КӨНЕ ТҮРІК ДӘУІРІНІҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ:
ТАРИХНАМАЛЫҚ ҚЫСҚАША ШОЛУ
Н. Базылхан
Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.
Көне түрік дәуірінің жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихнамасы жайын-
да көптеген ғылыми мақалалар жарияланған болатын, біз аталмыш тарихнамасын
негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруды жөн санадық.
Бірінші кезең (1720-1893жж.): Онда XVIII ғасырдан бастап Сібірді, Енисей Ми-
нуса алқабын зерттеуші, жиһанкез саяхатшылардың мәліметтері жариялана бастаған
«руна жазуы» атаған (Д.Г. Мессершмидт [1], Ф.Ю.Штраленберг [2] (1720-1727жж.),
Г.И.Спасский (1818ж.), М.А. Кастрен (1847ж.), И.Р. Аспелин (1887-1888жж.) [3],
О.Доннер (1892), А.В. Адрианов, Н.М. Ядринцев, Г.Н. Потанин, Д.А. Клеменц және
басқа) бастапқы хабарламалар мен болжамдардың алғашқы кезеңі бар.
Екінші кезең (1893-1991 жж.): Одан кейінгі кезеңі 1889 жылғы Ресей империясы Гео-
графия қоғамының Шығыс Сібір бөлімшесінің Н.М. Ядринцев [4] басқарған экспедици-
ясы мен Фин-угор қоғамының ғалымы А.О. Хейкел [5] басқарған 1890 жылғы, Ресей
императорлық академиясының атақты түркологы В.В. Радлов [6] басқарған 1891 жылғы
Орхон өзені бойында жүргізген аты-шулы экспедицияларының қорытынды атластары
жарияланған және де 1893 жылы 25 қарашада даниялық полиглот ғалым В.Томсен
[7] көне түрік бітік жазуының кілтін ашқан екінші шешуші кезеңі болды. Көне түрік
бітіктастары сөйлей бастаған осы екінші кезеңнен бері 124 жыл өтіпті. Осы уақытта
көне түрік бітік жазуымен қоса, соғды, брахми және басқа да жазулы ескерткіштері
анықталынды, олардың мәтіндері оқылып ғылыми айналымға түсе бастады. Көне түрік
дәуірінің жазба ескерткіштерінің жүздеген жаңа артефактілері табылды, аумақтық өрісі
кеңейіп, мәтіндердің жаңа қырлары мен сырлары анықталынып келеді.
Үшінші кезең (1991 ж. қазірге дейін): Көне түрік жазба ескерткіштерінің
зерттелуінің жаңа үшінші кезеңі деп біз Тәуелсіз түркі республикаларының кезеңі
1991 жылдан бергі мерзімді атағымыз келеді. Мұнда ата бабаларының асыл мұрасын
зерттеу ісінде тоталитарлық, коммунистік партиялық, саяси-идеологиялық қысымдар
44
мен қыспақтардан ада-күде, жаңа еркін де ерікті ғалымдардың зерттеулер дәуірі ба-
сталды дегіміз келеді. Бұл орайда ерекше мақтаныш сезіммен атап өтетін тарихы
оқиға деп 2001 жылы мамырдың 18-күні Қазақстан Республикасының ордасы Аста-
нада Күлтегін бітіктасының ғылыми (жаңа технологиялық) көшірмесі орнатылуын
айтар едік [8]. Осы орайда отандық түркітанушы ғалымдардың іргелі еңбектерін
ерекше атағанымыз абзал. Көне түрік бітіктас мәтіндік зерттеулеріне Ә.Х.Марғұлан,
Ғ.Мұсабаев, Қ.Мырзалиев, Қ.Өмірәлиев, М.Жолдасбеков, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Қ.Сартқожа, Б.Орынбай, А.Мектептегі, Е.Саурықов, О.Сапашев, Қ.Молғажаров
қатарлы ғалымдар көп еңбек сіңірді [9].
Негізгі жетістіктері: Аталмыш үш кезең бойынша яғни 1720-2017 жылдары
аралығында 297 жыл бойында Енисей, Талас, Орхон, Алтай, Тұрпан, Саха, Солтүстік
Кавказ, Шығыс Еуропа, Қытай, Тибет секілді аумақтардан 800-ден астам жаз-
ба ескерткіштер анықталынды. Түркологияның жазба ескерткіштер зерттеу сала-
сы (түрік бітіктану (« түркі рунологиясы») саласының Петербор [10], Мәскеу [11],
Еуропалық, Орта Азиялық, Қазақстандық [12], Моңғолиялық [13], Түркиялық [14]
мектептері) қалыптасты, іргелі де пәнаралық зерттеулері кең ауқымда эпиграфикалық,
палеографикалық, мәтінтанулық, лингвистикалық, грамматикалық бағыттарында
ба сым дылық беріліп дамыды, сонымен қатар тарихи-деректанулық, тарихи, архео-
логиялық бағыттары мүмкіндігінше жасалды.
Алғашқы (Фин, Ресей елдерінің) экспедициялары көне түрік дәуірі мәтіндерінің
ғылыми эстампаждық (қағаз, мата) сапалы көшірмелерін алды, фотосуреттерін
мейлінше түсірді, іргелі атластарды жарыққа шығарды. Мәтіндердің ғылыми аудар-
малары да барынша істелді. Археологиялық қазба, барлау зерттеулері барысында
таңғажайып жаңа табылымдар (мөр, тиын, айна, қылыш, музыкалық аспап, қағаз,
ағаш, сүйекте жазылған нұсқалар, жаңа ірі бітіктастар секілді ) және бір, екі, үштілді
мәтіндер де табылды. Көне түрік дәуірі тарихының жаңа қырлары да мейлінше
анықталынып жазылып келеді.
Бұрынғы зерттеулердегі кейбір кемшін тұстары: Алғашқы зерттеушілердің басым
көпшілігі ескерткіштердің табылған орнында (in situ) көзбе-көз, қолма-қол зерттеу
жасаған еді. Сондықтан да олардың ғылыми фиксация (ғылыми таңбалау) әдістері
негізінен қағазбен, матамен эстампаждық көшірмелерін бояу арқылы бояп түсіріп
алу болды. Бұрын жүргізілген эпиграфикалық, археологиялық экспедицияларының
ғылыми есептері мен жазба мәтіндердің эстампаждық сапалы көшірмелері мен сан
алуан фотосуреттері кейінгі зерттеушілер үшін, алуан түрлі мекемелер мен архивтер,
қорларда сақтаулы болғандықтан қолжетімсіз болып келеді. Өйткені, жазба мәтіндердің
алғаш табылған кезеңдеріндегі ілкі көшірмелері аса құнды ғылыми мәліметтерді бере
алады. Қазір сол табылған ескерткіштерідің басым көпшілігі әбден ескіріп, бүлініп,
жоғалып та кеткен. Алғашқы зерттеулерден кейінгі зерттеушілер де осылардың
фотосуреттері мен көшірмелеріне сүйене отырып талдауларын жалғастырған болатын.
Одан кейінгі зерттеушілер де бірінен-бірі қарап, алғашқы әдебиеттерге сүйенумен
шектелді. Сөйтіп ғылыми фиксацияның сыни, қайталай тексерулері мен айқындаулары
мүлдем дамымай кеткен тұстары да бар. Көне түрік жазба мәтіндері көбінесе арнайы
тегістеліп жасалған мәрмер, гранит, кұмдақ тас сынды ұстынтастарда, жартастарда,
45
темір, ағаш, сүйек, қағаз, қыш секілді материалдарда жазылған. Олардың ғылыми фик-
сация әдістері де алуан түрлі болып келеді. Сондықтан да мәтіндерді оқып түсіндіруде
ала-құлалық пайда болды.
Жазба ескерткіштерді жүйелі түрде тіркеу, сақтау, қорғау, тұмшалау, музейлік
маңызды нысанаға айналдыру сынды өзекті мәселелер де сыңар жақты жүргізілді,
тіптен ұмыт болған тұстары да баршылық. Көне түрік жазба ескерткіштерінің таралы-
мы мен қолданыстық аясы бүкіл Еуразияны қамтығандықтан, осы кеңісітіктегі бар-
лық ескерткіштердің толыққанды Атласы немесе ғылыми тіркеулері де жасалын баған.
Мәтіндердің ғылыми зерттеулерінде де көптеген сөз, сөз тіркестері мен этно-
семантикалық жақтары әлі күнге дейін толыққанды зерделенбей келеді.
Көне түрік жазба ескерткіштері жайында қысқаша шолу: Еуразиядағы далалық-атты
көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда-экономикалық қатынастармен қатар
мәдени байланыстар да тығыз болып келді. Оның айқын көрінісі көне түріктердің
соғды жазуын кең қолдануы еді. Әсіресе, Түрік Елінің батыс қанаты (ғылыми шартты
атау бойынша «Батыс түрік қағандығы») аумағында соғды жазуы қолданылды, атап
айтқанда VI-VII ғасырларда Шаш өңірінің түрік билеушілері өз аттарынан шығарып
тұрған тиындарынды атауға болады [15].
Түрік Елінің («екінші түрік қағанаты» деген шартты теріс атауы бойынша)
әлсіреп кеткен тұсында ІХ ғасырларда көне түрік бітік тілінің негізінде соғды жазуға
негізделінген көне ұйғыр бітік жазуы жасалынды. Бұл шетел әліппесі бойынша көне
түрік тілін таңбалаған алғашқы «фонетикалық трансформациялық әліппе» болды. Осы
жазумен көбінесе діни шығармалар жазылды. Бұл жазу өз жалғасын тауып моңғол
империясының да ресми жазуы болып пайдаланылды. Ал көне түрік бітік өзінің
қолданылу мүмкіндігін шамамен ХІІ ғасырға дейін жалғастырған деп айтуға болады.
Еуразиялық кеңістікте ірі-ірі саяси өзгерістермен тікелей байланысты далалық
көшпелі империялардың ( әсіресе, олардың құлдыру кезінде) жазуы да өзгеріп келді
деуге болады. Бұның басты себебі діни-саяси (манихеизм, буддизм, несториан, хри-
стиан, ислам және т.б.), экономикалық мүдделерімен тура байланысты болды.
Көне түрік дәуірінің соғды тілді ескерткіштері. Көне түрік дәуіріне қатысты соғды
тілді біршама ескерткіштер мен деректер бар. Оның себебі, соғды тектестер түрік,
қытай, парсы, византия елдерінің аралығындағы сауда тораптарында дәнекер саудагер
отырықшы қауым болды, манихеизм, будда дінін ұстанушы әрі таратушы семит тектес
жазуды қолданған халық болды.
Түрік елінің алғашқы қағандары ішінде соғдылықтармен ұдайы саяси-эконо-
ми ка лық қарым-қатынастары орнатқандары, әсіресе соғдылықтарды сауда-саттық
қатынастарға жиі пайдаланған тұстары да баршылық. Демек, түріктер мен соғдылықтар
арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарымен қатар мәдени байланыстар,
атап айтқанда, көне соғды жазуын да кеңінен қолданылғаны байқалады.
Көне түріктердің Татпар қаған (571-582 ж.) (бітіктастың үш қапталында көне соғды
жазулы (29 жол), ал төртінші қапталында брахми-санкскрит (30 жол) жазулы), Нири
қаған (587-599 ж.) (көне соғды 20 жол мәтін қашалған) құрметіне арналған мәтіндер
көне соғды жазуында жазылған. Сонымен қатар, Тардұ қаған (576-603 ж.) билік ет-
кен Шаш, Ферғана, Бұқара өңірінен табылған нумизматикалық кешендердің монета-
46
ларында билік иелердің аттары көне соғды жазуында жазылған. Түргеш мемлекеті
(699-766 ж.) кездерінде де аталмыш соғды жазулы тиын-монеталары кеңінен сауда
айналымында қолданылған. Сонымен қатар Ұйғыр қағандығы дәуірінде Ай Тәңіріде
Құт болған Алып Білге Тәңірі Ұйғыр қағанға (808-832ж.) орнатылған көне түрік, соғды
және қытай тілінде жазылған.
Татпар қаған бітіктасы.
Ескі соғды мәтіннің
көшірмесі
(Н. Базылхан, 2004 ж.)
Татпар қаған бітіктасы.
Белгісіз (брахми,
кхароштхи,?) мәтіннің
көшірмесі
(Н. Базылхан, 2004 ж.)
«Хүйіс толгой-1»
ғұрыптық кешені
бітіктасының белгісіз
жазулы мәтіні
(Н.Базылхан, 2003 ж.)
Брахми жазулы ескерткіштер.
Осы орайда Орталық Моңғолия аумағынан 1975
жылы археолог Д.Наваан анықтаған «Хүйс толгой- I, II » ескерткіштерінің мәтін
қай тілде, қандай жазумен жазылғандығы да беймәлім болып келе жатқандығын
атап айтқымыз келеді. Егер бұл жазудың сыры ашылса көне түрік тарихының жаңа
деректеріне қол жеткіземіз деп ойлаймыз [16].
Көне түрік бітік жазулы ескерткіштері. Түрік Елінің ресми жазуы болып табылатын
түрік бітіктің жасалу болмысындағы ғылыми негізді құндылығы мен кемеңгерлігін
мақтанышпен атауға болады. Өйткені бұл көптеген түрік тектес этностардың тіл-
сөйленістерін бір емлеге, бір тәртіпке ықшамдай білген «әмбебап» жазу болды.
Түрік Елінде түрік бітік арқылы бұйрық ету, жарлық шығару, үкім жолдау, мөр-таңба
басу, елші жіберу, хат алмасу және т.б. мемлекеттік маңызды іс құжаттар жүргізіліп
отырды. Қағанның алтынмен апталған таңба-мөрін сақтаушысы–«тамғачы», «алтын
тамған тархан», ал іс құжат хатшысы – «бітікші» деп аталды. Ел тарихы қағандардың
бұйрығымен ұрпаққа аманат ретінде түрік бітікпен қағазға хатталып, тасқа қашалған
«мәңгілік» бітіктастарда («беңгүташ») бәдізделіп айшықталды. «Мың жылдық түмен
күндік бітік жазуыммен біліктілігімді бекем тасқа қашадым» дейді ер жүрек түріктер.
Барлық түрік тектес этностарға ортақ әрі түсінікті түрік бітік тез арада ұланғайыр
аймаққа кеңінен таралып әмбебап жазуға айнала білді.
Түрiк бiтiктiң кеңiстiк аумағы бүгiнгi Моңғолиядан бастап Алтай, Тува, Хакасия –
47
Енисей, Абақан, Кем өзені, Бурятия – Байкөлi, Лена, Саха, Шығыс Түркiстан – Тұрпан
ойпаты, Дунхуань, Миран, Тибет, одан Қазақстан, Қырғызстан, Ертiс, Талас, Iле, Сыр,
Едiл, Жайық өзендерi, Ферғана, одан ары солтүстiк Кавказ, шығыс Еуропаны қамтиды.
Бұл бүкiл Еуразия құрылығын алып жатқан орасан зор аймақ екені белгілі. Көне түрік
бітігі бүгінгі түрік тектес этностардың байырғы рухани мәдениетінің куәсі әрі ортақ
мирасы болып табылады. Демек, көне түрік бітік – дүниежүзі өркениетіндегі шоқтығы
биік ірі мұралардың бірі.
Тарихи деректанулық тұрғыдан «Орхон ескерткіштері» оның ішінде Білге қаған,
Күлтегін, Тонықұқ, Ел етміш қаған (Мойынчұр, Тариат ескерткіші), Тэс, Сүүж және
т.б. бітіктастары мен ескерткіштерінде Орталық Азия тарихына байланысты мол де-
ректер бар. Ал Енисей, Талас ескерткіштерінде тарихи оқиғалардан көрі эпитафиялық
сарындары басым. Тұрфан, Мираннан табылған нұсқаларда діни мазмұны мәтіндері
көптеп жазылған.
Қазір Еуразия көлемінде түрік бітікпен бәдізделіп өрнектелген 800-ден астам ірілі-
кішілі бітіктас, ескерткіштері тіркеліп отыр.
Türük bitig>
Түрік бітік ежелгі таңбалық (графемдік) болмыстан бастау алып, соған
тура негізделініп жасалынған, көне түрік тілінің табиғатын дәлме-дәл таңбалай білген
«фоно-морфемдік» жазу әрі көптеген түрік диалектілерін бір емлеге бағындырған
әмбебап таңба-әріпті, оқылымды ықшамдай алған төте жазу болып табылады. Түрік
бітік Орхон өзені бойында Түрік империясының өрлей бастаған кезінде жасалынғаны
хақ. Ал оның алғашқы ескерткіші ең әуелгі алфавиті теріге немесе қағазға, ағашқа
жазылғаны анық, ол нұсқа бізге жетпей отыр. Оған бір дәлел ретінде Тұрпанның Той-
октан табылған түрік бітіктің таңба-әріптері мен манихей жазуының әріптерінің са-
лыстырмалы мәтінін айтуға болады (IX-X ғғ.).
Қазақстан көне түрік жазулы ескерткіштері қазіргі Қазақстан жерінің Ертіс, Сыр-
дария, Шу, Талас, Жайық сынды өзен алқаптарындағы көне түрік дәуірінің қала,
қалашықтары, жерлеу орындары мен жартастарда жазылған жазба мәтіндер жата-
ды. Атап айтсақ, Үржар, Ертіс, Елек өзендері бойынан табылған қола айналар, Тараз
тас құралы, Қойтүбек (Марқакөл), Таңбалы тас, Ақтерек, Құлжабасы, Кемер, Қотыр,
Баянжүрек жартастарындағы мәтіндер [17].
Талас көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері саны бүгіндері 42-ден астам тіркелген.
Олар Қазақстан, Қырғызстан шекара аймақтарынан табылған көбінесе жұмыр дөңгелек
пішінді тастарға, жартастарға қашалынған («Талас 1-17», «Кочкор 1-25») ескерткіштер
[18;19; 20]. Мазмұны жағынан Енисей ескерткіштерімен ұқсас, эпитафиялық, арнайы
белгілеу жанрлы болып келеді. Осы орайда 1932 жылы Ашықташтан табылған ағашқа
кертіліп жазылған мәтін қазірге дейін толық оқылды деуге болмайтынын айтқымыз
келеді. Осындай ағаш таяқшалар қытай жылнамаларында кездесетін «варварлар (хұндар,
түріктер) ағашты ойып кертіп жазатын» деген мәліметті дәлелдегендей. «Ашықташ»-тан
табылған ағашқа кертіліп жазылған мәтін қазірге дейін толық оқылды деуге болмайтынын
айтқымыз келеді. Бұл мәтін Хазар дәуірінің жазба нұқсқаларына етене жақын.
Енисей көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері қазіргі Енисей өзені бойын-
да шоғырланған. Олар Хакасия, Тыва мемлекеттерінің Енисей, Абакан, Кемчик,
Кем Оя, Элегест және т.б. өзен бойларындағы көне түрік ғұрыптық кешендері,
бұғытастары, жартастары және т.б. жазылған мәтіндер. Жалпы саны 180-ге жуық.
48
Зерттеушілердің пікірінше, аталмыш ескерткіштер VI – Х ғасырларға қатысты, көне
мәтін тілін ғалымдар «ескі хакас», қырғыз, алтай, шор, тыва тілдерімен байланысты-
рады. Біздің пікірімізше, Енисей ескерткіштерінің тілі Орхон, Талас ескерткіштерінің
тілінен тілдік тұрғыдан ала-бөтендігі жоқ, бір ресми жазба тілмен жазылған. Енисей
ескерткіштері мәтіндерінде түрік, қырғыз, түргеш, чек және т.б. этнонимдер атала-
ды. Ең ірі ескерткіштің мәтінінде 400 таңба-әріп бар. Мазмұны жағынан эпитафилық
тағы басқа сарынды болып келеді. Онда әуелі батырдың аты, атағы, оның туған өлкесі,
туыстары және батырлық іс әрекеттері баяндалады [21; 22; 23].
Шығыс Түркістан көне түрік жазулы ескерткіштері қазіргі Шыңжан-ұйғыр
автономиялық ауданы, Тұрпан, Дунхуан, Миран өңірлеріндегі құрылыс қабырғалары,
қыштары, жартас мәтіндері. және қағаз қолжазбалар. Ең ірісі 60 беттен тұратын
«Ырық бітік». Аталмыш ескерткіштер 1902 жылдан бері зерттеліп келеді. Бұл топқа
Нири қаған ғұрыптық кешенінің бәдізіндегі көне соғды мәтінді енгіземіз [24; 25].
Ферғана ескерткіштері 1960 жылдары белгілі болды, олар Исфара, Карамазар, Фер-
ган өңірлеріндегі керамикалық бұйымдарда жазылған 13 –ге жуық ұсақ мәтіндер
[26]. Байкөл, Лена ескерткіштерінің саны 20-дай, бұлар көне түрік бітіктіні солтүстік
аумағын көрсетеді [27; 28].
Алтай ескерткіштерінің жалпы саны – 90. Олар жерлеу орындарынын табылған
заттарда, жартастар, кейбір бұғытастарда қашалынған [29; 30; 31].
Солтүстік Кавказ, Шығыс еуропа ескерткіштері, негізінен эпитафиялық мазмұнды
(100-ден астам). Олардың ішінде Нойд-Сент-Миклош көмбесінің ыдыс бұйымдардағы
мәтіндері де жатады. Осы өңірдің Дунай, Еділ-Дон және Солтүстік Кавказ, Кубан
аумақтарындағы ескерткіштерді бұлғар дәуіріне қатыстылығын зерттеушілер тілге
тиек етеді [32; 33].
Тибет ескерткіштері. Соңғы кездері ҚХР Тибет аумағында Лхаса қаласы монастыр-
лары құрылыс бөліктерінде көне түрік жазулы мәтіндер бар деген хабарлар бар
Болашақта атқарылуы тиісті өзекті зерттеулер хақында: Көне түрік жазба
ескерткіштерінің Еуразия кеңістігіндегі барлық ескерткіштерді ғылыми тіркеу
қажет. Оның толыққанды Атласын жасақтау үшін арнайы ғылыми экспедицияларды
ұйымдастыру керек. Онда сақтау, қорғау, тұмшалау мәселелерін тез арада жүзеге асы-
руымыз керек. Олай жасалмаған күнде аса құңды қайталанбас дүниежүзілік маңызды
тарихи мұраларымыздан айырылып қалу қаупі төніп тұр. Жаңа беймәлім жазулы
кейбір ескерткіштерді де зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болып келеді (Мысалы,
Хүйс толгой -1, 2 бітіктасы).
Түрік бітіктану саласының негізгі міндеттері жайында мыналарды айтуға болады:
- түрік бітіктің түпнұсқалық зерттеулері (ғылыми фиксация, сканерлік, эстампаждық,
фото, сызба көшірмелерін жасау, соның негізінде бітіктастар, ескерткіштердің элек-
трон дық каталог қорын құру, ғылыми-академиялық түрлі түсті атлас, альбомдар мен
эстампаждық атластарын жарыққа шығару және т.б.);
- түрік бітіктің мәтіндік зерттеулері (мәтіндік ғылыми аудармалар, этномәдени
түсініктемелер және лингвистикалық қолданыстық ерекшеліктерін анықтау және т.б.);
- түрік бітіктастар мен ескерткіштердің тарихи зерттеулері (бітіктас, ескерткіштердегі
тарихи оқиғалар туралы);
- түрік бітіктастар мен ескерткіштердің археологиялық зерттеулері (бітіктастар,
49
ескерткіш-кешендердің бұрын табылған және жаңадан іздестіру, олардың пландық
архитектуралық сызбаларын жасау, типологиялық жүйелеу, бітіктастар, ескерткіштер
жасалған материалдарына талдау жасау, бітіктас, ескерткіштердің сақтамы, сақтау,
оларды жаңғырту, тұмшалау сияқты әдістемелік негізін анықтау, қашау, бәдіздеу,
таңбалау әдістері мен жасау құралдарының этномәдени мәнін зерттеу);
- түрік бітіктастар мен ескерткіштердің хронологиялық зерттеулері (бітіктастар
мен ескерткіштердің мерзімін, олардың мәдени ауқымын және қолданыстық болмы-
сын анықтау);
- түрік бітіктің таңбалық-графикалық зерттеулері (таңба-әріптердің фонологиялық,
фономорфемдік құрылымы мен құрамын зерттеу, диалектикалық сөйленістік
ерекшеліктерін айқындау, аумақтық ареальдық таңбалау дәстүрлерін анықтау).
Әдебиеттер:
1. Messerschmidt D.G. Forshungsreise durch Sibirien, 1720-1727. I.-Berlin, 1962.
2. Philipp Johann von Strahlenberg Das nord-und östliche Theil von Europa und Asia,
insoweit das gantze Russische Reich mit Sibirien und grossen Tatarei in sich begreiffeit, etc.
– Stockholm, 1730. – 446.: – tabl. XXI.
3. Inscription de l ‘ Ienissei Recueillies et publiees par la Societe Finlandaise
d’archeologie. - Helsingfors, Imprimerie de la Societe de Litterature Finnoise, 1889.
4. Ядринцев Н.М. Предварительный отчет об исследованиях по р. Толе, Орхону и в
Южном Хангае // Сборник трудов Орхонской экспедиции. I.
– Санкт-Петербург, 1892. – С. 27-40.
5. Inscription de l ‘ Orkhon Recueillies par L’Expedition Finnoise 1890. Et publiees par
la Societe Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Societe de Litterature Finnoise,
1892. – I-XLIX.; pp. 1-47, Tab.1-66
6. Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии. Издан по поруче-
нию Императорской Академий наук В.В. Радловым.– Санкт-Петербург: Типография
императорской академии наук, 1892. Thomsen V. Inscriptions de’L Orkhon dechieffrees.
– Helsingfors, 1896. – С. 97-134
7. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде Күлтегін жайымының
тұсаукесеріндегі сөйлеген сөзі // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына
арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 2001. - 9-11 бб.
8. Мұсабаев Ғ. Көне тілдің көрікті қазынасы. Күлтегін ескерткіші (кіші жазу).
«Жұлдыз» журналы, 1968, №3, 158-160 б.
9. Кляшторный С. Г. История Центральной Азии и памятники рунического пись-
ма. – Санкт-Петербург, Филологический факультет СПбГУ, 2003. – С 560.
10. Аманжолов А.С. Тюркская руническая графика (методическая разработка). –
Алма-Ата,1980.
11. Базылхан Б. Эртний түрэг бичээстэй мутрын тэмдэг // ШУА-н мэдээ. –Улаанба-
атар, 1964. – №1. –С.- 74-75 т.
12. Sertkaya O. F. Göktürk tarihinin meseleleri. Probleme der köktürkischen Geschichte.
Some problems of köktürk history. Türk Kültürü Araştirmalari Enstitüsü Yayinlari:131. seri:
50
IV, sayi: A.40. – Ankara: Ankara üniversitesi basimevi, 1995. – 364s.
13. Бабаяров Г. Древнетюркские монеты Чачского оазиса (VI-VIII вв.н.э.). Издатель-
ство Национальной библиотеки Узбекистана им. А. Навои. –Ташкент, 2007. – С 120.
14. Bazylkhan Napil Unknown Stone Stelas from Mongolia with Brahmi Inscriptions
from Ancient India // India an Kazakhstan. Silk Road Synergy Continues. – New Delhi:
Academic Excellence, 2011. – С. -71-77.
15. Базылхан Н. Древнетюркские письменные памятники Казахстана (памятники
обнаруженные в 1985-2013гг.) // Тюркская цивилизация в эпоху глобализация: взаи-
мосвязь тысячелетий».: сбор. мат. междунар. науч. практ.конф. – Тараз, 2014 г.
16. Табалдиев К., Белек К. Памятники письменности на камнях Кыргызстана. -
Бишкек, 2008. – С 336.
17. Aydın E., Alimov R., Yıldırım F. Yenisey-Kırgızstan yazıtları ve Irk bitig. –Ankara:
BilgeSu, 2013. – С 511.
18. Конкобаев К., Усеев Н., Шабданалиев Н. Атлас древнетюркских письменных
памятников Республики Алтай. – Астана: Ғылым, 2015. – С 368.
19. Васильев Д. Д. Корпус тюркских рунических памятников бассейна Енисея. – Л.,
1983. – С 127.
20. Кызласов И. Л. Рунические письменности Евразийских степей. - М., 1994. - 327c.: ил.
21. Кормушин И. В. Тюркские Енисейские эпитафии. Тексты и исследования. –М.,
1997. – С 303.
22. Le Coq A. von Kokturkisches aus Turfan. Manskrift-fragmente in kokturkischen
Runen aus Toyog und Idiqut-schahari, Oase von Turfan // Sitzungsberichte der Preussischen
Akademie der Wissenschaften. Phil.-hist. Kl. 1909. pp.1047-1059.
23. Osman Fikri Sertkaya, “Kağıda yazılı Göktürk metinleri ve Kağıda yazılı Göktürk
alfabeleri”, Göktürk Tarihinin Meseleleri / Probleme der kokturkischen Geschichte / Some
Problems of Kokturk History // Türk Kültürünü Araştırma Enstitüsü Yayınları: 131, Seri IV,
sayı: A. 40, Ankara 1995, s. 277-292.
24. Бернштам А. Н. Древнетюркские рунические надписи из Ферганы // Эпиграфи-
ка Востока, т. XI, 1956, – С.54-64.
25. Бернштам А. Н. Древнетюркское письмо на р. Лене // Эпиграфика Востока, т.V.
1951. – С. -65-75.
26. Рыгдылон Э. Г., Хороших Ц. П. Новые рунические надписи и знаки Прибайка-
лья // Труды Бурят-Монгольского комплексного научно-исследовательского институ-
та. Историко-филологческая серия. – Вып.6, 1961, –С. -202-213.
27. Кызласов И. Л. Новости тюркской рунологии, выпуск 1. Енисейские надписи на
горе Ялбак-Таш (Горный Алтай). – М., 2003. – С 112.
28. Кочеев В.А. Свод древнетюркских рунических памятников Горного Алтая. -
Горно-Алтайск, 2006. – С 52;
29. Тыбыкова Л. Н., Невская Л. И., Эрдал М. Каталог древнетюркских рунических
памятников Горного Алтая. – Горно-Алтайск, 2012. – С.152. -140-14.
30. Байчоров С. Я. Древнетюркские рунические памятники Европы.
– Ставрополь, 1989. – С 294.
31. Babayar G., Kubatin A. Еski türkçe yazili kuzey kafkasya sikkeleri. Монеты север-
ного кавказа с древнетюркскими надписями – Астана: Ғылым, 2015. – С 174.
|