Практикалық сабақтарының жоспары (П)
П.1: Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік -1с.
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б. Қазақстандағы саяси биліктегі өзгерістер. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |