277
қалған, бірақ ақиқатқа сыймайтын қасаң қағидалардан құтылатын, жаңаша теориялық
көзқарастарды нысана ететін уақыт келді деп ойлаймыз және бұл бағыттағы жетістіктер
тек «ұлы» тілдердің ғана еншісіне тиесілі емес. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы,
тілдің саналылық негіздері т.б. тілдің философиялық мәселелері жекелеген тілдердің
деректері негізінде де, соның ішінде генетикалық тұрғыдан ең таза тіл деп есептелетін
қазақ тілі деректері арқылы да көріне алатыны ақиқат. Бұл мәселелер жоғарыда аталған
монографиялық еңбекте біршама айтылған.
Ал жазудың, әріп таңбаларының жаратылыс табиғатына келсек, біз үшін ақиқаты
сол – жалпы, жазу таңбаларының жаратылыс табиғатын тану тіл табиғатын генети-
калық тұрғыдан танумен өзара байланысты болып келеді де, бұл мәселені ғылыми
тұрғыдан түсіну жазуды практикалық қолдану мәселесінде де бірқатар айқындықтар
енгізеді. Жазу таңбаларының жалпы жаратылыс табиғатын тану дегенде, біз тіл-
тілдегі әріп таңбаларының жасалу (жазылу, графикалық бейнелену) ерекшеліктерінде
қандай заңдылықтар бар, олар кездейсоқ алына салған таңба-бейнелер ме, әлде белгілі
бір заңдылықтар, танымдық түсініктер негізінде жасала ма, тіл-тілдегі ұқсас әріп
таңбаларының өзара уәждемелік ортақ негіздері бар ма, болса ол қандай, бір ғана
дыбыстың әр түрлі тілдегі жазудағы сырттай қарағанда, өзара мүлде ұқсамайтын әріптік
бейнелерінің ерекшеліктерін қалайша түсіндіруге болады? деген тәрізді және басқа да
мәселелер жазудың теориялық негіздерін дұрыс тану үшін аса қажет. Жазу ғана емес,
қазірде әр басқа тілдер ретінде танылып жүрген тілдердің, мысалы, орыс және қазақ
тілдерінің – дыбыстары туралы көзқарастың өзі бұлдыр. Айталық, қазақ тіліндегі
бірқатар дыбыстар айтылуы жағынан да ұқсас түрде өзге тілдерде де бар. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: