Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
Д. Қ. Қыдырәлі 
Халықаралық Түркі академиясының
президенті, т.ғ.д., профессор
Құрметті ғылыми қауым!
Сіздердің баршаңызға алқалы жиынның ашылуымен шын жүректен құттық таймын!
Түркі халықтарының рухани өмірінде айрықша орын алатын, түпкі тарихы тереңнен 
бастау  тартатын  әліпби  мәселесі  әрдайым  түркі  өркениетінің  бірегейлігін  сақтауға 
үлес қосатын алтын баспалдақ болып келгені аян. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміз қолданып келген 
әліпбилердің  тарихына  тоқтала  келе,  латын  жазуының  бүгінгі  адамзат  мәдениетін 
дамытуға  тигізіп  отырған  иігілікті  ықпалы  мен  мүмкіндігін  байсалды  бағалап, 
мемлекетіміздің болашағы үшін жаңаша таңдау жасау керек екендігін тұжырымдады.
Бүгінгі өткізіліп отырған халықаралық ғылыми-практикалық конференция осы се-
бептен де күн тәртібінде тұрған өзекті мәселені мамандардың талқысына ұсынуымен 
бағалы. Бүгіндері латын әліпбиі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен 
ықпалдастығының  кең  өріс  жаюына  қызмет  етіп  келеді.  Латынға  көшкен  бауырлас 
елдердің тәжірибесі мен тағылымын әлі де жан-жақты зерттеу мен талдау аса қажет. Бұл 
орайда латын әліпбиін зерделеумен шұғылданып жүрген білікті мамандарымыздың, 
тілші ғалымдарымыздың еңбегі бір төбе.
Өздеріңізге  мәлім,  Халықаралық  Түркі  академиясы  қасиетті  қара  шаңырақ 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарымен ұдайы бірлікте берешегі 
мол ісшаралар өткізіп келеді. Біртуар ғалымдар, академиктер Ә.Қайдари, Р.Сыздықов, 
Ә.Құрышжановтар қазыналы кітап қорын академиямызға табыстап, бұл рухани байлық 
түркі әлемінің жас түркологтарының ізденісіне тамаша жәрдем еткенін мақтанышпен 
айта аламыз. Академия жобасы аясында филология ғылымдарының докторы, профес-
сор Әлімхан Жүнісбектің жетекшілігімен «Ортақ түркі латын әліпбиі» еңбегі дайын-
далды. Академия жуықта II Ұлы дала гуманитарлық форумын өткізбек. Осы алқалы 
жиында ортақ латын әліпби туралы іргелі еңбектің тұсаукесері өтетін болады.
Өздеріңізге ыстық ықыласымды жеткізе отырып, конференция жұмысының жоғары 
деңгейде өтуіне тілектестігімді білдіремін.
                          
       


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет