77
Қазақтар, олардың арғы ата-бабалары ерте заманнан табиғи қалыптасқан
экономикалық, шаруашылық-әлеуметтік жағдаяттарға байланысты аса ауқымды
кеңістікті игеріп, еркін көшкен. Сонау ерте замандардағы ру-тайпалық қатынас
туыстық, қандастық принципке сүйенген, өзін-өзі барлық деңгейде іштей реттеп
отырған этноәлеуметтік қоғамдық институт болған.
Байырғы қазақ қоғамы туралы сөз қозғау қажеттілігі қазақ ру, тайпалары мен олардың
ата-бабалары мекендеген, тіршілік құрған физика-географиялық, ландшафттық
кеңістікті игеру, жерге, суға деген қатынасына және оларға ат қойып, белгілеу
ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Әрине ерте замандағы ауыл-аймақ, ұлыс,
қоныс мекендер мен қыстау, жайлау, суаттарға атау беру, айдар тағу ерекшеліктері тура-
лы қазіргі тарихи-әлеуметтік, тілдік жағдайда кесімді пікір айтудың өзі оңайға соқпаса
керек. Өйткені әкімшілік, топографиялық тұрғыдан ежелгі қазақ қауымының дәстүрлі
ауыл-аймақ, қоныс мекені, қыстау т.б. жұрты мен қазіргі жағдайдағы ойконимдік ны-
саналар (ауыл, село, кент т.б. елді мекен) әлеуметтік, топографиялық типтері мүлдем
сәйкес келмейді.
Архетиптік санадан бастау алатын
Достарыңызбен бөлісу: