Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ТҮП - ЖӘНЕ ТЕКТҮРІК ОРТАҚТЫҚТЫ  ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет8/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ТҮП - ЖӘНЕ ТЕКТҮРІК ОРТАҚТЫҚТЫ  ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ, 
АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ, МИФТІК, ЭПОСТЫҚ, АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДЕРЕКТЕРДІ СӘЙКЕСТЕНДІРЕ 
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӨЗЕКТІЛІГІ
 
 
 
Е.З.Қажыбек
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры,
ф.ғ.д., профессор
Түрік1  компаративистикасының  байырғы 
түп-
  және 
тек-
  ортақтығы2  жөніндегі 
ой-тұжырымдардың  жосығын  уақыт  тереңдігі  тұрғысынан  қарастырғанда,  шама-
мен, ол кезең скиф пен сақтардың және ғұндар дәуірімен толық сәйкесетінін, яғни 
синхрондығын,  сөзсіз,  мойындауымыз  керек  болады.  Тіпті,  қажет  болса,  адамзат 
тарихындағы ең көне мәдени ошақтары болып есептелетін шумер, этруск, көне Мы-
сыр, Бактрий, Харапп, көне Үнді, көне Ұрым (Грек, Рим), көне Иран, көне үнді-еуропа, 
эламдармен  де  ерте-тектүрік  (ерте-прототүрік)  заманы  тоқайласатынын  ғалымдар 
айқын  көріп  тұрса  да,  әлі  де  жеке  дара  зерттеу  объектісі  ретінде  ешкім  бұл  келелі 
мәселені бажайластырып зерттеген жоқ.
Алайда,  біршама  түріктанушы  ғалымдардың  атын  атаған  жөн.  Олар  ‒  әзери3 
компаративисттері  ‒  проф.,  др.  Вағиф  Асланов  және  Айдын  Мәмедов,  құмық 
көнедравидші  әрі  көне  жапоншы  түріктанушы  Қалсын  Қадыражы,  протобұлғаршы 
чуваш Николай Егоров, грузин көнетүрікші ғұнтанушы Иван Шервашидзе, көнежапон 
тілінің маманы мәскеулік қазақ Ерғали Әзірбай, корей этимологі Ко Сон Му сынды та-
нымал тұлғалар. Олардың баға жетпес еңбектері түп- және тектүрік ортақтық пробле-
масын жорамал деңгейнен арылтып, толыққанды теориялық жүйе биігіне шығарды.
Осы  орайда,  қырғыз  ғалымдардың  атын  ерекше  атаған  жөн  деп  есептейміз.  Ол, 
шынтуайтына келсек  ‒  отандық тарихи тіл білімінің негізін салушылардың бірі  ‒  
Болот Мұратәлі Юнусалиевтің есімі.
1Түрік
  терминін біз бұл мақалада әдейі тек қана ортақ  
түрік
  және  
түркі
  мағынасында қолданып отырмыз. 
Өйткені, бүгінгі қолданыстағы  
türk  ~  türik  ~  türki  ~  türkí// тюрок  ~  турок  ~  туркú  ~  тюркú  //  түрік  ~  
түркі  ~  түрк  //turkish  ~  turkic  ~türkе  ~  türkisch  ~  turc
 ж.б. атауларымыз, таза ғылыми тұрғыдан алғанда, 
әбден шатасып кеткенге ұқсайды. 2007 жылы халықаралық «Қазақ тілінің тарихы: алтай дәуірі ‒ прототүрік кезеңі 
‒көнетүрік ескерткіштері» атты ғылыми басқосуда Мажарстан, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан 
ғалымдары қазақ қаламдастарының ұсынысын қолдап, бұдан былай «түрік» және «түркі» («турецкий» мен «тюрк-
ский») дегенді, енді, бір-ақ ортақ  
түрік
  терминмен беруге уағдаласқан.
2Ортақтық
  ‒  community, общность.
Тек-
    ‒    proto-,  прото-;    ең  байырғы  тектілдік  ортақтық  деңгейі, 
protolanguage  community;
  шамамен  б.з.б.  5-10 
мыңжылдықтарды қамтиды. Одан әрісі  ‒  «кейінгі түпалтай» (поздне-праалтайский) ортақтықпен деңгейлес меже.
Түп-  ‒  pra-, пра-;  байырғы түптілдік ортақтық деңгейі, pralanguage community; шамамен б.з.б. 1-5 мыңжылдықтарды 
қамтиды. Одан әрісі  ‒  «кейінгі тектүрік» (поздне-прототюркский) ортақтықпен деңгейлес меже.
3Бұл жерде біз, біле тұрып, әдейі кәдуілгі қолданыстағы  
әзірбайжан
  сөзін пайдаланып отырған жоқпыз;  өйткені, 
дұрысы, халық аты  ‒  
Әзер, Әзери
  екені Әзірбайжан елінің азаматтарына жақсы мәлім. Ақиқаты,  
Әзірбайжан  
дегеніміз  ‒  жердің, мемлекеттің аты, мысалы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия сықылды. Бұндай «қателіктер»  
‒    бұрынғы  кеңестіктің  сарқыншақтары,  жоғарыдан  төменге  күштеп  енгізілген  шатастыру  мен  “былықтыру” 
саясатының жұқанасы.


16
Шындығын айтсақ, Б.М.Юнусалиевтің бұл маңызды ғылыми салаға қосқан үлесі 
күні  бүгінге  дейін  тек  қана  толық  ескерілмей  ғана  жатқан  жок,  ғалымның  ашқан 
жаңалықтары  тиісті  деңгейде  ұғынбай,  түсінбей,  іске  асырылмай  жатқанын  ашық 
айтқан абзал.
Тек қана бірер тың ой-пікірлерін атап өтуге рұқсат етіңіз.
Біріншісі,  түрік  компаративистиканың  іргетасы  болып  есептелетін    ‒    бір  буынды 
моносиллабтың  құрамы  жөніндегі  ұстанымы.  Жоғарыда  аты  аталған  және  көптеген 
есімдері аталмаған болса да, көпшілікке жақсы мәлім ресейлік және шетел ғалымдары 
(және бұлардың қатарына кірігіп кететін «орыс ойлы», «еуропашыл» өзіміздің біршама 
мамандарымыз)  аталмыш  тіл  тарихы  проблемасына  келгенде,  негізінен,  үнді-еуропа 
тілдерінің бетке ұстар қағидаларының әсерінен шыға алмай, грамматика-фонетика-фоно-
логия-лексикология-семасиология ережелерін де соларға бағындырумен әлек болатыны 
белгілі. 
Бұл тұрғыдан келгенде, бір буынды сөз варианттарының дыбыстық алмасуларын 
тәптіштеп баяндаған жағдайда корреляттар міндетті түрде жеке морфологиялық фор-
манттар болып шыға келеді.
Қарапайымдап айтсақ, бұл қисын бойынша, түптеп келгенде, бір буынды түбіріміздің 
дауыссыз + дауысты + дауыссыз бөліктері, әр үшін де, анлаут, инлаут және ауслаут дыбыс-
тары  ‒  назарыңызды тағы да аударамыз: үш дыбыстың әрқайсысы  ‒  классикалық морфе-
ма ретінде қабылдану керек. Яғни, бұл ретте, түбіріміз мүлде жойылып, шайылып кеткен-
дей болады да, моносиллабымыздың құрамы тек қызметтік жұрнақтардан құрастырылған 
болып түсіндірілу тиіс. Қысқасы  ‒  үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жәйт.
Басқаша  көзқарас,  бұндай  дыбыстық-семантикалық  құбылуларды,  сол  баяғы 
«орыс» немесе «еуропабасты» қаламдастарымыздың пайымдаулары бойынша  ‒  жай 
фонетикалық дыбыс алмасулары деп қабылдағанымыз жөн делінеді. Әдетте, бұл ой, 
жоғарыдағы  ұсынысқа  қарама-қайшы  пікір  болып  есептелсе  де,  адасушылық  пен 
тығырыққа тіреуден басқа жолға ізденушілерді ілгерілетпейді.
Осы жоғарыда келтірілген екі бағыттың да ақылға қонарлық тұсы жоқ екені айқын 
көзге ұрып тұрса да, соған қарамастан, осы екі тұжырым бүгінгі біздің тілшілеріміздің 
оқулықтары мен зерттеулерінде сан рет қайталануда.
Болот Мұратәліұлының ұстанымдарын ескере және сәл дамыта сипаттап, тұжыра 
атап  көрсек:  түрік  моносиллабы  мен  екі  буынды  көне  тек-  және  түптүбірлерде 
кездесетін дыбыс пен семантикалық корреляттары  ‒  фонетикалық та, грамматикалық 
та  құбылыстары  емес.  Олар,  сайып  келгенде,  таза  дыбыстық  алмасулардан  «өсіп 
шығып»,  қол  үзіп,  айырылып,  жоғары  көтеріліп,  соған  қарамастан,  әлі  де  таза 
морфологиялық  жұрнақтық  қасиет-қызметке  жетпеген,  жетілмеген,  дамымаған 
феномендері  болып  қабылдану  шарт.  Яғни,  олар  фонология  мен  морфология  ара-
сында  «қыстырылып»  қалған  нағыз  сөзтудырушы  әлеуетке  ие  морфонологиялық 
құбылыстары деп заңдастырылу қажет. Және түрік морфонологиясы  ‒  фонология 
мен морфонологияның қоспасы, екі ортасы емес. Түрік морфонологиясы  ‒  жеке дара 
пән, өзіне сәйкес жүйесі де заңдылықтары бар дербес тілдік қатпар.
Бұл  классификацияның  орасан  мән-мазмұны  мынада.  Осы  ұстанымды  ғана 
басшылыққа  алған  кезде    ‒  тың  әрі  зерттеу  объектінің  төл  табиғатына  тән  түрік 
сөзжасам қағидаларын жаңадан жасақтау мүмкіншіліктеріне қол жеткіземіз.


17
Екінші Болот Мұратәліұлының жаңалығы  ‒  түрік тілінде зат және сын есім түбірі  ‒  
етістік түбірімен біртұтас болу мүмкін және керісінше, етістік те, өз кезегінде,контекст 
талабына сәйкес есімге айналу мүмкін.
Басқасын былай қойғанда, бұл бағзы замандарға тән құбылыс модель ретінде күні 
бүгінге дейін кеңінен пайдалануда.
Ғалымдар  бұны  «синкретизм»,  «етістік-есімдік  омонимия»,  «лексика-грамма-
тикалық  омоморфизм»  ж.б.  терминдермен  атайды.  Не  десе  де  о  десін,  алайда,  бір 
шындықтың  басы  ашық  ‒  орыс  және  үнді-еуропа  грамматикасының  құрылысына 
бұндай  ереженіңсыюы  түгілі,  жәй  қарастырылудың  өзі  мұң,  еш  ақылға  сыймастық 
мәселе екені дау туғызбайды.
Дәлірек айтқанда, біздің қазіргі тіл ғылымымыздағы негізгі сөз таптарына байла-
нысты теориямыздың басты принциптері ‒ біздің туған тіліміздің төлтума табиғатына 
мүлде тән емес дүние. Олар, ең алдымен ‒ бөгде тілдік құрылыстың айнасы, бөтен 
қағидалардың сыңары.
Осы екі қысқаша атап өтілген мәселенің өзі есті адамға талай ой салары анық.
Бұған қоса, осы көнеден бастау алған екі өзекті, басты, іргелі мәселе  ‒  диахронды 
этимологиялық зерттеудің темірқазығы десек, артықтық болмас. Сатылап бағзыдан бері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет