Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


§62. Дай-шешен: «Есүкей құда қайда барасыз?». Сонда Есүкей батыр



Pdf көрінісі
бет19/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883

§62. Дай-шешен: «Есүкей құда қайда барасыз?». Сонда Есүкей батыр:
- Менің ұлымның нағашысы Олқнұт елінен қыз айттыруға бара жатырмын, - дейді.
- Мына ұлыңның көзі отты, шырайы нұрлы екен, - дейді Дай-шешен. Содан кейін:
- Есүкей-құда, өткен түнде мен бір түс көрдім. Түсімде Ай мен Күнді шеңгелдеп 
ұстаған бір ақ сұңқар қолыма қонған екен деймін. Ай мен Күнді біз көзбен көруші 
едік. Ай мен Күнді ақ сұңқар шеңгелдеп әкеліп, менің қолыма қонуы неткен ғажап?! 
Қандай жақсылық кездесер екен деп басқаларға түсімді бөліскен едім. Есүкей-Құда, 
балаңызды ертіп келгеніңіз менің осы түсімнің жоруы болғай. Сіздің Қият руының 
қасиетті киесі келіп маған түс болып көрінген болар» (МҚШ. §63).
Есүкей-құда, үйге кірелік. Бүлдіршіндей қызымды да көріңіз!,-деп Есүкейді үйіне 
ертіп кіреді (§65). Дай-шешеннің қызын көрсе, жүзі ажарлы, жанары отты екен. Есүкей 
батырға  ұнайды.  Міне,  осы  Қоңыраттың  Қоралас  руының  қызы  Бөрте-үжін  (Кейін 
Бөрте-ана атанады). Құрсағынан Жошы, Шағадай, Өгедей, Төле іспеті арлан батыр-
лар, Орда-ежен, Бату, Күйік, Құбылай, Мөңке, Құлағу, Илхан елін басқарған Абака, 
кейін  қазақ  хандығын  орнатқан  Керей,  Жәнібек,  Қасым,  Абылай,  Кенесары  сияқты 
хандар туып шықты.
Міне, осылайша ежелгі оғыздардың кейінгі ұрпағы қоңыраттың үш ұлынан тараған 
қыздар әулеті Қарт Азияның «алтын құрсағы» атанды. 
Эргунэ-хунга  келіп  алғаш  қоныстанушылардың  ішінде  қоңырат  тайпасының                              
атауы аталмайды. Керісінше олардың баба тайпасы Дарлекин (Динлин), оның бабасы 
нүкүздер көрсетілген. Ал кейін 400 жылдан соң Эргүнэ-хуннан шыққанда олардың 
орнына қоңырат тайпасы көрсетілген. Демек, Эргүнэ-хунга барғандар Дарлекиндер 
мен Қият деп аталатын түрік тайпалары болып табылады.
Бөрте-чонның  қосағы  Құба-марал  Теңіз  суын  кешіп,  арып  ашып,  азап  шегіп, 
Байкалдың солтүстігіндегі Амур бойындағы Эргуне-қон аңғарынан келген. Бөрте-чино 
мен оның жары Құба-Маралдан тараған Довун-мергенге дейін 12 буын ұрпақ өтіпті. 
Әр ұрпақты 25 жылмен есептесе 300 жыл. Демек, алдыңғы Довун-мергеннен Шыңғыс 
ханға дейінгі 325 жылға 300 жылды қоссақ 625 жыл. Шыңғыс хан билік құрған 1200 
жылдан 625 жылды алып тастаса б.ж.с. 575 жылдары Эргунэ-қоннан келген болып 
шығады. Эргуне-қонға  ту баста нукуз (дарлекин), қият деген екі тайпа  барған. 400 
жылдан соң жетпіс бұқа мен жылқының терісінен жасалған дәу тұлып көрікпен тау-
ды ерітіп шыққанда дарлекин Қоңыраттар төзімсіздік танытып көріктің күлін шашып 
жол бастап шыққан (РАА. Т.І.І.с.154). Содан кейін Қияттар еріп шыққанын Рашид-ад-
диннің «Жылнамалар жинағында» баяндайды. Рашид-ад-диннің еңбегінде екі түрлі 
Нүкүз  болғанын  баян  еткен  бірі  ежелгі,  ертедегі  нүкүздер.  Ол  туралы  жылнамалар 
жинағында: «... кроме того, называют еще Нукуз; нукузами также называют другое 
племя-дарлекин» (РАА.т.І.І.184) десе осы еңбектің екінші томында: «... Племя чинос 
еще называют нукуз. Это племя иное, чем те нукузы, которые суть древние, и, кроме 
имени, оно не имеет с теми ничего общего и никакой связи» (РАА.Т.І.ІІ.с.25). Ежелгі 
Қытай  деректерінде
月氏
деген  иероглифпен  берілген  қытай  дерегін  алғаш  ақтарып 
орыс тіліне аударған Н.Я. Бичурин бұл иероглифтерді «Юэчжы» деп оқыған. ж.с.б. 


41
Оғыз (скиф/сақ)-дардың бір бөлігін тағы да
月氏
деп жазып «иуүйжы» деп оқыған еді. 
Кейінгі кездегі ежелгі Чжоу, Хань, Тан дәуірінің иероглифтерінің дыбысталу сөздігін 
жасаған Карлгерн, Говэ Ши-Лян, Э. Пуллибланк транскрипциясы бойынша шығыстың 
(қытай) ғалымдары «Нүкүс» деп оқып қалыптастырды. Шыңжан Қазақ зерттеушілері 
де бұл сөзді «Нүкүс» деп транскрипция жасаған (ҚЖҚТД. 2006. Беті.246). 
Ал екінші мәрте атауы аталып отырған нүкүздер Алун-Құба құрсағынан тараған 
Нирун тобының руларының бірі. Бұлар ежелгі нүкүстер емес.
Ежелгі  Нүкүздерді  ж.с.б.117  жылы  Хуннудың  (Күн  империясы)  Бумын  (Моудун-
Мөде)  қағаны  Нүкүстерді  талқандайды.  Нүкістер  осыдан  кейін  екі  бөлініп  негізгі 
бөлегі Тәңіртаудан Жетісуға, одан Сырдария, Амударияға өтіп жеткен. Бұларды Қытай 
деректерінде  Да-Нүкүз  (үлкен  нүкүз)  (Бичурин  еңбегінде  Да-Юечжы)  деп  атаған. 
Олардың  Гансу  дәлізінде  қалғандары,  кіші  Нүкүз  деп  аталған.  Моңғол  үстіртіне 
өтіп  Динлиндермен  көршілес  өмір  сүре,  кейін  сол  динлиндердің  құрамына  кірген 
(Қ.Сартқожаұлы.  2016.б.44-49).  Динлиндер  кейін  шығысы  Байқал  көлінің  шығыс 
оңтүстік бетінде Барғужин-Төкімнен Саян (Енисей дариясының жоғарғы жағы), Саян-
Алтай, Алтай жотасы, одан Балқаштың батыс шегіне дейінгі аралықта ж.с.б. І – б.з. 
ХІІ ғғ  аралығында мекен еткен. Рашид-ад-дин жылнамасындағы Нүкүздер осы Динлин 
тобының қарамағында болған тайпалар. Нүкүздер ежелгі Сақтар (Оғыздар). Көздері көк, 
өңдері сары, қызылсары прототүріктер. Динлиндер де көк көзді, өңі ақсары, шаштары 
қызыл жирен, сары түсті болған.
Демек, Динлиндер кімдер, Қытай дерегіндегі бұл атау кейінгі Шыңғыс ханға дейінгі 
дәуірде қалай аталған? Осы мәселені ізденіп көрелік. 
Рашид-ад-диннің  «Жылнамалар  жинағы»  еңбегін  І,  ІІ  томының  (парсы  тілінен 
орысшаға  аударған  Л.А.Хетагуров,  А.А.Семенов).  Кіріспесін  жазған,  атақты  иран-
танушы, академик И.Петрушевский: «Рашид-ад-дин, выделяя особые две группы 24 
племени  огузов-тюрков,  которые  считались  происходившими  от  огузов  (кыпчаки  и 
др), объединяя по генеалогическому признаку две группы монгольских племен: дер-
лекин и нирун ... кроме того, ряд кочевых племен, которые, как говорит Рашид-ад-дин, 
раньше не причислялись к монголам («моңғол» деген саяси атау алғаннан кейін 100 
жыл өткен соң, ХІҮ ғасырдың басында РАА-ның түсінігінде – Қ.С.), но уже имено-
вались ими во времена автора он объединил в две группы: племена, имевшие раньше 
отдельное политическое бытие и независимых предводителей (джалайры, татары, ой-
раты, меркит и.др.), и племена, сами стоявшие в свое времяво главе государственных 
объединений и племенных союзов» (РАА.Т.І.І.с.28.) деген тұжырым жасаған еді.
Дарлекин  тобына  кіретін  жалайр,  сунит,  татар,  меркіт,  күрлүт  (курлаут),  тулас 
(төлес), тумат (түмэд), булагчин (булғындық), керумчин (белковчик-тиындықтар), ур-
сайт (ор-сауыт), тамгалық (таңбалықтар), тарғут (тұрғақтықтар), ойрат (ормандықтар), 
теленгит, кестума (кеш тумалықтар), урянка (өрүн-қай – сары қайлар), Құрхан (Құр 
хандықтар), суқайт (су қайлықтар) сияқты 20 хандықтар мен тайпалық одақтар, тай-
палар қамтылған (РАА. Т.І.І.б.77). Бұлардың сыртында Моңғол бірлестігі құрылмай 
тұрған дәуірде, түркі текті дарлекин тобының қоңырат, уриянхат, уриат, һүшин (үйсін), 
сүлдүс (сүлде), илдүркен (ел-төркін), баят, кингит (кіңіт) іспетті тайпалық Одақтар 
Орталық  Азияда,  жоғарыдағы  тайпалармен  көршілес,  қатарлас  өмір  сүрді  (РАА. 


42
Т.І.І.б.153-177). Олардың мекені жоғарыда сөз еткеніміздей Байкалдың солтүстігі мен 
оңтүстігі, шығысы Амур-мөрөннің аяғы, Эргэнэ-қон бойы, Барғужин-төкім, Солтүстік 
Моңғолияның  Көпсукөл, Сэлэнгэ бойы, Оңтүстік Сібір, Кем (Енисей) бойы, Саян, Са-
ян-Алтай, Алтайдан Балқаштың солтүстігіне дейін созылып жатқан алып аймақ.
Бұлар туралы Рашид-ад-дин: «Их внешний облик и язык похожи на внешность и 
язык монголов (ХІҮ ғ.басында), потому что в то древнее время (Шыңғыс хан құрған 
Моңғол империясы орнаудан бұрын – Қ.С.) монголы были народом, принадлежацим к 
тюркским племенам» (РАА. Т.І.І.б.92).
ХІІІ ғасырдың соңында ХІҮ ғасырдың басында ашық жазып қалдырған. Сол дәуірде 
патшаның,  соның  ішінде  бүкіл  әлемді  уысында  қан  жұтқызып  ұстаған  Шыңғыс 
хан әулетінің тарихын бұрмалауға, қателік жіберуге кімнің шамасы жетпек? Әрине, 
ешкім де қате жазуға құқы жоқ. Титтей де қателік жіберсе сол адамның басы алы-
нады. Сондықтан Рашид-ад-диннің басшылығымен, Болат-Чинсан іспетті тарихшы-
шежірешілердің бас болып жазған «Жылнамалар жинағына» күмәнмен қарап, тарих-
ты бұрмалаудың қажеті шамалы.
«Жылнамалар жинағында» дарлекин тобына кіретін тайпаларды, олардың рулары-
на  дейін  атын  атаған  сайын  дарлекин  екенін  қайталап  көрсетіп  отырады.  Мысалы, 
жетпіс курень Жалайыр, Қоңыраттың үш ұлынан тараған қоңырат, олқынұт, қоралас, 
қораластан  тараған  баяут-қоралас,  қият-қоралас,  ухулт-қоралас  т.б.  хандықтарды, 
тайпалар  одағын,  тайпаларды,  руларды  дарлекиннен  тарайтындығын  тайға  таңба 
басқандай жазып қалдырып отырған. Дарлекиндер мекендеген жоғарыда біз сөз еткен 
аймақта өмір сүретін тұрғылықты тайпаларды қытайдың көне тарихи жазбаларында 
әлде неше мәрте, бір неше нұсқамен белгілеген. 
Шыңғыс ханға дейін Хорылар да, Түмэдтер де жеке-жеке дарлекиннің ұсақ рула-
ры болған. Тайпа дәрежесінде болмаған. Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағында» 
Шыңғыс  ханға  дейінгі  іргелі  тайпалардың  ішінде  Хоры-түмэд  тайпасының  аты 
аталмаған.  Шыңғыс  ханға  Қорлардай-мерген  адал  қызмет  көрсеткені  үшін  хоры-
лар  мен  түмэд  руларының  басын  қосып  Шыңғыс  хан  сый  ретінде  (сойырқыл)  тай-
па құрып берген. «Моңғолдың Құпия шежіресін» жазушы автор бұл арада қателесіп 
Алун-Құбаны  Хоры-түмэд  тайпасының  тумасы  етіп  жазып  жіберген  сияқты.  Ал, 
қораластар Моңғол империясынан бұрын Орталық Азияда өз орнын иеленген тайпа. 
Қораластардың шежіресі бабасынан басталып толық жазылған. Хоры-түмэдтерде он-
дай анық шежіре жоқ.
Қоралас тайпасынан Шыңғыс ханға дейін және кейін көптеген батырлар, мыңдық, 
түмендік  қолбасшылар  көп  шықты.  Орталық  Азия  тарихында  аты  белгілі  атақты 
тайпалардың  бірі.  Тарихи  дерекке  сүйенсек  қораластың  арғы  ата-бабалары  Нүкүс 
(юэчжи)  →дарлекин  (динлин)→қоңырат→  қоралас  болып  келеді.  Қоңыраттар  орта 
ғасыр дәуірінде бүкіл көшпелі  ұлыстардың Алтын құрсағы атанды.
Әдебиеттер: 
1.  Бичурин  (Иакниф).  Н.Я.  Собрание  сведений  о  народах,  обитавших  в  Средней 
Азии в древние времена. Т. І. М-Л. 1951.
2. Говэ Ши Лян. Қытай иероглифінің ежелгі дыбысталуы. –  Бейжін, 2010.


43
3. Дуана Лиань Чэн. Сюнну дәуіріндегі динлиндер // Шинжань Қоғамдық ғылыми 
журналы. 1987. № 6.
4. Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии. – Новосибирск. 1981.
5.  Pulleyblank  Edwin  G.  Lexicon  of  Reconstructed  Pronunciation:  In  Early  Middle 
Chinese, Late Middle Chinese, and Early Mandarin. Vancouver. 1991.
6. Таскин В.С. Материалы по истории Сюнну. Т.І. М., 1968; Т.ІІ. 1973.
7. Сартқожаұлы Қ. Объединиенный каганат Тюрков. – Астана, 2002.
8. Сартқожаұлы Қ. Үйсін хандығы. – Алматы, 2016.
9. Монголын түүхийн нэвтэрхий толь. Т.І. УБ, 1998.
10. Очир А. Монголчуудын гарал нэрчил. УБ, 2012.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет