Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ми, ти   т.б. сөздерді латын негізінде де  mі, tі



Pdf көрінісі
бет88/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   165
ми, ти
  т.б. сөздерді латын негізінде де 
mі, tі  
деп жазып,  солай оқуды ұсынып отыр. Сонда қазіргі орыстақы емлеміз бойынша да 
[ми, ти]
, жаңа латынша да 
[mi, ti]
 болып шыққалы тұр. Жоба авторлары осы жолмен 
жазу желісін үнемдеуге болады, яғни екі таңбаның орнына бір таңба ғана жазамыз 
деген  болжамды  алға  тартады.  Үнем  қуып,  тіліміз  бастан  кешіп  отырған  зардапты 
ушықтырып керегі жоқ.
Мәселе  -  «айтулы  қырық  екімен»  байланып  қалған  көпшілік  санасын  оятып, 
«өзіміздікі деген – мынау, өзгенікі деген – анау» деп, түсіндіріп алу. Біздің ойымызды 
дұрыс түсінген жөн. Өйткені басқаларды былай қойғанда, жоғарыда айтқанымыздай, 
қазақ тілі пәнінің мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының 
өздері төл дыбыстардың басын ажыратып ала алмай жүр. Кірме әріптерді «дыбыс» 
деп  жазып  беріп  отырған  оқулықтар  мен  «дыбыс»  деп  оқытып  отырған  мұғалім/
оқытушылар әлі баршылық. Әрине, бұл олардың кінәсі емес екенін айттық. Тағы да 
қайталауға тура келеді, мектептен бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргенше бір ғасырға 
жуық  «қазақ  тілінде  42  дыбыс  (әріп)  бар»  деп  тоқпақтай  берсе,  кімде  болса  сеніп 
қалады. Сеніп қалған соң бұрыстың өзі дұрыс көрініп, дұрыстың өзі бұрыс көрініп 
жатады. Біз  бәріміз қазір осы күйді бастан  кешіп  отырмыз.  Өз  ағайындарымыздың 


194
өзінен
 
қазақтың  бар  дыбысын  жоқ  деп,  жоқ  дыбысын  бар
  дейтін  уәжді  әлі  көп 
еститін  боламыз.  Құлақ  үйренген  орыс  тілінің  дыбыстарынан,  көз  үйренген  орыс 
тілінің  әріптерінен  арылтып  алу  оңай  болмайды.  Тағы  да  қайталайық,  «айтулы  42-
ден» айрылсақ далада қалатындай сезінеміз.
Сонымен,  бірінші  кезекте,  мамандар  анықтап  берген  қазақ  тілінің  төл  дыбыс 
құрамын танып-біліп, оны бәріміз түгел мойындауымыз керек.
Ең жақсы жазу деп ереже-ескертпелері мейлінше аз жазуды айтады. Ондай жазу 
үлгісі тілдің төл дыбыстары мен төл таңбалар үйлесімін тапқанда ғана құрастырылады. 
Ендеше,  әліпби  құрамы  дұрыс  анықталып,  оның  таңбалары  қазақы  реттелсе,  емле-
ережені  жөнге  салудың  төте  жолы  ашылады.  Сауат  ашуды  тек  сауатты  жазу  деп 
түсінбеген жөн, сауат ашу сауатты қазақы дыбыстаудың да амалы болып табылады. 
Кез келген әліпбиді кез келген тілге жамап-жасқап пайдалана беруге болады. Алай-
да, мақсат «әйтеуір жазу» болмау керек. Жазу ең алдымен тілдің ішкі заңдылығымен 
қабысып  жатуы  керек.  Сонан  соң  жазу  тілдің  дыбыс  жүйесіне  нұқсан  келтірмейтін, 
керісінше, оның әдеби үлгісінің қорғанышы болу керек. Осы екі мақсатты орындау үшін 
жазудың емле-ережесі көшірінді емес, төл болу керек. Таңбада тұрған ешнәрсе жоқ.
Жетілген әліпби - қолдағыны жеңіл қалыптастырудың, көзтанымды оңай жаттық-
тырудың, ең бастысы, ана тілінің айтылым үлгісін ұрпақтан ұрпаққа бұзбай жеткізудің 
кепілі. Латын әліпбиінің қолданба бағыттағы саласының аса қажет екеніне еш күман 
жоқ. Бірақ қазақ тілін компьютерге икемдеудің оңай да жалған-жасанды жолы көп, ал 
ауыр да ақиқат жолы біреу-ақ. Оңай болатын себебі – 
одан-бұдан өгей дыбыс жинап, 
таңба  талғамай  қиып-құрап,  жамау-жасқау  әліпбиді
  әркім-ақ  түзе  береді.  Қиыны 
- бір ғасыр бойы баса-көктеп, қордаланып қалған көп дыбыстың ішінен
 
төл дыбы-
сты танып-біліп, жиып-теріп, өлшеп-пішіп, қазақ тіліне лайықты төл әліпби
 жа-
сау. Соның нәтижесінде қазақ тілінің төл дыбыстарына сай төл әріптер қалыптасады. 
Қазіргі тіліміздегі басы артық 20-30-дан астам жаңсақ емле-ережелер өзінен өзі жойы-
лып, басы артық кірме әріптердің тіл бұзар машақатынан құтыламыз. 
Осы жерде Байтұрсынұлының тағылымына арнайы тоқтала кетейік. Біздің жерден 
жеті қоян тапқандай болып «апостроф» деп әріптің бір шекесін шертіп сәндеп, «диа-
критика» деп әріпті төбесіне сызықша қойып шендеп, О  әрпінің белінен тартып ө 
жасап мәндеп, ае-ні қосақтап ә деп егіздеп жүргеніміздің бәрі Ахаңнан қалған үлгі. 
Ендеше,  қазіргі  жоба  авторлары  алып  отырған  жуан-жіңішкелік  белгілер  (әртүрлі 
нұсқасына қарамай) - сол А.Байтұрсынұлы салған сара жол. Арабы таңбалар негізінде 
туындаған  дәйекші  дауыстылардың  жуан-жіңішке  таңбасына  таңылып,  кирилшеге 
көшті. Енді, міне, кирилшеден «апостроф, қос нүкте, сызықша, қосақ әріп болып», 
мың құбылып, латынша жобаларда жүр. Қалай құбылса да бәрінің мазмұны яғни 
емле 
қызметі
 - сол бір 
дәйекші
.
Біздің ойымызша болашақ латын әліпбиі ешкімнің атымен аталмау керек. Өйткені 
бұл жерде ат қоя салатындай үлкен жаңалық ашылып отырған жоқ. Жазудың төл ды-
быс құрамы мен емле-ережесін Ахаң шешіп беріп қойған, латын таңбалары дайын тұр. 
Оның үстіне компьютер түйме тақтасында қазақ дыбыстарына сай келетін таңбалар 
жеткілікті.  Оны  іздеп  табуға  да  көп  бас қатырудың  керегі  жоқ,  бәрі  алақандағыдай 
көрініп  тұр.  Мәселе  бірегей  3-4  дыбысты  қалай  таңбалаймыз  дегенге  ғана  саяды. 


195
Қазақ дыбыстарын латын негізінде таңбалау (транскрипциялау) үлгілері ХІХ ғ. жазба 
мұрағаттарында ұсынылып қойылған.
 Авторлық жайына келетін болсақ, «жоба жасама, жобаңа өз атыңды қойма» деп, 
әрине, ешкімге ешкім тиым сала алмайды. Жасаған жобасын тиісті орындарға тіркетіп, 
патент алып, сертификатын жалаулатып жүргендер жоқ емес. Бірақ бір таңбаны екінші 
таңбаға ауыстыра салу үшін аса үлкен бастың қажеті жоқ. Ең бастысы, жоба авторла-
ры әліпбидің, жоғырыда айтқандай, кешенді мәселелерін (әліпби, таңба, емле-ереже) 
қалай шешіп берді, бәрі соған байланысты. Ендеше, бар боғаны, 
кирилше таңбаны ла-
тынша таңбаға ғана өз білгенінше ауыстырып беріп, жаңа қазақ әліпбиін иеленемін 
деген әрекеттің өзі орынсыз болып табылады.
Қазақ тіліндегі жасанды (фонетикалық) дифтонгтардың сингармологиялық (ескі-
ше 
фонологиялық
  мәртебесін  (статусын)  анықтау  бүгінгі  қазақ  фонетика  ғылы-
мының  өзекті  мәселесіне  айналып  отыр.  Өйткені  бұл  мәселенің  теориялық  және 
практикалық маңызы қатар өзекті болып отыр. Мәселенің теориялық шешімі қазақ 
тілі дыбыстарының құрамын дәл анықтап, «қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?» 
деген  сұраққа  нақты  жауап  тауып  беретін  болады.    Ал  оның  практикалық  шешімі 
қазіргі қазақ жазуындағы қайшылықтардан арылуға мүмкіндік береді. 
Жазуда 
и, у
 әріптерімен таңбаланып жүрген дыбыстарға, бір жағынан, «дауысты-
дан кейін дауыссыз, дауыссыздан кейін дауысты болады» деген мектеп және жоғары 
оқу  орындарының  оқулықтарындағы  жаңсақ  анықтамамен  қатар,  екінші  жағынан, 
олар «дауысты мен дауыссыздардың тіркесін белгілейтін таңба» деген академиялық 
грамматикадағы ақиқат анықтама беріледі. Біз бұл жерде қазақ тілі оқулықтары мен 
ғылыми  грамматикаларында  кездесіп  жүрген  бір-біріне  қарама-қарсы  пікірлердің 
негізгілерін ғана келтіріп отырмыз.
Өзара артикуляциялық үйлесімі күшті, естілімі ұқсас болып келетін қысаң дауыс-
тылар мен үнді дауыстылар тіркесінің құрамды бөліктерін ажыратып алу оңай бол-
майды (оның үстіне орыс тілінің 
ы, и, у
 дауыстыларының естілімі мен қазақ тілінің 
ый, 
ій, ұу, үу
 дыбыс тіркестерінің естілімі өзара ұқсас болуы да өз әсерін тигізді. Кезінде 
қазақтың төл сөздерінің құрамында и, у таңбаларын жазу туралы тоталитарлық ереже 
қабылдауға, сөз жоқ, да осы жай себеп болған). Олардың құрамды бөліктерінің жігін 
ажыратудың бірнеше тәсілі бар. 
Ал, жазу реформасының басты мақсаты орыс тілінің тіл бұзар ережелерінен ары-
лып, қазақтың 
мый
 деген сөзін айтылуына лайық 
мый [mɪy]
 деп жазып жуан айтқызу, 
тій
 деген сөзін айтылуына лайық 
тій [tiy]
 деп жазып жіңішке айтқызу үшін жасалып 
отырғанын ескерсек, әріптестеріміздің бұл әрекетіне қалайша «жол болсын» демекпіз. 
Жаңа  әліпби  мен  оның  емле-ережелері  қазақ  сөзінің  айтылым  әуезіне,  буын 
құрамына, морфем жігіне, тасымал амалына, әуен ырғығына нұқсан келтірмейтіндей 
болу керек. Мұндай келелі шара мектеп «Әліппесі» мен оқулықтарынан бастау алма-
са, «әліпби мен емле-ереже сырқаты» бүгінгіден де асқынып кетері сөзсіз.
Сонымен тағы да пысықтай түсейік.
Морфем талданым:
-оқы етістігінің көсемше түрі оқи
 
болса, сонда көсемшенің көрсеткіші дауысты и дыбысы 
болғаны ма? Онда көсемшенің бір «көрсеткіші 
дауыссыз й [y]
» деген ереже қайда қалады?


196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет