Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


№ Түркі халықтары  Латын



Pdf көрінісі
бет12/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   165

Түркі халықтары  Латын 
Араб 
Кириллица  Барлығы 
1
Әзірбайжандар
9,6 млн. 
25 млн. 
1,2 млн. 
35,8 млн. 
2
Алтайлар
-
-
75,0 
75,0
3
Балкарлар
24,0 
-
156,0 
180,0
4
Башқұрттар
200,0
-
1,8 млн. 
2 млн. 
5
Ғағауыздар
160,0
-
50,0
210,0 
6
Сарыұйғырлар
-
15,0
-
15,0
7
Қазақтар
961,0
1,5 млн. 
11,64 млн. 
14 млн. 
8
Қарақалпақтар
509,0
-
11,0
520,0
9
Қарашайлар
50,0
-
220,0
270,0
10
Қашқайлар
-
2 млн. 
-
2 млн. 
11
Қырым татарлары
480,0
-
63,0
543,0
12
Құмықтар
-
-
511,0
511,0
13
Қырғыздар
250,0
200,0
4,3 млн. 
4,75 млн. 
14
Ноғайлар
-
-
106,0
106,0
15
Саларлар
-
101,0
-
101,0
16
Сібір татарлары
-
-
11,0
11,0
17
Татарлар
950,0
150,0
5,9 млн. 
7 млн. 
18
Тывалар
-
7,0
293,0
300,0
19
Түріктер
63,2 млн. 
-
150,0
63,4 млн. 
20
Месхет түріктері 
180,0
-
360,0
540,0
21
Түрікмендер
5 млн. 
2,7 млн. 
300,0 
8 млн. 
22
Туркомандар
300,0 
2 млн. 
-
2,3 млн. 


26
23
Өзбектер
23,93 млн. 
2 млн. 
2,9 млн. 
28,8 млн. 
24
Ұйғырлар
80,0
10,6 млн. 
300,0 
11 млн. 
25
Хакастар
-
-
79,0
79,0
26
Халаджылар
-
45,0
-
45,0
27
Шуваштар
27,0
20,0
1,5 млн. 
1,503 млн. 
28
Шорлар
-
-
15,0
15,0
29
Якуттар
-
-
480,0
480,0 
Барлығы: 
100,04 млн. 
57,719%
46,84 млн. 
26,237 %
30,69 млн.  
17,191 %
178,52 млн.
Саны 10 мыңнан асатын осы түркі халықтарының есебіне АҚШ-та 2 млн., Батыс 
Еуропада 1 млн. (Франция, Германия, Ұлыбританияны қоспағанда), қоссақ, онда 178 
520 000 деген жалпы саны шығады. Әлбетте, бұл санға Израильдегі идиш әліпбиін, 
Грузиядағы  грузин  әліпбиін,  Армениядағы  армян  әліпбиін  қолданатын  ағайындар 
енбегені,  сонымен  бірге  статистикалық  мәліметтердің  әртүрлілігі,  кейбір  елдердегі 
статистикалық мәліметтердің көрсетілмеуі 180 миллионнан асатын түркі халықтарының 
шынайы жалпы санын нақтылауға мүмкіндік бермегені баршаға түсінікті болар. Десек 
те, бауырлас халықтардың әлемдегі әртүрлі әліпбилерді қолдануы жөнінде мейлінше 
айқын ақпаратты жоғарыда келтірілген кестеден жақсырақ тануға боларлық. Енді осы 
мәліметтерге  келелік.  Байқап  тұрғанымыздай,  бауырлас  халықтардың  басым  бөлігі, 
яғни 103 040 000 (57,719 %) латын әліпбиін қолданады екен. Енді осы санды көбейтуге 
мүмкіндігі  бар  бірден-бір  халық  –  қазақ  халқы  екендігі  бірден  аңғарылады.  Егер 
Қазақстан латын әліпбиіне көшсе, онда жоғарыдағы сан 113 800 000-ды құрамақ, бұл 
дегеніңіз 63,7 % болмақ. Ал әзірше біз кирилл әліпбиіндегі санды көбейтіп жүрміз. 
Осы әліпбидегі 30 690 000 түркітектес халықтар жалпы санның 17,191 % пайызын 
құрауда. Егер де біз латын әліпбиіне көшсек, онда бұл көрсеткіш бұдан да төмендемек. 
Қазақпен  бірге  кирилл  әліпбиіндегі  халықтардың  санын  арттырып  жүргендер 
қырғыздар,  татарлар,  башқұрттар,  чуваштар,  якуттар  және  тағы  басқалар  дейтін 
болсақ, онда қырғыздан басқасы Ресей Федерациясының құрамында болғандықтан, 
әзірше  латынға  көше  алмайды.  Осыларды  қорытындыласақ,  онда  Қазақстан  оның 
негізгі халқы қазақтар қазіргі күнде әлемдегі түркі халықтары аз қолданатын әліпбиде 
қалуда. Сондықтан, түркі әлемінің бар екендігін үнемі айтып жүретін болсақ,өзімізді 
сол дүниенің белсенді де,беделді бөлшегі десек, санымыз қазір 180 миллионнан аса-
тын  қалың  жұрт  болса,  сонау  Жерорта  теңізінен  Солтүстік  Мұзды  мұхитқа  дейінгі 
алып территорияны алып жатқан әлемдегі іргелі бұтақпыз деп шаттансақ, онда осы 
тұтастықты бекемдеу үшін, әлбетте, қазіргі кезеңде қазақ елі түркілік әлемнің ең көп 
қолданатын әліпбиіне көшкені абзал. Оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері жөнінде 
жаздық.  Ал  латын  әліпбиіндегі  бауырластарға  келетін  болсақ,  онда  дербес  мемле-
кет болып тұрған Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрік Кипр республи-
калары,  бұларға  қоса  Украинаның  ішінде  тұрса  да  Қырым  автономиялық  облысы, 
Молдовадағы Ғағауыз автономиясы ресми түрде латын әліпбиінде. 
Латын әліпбиі көрнекілік жағынан да, санаға әсер ету тұрғысынан да, қазақ мемлекетін 
даралай түсіп, біздің қоғамымыздағы, санамыздағы отарсыздану үдерісін күшейтетіндігі, 


27
әлбетте, бұл қадамның қаншалықты маңызды екендігін байқатады. Тәуелсіздік алғалы 
айтылып келе жатқан отарсыздану үдерісіне тың, жаңаша серпін бермек. 
Бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу, әлбетте, кейбір қиындықтар тудыруы мүмкін. 
Бірақ осыны желеу ететіндердің тарихқа көз жүгірткендері абзал. Қазақ ашаршылдық 
жылдары  араб  әліпбиінен  латынға,  соғыс  жылдары  латын  әліпбиінен  кириллицаға 
көшкенде  аса  оңай  болмаған  шығар.  Бүгінгі  күніміз  сол  жылдардан  әлдеқайда 
шүкіршілік ететін емес пе?! Қазіргі компьютер заманында, қоғамның едәуір бөлігі ла-
тын әліпбиіндегі таңбаларды тани, оқи алатын мейлінше өркениетті, ілгері қоғамда 
«қиын болады», «сауатсыз болып қаламыз» деу не түсінбестік, не  мәселенің маңызын 
ескермегендік.  Сондықтан  өзімізді  шаршатпай  өзгелерді  тура  жолдан  айнытпай 
жаңаны қабылдаған жөн, ағайын. Латын әліпбиін енгізуді кешіктіретін болсақ, онда 
жаңа жазудың қоғамға толық енуі қазіргі мемлекеттік тілдің жайы сияқты кешеуілдей 
береді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына, барлық салаға толық енуіне мүдделі 
болмай жүрген орыстілділер латын әліпбиіне көшуге де ықылас таныта қоймайтыны 
қазірден  байқала  бастады.  Сөйтіп  ол  барынша  кешіге  бермек.  Сондықтан  көштен 
қалмағанымыз, үлестен қағылмағанымыз абзал, ағайын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет