Қазақ жазуының тарихы.
Латын графикасы негізіндегі қазақ ұлттық әліпбиі туралы мәселелер
ТӨЛ ДЫБЫС – ТӨЛ ӘЛІПБИ
Ә.Жүнісбек
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, ф.ғ.д., профессоры
Ел – бүгіншіл,
менікі – ертең үшін.
А.Байтұрсынұлы
Жазудың сөздің айтылым үлгісіне ықпалы зор екенін ескерсек, жазу жүйесін
қалыптастыруға жауапкершілікпен қарау керек. Жазу ережелері (әліпби құрамы, таңба
үлгісі, емле-ережесі) сол тілдің ішкі табиғи заңдылықтарына телінгенде ғана жүйелі
жазу шығады. Ең бастысы, дыбыстың таңбасы сол дыбыстың артикуляциясынан (жа-
салымынан) шығу керек, ал бүгінгі әліпби түзушілер дыбыстың естіліміне қарап таңба
белгілеп келеді. Сондықтан да әліпби үлгісінде көп жаңсақтық кетіп қалып жатады.
Жазу табу - араға ғасырлар салып барып ілуде бір туатын даналардың ғана қолынан
келетін шара. Славян жазуын Кирилл мен Мефодий тауып берсе, бүкіл түркі жұртына
үлгі болған қазақ жазуын жалғыз Ахмет Байтұрсынұлы жеке шешті. Бұл жерде Ахаң
ұсынған араб әліпбиінің тұрқын айтып отырған жоқпыз. Ахаңның қазақ тіліне дән
лайық жазудың емле-ереже қисынын тапқанын айтып отырмыз. Ахаң тапқан жазу
қисыны әліпби таңдамайды, өзімізге белгілі кез келген әліпбиді Ахаң қисынына са-
лып, қазақ тіліне пайдалана беруге болады. Сондықтан біз тілтанымға (лингвистикаға)
«Байтұрсынұлы қисыны» немесе орысша айтсақ «эффект Байтұрсынова» деген
дәйектеме енгізіп отырмыз (ғылымдағы жаңалық сол жаңалықты ашқан адамның
атымен аталатын дәстүр бар). Ахаңның жазу қисынын кезінде орыс ғалымдары
математикалық формулаға салып, әлемдегі ең озық және ең ықшам әліпби деп
бағалаған. Сөйтіп өзге көпшілік жұрттың ойына кіріп шықпайтын, көп пенденің
қолынан келмейтін жаңалық ашылды.
Ал енді, жасыратыны жоқ, латынға көшетініміз белгілі болды. Ендеше осы елдің
азаматы ретінде, осы жазу саласының маманы ретінде біз бұл шаруадан шет қала ал-
маймыз. Ондағы мақсат - латын жазуына дұрыстап көшу.
Мұндай шешімнің тағы бір себебі бар. Қазіргі кезде латын әліпбиіне өтудің ондаған
жобасы бар. Бір жобаны бір кісі, енді бір жобаны ұжым болып ұсынып жатқан
авторлардың саны жүзден асты. Сонда бұл - неғып қаптап кеткен «байтұрсыновтар»?
Тіптен қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін білмей жатып, жоба ұсынып жатқандар
бар. Әріп пен дыбыстың айырмашылығын білмей жатып, дыбыс пен әріпті шатастырып
жатып, жоба ұсынып жатқандар бар. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 таңбаны қайтсем ком-
пьютер түйметақтасының 26 түймешесіне сиғызамын деп әлек болып жатқандар тағы
бар. Жоба ұсынушылардың бәрі дерлік әліпби ауыстыруды кирилше бір таңбаны ла-
тынша екінші таңбаға алмастыру ғана деп ұғып отыр. Бұл - әліпбидің бас қатырмайтын
190
ең оңай тұсы. Сондықтан да ұсынылған жобаларда ешқандай тілдік дәйектеме жоқ.
Осының бәрін көре отырып, қалыс қалуға дәтіміз шыдамады. Себебі әліпби ауыстыру
бір таңбаны екінші таңбамен алмастыру ғана емес. Ең бастысы, әліпби ауыстыру де-
ген соқыр (механикалық) көшірме емес.
Әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар:
-бірінші - дыбыс деңгейі,
-екінші - таңба деңгейі,
-үшінші – емле-ереже деңгейі.
Дыбыс – тілді өзге тілдерден бөлектеп тұратын тұрқы (бейнесі), таңба сол дыбыстың
қауызы – қорғанышы мен оққағары, еміле – дыбыс пен дыбыстың басын қосып, сөзді
сөз етіп тұратын дәнекері.
Егер біз әліпби құрамын өзгертетен болсақ, онда оның ар жағындағы таңба және
емле-ережелеріне де өзгеріс ендіруіміз керек. Таңбаға өзгеріс ендіретін болсақ, онда
оның емле-ережеге әсері қандай болмақ, алдымен соны ойлап алуымыз керек. Бұл -
тіл мамандары мен әдіскерлердің шешетін мәселесі.
Латын әліпбиін дайындау үшін ең алдымен қазақ тілінің төл дыбыс құрамының
басын ашып алу керек. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамы төмендегідей:
А а
Ә ә П п
Б б
М м
Ы ы І і
Т т
Д д
Н н
Е е Қ қ (-К к) Ғ ғ (-Г г) Ңң
Ұ ұ
Ү ү С с
З з
Р р
О о
Ө ө Ш ш
Ж ж
Л л
Й й
У у(w)
Осы дыбыстардың сыртынан қазақ дыбысын іздеп әуре болмау керек. Ендеше қазақ
тілінің латын негізіндегі ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИІ де тек осы құрамда болу керек. Егер осы
құрамға төркіні бөлек бір дыбыс еніп кететін болса, онда қазақ тілі дыбыстарының
бүкіл жүйесі (системасы) – фонетика (дыбыс құрамы), лексика (сөздің үндесім әуезі),
морфология (морфем тұрқы, буын, тасымал), синтаксис (әуен ырғағы) – бұзылады.
Сондықтан да кірме дыбыстарға өз алдына таңба ретінде белгіленеді.
Әліпби таңбаларының негізі ретінде түркі мемлекеттері ұсынған және Түркі ака-
демиясы қолдап отырған ортақ әліпби болу керек. Ондағы мақсат – егер түркі жұрты
латын әліпбиіне көшетін болса, дыбыс таңбаларын осы ортақ әліпбидің ішінен алу ке-
рек болады. Сонда түркі жұрты бірінің жазуын бірі оқи беретін болады. Әрине сөздің
оқылымы әртүрлі бола береді, бірақ сөздің жазылым тұрқы бәріне түсінікті болады.
Сөйтіп түркі жұртына ортақ мәтін шығады.
191
Түркі мемлекеттері ұсынған ортақ әліпби:
Достарыңызбен бөлісу: |