Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет38/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165
адам
 мен 
жер
 қатынасы, қазақ қауымының ме-
кендеген жеріне деген қатынасы туралы мифологиялық ұғымымен, тарихи-құқықтық 
тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі мәдени танымымен байланысты.
Ежелгі  қазақ  қауымында  жеке  индивидтің  өзін  нақты  бір  румен,  тайпамен 
сәйкестендіруін, оның мүшесі ретінде, мекендеген территориясымен сәйкестендіруді 
этникалық бірегейліктің алғышарты ретінде қарастыруға болады. Индивид пен нақты 
бір ру, тайпаның өзі мекендеген аймақты ата-бабадан қалған мұра, меншікті, табиғи 
еншіміз деп таныған, яғни Атамекен концептісіне ұласады. Осыған байланысты этно-
лог Н.Әлімбаевтың мына ойын келтіруге болады: «Институциональным выражением 
изначальной принадлежности «родовой» территории как объекта собственности об-
щины является институт Атақоныс (Атамекен). 
Ғалым  З.Кенжалиев  көшпелі  қазақ  қоғамының  жерге  деген  көзқарасын  былай 
келтіреді: 
«Олар жерді өзгеден бөле-жара қарамайды, керісінше, оны өздерінің та-
рихи, тәни және рухани өмірінің бір бөлігі әрі заңды жалғасы есебінде қабылдайды. 
Көшпелі ұғымында жер - жансыз табиғи құбылыс, жай ғана аумақ емес, ол жанды 
бейне.  Жанды  болғанда,  қасиетті  бейне  –  «Жер-Ана»  келбетінде  көрініс  табады.. 
Көшпелі өзін Жер-Ананың баласы, соның перзенті деп есептейді»
 [8, бойынша]. 
Қазақтардың  жерге  деген  қатынасы  негізінен,  біздің  ойымызша, 
атамекен, 
атақоныс,  атажұрт
  синонимдес  концептілер  арқылы  айқын  репрезенттеледі. 
Атажұрт – қазақ үшін ежелден қасиетті мекен, ата-бабаларының сүйегі жатқан киелі 
жер. Сол үшін күрескен, халқымыз үшін атажұртты жауға қалдырудан асқан қасірет 
жоқ еді. Қазақ жыраулары поэзиясында бұл кең көрініс тапқан. «Атамекен» концептісі 
жұрт кодтық ұғымымен көшпелі қауым мүшесінің туу фактісімен 
кіндік қаны тамған 
жер
  тіркесі  арқылы  вербалданса,  тіршілік  етіп,  өмір  сүру  фактісі  кір  жуып  тіркесі 
арқылы  вербалданады  және  ол  сол  жермен,  ондағы  туған-туыс,  ағайынмен,  яғни 
жұртпен
 қарым-қатынасқа түседі. Қазақ қауымында жеке тұлға туа салысымен нақты 
бір атаның, рудың, тайпаның мүшесі ретінде табиғи түрде бірегейленеді. 
Патриархалды  қазақ  қоғамында  жерді  пайдалану  құқымен  патронимиялық  жүйе 


78
тікелей байланыста болған. Патронимдік модель 
бір ата баласы
, әрі қарай 
ауыл, ауыл-
аймақ
  территориялық  бірлікте  дамуы  кәсіби-шаруашылықпен  көшпелі  өмір  салты 
негізінде біртіндеп қалыптасқан. Жеке патронимияларға нақты жер, 
ата бөлік
 атты 
жасанды шекарасы бар қысқы жайылымдар ХІХ ғ. екінші жартысында да орын алған. 
Ататтық жүйе
 бойынша екі-үш аталас-қандас туыстар, мысалы, 5-10 шаруашылық 
корпоративтік сипаттағы ортақ қыстауға, шағын ауылға біріккен. Жазғытұрым ас беру, 
той, басқа да әлеуметтік маңызы бар шаралар өткізгенде көптеген 50-70-100 ауыл жи-
налып уақытша бірігеді. 
Қазақ  қауымының  өзінің  төл  этникалық  территориясымен  бірегейленуі  туралы 
Н.Әлімбаев әрі қарай былай ой өрбітеді: «Освященные традицией (Балхаш, Іле, Қаратал, 
ұлы Сарыарқа т.б.), эти объекты – 
киелі
 – вкупе с соответствующим ритуально-обря-
довым  комплексом  мотивируют  коллективную  привязанность  общинников  к  данной 
территории, следовательно, являются весьма эффективным институциональным сред-
ством (механизмом) географической самоидентификации [9,13]. Осы мәселеге қатысты 
А.  Жартыбаев  Орталық  Қазақстандағы  ХІХ  ғ.  қалыптасқан  топонимдік  жүйені  сара-
лай келіп, мынадай ой айтады: «Қазан революциясына дейінгі ойконимдер негізінен ру 
басы, ауыл иесі есімдеріне сәйкес аталып отырғанын М.Әуезовтің «Абай жолы» эпо-
пеясынан айқын байқаймыз. Мысалы, Құнанбай ауылы, Бөжей ауылы, Абай қыстауы, 
тобықты  жайлауы,  қаракесек  елі  және  т.б.  атаулар»  [10,  54].  Қазақ  топонимиясында 
Қазан төңкерісіне дейін орын алған дәстүрлі топонимдік номинацияның уәжділік си-
паты,  құрылымдық,  сөзжасамдық,  лексика-семантикалық,  грамматикалық  модельдері 
халқымыздың этногенезі, жүріп өткен жолы мен уақыты екі-үш мың жылдық кезеңмен 
есептелсе, соңғы төрт жүз-үш жүз жыл көлемінде, яғни ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы аралығы 
ұқсас, біртиптес болған деп есептейміз. Сол кезеңнің топонимдік жүйесі, әсіресе, жер-
жердегі  микротопонимдік  жүйе,  патронимдік,  генонимдік  принципке  сүйенгендігін 
көруге болады. Сондай-ақ бұрынғы қазақ топонимдік жүйесінде де, қазіргі қазақ тілі 
топонимдік жүйесінде де этнонимнен қойылған жер-су атауларын көптеп кездестіруге 
болады,  мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет