішке қоса тіркейді және білім алушыны тиісті деканатқа әңгімелесуге жібереді.

Білім алушымен жетекші оқытушы, академиялық профессор және декан әңгімелескен соң, өз пікірін өтінішке баяндайды:



  • қайта сынақ үшін бағаның пайыздық мазмұнын белгілейді;

  • нақты пән бойынша белгілі дәрістер мен семинарларға еркін қатысуды ұсынады және өтінішті Тіркеуші офиске береді.

Келесі курсқа ауысу үшін (бір оқу жылы) сессияны жақсы бағаға тапсыру жеткіліксіз – ХБК келесі курсқа ауысу үшін (бір оқу жылы) орташа өту баллы белгіленеді GPA (ОӨБ) (GPA – Grade Point Average):

магистратура үшін:

  • екінші оқу жылына – 2,5 кем емес;

бакалавриат үшін:

  • екінші курсқа – 2,0 кем емес;

  • үшінші курсқа – 2,5 кем емес;

  • төртінші, бесінші (бес жыл оқу мерзімінде) және алтыншы (сырттай оқу бөлімі үшін) курс – 3,0 кем емес;

бакалавриат үшін (2 жылдық қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы):

  • екінші оқу жылында – 3,0 кем емес;

бакалавриат үшін (3 жылдық қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы):

  • екінші оқу жылында – 2,5 кем емес ;

  • үшінші оқу жылында – 3,0 кем емес;

бакалавриат үшін (4, 5 жылдық қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы):

  • екінші оқу жылында – 2,0 кем емес ;

  • үшінші оқу жылында – 2,5 кем емес ;

  • төртінші, бесінші оқу жылында – 3,0 кем емес .

академиялық жылда білім алушының GPA (ОӨБ) таңдаған бағдарлама бойынша білім алушы деңгейінің орташа сараланған бағасы ретінде төмендегі формула бойынша есептеледі:




GPA (ОӨБ)

Г


Иц1, Иц2,…Ицn – сандық эквивалентте пәндер мен практикалар бойынша қорытынды бағасы;




К1, К2,…Кn – оқыған пәндер мен өткен практикалардың көлемі кредитпен;




n – бір академиялық жыл ішінде оқыған пәндер мен өткен практикалар саны.


GPA (ОӨБ) танысу тәртібі:

  • емтихан сессиясынан кейін бірінші жұмыс күні ТО маманы оқу паспорттарын беру және қабылдау журналына қол қойғызып, білім алушылардың GPA (ОӨБ) көрсетілген топтың оқу паспортын деканатқа жібереді;

  • эдвайзер құпиялықты сақтай отырып, үш күн ішінде топтың оқу паспортына білім алушылардың қолын қойғызады;

  • деканаттың офис-менеджері өз бағаларымен танысқаны туралы білім алушылардың қолы қойылған оқу паспорттарын ТО-жібереді (тиісті журналда жіберілген күні тіркелген).

Келесі курсқа көшу үшін GPA (ОӨБ) жеткіліксіз білім алушыға жазғы семестрде ақылы негізде пәнді қайта өтуге құқық беріледі (демалыс кезінде практика бойынша емтихан сессиясынан кейін). Емтихан тапсыру мерзімі – жазғы семестрдің соңғы аптасы.

Емтиханды қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде бұл пән бойынша жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу түрлеріне қатысады, рейтингтер алып, қорытынды бақылау тапсырады.



Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаны көтеру мақсатында аралық аттестацияның осы кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері: 4 курс білім алушылары жетістіктерінің сыртқы бағасы; білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы, білім беру ұйымының аккредитациясы; лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау; білім беру ұйымдарының білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылау.

Дипломдық жұмысты (жоба) қорғаудың орнына мамандық бойынша (білім беру бағдарламасы) екі мемлекеттік емтихан тапсыруға болады, төмендегі жағдайда, егер білім алушы:

1) денсаулығы туралы медициналық анықтама негізінде стационарда ұзақ емде болғанда (бір айдан артық);

2) 3 жасқа дейінгі жаста баласы болғанда, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

3) мүгедектігі туралы медициналық анықтама негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедектер.

Жетекші тағайындау және диплом алды практикаға жіберу туралы бұйрық шыққанға дейін білім алушы президенттің атына дипломдық жоба орнына мемлекеттік емтихан тапсыру туралы өтініш береді (жоғарыда 1 абзацта көрсетілгеннен басқа).

Дипломдық жобалау кезеңінде қорытынды мемлекеттік аттестация формасын өзгерту үшін заңды негіз пайда болғанда білім алушы дипломдық жоба (жұмыс) қорғау бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссия (бұдан әрі МАК) жұмысы басталғанға дейін 8 күннен кешіктірмей өтініш беруіне мүмкіндігі бар.

Өтініш беру мерзімі бұзылғанда академиялық демалыс беру ұсынылады.

Дипломдық жоба (жұмыс) орнына мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі оқу жылының басында факультет деканының ұсынысы негізінде ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

Мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс оқу бағдарламалары бойынша өткізіледі.

Бейіндік пәндер бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – мемлекеттік емтихан) жеке пәндер мазмұнын білуге қойылатын талаптармен қатар бұл бағыт (мамандық) бойынша мемлекеттік білім стандартымен қаралған жалпы талаптарды ескеруі тиіс.

Барлық емтиханды «өте жақсы» (А--А) және «жақсы» (В-+) деген бағаға тапсырып, барлық оқу кезеңінде 3,5-тен төмен емес орташа GPA (ОӨБ) балл жинаған, сондай-ақ «өте жақсы»--А) деген бағаға мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломдық жоба (жұмыс) қорғаған бітірушілерге белгіленген формада қызыл диплом беріледі.

Оқу кезеңінде емтихандарды қайта тапсырған бітірушіге қызыл диплом беру талаптарына сәйкес келгеніне қарамастан қызыл диплом берілмейді (емтиханға келмеген немесе емтиханнан шығарылған білім алушылардан басқа).

Халықаралық үлгідегі диплом қызыл дипломға үміткер (GPA 3,5-тен төмен емес), сондай-ақ дипломдық жобаны (магистрлік диссертация) ағылшын тілінде қорғаған бітірушілерге беріледі (дипломдық жоба (магистрлік диссертация) қазақ тілінде немесе орыс тілінде орындалуы мүмкін).
5.4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Білім алушы алған теориялық білімін бекіту мақсатында факультет филиалдары базасында негізгі практикалық дайындықтан өтеді.

Білім алушылардың кәсіптік практикасы ҚазБСҚА-да білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты практикалық дағды, шеберлік және білім алу мақсатында өткізіледі.

Кәсіптік практика, әдетте, жазғы емтихан сессиясы аяқталған соң жазғы кезеңде жүргізіледі. Практика ұзақтығы төрт апта болып белгіленеді. Кәсіптік практика түрлері мен мазмұны мамандық пен маманданудың жұмыс оқу жоспарларымен, сондай-ақ практика бағдарламасымен белгіленеді.

Кәсіптік практика оқу, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

Оқу практикасы (өлшеу, танысу, геодезиялық, пленэрлық, ресімдеу және т.б.) төменгі курстарда және оқу шеберханаларында, зертханаларда, тәжірибелі шарушылық полигондарында, ҚазБСҚА-ның басқа оқу-көмекші бөлімшелерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда, ҒЗИ, мекемелерде және басқа нысандарда өткізіледі.

Өндірістік практика (технологиялық, жобалау, геологиялық, геодезиялық (Геодезия және картография мамандығы үшін) кәсіпорындарда, жобалау институттары мен бюроларда, салынып жатқан нысандарда өткзіледі.

Оқу және өндірістік практикасы құрылыс саласының жұмысшы мамандықтары бойынша дағды алу мақсатында ҚазБСҚА СҚО өткізілуі мүмкін (егер бұл белгілі жұмыс бағдарламаларының мақсаты мен мазмұнына қайшы болмаған жағдайда).

Диплом алды практика ЖОЖ-бен соңғы оқу сатысында дипломдық жоба қорғау қарастырылатын ҚазБСҚА мамандықтары бойынша ұйымдастырылады. Диплом алды практика кезеңінде студенттер ҒЗИ, кәсіпорындар, жобалау институттары мен бюролар, ұйымдар және басқа нысандарда дипломдық жоба (жұмыс) әзірлеу үшін қажетті материал жинайды.

Мамандық бойынша жұмыс істейтін сырттай оқу бөлімінің білім алушылары диплом алды практиканы жеке жоспар-тапсырма бойынша жұмыс орнында өтеді.

Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сырттай оқу бөлімінің білім алушылары таңдаған мамандығы бойынша жұмыс талаптарымен танысу және дипломдық жобаға (жұмыс) тиісті материал жинау үшін басқа ұйымдарға диплом алды практикаға белгіленген тәртіпте жіберіледі.

Практика бағдарламаларын мамандық бейіні, кәсіпорын, мекеме, ұйым сипаты есебімен деканаттар әзірлейді – практика нысанын жетекші проректор бекітеді.

Практика бағдарламасы төмендегілерді қарастыруы тиіс:

1) білім алушылардың жеке тапсырмаларының мазмұны және орындау мерзімі;

2) білім алушының кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың өнертабыстық және өнертапқыштық жұмысына қатысуы;

3) экскурсия жүргізу мазмұны және мерзімдері;

4) емтихан тапсыру тәртібі және практика бойынша білім алушылардың есебін қорғау мерзімдері;

5) білім алушы практиканттарға көмек ретінде дәріс оқу және әңгіме жүргізу.

Цехта кәсіпорынның (бөлім, зертхана және т. б. )практика жетекшісі тәжірибеден өтуші білім алушылардың күнделік жүргізуін, есептер дайындауын бақылайды және оларға жеке тапсырмалар мен практика бағдарламасының орындалуы туралы деректері бар кәсіби мінездеме жазады.

Білім алушы практикадан өткен кезде төмендегілерге міндетті:

1) практика бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды толық орындау, практика күнделігін жүргізу;

2) кәсіпорында ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағыну (ғылыми-зерттеу ұйымы, мекеме, ұйым);

3) еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін қатаң сақтау;

4) өнертабыстық, өнертапқыштық жұмыстарға және тиісті факультет тапсырмалары бойынша операциялық жұмыстарға қатысу;

5) ҚазБСҚА-дағы практика жетекшісіне барлық тапсырмаларды орындағаны туралы кәсіпорындағы практика жетекшісінің қолы қойылған жазбаша есеп және күнделік ұсынады.

Білім алушылар төмендегілерге құқылы:

1) практика бағдарламасымен қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға;

2) мамандық бейініне сәйкес кәсіпорында бос орын болған жағдайда ақылы жұмыстарға орналасуға.

Практика аяқталғанда білім алушы ТО өкілінің қатысуымен емтихан және факультет комиссиясының есебін тапсырады. Практика туралы есеп практика кезінде білім алушының орындаған нақты жұмыстары туралы мәліметтерден, сондай-ақ кәсіпорын (цех, бөлім, зертхана және т.б.) және ұйымның қызметі, еңбек қорғау, экономика мәселелерінің қысқаша сипаттамасы, қорытынды және ұсыныстардан тұруы тиіс.

Емтихандар практика аяқталғанда бір апта ішінде тапсырлады.

Практиканың жалпы қорытындысы факультет кеңестерінде және ҚазБСҚА-ның Ғылыми кеңесінде мүмкіндігінше практика базаларының өкілдерінің қатысуымен жасалады.

Практика бағдарламасын орындамаған, жұмыс туралы жағымсыз пікір алған немесе емтиханда қанағаттанарлықсыз деген баға алған студент қайта оқу курсына қалдырылады.

Практика базалары кәсіптік практиканың сол немесе басқа түрлерінен бастап белгіленеді. ҚазБСҚА және кәсіпорындар–практика базалары арасындағы байланыстар келісілген шартпен екіжақты реттеледі. Практика базалары, әдетте ҚазБСҚА-мен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады: ҚазБСҚА факультеттерінің грант берушілері, филиалдары, Академияға зертханалық, компьютерлік жабдықтар беріп, материалдық көмектің басқа түрлерін көрсететін демеушілер болып табылады.

Кәсіптік практикаға жұмсалатын шығын ҚазБСҚА және практика базалары болып табылатын ұйымдармен қаралады. Бұл шығындардың көлемі екіжақты келісілген шартпен анықталады.

Студенттердің, білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізуге жұмсалатын шығындар практика базалары болып табылатын ұйымдармен және Өкілетті органдармен бөлінген қаражат шегінде, ал ақылы негізде оқитын білім алушылардың практикасын өткізуге – олардың оқу төлемақылары қаражаты есебінен ҚазБСҚА-мен қарастырылады.

Практика орнында білім алушылардың жалақы алуына қарамастан, практикадан өту кезеңінде олардың жалпы негіздемеде стипендия алу құқығы сақталады (оларды бос орынға қызметке алған жағдайда).

Алматы қаласынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарға кәсіптік практикадан өтуге мемлекеттік тапсырыс бойынша ҚазБСҚА жіберілген күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына ҚазБСҚА қаражаты есебінен теміржол, су немесе автомобиль көлігінің жолақысы төленеді.


6 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1 АУДИТОРИЯДАН ТЫС ЖҰМЫС
Академияда студенттік ортада құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, эстетикалық дамуына және тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған студент жастарды рухани-адамгершілік, патриоттық, дене тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатында іс-шаралар өткізіледі.

Академия білім алушылары өз құқықтарын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне сәйкес толық көлемде пайдаланады. Білім алушылардың міндеттері академияның Ішкі тәртіп қағидаларында баяндалған, онымен олар деканаттарда, колледж дирекциясы мен Тіркеуші Кеңсесінде оқуға қабылданған кезде танысады.

Студент жастарды әлеуметтік қорғау мен тәрбие жұмысына байланысты академия құрылымдарының жұмысын ұйымдастыру ережесі; оқу ғимараты, жатақхана, қоғамдық орындарда және академиядан тыс орындарда академия студенттерінің өзін-өзі ұстау этикалық нормалары мен тәртіп ережелері; жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізу ережесі; демалыс мезгілінде студенттерді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру қағидалары жасалған; академияның студенттік өзін-өзі басқару құрылымы – факультеттердің (колледждің) студенттік деканаттары құрылған.

Тәрбие жұмысы жөніндегі ҚазБСҚА Кеңесі – академияда өткізілетін тәрбие жұмысын жалпы басшылықта жүзеге асыратын орган.

Студент жастармен тікелей аудиториядан тыс жұмысты (әрі әлеуметтік қорғау тұрғысында) Студенттік жастар комитеті мен ҚазБСҚА кәсіподақ комитеті ғылыми және Аудиториядан тыс жұмыс жөніндегі факультет декандарының орынбасарларымен бірлесіп жүзеге асырады.

Аудиториядан тыс жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі факультет декандарының орынбасарлары ғылыми және аудиториядан тыс жұмысты ұйымдастыру үшін факультет декандарына көмекке тағайындалады.

Әр оқу тобына эдвайзер бекітіледі.

Факультеттің (колледждің) Студенттік деканаты (бұдан әрі мәтін бойынша – студенттік деканат) факультетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы академияның Студенттік жастар комитетінің (СЖК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттік деканат СЖК және факультет деканаты (колледж) алдында өзіне тапсырылған басқару саласының жағдайы мен құрылған бөлімшенің қызметінің тиімділігіне жауапты болады.

ҚазБСҚА-да аса танымал әрі дәстүрлі мерекелер мен байқаулар өткізіліп тұрады: «Студенттерге арнау» мерекесі; «ҚазБСҚА жыл студенті» байқауы; «Үздік студенттік топ» шолу-байқауы; «Жатақханадағы үздік студенттік бөлме» шолу-байқауы; «ҚазБСҚА-дағы көктем» студенттік байқауы; «ҚазБСҚА аруы», Жігіт сұлтаны» студенттік байқаулары; КТК факультет аралық ойыны. Олардың арасында студент жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар аудандық, қалалық және республикалық ауқымдағы мәселелерге жастардың назарын аударуға, ҚазБСҚА имиджін арттыру үшін студент жастардың ұмтылысын дамытуға бағытталған іс-шаралар да бар.

Академияда салауатты өмір салтын насихаттауға және студенттік ортада құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы аудиториядан тыс жұмысқа жетекшілік ететін арнайы органдар – ҚазБСҚА Спортклубы және ҚазБСҚА ерікті халық жасағы құрылған.

ҚазБСҚА Студенттік құрылыс жасақтары студент жастарға қаражат табумен қатар, демалыс мерзімінде мамандық алуға да көмектеседі. ҚазБСҚА Студенттік құрылыс жасағының штабы өздері қамқорлық жасайтын мектептің тәртібі қиын жасөспірімдерін қамқорлыққа алады.

Академияның Ішкі тәртіп ережелері шеңберінде академияда, академиядан тыс жерде және академияның жатақханасында студенттердің тәртіп ережесі әзірленді.



6.2 Студенттік жастар комитеті
ҚазБСҚА Студенттік жастар комитеті – ҚазБСҚА жастарының ерікті бірлестігі.

Студенттік жастар комитеті (бұдан әрі мәтін бойынша – Комитет) – жастар саясаты саласында қызмет ететін, ҚазБСҚА студенттерінің шығармашылық және қоғамдық өмірін ұйымдастыратын қоғамдық ұйым. Комитеттің қызметі еріктілік, тең құқылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негізделген.

Студенттік жастар комитеті алты сектордан тұрады:


  • ұйымдастыру-бұқаралық жұмысы бойынша сектор;

  • мәдени-бұқаралық сектор;

  • көркем безендіру және дизайн секторы;

  • дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша сектор;

  • студенттік мансап және әлеуметтік қорғау секторы;

  • факультеттер мен колледждің студенттік деканаттары.

Комитетті ҚазБСҚА президенті тағайындаған комитет төрағасы басқарады.

Комитет 2-ші қабаттағы 224-кабинетте орналасқан, тел. 309-63-13.

Комитеттің басшылығымен ҚазБСҚА студенттік радиосы жұмыс істейді. Әрбір үзіліс сайын жұмыс істейтін ҚазБСҚА радиосына жарнама орналастыруға, әнге тапсырыс беруге болады.
6.3 ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ (КОЛЛЕДЖДІҢ) СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТТАРЫ
Студенттік деканат өз қызметінде академия басшылығының, СЖК-нің шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады және факультет деканымен (колледж директорларымен), аудиториядан тыс жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасарымен (АЖжХБ) және Тіркеуші Офисімен тығыз байланыста болады.

Студенттік деканатты факультеттің (колледждің) студенттік деканы (бұдан әрі мәтін бойынша – студенттік декан) басқарады. Студенттік деканат құрамына кіреді: факультеттің (колледждің) курс старосталары, факультеттің (колледждің) барлық курс оқу топтарының старосталары.

Студенттік деканат жоғары білікті мамандар даярлауда академияның оқытушы-профессорлық құрамына жан-жақты көмек көрсету үшін және студенттердің оқу, оқу пәндері мен аудиториядан тыс жұмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуде студенттік жұртшылықтың рөлін жандандыру үшін құрылды.

Студенттік деканат факультеттің (колледждің) жұмысына жетекшілік етеді және келесі бағыттарда қамтамасыз етеді:



  • студенттер арасында Қазақстан халқының бірлігін насихаттау;

  • қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті жастар санасында қалыптастыру;

  • дене тәрбиесі мен спортты дамыту;

  • студенттік мансап және студент жастарды әлеуметтік қорғау;

  • қазіргі жастардағы зиянды әдеттермен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес;

  • студенттерді оқытудың сапасын арттыру.

Факультеттің (колледждің) студенттік деканаты өз жұмысында Факультеттің (колледждің) студенттік деканаты туралы ережелерін басшылыққа алады.
6.4 СТУДЕНТТЕРДІ БЕЙІМДЕУ ҚЫЗМЕТІ
Студенттерді бейімдеу қызметі (бұдан әрі – СтБҚ) Студенттік жастар комитеті жанында құрылады. Бейімдеу қызметі іс-шаралардың жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады. СтБҚ қызметінің басты мақсаты – жаңадан төменгі курсқа қабылданған студенттерді психологиялық бейімдеу және оларға ақпараттық қолдау көрсету.

СтБҚ-ның негізгі қызметі студенттік жастардың бейімделуіне келесі жолмен жәрдемдесуге бағытталған:

- ҚазБСҚА тарихы, құрылымы туралы студенттерге ақпарат беру;

- кредиттік оқыту жүйесі ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру;

- ҚазБСҚА-дағы және қаладағы қоғамдық өмірге студенттерді қосу;

- студенттердің бейімделуі үшін қажетті мәліметтерді қамтитын брошюралар, буклеттер, жаднамаларды баспаға дайындау.

Студенттерді бейімдеу қызметіне Студенттік жастар комитетінің штатына енген Бейімдеу қызметінің үйлестіруші (бұдан әрі – үйлестіруші) жетекшілік етеді.

СтБҚ және үйлестірушінің негізгі қызметтері:

- СтБҚ жұмысының перспективалық және оперативті жоспарларын әзірлеу;

- аудиториядан тыс жұмыс жөніндегі декан орынбасарларының және студенттік декандардың қызметін үйлестіру;

- бірінші курс студенттерінің бейімделуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

- бірінші курс студенттерінің тұрмыс жағдайларын зерттеу;

- студенттерге, олардың құқықтарын қорғау мәселесінде консультациялық көмек көрсету;

- факультеттердің, академияның басшылығына қоғамдық қызметпен белсенді айналысатын бірінші курс студенттеріне материалдық және моральдық көтермелеу, мұқтаж студенттерге материалдық көмек беру туралы қолдаухат жазу;

- факультет деканаттарына, академияның қоғамдық ұйымдарына студенттердің тілектері, оқу тәртібі және академиясының ішкі тәртібі бойынша тәртіп бұзушылық туралы ақпараттандыру;

- төменгі курс студенттеріне қатысты мәселелер бойынша Факультет кеңесінің және академияның Тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің отырыстарына қатысу;

- студенттердің үлгерімі туралы мәліметтерге қатысты деканаттар мен Тіркеуші офисіндегі ақпаратты пайдалану,

- СҚжСС жөніндегі проректорға өз жұмысы туралы ай сайын есеп беру; жылдық есепті – президентке ұсыну (СҚжСС жөніндегі проректор бекіткен есепті оқу жылының соңында).

СтБҚ ҚазБСҚА факультеттерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп студенттерге жәрдемдесуді келесі түрлерде жүзеге асырады:

- бірінші курстар үшін «Мамандыққа Кіріспе» дәрістерін факультеттердің академиялық профессорларына оқыту;

- деканаттар өкілдерімен, Тіркеуші офисімен – оқу ақысы, білімді рейтингтік бақылау, оқу үрдісінің кестесі туралы және оқу және емтихан сессияларын өткізу тәртібі, Retake тапсыру жөнінде әңгімесу;

- кітапхана қызметкерлерімен – кітапхана қорын пайдалану туралы; Студенттер үйінің директорымен – жатақханада тұру туралы ережелері туралы; ҚазБСҚА медициналық орталығының қызметкерімен – студенттерді жоспарлы профилактикалық тексеру жөнінде, СЖК өкілдерімен және студенттік декандармен – студенттердің қоғамдық өмірі туралы әңгімелесу.



6.5 «ҚАЗБСҚА, ҚАУ, ХБК ӨЗАРА КӨМЕК ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
«Өзара көмек қоры» қоғамдық бірлестігі, бұдан әрі «Бірлестік» деп аталынады, біріккен қызметкерлер ұжымының жалпы жиналысының шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Бастамашыл тобымен құрылған дербес және өзін-өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

«Бірлестік» мақсаты – әлеуметтік-мәдени қатынастарды дамытуға, қайырымдылық жасауға, өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу болып табылады, дауларды және жанжалдарды шешуге, Бірлестік мүшелерінің әлеуметтік және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әлеуметтік бағдарламалар дайындау жүйесін насихаттау, қалыптастыру мен дамыту бойынша Қоғамның қаржылық және өзге де ресурстарын құру және нығайту, сондай-ақ әлеуметтік бағдарлама бойынша қызметкерлер мен білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және жеңілдіктер алуға қолайлы жағдайлар жасау, Бірлестікті құрған жоғары оқу орынының қызметкерлеріне әртүрлі бұқаралық іс-шаралар өткізуге көмек көрсету.



Бірлестік қызметінің мәні:

- ҚазБСҚА, ҚАУ, ХБК қызметкерлерінің мерейтойлық іс-шараларын ұйымдастыру;

- көрнекті қоғам қайраткерлері мен серіктес ұйымдарды мерейтой күндерінде құттықтау;

- қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік, корпоративтік мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру;

- сауықтыру лагерьлеріне қызметкерлердің балаларына шипажайлық-курорттық демеуқаржы және сатып алынған жолдамаларға демеуқаржы қарастыру әрі ресімдеу;

- Ұйымдастыру-көпшілік және әлеуметтік-сауықтыру қызметінің бағдарламасын іске асыру;

- аз қамтылған отбасынан шыққан Бірлестік мүшелеріне, ҚазБСҚА, ҚАУ, ХБК студенттеріне әлеуметтік-сауықтыру бойынша қолдау көрсететін әлеуметтік гранттар қарастыру;

- ҚазБСҚА, ҚАУ, ХБК-ның бұрынғы қызметкерлері қатарындағы ҰОС және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтік оңалту үшін мемлекеттік және демеушілік көмек көрсету гранттарын іздеуге ұсыныс – жоба дайындау.


6.6 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫң СТИПЕНДИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТілУі
Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу ережесіне сәйкес (ҚР БҒМ № 116 бұйрығымен 17.02.2008ж. бекітілген) мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша білім алушыларға (студенттерге, магистранттарға) ай сайын белгіленетін көлемде (стипендия көлемі ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес тиісті жылда өзгеріп отыруы мүмкін) мемлекеттік стипендия тағайындалады. Сонымен қатар, ҚазБСҚА білім алушыларына конкурстық іріктеу тәртібімен арнайы стипендия алу (атаулы, қамқоршылық кеңесінің, Scholarships) құқығы берілуі мүмкін. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық білім алушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады.

Мемлекеттiк тапсырыс негізiнде бiлiм алушыларға келесi семестрлерге стипендия алдыңғы семестр үшiн емтихандық сессияның қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi.

ҚазБСҚА-ға басқа оқу орындарынан, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан білім алушыларға мемлекеттік стипендия төленеді жалпы негіздерде оқу жоспарларындағы оқу айырмашылықтарын жойғаннан кейін тағайындалады. Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жазғы каникул кезеңi үшiн несиенiң ашылуына қарай (яғни ЖОО есеп-шотына мемлекеттік бюджеттен қаржы түскеннен кейін) екi ай үшiн (шiлде-тамыз) жинақталып төленеді.

Стипендия бiлiмдi бақылаудың барлық нысандарын қоса алғанда, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша «В-»тан бастап «А+» (немесе дәстүрлі баға жүйесі бойынша – «жақсы», «өте жақсы») деген бағалар алған мемлекеттiк тапсырыс бойынша үлгерімі бар білім алушыларға емтихандық сессиядан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап тағайындалады және ай сайын төленедi.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.

Зейнетақы алатын білім алушыларға мемлекеттiк стипендия жалпы негiзде тағайындалады және төленедi. 

Кестеден тыс емтихан тапсырған мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алатындарға стипендия төленбейді. ЖОО белгіленген мерзімде емтихандарын тапсырмаған студенттер мен магистранттарға дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін ҚазБСҚА басшылығы білім алушыға емтихан тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

Дәлелді себептермен емтихан сессиясы ұзартылған білім алушылар да стипендияға үміткерлердің қатарына қосылады және мемлекеттік стипендия белгіленген Қағида тәртібімен төленеді.



Медициналық қорытындының негізінде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, магистранттар, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.

Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Туберкулезбен ауыратын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.

Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, магистранттарға, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.

Арнайы стипендия мөлшерін стипендия тағайындайтындар анықтайды.

Стипендия тағайындалған әр студент бір стипендияға ғана үміткер бола алады. Осылайша, арнайы немесе атаулы стипендия алатын студентке мемлекеттік стипендия берілмейді.



6.7 ДЕМЕУШІЛЕРдің БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ МЕН АКАДЕМИЯНЫҢ АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯсын ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

(Scholarships)


  1. «Scholarships» арнайы спипендиясы  (мәтін бойынша бұдан әрі – стипендия) ақылы негізде білім алатын, бірақ әртүрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдайы, денсаулығы, қаржылық жағдайы және т.с.с.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ – ең дарынды ХБК/ҚазБСҚА магистранттарына, студенттеріне, оқушыларына тағайындалады.

  2. Стипендия келесідей жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

  • магистратура, бакалавриат, колледжде білім алушыларға – әр факультетте (мамандықта) ақылы негізде білім алатындардың жалпы санының 15%-нан аспайтын, оның ішінде: 3%-ға дейін 100% стипендия, 6%-на дейін   50%, 6%-на дейін  25% стипендия;

  • сырттай білім алушыларға – факультет (колледж, лицей) контингентінің  жалпы санының 10%-нан аспайтын, оның ішінде: 2%-ға дейін 100% стипендия, 4%-ға дейін 50% стипендия  және 4%-ға дейін 25% стипендия.

  1. Стипендиясы тағайындалады: күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға – бір оқу семестріне; сырттай оқу бөлімінде білім алушыларға – бір оқу жылына беріледі.

  2. Стипендия басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, ҚР-нда тұрақты тұрып жатқан шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да ҚР азаматтарымен бірдей тағайындалады. Басқа шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға ХБК/ҚазБСҚА-да оқып жүргенде жетім қалса немесе мүгедек болған жағдайда стипендия беріледі.

  3. Күндізгі бөлімде білім алушыларға стипендия қатарынан 2 реттен артық тағайындалмайды. Сырттай білім алушыларға стипендия 2 рет қатарынан берілмейді.

  4. 100%-дық  стипендия тағайындаудың міндетті әрі қажетті шарттары: соңғы емтихандық сессия нәтижесі бойынша оқу үлгерімі үздік («А-» бағасынан төмен емес), оқу-ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу (конференцияларда баяндамалар оқу, басылымдарға мақал дайындау және т.с.с.) және академияның қоғамдық өміріне қатысу; жоғары оқу орнының жетістіктерін насихаттау және ҚазБСҚА-ның жоғары беделін түсірмеу; студенттер, ұстаздар ортасында лайықты абыройының болуы.

  5. 50%-дық стипендия 100%-дық стипендияға қойылған талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек бір ғана «В» бағасы болуы шарт.

  6. 25%-дық стипендия 100%-дық стипендия мен 50%-дық стипендияға қойылған талаптар бойынша тағайындалады, бірақ ережеге сәйкес білім алушылардың соңғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша тек екі ғана «В» бағасы болуы шарт.

  7. Ұлттық бірыңғай, кешенді естілеулер нәтижесі бойынша немесе қабылдау емтихандарынан жоғары балл алған магистратура/бакалавриат/колледждің күндізгі оқу бөліміне 1-курсқа (бір жылдық оқу), ҚазБСҚА жанындағы лицей (5-11 сыныптар) бірінші оқу семестріне (бірінші жарты жылдық) түскен білім алушыларға 100%-дық не 50%-дық не 25%-дық стипендия алғытөлем болып тағайындалуы мүмкін. Шарт бойынша бірінші емихандық сессияда 100%-дық стипендияны үздік үлгеріммен («А», «А-» бағалармен), ал 50%-дық стипендияны бір ғана «В» бағасымен және 25%-дық стипендияны тек екі ғана «В» бағасымен дәлелдеген жағдайда арнайы стипендия өткен оқу семестріне (бірінші жартыдылдыққа) сақталады. Басқаша жағдайда білім алушы өткен семестрдің (жартыжылдық) оқу ақысын толық төлеуге міндетті. 1-семестрге (жартыжылдық) стипендияны  алғытөлеммен алып, 2 семестр (жартыжылдық) конкурсына қатысуға өтінішін тапсырмаған талапкер емтихандық сессия нәтижесі үздік болса да, 2 семестрге (жартыжылдық) берілетін арнайы стипендия конкурсына қатыспайды.





1-кесте

р/с



Талапкерге тағайындалған

Бағалар

I семестр

II семестр

Бір жылдық орташа жеңілдік

1


100% болды

Барлығы - «А»

100

100

100

Бір - «В»

50

50

50

Екі - «В»

50

25

37,5

Үш - «В» және одан көп

-

-

-

2


50% болды

Барлығы - «А»

50

100

75

Бір - «В»

25

50

37,5

Екі - «В»

25

25

25

Үш - «В» және одан көп

-

-

-

3


25% болды

Барлығы - «А»

25

100

62,5

Бір - «В»

-

50

25

Екі - «В»

-

25

12,5

Үш - «В» және одан көп

-

-

-




  1. Шағын топтардың білім алушыларына арнайы стипендия тек ерекше жағдайда ғана тағайындалады (ХБК ректоры бекiткен байқау комиссиясының шешімі негізінде).

  2. Бақылаудағы шаралардың күнтізбесі бойынша бекітілген мерзімге дейін стипендия  үміткерлері материалдық қиыншылық себептерін көрсетіп, ректордың атына бекітілген формадағы арнайы бланкідегі өтінішті толтырып өткізеді. Тағайындалатын стипендия байқауына қатысуға арналған өтініш бланкісін стипендия тағайындау байқауына қатысқысы келетіндер мен үміткерлерге арналған Ережеде анықталған критерийлерге сәйкес келетін барлық білім алушыларға Тіркеуші офисінің  жауапты маманы береді. Өтініш беру арнайы журналға тіркеледі. Байқауға қатыспайтын өтініштер осы журналға қайтару туралы белгі қойылып Тіркеуші офисіне қайтарылады. Өтініш беру байқау комиссиясының отырысы басталуына 5 күн қалғанда тоқтатылады. Өтінішке міндетті түрде тиісті құжаттар тіркеледі.  Тиісті құжаттардың ең аз тізімі арнайы өтініш бланкісінде көрсетілген. Сырттай білім алушыларға арнайы стипендия тағайындау барысында осы Ереженің 6 тармағындағы шарттарға қоса негізгі немесе уақытша жұмыссыздығы (жергілікті әлеуметтік қорғау және қамту органдарының растау анықтамасы қажет) немесе мүгедектік, еңбекке ұзақ жарамсыздығы т.с.с. ескеріледі. Оқу ақысы мекемелер (өндіріс) есебінен төленетін білім алушылар  арнайы стипендия тағайындау байқауына қатыса алмайды.

  3. Білім алушылардың өтініштерін ХБК ректоры басқаратын байқау комиссиясы қарастырады. Байқау комиссиясының бекітілген құрамы туралы бұйрық әр оқу жылының басында ХБК ректорының бұйрығымен бекітіледі.

  4. Байқау комиссиясының отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі. Шешім байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Байқау комиссиясының мүшесі бір үміткер бойынша шешімге келіспеушілігі болған жағдайда, комиссия мүшесінің айырықша пікірі хаттамаға жазылады. Байқау комиссиясының шешімі ХБК ректоры стипендия тағайындау туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

  5. Факультет декандары және директорлар (колледждер, ҚазБСҚА жанындағы лицей) екі күн ішінде Байқау комиссиясының шешімімен білім алушыларды қол қойдырып таныстырады.

  6. Байқау нәтижесі бойынша стипендия тағайындалмаған білім алушыларға байқау комиссиясы отырысынан кейін оқу ақысын төлеуге 10 күн уақыт беріледі.

Арнайы стипендияның қаржыландыру көзі қаржы-экономикалық қызметінің қорытындысы бойынша бухгалтерлік есеп баланста оң сальдо нәтижесінде алынған ХБК ақшалай қаражаты болып табылады.  

6.8 СПОРТ КЛУБЫ
1. Спорт клубы (мәтін бойынша бұдан әрі – СК) жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультетінің академия студенттері, оқытушылары, қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің ортасында дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша жан-жақты қызметін жүзеге асыратын, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, іс-шараларға қатысу және өткізуді, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Спорт клубының қызметі дене тәрбиесі және спорт саласында студент жастардың әр алуан қызығушылығын қанағаттандыруға, жоғары оқу орнының қызметкерлері, оқытушылары мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулықтарын сақтауға және нығайтуға бағытталған.

3. Академияда бұқаралық дене шынықтыруды дамытуға жәрдемдесу спорт резервтерін және жоғары білікті спортшылар дыжүйесін жетілдіреді.

4. Өңірлік және халықаралық жарыстарға студенттер құрама командаларының қатысуын қамтамасыз ету.

5. Ұлттық және өңірлік студенттік спорт федерацияларымен және Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясымен (ФИСУ) халықаралық спорттық байланыстарды дамыту және нығайту.

6. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу және өткізу, дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсету.

7. Жоғары оқу орындарының спорт клубтарымен, спорт түрлері бойынша федерациялармен, дене шынықтыру және спорт комитеттерімен ынтымақтастықты белгіленген тәртіппен жүзеге асыру.

8. Спорт түрлері бойынша секциялар мен топтарды ұйымдастырады, олардың практикалық жұмысы үшін жағдайлар жасайды.


ҚазБСҚА СПОРТ КЛУБЫ секцияларының жұмыс уақыты




Спорт түрлері

Апта күндері

Жұмыс уақыты

1

Футзал

Дүйсенбі, жұма

15.00-17.00

2

Үстел теннисі

Сейсенбі,бейсенбі

15.00-17.00

3

Атлет. Гимнастика

Дүйсенбі, сәрсенбі

15.00-17.00

4

Волейбол

Сейсенбі,бейсенбі

15.00-17.00

5

Бодифлекс, спорт. билер

Дүйсенбі, сәрсенбі

15.00-17.00

6

Фитнес

Сейсенбі,жұма

15.00-17.00

7

Шахмат

Сәрсенбі, жұма

15.00-17.00

8

Тоғызқұмалақ

Сейсенбі,бейсенбі

15.00-17.00

9

Баскетбол

Сейсенбі,бейсенбі

15.00-17.00


СК нұсқаушысы: Калиякбарова Сайлау Кайрылхановна

6.9 ҚазБСҚА СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫ
Студенттік құрылыс жасақтары (СҚЖ) 50-ші жылдардағы студент жастардың ең үздік дәстүрлерінің негізінде құрылды. Қазақстанның тың жерлерін, Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарын игеру, екпінді комсомолдық құрылыстар, БАМ – осы қозғалыстың тамаша істерінің біразы ғана.

Қазақстан жастары арасында еңбек тәрбиесі дәстүрін жандандыру, жұмысшы мамандықты және құрылыстағы арнаулы дағдыларды қалыптастыруда студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында ҚазБСҚА президенті мен Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі бірлесе отырып 2000 ж. 12 маусымда студенттік құрылыс жасақтарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдаған.

Студенттік құрылыс жасақтары студенттердің демалыс (жазғы) уақытында жұмыспен қамту мәселелерін шешеді.

Студенттік құрылыс жасақтарына жазылу студенттер және оқушылардың өзінің ерікті қалауы негізінде СҚЖ штабы және болашақ сарбаздар арасындағы екіжақты шарттар жасаумен жүзеге асырылады.

СҚЖ қатарына ЖОО бейіні бойынша құрылыс мамандықтары кәсіби дағдыларын алу мақсатында оқу жоспарларына сәйкес оқу-өндірістік тәжірибеден өтетін 1-3 курс студенттері қабылданады.

Әдетте, жоғары курс студенттері СҚЖ жасақтары командирлері болып тағайындалады.

СҚЖ жасақтарының саны алдын ала белгіленген жұмыс көлемімен және бекітілген сметалармен анықталады.

СҚЖ сарбаздары СҚЖ-да жұмыс істеу кезеңінде келесі жеңілдіктерге ие:



  • киіммен тегін қамтамасыз ету;

  • екі мезгіл тегін тамақтану;

  • жатақханада тегін тұру (Студенттер үйінде);

  • кепілді еңбек ақысы;

  • тегін медициналық қызмет көрсету;

  • жыл бойы жұмыс істейтін СҚЖ-ға қатысатын сарбаздар сабаққа еркін қатысу.

Жыл бойы жұмыс істейтін СҚЖ-да студенттер толық емес жұмыс күні жұмыс істейді.

СҚЖ әрбір жасағында кәсіби жұмысшылар арасынан тәлімгер тағайындалады, ол СҚЖ сарбаздарына келесі құрылыс мамандықтары бойынша бастапқы дағдыларды үйретеді: сылақшы, тас қалаушы, сырлаушы, ағаш ұстасы, сылақшы-сыршы, слесарь-сантехник (су құбыры, кәріз, жылыту-желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету).

СҚЖ жұмыс қорытындысы бойынша жұмысшы мамандықты сәтті меңгерген сарбаздарға сертификаттар беріледі.

Еңбек семестрінің қорытындысы бойынша студенттік құрылыс жасақтарының слеті өткізіледі, онда қорытынды шығарылып, жетістіктері мен кемшіліктері айтылады.

СҚЖ жұмысына қатысуға ниет білдірушілер СҚЖ штаб командиріне жолыға алады.
6.10 СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМ
Студенттердің ғылыми жұмысының мәні ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, ол ҚазБСҚА ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша факультеттер мен зертханалар алдында тұрған міндеттерді шешу және өндіріске көмек көрсету үшін Сіздің шығармашылық және еңбек әлеуетіңізді пайдалануға мүмкіндік береді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) жүйесінің негізгі мақсаты –студенттің барынша шығармашылық қабілеттерін ашу.

СҒЗЖ-ның негізгі түрлері:

а) оқу үрдісі шеңберінде:


  • ғылыми зерттеу элементтері бар тапсырмалар, зертханалық жұмыстар мен курстық жобаларды орындау;

  • өндірістік практика кезеңінде ғылыми-зерттеу сипатындағы жеке тапсырмаларды орындау;

  • теориялық негіздерін қоюды зерттеу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және орындау;

  • эксперимент әдісі мен техника негіздерін зерттеу, экспериментті жоспарлау және қойылған міндеттерді шешу үшін бастапқы ақпаратты жинау әдісі;

  • академияда, басқа ЖОО мен ғылыми ұйымдарда ұйымдастырылған ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу;

  • техникалық, технологиялық және экономикалық-математикалық негіздемесі бар эксперименталды диплом жұмысын ресімдеу және қорғау.

б) өндірістік қызмет шеңберінде:

  • конструкторлық және жобалау студенттік бюросында жұмыс;

  • шаруашылық келісім шарт және бюджеттік тақырыптарды орындауға қатысу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша алынған мәліметтерді өңдеу, өндірістік тексеру және өндіріске ғылым жетістіктерді және озық тәжірибені енгізу.

СҒЗЖ қоғамдық іс-шаралары:

  • студенттік ғылыми конференциялар;

  • студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі;

  • факультеттің үздік ұйымдастырған СҒЗЖ бойынша байқаулар, ҚазБСҚА;

  • СҒЗЖ көрнекі құралмен насихаттау (қабырға газеттері, стендтер және т.с.с.);

  • олимпиадалар және басқа іс-шаралар.

Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысатын студенттер факультеттегі жабдықтарды, есептеуіш техниканы және материалдарды, зертханаларды, ҚазБСҚА эксперименттік базасын пайдаланады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысатын оқу үлгерімі жақсы студенттер Студенттік конструкторлық бюроға (СКБ) және «Ғылыми орталығына» (ҒО) белгіленген тәртіппен еңбекақы төленетін штаттық қызметке алынуы мүмкін.

Әр факультетте СҒЗЖ жүргізуге жауапты адам тағайындалады. Қыркүйек айында жауапты тұлға, СҒЗЖ түрі, орындалу мерзімдері көрсетіле отырып, факультеттің СҒЗЖ жоспары әзірленеді және бекітіледі.

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары негізінде академияның СҒЗЖ әзірленеді және бекітіледі.

Студенттік ғылыми конференция (бұдан әрі – конференция) студенттердің ой-өрісін кеңейту, ғылыми және зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Студенттік конференция өткізіледі жыл сайын ҚазБСҚА Бақылаудағы іс-шараларын Күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы факультеттерде әзірленетін тақырыптарды негізге ала отырып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыптар тізбесін анықтайды.

Үздік (лайықты) студенттердің жұмысын желтоқсанда іріктейді және факультеттің отырысында бекітеді. Кеңестің кеңейтілген мәжілісінде пленарлық отырыста студенттер жұмысын қарастыру туралы шешім қабылданады.

Студенттік конференцияның өтетіні туралы конференцияның басталуына дейін 20 күн қалғанда хабардар етеді.

Студенттік конференция жұмысы конференция басталғанға дейін 20 күн бұрын СҚжСС жөніндегі проректор бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

Студенттік ғылыми жұмысы ұйымдастыру комитетіне студенттер конференциясын өткізу басталғанға дейін 2 апта бұрын ұсынылады.

Баяндаманы ресімдеуге қойылатын талаптар академияда қолданыстағы Зерттеу нәтижелерін жариялау тізіміне сәйкес келеді.

ҚазБСҚА пленарлық отырысында ұйымдастыру комитеті жариялау және жооаралық, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу құқығына ие болатын үздік студенттік жұмыстарды анықтайды.

Ғылыми жұмысқа қатысты барлық мәселелер бойынша «Ғылыми орталыққа» жолығыңыз, № 207 бөлме.


6.11 ЖОБАЛЫҚ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ БЮРО
Жобалық-конструкторлық бюро (ЖКБ) академия бөлімшелерінің бірі болып табылады және студент жастарды ғылыми-зерттеушілік, өндірістік және шығармашылық жұмысқа тартуға арналған.

ЖКБ құрамына:



  • сәулеттік-жобалау бюросы: жобалау шеберханасы, жарнамалық шеберхана, изостудия, фотостудия, дизайн-студия, т. б.;

  • конструкторлық-технологиялық бюро: ғимараттардың конструкцияларын есептеу және жобалау, инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздеулер, құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын өндіру және т. б.

  • консалтингтік бюро: аудит, бухгалтерлік есеп, бизнес-жоспар жасау және т.б.;

  • электронды-компьютерлік бюро: компьютерлік қызметтер, жаһандық Интернет желісі және т. б.;

  • инженерлік-экологиялық бюро: жылыту, желдету, ауа баптау, сумен жабдықтау, тазарту, суықпен жабдықтау, электр жарығы, әлсіз токты құрылғылар.

Үлгерімі жоғары, ЖКБ-да белсенді жұмыс істейтін студенттер семестрлік, курстық, дипломдық жобалар орындап, жеке жоспарлары бойынша өндірістік практикадан өте алады.

Ғылыми жұмысқа бейімдік танытқан ЖКБ студенттер-мүшелері аспирантураға оқуға түсу үшін ұсынылуы мүмкін.

Жұмыстарды орындауға жауапты студенттер еңбекақысы төленетін инженерлік-техникалық лауазымдарға қабылдануы мүмкін.

7 СЫРТТАЙ ОҚУ ТҮРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Сырттай оқу түрінің білім алушылары үшін оқу-емтихан сессиясы белгіленеді:

- Қашықтықтан оқыту кезеңі (сессияаралық);



- Қаңтарда Оқу-емтихан сессиясы.

Әрбір сырттай оқитын студентке деканат оқуға және емтихан сессиясына шақыру анықтамасын жібереді, сондықтан, Тіркеуші офиске және Сіздің факультеттің деканатына мекен-жайдың (мекен-жайлары) өзгергені туралы міндетті түрде хабарлау керек.

Сессияға келгеннен кейін өзінің деканатында келгені туралы белгілену қажет. Өзімен бірге міндетті түрде ID (сәйкестендіру құжатын) болу керек, себебі академияда өткізу жүйесі жұмыс істейді. Деканаттан Сізге Сіздің топтың эдвайзерінің кім екенін білу керек. Эдвайзер Сізбен академияда оқыған мерзім бойы байланыста болады. Одан Сіз барлық қажетті ақпаратты біле аласыз.

Оқу сессиясының басында Сіз Сіздің курстың оқу үрдісінің жоспар-кестесін Тіркеуші офисінен, кітапханадан немесе деканаттан алуыңыз керек.

Оқу процесінің жоспарында көрсетіледі:

1) оқу-емтихан сессиясының өту мерзімдері;

2) бақылау және курстық жұмыстардың санын, оқытушылардың аты-жөнін көрсетілген пәндер тізімі.

Сырттай оқитындар емтихандық сессияға бақылау және курстық жұмыстар тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі. Ерекшелік ретінде, емтихан сессиясына өз уақытында қатыса алмайтын жағдайда (өндірістік қажеттілік және т. б. дәлелді себептер), Сіз тиісті құжаттарды ресімдеп, емтиханды ертерек тапсыру немесе сессияны ұзарту туралы өтініш жаза аласыз.

Оқу жылындағы емтихандар саны пәндер санымен анықталады.

Оқу-емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін және барлық емтихандарды тапсырғаннан кейін деканатта шақыру анықтамасына сессияның аяқталуы және келесі курсқа көшу туралы белгі қою қажет (егер Сізде оқу ақысы бойынша берешек болмаса).

Егер өндірістік немесе қандай да бір басқа себеппен Сіз емтихан сессиясына үлгере алмасаңыз, онда жұмыс орнынан қолдаухат әкеліп, өтініш жазып, Сіз емтихан тапсыру мерзімін Тіркеушінің рұқсатымен ұзарта аласыз.

Сондай-ақ, Сіз (өндірістік немесе дәлелді себептер бойынша) ҚазБСҚА Президентінің рұқсатымен сессияны мерзімінен бұрын тапсыра аласыз. Өтініштердің үлгілері Анықтамалық-жол көрсеткіштің соңында берілген.

Курстан курсқа көшу сессия аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жүзеге асырылады.

Жеке тәртіппен берешекті жою мерзімі – оқу кезеңі басталғанға дейін бір апта қалғанда. Ауысу үшін тиісті GPA болуы қажет.

Бақылау және курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқауларды Сіз кітапханадағы сырттай бөлімге арналған әдістемелік кабинеттен аласыз.

Сабақ және емтихан кестелері бас оқу корпусының бірінші қабатының кіре берісіндегі және деканаттардағы арнайы стендтерде ілінеді. Анықтамалық-жол көрсеткіште барлық деканаттардың телефондары бар, қоңырау шалып, оқытушылардың консультациялары мен емтихандарының уақытын біле аласыз.

Академияға ақылы негізде түскен кезде Сізге оқу туралы шарт жасау қажет, онда міндетті түрде бір жылғы оқу құны көрсетіледі. Бір мезгілде бүкіл оқу кезеңін төлеу кезінде ҚазБСҚА негізгі және қосымша білім беру мен ілеспелі қызмет көрсету тарифтеріне сәйкес жеңілдік беріледі.

Оқу ақысын төлеу мөлшері белгіленеді:

- білім алушының академиялық демалыстан қайтып келген кезінде – білім алушыларды оқыту жүзеге асырылатын курстың тарифтеріне сәйкес;

- қайта оқу немесе қалпына келтіру – Білім алушы қайта оқитын оқу жылына бекітілген тарифтерге сәйкес.

Білім алушының қалауы бойынша оған қосымша білім беру қызметтері (элективті курстар, шетелдік іс-сапарлар және т. б.), сондай-ақ қосымша төлем ақысымен қосымша оқу материалдары (оқу құралы, компьютерлік бағдарлама, үлестірме материал және т. б.) ұсынылуы мүмкін.

Оқу ақысын төлеу (оқу жылына немесе алдағы оқу жылы жартыжылдығына) келесі мерзімде жүзеге асырылады:

бірінші оқыту курсына (жылы) қабылдау, қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде –тиісті бұйрық шыққанға дейін;

көшетін контингент үшін: - бірінші жартыжылдыққа – 15 шілдеге дейін;

- екінші жартыжылдыққа – 25 желтоқсанға дейін.

Төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайда білім алушыға (ҚазБСҚА басшылығының шешімі бойынша) оқытуды жалғастыруға мүмкіндік берілуі мүмкін, бірақ ол оқу үшін әрбір кешіктірілген күн үшін қарыз сомасының 1% мөлшерінде өсімақыны 30 күнтізбелік күн ішінде төлеп ((семестр) есептік кезеңде) жалғастыра алады.

Оқу ақысын төлеу мерзімі өтіп кеткенде бірінші кезекте жиналған өсімақы өтеледі, қалған сома оқу үшін негізгі борышты төлеу шотына есепке алынады.

Төлем мерзімі 30 күннен асып кеткенде білім алушы оқудан шығарылады.

ҚазБСҚА-дан білім алушыны оқу ақысы төленбеген себепті оқудан шығарған жағдайда оқу ақысын төлеу бойынша берешекті, соның ішінде есептелген өсімақыны өтегенге дейін белгіленген үлгідегі анықтама (транскрипт) берілмейді.

Оқу ақысын төлеу бойынша берешегі бар Білім алушы курстан курсқа, басқа ЖОО-на ауыстырылмайды, емтихан сессиясына, мемлекеттік емтиханға және дипломдық жобаны (диплом жұмысын) қорғау жіберілмейді.

Білім алушыны оқу үлгерімі, оқу тәртібін және ІТЕ бұзғаны үшін оқудан шығарған кезде өткен және ағымдағы оқу кезеңдері үшін төлем сомасы қайтарылмайды. Білім алушы әлі сабаққа бармаған болашақ кезеңдерге төленген сома ғана қайтарылады.

Оқуға шығындарды өтеу бойынша басқа тұлғаларға міндеттемелерді беруге жол берілмейді.

Оқу ақысын төлеудің мөлшері мен нақты жай-күйі туралы ҚЭБ-те белгіленгеннен кейін өтінішке факультет деканы, Тіркеуші, АС жөніндегі проректор, Қаржы жөніндегі проректор, заң департаменті беріледі бұрыштама қояды және шешім қабылдау үшін ҚазБСҚА президентіне жіберіледі. Мұндай өтінішті ресімдеуден бұрын, Сізге оқу құнының бір жылға оқу ақысының жартысын төлеу қажет екенін есте сақтау керек.

8 АКАДЕМИЯ КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ҚазБСҚА-ның бай әмбебап кітапхана қорында 480 000 бірлік бар. Олар – кітаптар, диссертациялар, авторефераттар, CD-тасығыштар, аудио-бейнетаспалар, мерзімді басылымдар.

Кітапханада электрондық деректер базасы бар: «РМЭБ», «IPRbooks», «Полпред», «КазНЭБ», «Springer», «Thomson Reuters» және басқа да халықаралық базалар. Электрондық және мультимедиялық залдағы компьютерлерде сызу орындау үшін бағдарламалар (AutoCAD және басқа да) орнатылған. Оқырмандарға Ғаламтор желісіне тегін қосылған 30 компьютер ұсынылады, сервистік қызмет көрсетіледі. Мультимедиялық зал қорындағы электронды тасығыштарда оқулықтар мәтіндері, жұмыс оқу жоспарларының оқу пәндерінің бағдарламаларындағы міндетті оқу құралдары, сондай-ақ үйрететін бағдарламалық құралдар және диалогтік режимде білімді игеруге арналған электрондық оқулықтар ұсынылған.

Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету екі абонементте және алты оқу залында ұйымдастырылған.

1 қабаттағы кітапханада орналасқан:

Оқу әдебиетінің абонементі

Оқырмандарды кітапханаға тіркеу жүргізіледі, барлық курс студенттеріне, колледж оқушыларына, магистранттарға, ПОҚ, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Қорда оқу материалдары, ҚНжЕ, БНжЕ ұсынылады, пәндердің кітаптармен қамтамасыз етілу картотекасы бар. Әдебиет бір семестрге беріледі. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Данасы аз әдебиеттер қысқа мерзімге беріледі. Қызмет түрлері – жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету (семестрге оқулықтар жинағын беру).

5 оқу залы – каб. № 129 – жоғарғы курс студенттеріне, магистранттарға арналған оқу залы. Залда сәулет, құрылыс, экология бойынша әдебиеттер, анықтамалық және мерзімдік басылымдар ұсынылған. Қызмет түрлері – жеке қызмет көрсету. Оқу залында чип-карточкалардың көмегімен көшірме жасауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін «Bizhub-250» көп қызметті аппарат орнатылған. Студенттер бұл аппаратты өздері пайдалана алады.

каталог залы (каб. № 129) – кітапхана қорының барлық дәстүрлі кітапханалық каталогтары орнатылған. Олардың көмегімен қажетті әдебиет іздестіріліп, әдебиетке тапсырыс жасалады.

2 қабаттағы  кітапханада орналасқан:

әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі – каб. № 244 – кітапхана қорының жоғары оқу орнының оқу үрдісі, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі үшін қалыптасуын қамтамасыз етеді. Факультеттердің тапсырысы бойынша жаңа басылымдарға тапсырыс рәсімделеді, мерзімді басылымдарға жазулы жүргізіледі. Бөлім жаңа түсімдердің жүйеленуін, тізімделуін және техникалық өңделуін қамтамасыз етеді, негізгі алфавиттік, жүйелілік, қызметтік және электрондық каталогтарды жүргізеді. Қызмет түрлері – диссертацияларға, ПОҚ және студенттердің есептері мен мақалаларына ӘОЖ индекстерін қою.



электрондық-мультимедиялық оқу залы № 3 – каб. № 243 – оқырмандар үшін залда Ғаламторға қосылған 30 дербес компьютер орнатылған, сонымен бірге «РМЭБ, «IPRbooks», Thomson Reuters, «Springer», «Полпред», «КазНЭБ» электрондық базалары және басқа халықаралық базалар, сканер, принтер бар. Дербес компьютерлер оқырмандарға оқу үрдісі бойынша мәтіндерді теру үшін (титулдық беттер, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар және т.б.) тегін ұсынылады. Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеулі – бір сағаттан екі сағатқа дейін. Қызмет түрлері – мәтіндерді, сызбаларды басып шығару, материалды сканерден өткізу ақылы түрде белгіленген тарифтермен жүргізіледі. Осында әдебиетті кітапхананың электрондық каталогы бойынша іздеуге болады.

ақпараттық орталық және электрондық оқу залы № 4 – каб. № 240 – залда оқырмандарға 9 дербес компьютер ұсынылады, компьютерлерде графикалық жұмыстар орындау үшін Auto CAD-14, Auto CAD-2000, Corel Draw бағдарламалары қойылған. Осында әдебиетті кітапхананың электрондық каталогы бойынша іздеуге болады, сондай-ақ Академия оқытушыларының ғылыми жұмыстарының электрондық толық нұсқасы да бар. Залда жоғары мектеп мәселелері бойынша әдебиеттер (анқытамалық және мерзімді басылымдар) бар, ағылшын тілінде көркем әдебиеттер бар – «Аяқталатын кезең кітапханасы» керемет топтаманың 250 томы, 22 томдық Британ энциклопедиясы және 30 томдық Американдық энциклопедия. Сирек басылым қоры, «ҚазБСҚА ПОҚ еңбектері» үнемі әрекет ететін көрме экспонатталады.

Залда пайдаланушылар үшін біржолғы сұраныс, әртүрлі анықтамалар орындау (тақырыптық, нақтылайтын, ауызша, жазбаша, фактографиялық, мекенжайлық) бойынша кеңес беру ұсынылады. Залда анықтамалық сипаттағы басылымдар бар – бұл энциклопедия, түсіндірме және терминологиялық сөздіктер, салалық анықтамалық басылымдар. Пайдаланушылар жұмыс істеуі үшін зал «Мақалалар картотекасы» заманауи электрондық деректер базасымен, газет және журнал мақалаларының дәстүрлі каталогымен қамтамасыз етілген. Тұрақты түрде мерейтойлық және атаулы күндерге арналған көрмелер қойылады.



3 қабаттағы  кітапханада орналасқан:

1 оқу залы және № 2 "Қысқы бақ" оқу залы — каб. № 343 – оқу залдар кіші курс студенттеріне арналған. Залда әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша әдебиеттер және құқықтық (тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, этика, эстетика, дінтану, құқық негіздері, шаруашылық қызметтің заңнама негіздері) әдебиет, жалпы жаратылыстану-ғылыми даярлық әдебиеті (математика, физика, химия), тілдер бойынша әдебиет: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, экономикалық пәндер бойынша әдебиет, мерзімдік басылымдар бар. Залда 20 күн мерзімге берілетін 1–2 данада берілетін көркем әдебиет бар.

№ 2 оқу залы экзотикалық өсімдіктері бар «Қысқа бақ» болып табылады, бұл жерде түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Кітапхананың астыңғы қабатында орналасқан:

ғылыми әдебиет абонементі – абонементте барлық курс студенттеріне, колледж оқушыларына, магистранттарға, ПОҚ, қызметкерлерге қызмет көрсетіледі. Қорда оқу үрдісіне және ғылыми жұмысқа көмек көрсететін ғылыми кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, экнциклопедиялар, жан-жақты танымдық әдебиет, колледж оқушылары үшін оқу әдебиеті, сырттай оқу түрінің студенттері үшін оқу-әдістемелік әдебиет бар. Әдебиет бір бағыт бойынша 2–3 дана көлемінде 20 күнге беріледі. Дана саны жеткілікті болған жағдайда кейбір кітаптар бір семестрге де беріледі. Данасы аз әдебиет қысқа мерзімге беріледі. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Қызмет түрлері – жеке қызмет көрсету.

6 оқу залы – ғылыми әдебиет абонементінің жанындағы оқу залы, әдебиетке ашық қатынау қарастырылған.



колледж оқушылар үшін абонемент – ғылыми әдебиет абонементінің жанында орналасқан, мұнда колледж оқушылары оқу әдебиетін ала алады. Күзгі семестр аяқталған соң, оқырмандар әдебиетті пайдалану мерзімдерін ұзартуға міндетті. Көктемгі семестр аяқталған соң (1 шілдеге дейін) – қолдарындағы бар әдебиетті тапсыруға міндетті. Қызмет түрлері – жеке қызмет көрсету, топтық қызмет көрсету (семестрге оқулықтар жинағын беру).

Кітапхана туралы барлық анықтама телефондар бойынша беріледі: 309-61-92, 309-61-73.



АБОНЕМЕНТТЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

дс.-жм. 8.30 – 17.30
8.1 АБОНЕМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет