Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ҚАЗАҚТЫҢ «ТАМЫРЛАСТЫҚ ИНСТИТУТЫ»



Pdf көрінісі
бет13/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165
ҚАЗАҚТЫҢ «ТАМЫРЛАСТЫҚ ИНСТИТУТЫ» 
МЕН ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫ
Н. Уәлиұлы
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор
Қазіргі  кезде  ұлттық  идея  мәселесіне  зиялы  қауым,  әсіресе  философ  ғалымдар 
мен  саясаткерлер  ерекше  көңіл  бөліп,  ұлттық  идеяның  байланар  түпқазығын 
табу  мақсатымен  жан-жақты  ой  қозғап,  пікір  өрістетуде.  Осымен  байланысты 
тіл 
бірегейлігі,  ұлт  бірегейлігі,  мемлекеттің  бірегейлігі,  дін  бірегейлігі
  тәрізді  белгісі 
тұрақты іргелі ұғымдар ұлттық идеяның негізгі арқауына айналып отыр. Бұлардың 
сыртында 
экономикалық бірегейлік, саяси бірегейлік
 тәрізді белгілері айнымалы си-
патта болып келетін ұғымдар да бар. Ұлттық, мәдени, мемлекеттік бірегейліктердің 
негізгі идентификаторы – тіл. 
Тіл бірегейлігі – тілдік және тілдік емес мәнділіктерді қамтитын күрделі ұғым. Тіл 
бірегейлігінің  тілдік  мәнділіктеріне    тілдің  құрылым-құрылысының  біртұтастығы, 
дәстүрлі  тілдік  нормалардың  болуы,  қоғамдық  өмірдің  типтік  ситуациясында:                          
1)  тұрмыста,  2)  көркем  дүниеде  (эстетикалық  салада),  3)  ғылым-білімде,  4)  саяси-
қоғамдық  салада,  5)  құқықтық  салада  жұмсалуы  мен  қызмет  ететіндей  сараланған 
тілдік, стильдік құралдардың, стильдік-риторикалық амал-тәсілдердің болуы;  тілдік 
ұжымның өмір тәжірибесінен пайда болған білімдерді 
жинақтаушы,  тасымалдау-
шы, жаңғыртушы, дамытушы
 қызметінің болуы т.б. жатады.
Ал 
тілдік ұжым, тілдік тұлға
 тіл бірегейлігінің тілдік емес мәнділіктері болып 
табылады.
Тілдің (обьектінің) осы аталған элементтері мен факторлары түгелденіп, үйлесімді 


28
болғанда,  тіл  бірегей  объекті  ретіндегі  дербестігін  сақтайды.  Сөйтіп,  тіл  ұлттық 
бірегейліктің,  мемлекеттік  бірегейліктің  идентификаторы  бола  алады.  Оның  ұлтты, 
қоғамды, мемлекетті ұйыстырушы қызметі күшейе береді. 
  Бірегейлік  белгілі  бір  объектіге  қатысты  элементтерден  тұрады.  Мысалы,  тіл, 
мәдениет, салт-дәстүр, дін т.б. объектіні, яғни ұлтты құрушы элементтер болып та-
былады.  Бірегейлігін  сақтаған  объект  (субъект)  әдетте  бекем  болады.  Сондықтан 
ұлт  (этнос)  өзінің  дәстүрлі  мәдениетін  (әдет-ғұрыптар,  мәдени  стереотиптер  мен 
ұлттық  символдарын  т.б.),  әсіресе  тіл  бірегейлігін  сақтауға  құлшыныс  танытады. 
Осылар  арқылы  өзін  таниды,  өзге  ұлттан  өз  ерекшеліктерін,  құндылықтарының 
өзгешелігін байқай біледі. Сонымен қатар өзге ұлттың өзінде жоқ өзгешеліктері мен 
құндылықтарының жүйесінен хабардар бола алады. Өзгені тану арқылы өзін-өзі тану 
үрдісі әдетте, этномәдениеттердің (этностардың) мәдени қарым-қатынас  барысында 
жүзеге асады. Байырғы қазақ қоғамы, қазақ мемлекеті, тарихи зерттеулерге қарағанда, 
монотілді,  мономәдениетті,  моноэтносты  кеңістік  құрып,  өзге  мәдени  кеңістікпен 
қарым-қатынаста болды. Бұл бұрынғы кезде қазақ этносының тіл, мәдениет, дәстүрлі 
дін жағынан бірегей болып, бірегей субъект ретінде қалыптасқандығын байқатады.  
Тіл бірегейлігін ауызша сөз өнері, ауызша поэзия,  әдет-ғұрып, билер институты 
мен жоғары деңгейдегі құқықтық қатынас т.б. мәдени факторлар күшейтіп, нығайта 
түсті. Қазақстанның отаршылыққа дейінгі тәуелсіз ел, мемлекеттілікке ие  кезеңіндегі 
тіл бірегейлігінің сипатын,  шамамен, осылай деуге болады. 
Патшалық Ресейге тәуелді жағдайындағы Қазақстанның ұлттық бірегейлігі басқаша 
сипатта  болды.  Қазақстан  территориясын  қоныстанушылардың  саны  бірте-бірте 
көбейді: тілі, діні басқа ұлт өкілдерімен, яғни басқа мәдениет өкілдерімен қазақтардың  
қатарлас  өмір  сүруіне  тура  келді.  Алдымен    қазақтар  өз  жерінде  салынған    әскери 
бекіністі,  аузы  үңірейген  пушканы,  шамқал  (винтовка)  асынған  солдаттарды  көрді. 
Мұндай әскери бекіністің саны, белгілі әдебиеттанушы ғалым  М. Мырзахметовтің 
айтуынша,  144  болған  екен.  Әскерилер  қазақтарға  бекіністің  арғы  жағында  тұрып, 
«жабайыларды»  жаулап  алу  пиғылымен  қараса,  бекіністің  бергі  жағындағылар 
оларға атақонысын, шұрайлы өңірлерін тартып алушы, басқыншы деп қарады. Осы-
лайша басқыншылар мен жергілікті этнос арасында бір-біріне деген жаулық пиғыл 
қалыптасты.  Басқыншы  солдаттары  бекіністің  арғы  жағында  тыныш  жатпады. 
Қазақтардың малын айдап алған, елді тонап, қуғын-сүргін жасаған жағдайлары жиі 
болды. Қазақтар мұндай әрекеттерге қарулы көтерілістермен жауап бергені тарихи де-
ректерден мәлім. 
Бір-біріне жаулақ пиғылмен қараған екі этнос арасындағы қантөгіс, қақтығыстың 
саябырсыған тұстары болады да, өмір қалыпты арнасына түседі: бұрын дара мәдениет 
қоғамы болған Қазақстанның этномәдени кеңістігі «отарланушы мәдениет» пен  «отар-
лаушы мәдениеттің» қатарласа өмір сүрген қонысына айналды. Қазақстан террито-
риясында мультимәдени қоғамдастықтың алғышарты пайда болды. Сөйтіп, қазақтың  
қара орман атақонысында бірде бірімен-бірі қақтығысып, бірде ықпалдасып отарлану-
шы мен отарлаушы екі мәдениет жарыса  өмір сүрді. 
Патшалық  үкімет  жүргізген  саясаттың  мақсаты  жергілікті  мәдениетті  тарихи 
есінен,  санасынан  айыру,    оларды  дәстүрлі  діннен  безіндіріп,  христианға  айналды-


29
ру  еді.  Қазақ  қоғамының  өмір  сүру  мәдениеті  формаларының  бірі  болып  отырған 
ру,  тайпалық  жіктерді  бір-бірімен  атыстырып,  шабыстыру  тәрізді  елді  арандатушы 
тәсілдерді патша саясаты шебер пайдаланды; әсіресе бір рудың ата қонысын екінші 
руға  тартып әперу, бір рудан басшы  шығарып, оған екінші бір руды билету; руаралық 
қақтығысты «орыс заңымен» реттеу, бір руды екінші бір руға айдап салу, тонату, та-
лату т.б. Мысалы, қазақтың небір шұрайлы жерлерін зорлықпен тартып алып, пересе-
лендерге беруі қазақ жеріндегі топонимдердің жаппай отарлаушы онимдермен (атау-
лармен) өзгертілуі сондай саясаттың салдары екені айқын байқалады. Бұл – халықтың 
тарихи жадын оның санасынан өшіруге бағытталған әрекеттердің бірі екені белгілі 
жайт.
Патшалық билік бұратаналарға орыс тілін үйретуді қажет деп таппады. Ильминский 
сияқты миссионерлер қазақтардың орыс ұлықтарының алдында ойын жеткізіп айта 
алмай,  орыс  тілін  білмегеніне  қорланып,  төменшіктеп  тұруға  тиіс  деп  оқу-ағарту 
департаментіне  кеңес  беріп  отырды.  Қазақтар  бұрын  жазба  тілінің,  тарихының 
болғанын білмеуге тиіс болды. Қазақ қоғамында қолданылып жүрген сол кездегі ескі 
жазба тілді (ескі түркі тілінің қазақ топырағында жаңғырған нұсқасы) шұбарланған 
тіл,  татар  молдаларының    тілі  деп  жағымсыз  етіп  көрсетуге  тырысты.  Сөйтіп, 
жергілікті мәдениетті құлдық санада ұстау ресми биліктің негізгі саясаты болды. Тек 
төре, сұлтан  тұқымынан шыққандар оқуға алынды, соларға шен-шекпен, атақ дәреже 
беріп, жалпақ қазақты құлдық санада ұстады.
1. Қоныстанушы мәдениет
Бірте-бірте уақыт өте келе басқыншылар қоныстанушы этносқа айналды: егін екті, 
мал  өсірді,  түтін  түтетті.  Жергілікті  мәдениет  қоныстанушы  мәдениет  өкілдерінің 
тұрмыс тіршілігіне назар аудармай қойған жоқ. Олардың шаруашылық ұйымдастыру 
ерекшелігін,  қысқы,  жазғы  көліктерін  (арба,  шана)  қамдауын,  шөп  шауып,  қыстық 
қор  жинауы,  құс  өсіріп,  азық-түлік  дайындауы,  үй  салып,  қора  жай  тұрғызуы  т.б. 
тіршілік қамын байқап та жүрді. Бұл жайт қазақ елінде қатарласа өмір сүріп жатқан 
екі мәдениеттің арасындағы арақашықтықтың (дистанция) жақындай түсуіне түрткі 
болды.  Жергілікті  мәдениеттің  тілінен  қоныстанушы  мәдениеттің  тіліне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет