Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет41/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
О. Сапашев
әл Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.
Көне  түркі  жазба  ескерткіштері  деген  тарих  ағымындағы  түркі  халықтарының 
қолданған графикаларының жалпы атауы. Дәуірлеріне қатысты олардың бірнеше түрі 
бар.  Көне  түркілерге  қатысты  деректер  жазылған  ең  алғашқы  ескерткіштер  біздің 
дәуіріміздің шамамен 550 жылдарына жататын Бұғыт бітік тасындағы соғды жауымен 
жазылған мәтін. 


87
Көне түркі сына жазуларының ең ескісі, кезіндегі Қырғыз қағанатының территори-
ясына кірген Талас эпитафиялық жазба ескерткіштері болып табылады. Олар Енисей 
және Орхон өзендері бойынан табылған сына жазулы ұстындардағы сияқты көлемді 
болмаса  да  ескі  руникалық  әріптердің  таңбалық  сипатымен  жазылу  ерекшелігінен 
толық хабар бере алады. Бұл ескерткіштер фрагментарлы түрде өлген адамның өз аты-
нан құлпытасына берілген мәліметтерден тұрады. 
Талас  графикасы  орхон  жазба  ескерткіштеріне  дейінгі  жазудың  эволюциясын 
саралауда  негізгі  материал  болып  табылады.  Алайда  ең  көне  жазбалардың  нұсқа-
сына  тоқталмас  бұрын  ғылымда  осы  күнге  дейін  басы  ашылмай  келе  жатқан  біраз 
жайттарға тоқтала кетуіміз керек. Ғылымда түркі сына жазулары Орхон-Енисей жаз-
ба ескерткіштері деген топтама атаумен берліп, солай қабылданып кетсе де, жазудың 
бастапқы  үлгілері  бұл  жазба  ескерткіштері  емес.  Яғни  олар  керісінде  түркі  сына 
жазуының кемелденіп бірізге түскен уақытын көрсетеді. Бұлардан басқа Шығыс Еу-
ропа  тарапынан  табылған  протобұлғар  жазба  ескерткіштері  өз  алдына  бір  кешенді 
құрайды.  Жалпы  бұлғар  тілдері  Орта  Азиядағы  оғыз-ұйғыр  диалектілерінен  өте 
ерте  ғасырларда  ажырап  кеткені  мәлім.  Бұлғар  тілінің  қазіргі  замандағы  өкілі  бо-
лып саналатын чуваш тіліндегі дыбыстық алмасулар, ескі архетиптер орта азиядағы 
түркі  диалектілерінен  біраз  қашықта  жатыр.  Сондықтан  да  бұларды  фонологиялық 
алмасулардың қатаң тәртібіне сүйене отырып талдамаса, оғыз-ұйғыр диалектісіндегі 
көне жазбалар мен қазіргі оғыз, қыпшақ, қарлық тілдеріндегі сияқты тікелей қарап 
отырып түсіну мүмкін емес.  
Полтавадағы соғыстан кейін қолға түсіп Ресей Патшалығының қарамағына қызметке 
өткен  швед  Месершмид  пен  Сталенберг  1721-22  жылдары  Минусинскіде  көне 
түркі сына жазуларының үлгілеріне кезігіп, олар туралы мәліметтерін жариялағаны 
белгілі.  1729  жылы  олардың  жазбалары  мен  сурет  кескіндерін  З.Байер  жариялаған 
болатын. Бұлардан соң жүз елу жыл өте 1899 жылы Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің 
бойындағы  жазықтардан  түркілердің  Ашина  династиясына  жататын  ұстындардан 
көлемді ескерткіштердің кешенін тапты. Олар Күлтегін мен Білге Қағанға арналған 
ескерткіштер  екені  қазір  тарихта  белгілі.  1893  жылы  қытай  мәтіндерінің  негізінде 
Вильгельм Людвиг Петер Томсен Күлтегін жазба ескерткіштеріндегі қытай мәтінінің 
негізінде руникалық жазулардың дешифровкасын жасап шықты.  Іске кіріспес бұрын 
В.Томсен жазудың қай тараптан қай бағытқа қарай оқылатынын анықтап алды. Яғни 
бұндай  әдісті  неміс  филологы  Георг  Фридрих  Гротефенд  1621  жылы  Персепол-
ден  табылған  беймәлім  жазуды  оқу  кезінде  қолданған  болатын.  Алғашында  Фри-
дрих Вильгельм Радлофф (Василий Васильевич Радлов) бұлжазулар моңғол жазула-
ры  сияқты  солдан  оңға  қарай  оқылады  деп  пайымдаған  болса,  Томсен  мәтіндердің 
бір бөлінін не болмаса бір сөзді, сөйлемдер тіркесін салыстыра отырып оның оңнан 
солға қарай оқылатынын анықтап шықты. Келесі мәселе мәтіндегі әріптерді санау еді. 
Нәтижесінде олардың саны 38 екені анықталды. 
Таңбалардың тіркесін тәртібіне қарап отырып Томсен бұның алфавитті жазу екеніне 
көз жеткізді. Алдыңғы әріптердің ықпалымен белгілі бір таңбалардың өзгеріп отыра-
тынын байқаған ғалым дыбыстардың жуан не жіңішке болатынын бағамдады. 
Дауысты-дауыссыз-дауысты таңба тіркесіне қарап отырып ол әріп тіркестері ішінен 
дауысты болар деген 
о, ү, у
 таңбаларды іріктеп алды.


88
таңбасының «i» болуы мүмкін деген болжамы дұрыс шыққанын анықтаған соң 
таңбалардың арасынан тағы да төртінші дауысты   - (а,е) таңбасын тапты. 
Дешифровка нәтижесі дәйекті болу үшін Томсен тәжрибелі маман ретінде өзінің көп 
қолданатын әдісіне көшеді, яғни қытай мәтінің ішінде жиі кездесетін жалқы есімдердің 
әріптік  руникалық  таңбалар  арасынан  әздестіре  бастайды.  Жалқы  есімдер  негізінен 
мәтін басында, не болмаса қос нүктемен ажыратылған сөйлемдердің басында тұратынын 
білетін  ғалым  олардың  мәтінде  жиі  қайталанатынын  бағамдады.  Осының  негізінде 
қолданылған  әдіс  ғалымның  күткен  нәтижелерін  көрсете  баастады,  Мәселен,  мәтінде 
көзге жиі ұшырыған әріптер тіркесі irhtеді. Бұл тіркес оңнан солға қарай оқылатынын 
және тіркестегі ең соңғы әріпi «і» екенін білетін ғалым бұл сөздің қаған бек мырзалардың 
атауына  қолданылатын  эпитет  екенін  бағамдай  отыра  монгол  және  түркі  тілдерінің 
барлығында кездесетін «аспан», «көк» және жаратушының атауын білдіретін «тәңрі» сөзі 
екенін байқайды. Осымен күллі түркі жұртшылығына қасиетті ұғым болып табылатын 
тәңрі атауының алғаш болып оқылуы да символдық жағынан үлкен мәнге ие еді. 
Жалқы есімдерді іздестіруде тағы бір жиі көзге түскен әріптер тіркесі Күлтегінеді. 
Бұл тізбек бірінші таста жиі ұшырасса, екінші таста мүлдем кездеспейтін еді. 
Қытай мәтініне қарап отырып 
闕特勒
 [Кюэтегин] атауының екінші компоненті 
Tekin
 
түрік  бектерінің  титулдық  мағынасын  білдіретінін  білген  ғалым  бұл  компоненттің 
алдындағы үш таңбаның қалай оқылатына назар аударады. Қытай тілінің заңдылығы 
бойынша сөз отрасында келетін буынның соңғы дыбысы «L» мен аяқталмайтынын, 
шет тілінен енген сөздерде кездесе қалатын жағдай болса оның түсірілетінін білетін 
ғалым рунадағы «Ү» таңбасы «l’» болуы мүмкін деп пайымдайды. Сол сияқты ІІ таста 
жиі кездесетін  Білге тіркесінде де «l» таңбасын көрген ғалым қытай мәтініндегі 

伽可汗
 Би-кя сөзінің баламасы болар деген болжам жасап, нәтижесінде ол түрікшеде 
Билке/билге болар деген ойға келеді.
Қытай мәтінінде тюкюэ деген атаумен берілген 
突厥
,Таңбалар тізбегінің төртінші 
бір тобы арасында төрт таңбаның үшеуі ғалымға белгілі еді. Бұл таңбаларды біз оңнан 
солға  қарай  оқитын  болсақ    (tangri  және  Kültegin),  _____  =  ü  (из  Kül-tegin)  r    (из 
tangri). Таңбаларды осы заңдылықпен оқысаңыз t-ü-r? яғни бұл халықтың аты, түрк 
этнонимі, сонда қарасаңыз соңғы таңба «___- К» болып шығады. 
ХІХ ғасырда графиканың шығу тарихы бойынша нақты бір пікір айту үшін ғылымда 
белгілі бір теориялар қалыптаса қойған жоқ еді.  Сондықтан түркі сына жазуының 
шығу  тегі  туралы  нақты  пікір  айту  қиын  болатын.  Сондықтан  да  В.Томсен  әріптік 
таңбалардағы ұқсастық оптикалық жалғандық болып табылады. Жазулардың маңызын 
ашуда басқа графикалармен салыстыра отырып зерттеу жазудың жалпы шығу тарихы-
на деген қызығушылықты оятады деген.  
Алайда В.Томсен түркі жазуларының шығуы туралы пікірінде ол арамей жазуының 
пехлеви және соғды әріптік жазуы варианттарынан шығуы мүмкін дегені белгілі. Алайда 
көрнекті түркітанушы Алтай Аманжолов бұл пікірдің қате екенін Орхон таңбаларының 
жартысынан  көбі  парсы-арамей  жазуындағы  әріптерге  сәйкес  келмейтінін  айтады. 
А.Аманжоловтың пікірінше түрік руналары ұқсастығы жағынан қарайтын болсақ фи-
никий-арамей жазуларына жақын екенін айтады. Осындай соғды жазуынан шыққан 
деген пікірді С.Г.Кляшторный да қолдайды. Ғалымның пікірінше, түрік руна жазуы 5 


89
ғасырда Ганьсу мен Гаочанды мекендеген соғдылардан қабылданған дейді. Көне түркі 
руна жазулары соғды жазуынан қатты тегістіктерге, тас бетіне сызып жазылуы үшін 
сына кейпінде үшкір етіп өңделген деген С.Г.Кляшторныйдың пікірі сын көтермейді. 
Өйткені  түркі  рунасының  қағаз  бетіне  түсірілген  нұсқалары  Тұрпаннан  табылған 
болатын. Соның ең бір көркем үлгісі ретінде «Ырық Бітік» мәтініндегі курсив жазу-
мен берілген руна әріптерін көрсете аламыз. Курсив нұсқасындағы таңбалар соғды 
қаріптеріне еш ұқсамайтыны жай көзге де көрініп тұр. 
Сондай-ақ, Ф.Альтхаймның көне түркі руналары 3-4 ғасырларда түркі тілдес ғұндар   
армазарамей жазуынан алды дегеніне де дәйекті деректер жоқ. 
Көне түркі руна жазуы тұркі таңбаларынан пайда болған деген Н.А.Аристовтың 
пікірі А.Шифнердің пікірімен үндес болып келеді. Аристов 38 түркі руна әріптерінің  
29 түркі таңбаларына сәйкес келетінін айтады. Бұл пікірді кейініректе Н.Маллицкий 
мен А.Соколов және И.А.Батманов  та қолдаған болатын. 
Көне түркі руникасының белгілі бір таңбаларының ескі финикий-арамей таңбаларына 
сыртттай ұқсастығы болғанымен олардың түркі графикасының жүйесінде тек өздеріне 
ғана тән, қайталанбайтын позициялары мен түркілік фонологиялық сипаттары бар.
Қалыптасқан тәртіпке сәйкес түркі тайпаларының таңбаларында дыбыстық сипат-
та емес, белгілі бір заттардың бейнелеуші сипатында екені белгілі. Мысалы қазақтың 
балталы руының таңбасы:  не болмаса     болып таңбаланып балта ұғымын берсе, 
бағаналы руының таңбасы 
 не болмаса   - бақан «айыр басты сырық», қоңырат 
таңбасы   - босага,  қаңлы І - кöсеу «кочерга» и т. д. Егер бұл таңбалардың алғашқы 
әріптік сипаттары анықталатын болса онда руна таңбаларының түркі таңбаларымен 
байланысын  дәлелдеуге  болатын  еді,  алайда  егер  бұл  таңбаларды  түркі  руникалық 
графикасындағы  таңбалардың  дыбыстық  сипатына  салар  болсақ  арада  қандай 
байланыстың  болғандығын  ажыратып  алу  қиын.  Сондықтан  сыртқы  ұқсастықтар 
оларды  әріптік  таңбалардан  шыққан  деуге  негізі  жеткіліксіз.  Бұл  туралы  көрнеткі 
түркітанушы А.Аманжолов та айтқан болатын [1, 298].  
Көптеген арамей әліпбиіне ұқсамайтын түркі руникасындағы әріптік таңбаларды 
В.Томсен мен Е.Д.Поливанов идеографиядан шыққан деген пікір айтқан,    j, ‘j (aj 
«луна,  месяц»), 
   
o
q, 
u
q  (oq  «стрела»)  и   
  b, 
ü
b  (eb  «жилище,  юрта»)  дегент
аңбаралдыңтүрікэтимологиясынкөрсетеотырып,  соныменқатар  В.  Томсентүркі  руна 
таңбаларындағы    1, 
ä
l (el «кисть руки»), 
r, 
ä
r (er «муж мужчина»),   n, 
ä
n (en 
- «спускаться, сходить», ср. en «низ, спуск»),   γ, 
ä
γ (аγ «силок, ловушка, рыболов-
ная снасть»), 
  t, 
a
t (at «лошадь») и 
 ş, aş (eşik «дверь») деген таңбалардың 
түркі  этимологиясынан  шығаруға  күмән  келтіреді.  Түркі  руникалық  таңбаларының 
қандай  идеограммадан  (бейнелеуші  логограммадан)  шыққандығын  дөп  басып  айта 
қою қиын, өйткені олардың палеографиясы әлі толық зерттелініп біткен жоқ. Алайда, 
кейбір спецификалық рун таңбалары -   lt,   rt и    
nt
 әріптік графикаға дейін пайда 
болғандығын білдіреді. 
В.Томсен гипотезасын интерпретациялай келе белгілі иранист В.А.Лившиц түркі 
графикасындағы  таңбалардың  барлығына  негіз  болған  соғды  курсив  жазуының 
кейінгі  үлгісі  деп  тұжырым  жасайды.  Мәселен   
  δ  (δ,  υ,  таңбалары  эволюция-
лана  келе  түркінің  төмендегідей  әріптік  таңбаларына  өзгерген  деген  пікіп  айтады.    


90
    d,    l,    l’.  Сондықтан  дыбыстардың  әріптік 
таңбасының  дамуы  мен  түркі  графикасына  қолданғанға  дейінгі  қалыптасуы  жіті 
бақылау мен терең зерттеулероді талап етеді. 
Көне түркі жазба ескерткіштерінің алғашқы нұсқаларының сызбалары бұған дейін 
Қазақстан  территориясынан  табылған  тарихи  жәдігерліктерден  көрінеді.  Мыса-
лы, Ертіс өзенінің бойынан табылған сүйек айылбастағы жазу мен Есік қорғанынан 
табылған  Алтын  адамның  жанындағы  тостағанның  түбіне  жазылған  жазуды 
А.Аманжолов көне түркі жазуының ертедегі прототиптеріне жатқызады.Қазіргі таңға 
дейін Орталық Азиядан 300 ге жуық көне түркі жазуларының үлгісі табылған. Ор-
хон өзенінің бойындағы Шығыс түркі қағанатының жазулары ҮІІІ ғасырға жататыны 
белгілі. Алайда бұл қалыптасқан, графикалық нормативке түскен жазудың алдында 
Енисей  және  Талас  жазбалары  жатқаны  белгілі.  Сонымен  қатар  ескі  бұлғарлардың 
жәдігерліктері болып табылатын Шығыс Еуропа территорияларынан табылған, осы 
күнге дейін оқылуы Орхон-Енисей» тәртіптеріне келе бермейтін көптеген руникалық 
жазбалар бар. Осыған қарайтын болсақ, дербес руникалық графиканың бірнеше түрлі 
нұсқалары қалыптасып, ареалдық тұрғыдан жеке жеке дамығаны көрінеді. Сканди-
нав руникалық үлкен және кіші утарктарының таңбалық сипаты да сырт келбетінен 
қарайтын  болсақ  түркі  руникалық  таңбаларына  ұқсас  келеді.  Алайда  оқылуы  мен 
таңбалардың әріптік сипаты басқа басқа. Алайда бұларды арамей жазуының эволю-
циясынан қалыптасқан деуге келмейді, және ғылымда бұндай пікір де кездеспейді. 
С.Е.Маловтың тұжырымдауы бойынша Енисей жазбалары 5 - 10 (11) ғасырларға, ал 
талас жазбалары V-VIII ғасырларға жатады [2, 63].   
Археологиялық  қазбалардың  нәтижелері  бойынша  қойтас  бетіне  жазылған  талас 
эпитафиялық жазбалары тіпті V ғасырдың өзінде-ақ пайда болған.
Сондықтан  да  Талас  пен  Енисей  жазбаларының  Орхон  жазбаларынан  кейін 
қалыптасқан деген пікірлері қисынға келмейді және қазіргі таңда өзекті емес. Мәселен,  
И.В.Кормушин талас жазбасының дитровкасын тек бір   t әрпіне қарап отырып ХІХ 
ғасырдың ортасына жатады деуі орынсыз екені белгілі. 
Қорыта келгенде,  көне түркі руникалық жазуының дамуы тікелей Еуразияны мекенде-
ген көптеген тайпалар мен халықтардың жазу дәстүрімен үздіксіз байланыста болғанын 
көрсетеді. Көне түркі жазбаларында арамей, соғды, гор, грек жазбаларының таңбалық 
ұқсастықтары бар екені белгілі. Алайда бұр көне түркілер жазуды тек белгілі бір халықтың 
графикасын тұтасымен алып пайдаланған деген ұғымға сыймайды. Көне түркі жазбала-
рына дейін қалыптасқан жазу дәстүрінің болғанын жоғарыда айтқанымыздай ғылымда 
«прототүркі жазуы» деп аталынып жүрген скиф-сақ дәуірінің жазбалары дәлелдеп бере 
алады. Көне түркілердің тарихты өзіндік төл сына жазуы қалыптасқанға дейін де, руна 
жазуының  пайдаланылып  тұрған  кезеңінде  де  ескі  грек,  соғды,  арамей  графикасын 
қолданғаны белгілі. Бұл ескі тарихтан қазіргі кезеңге дейін қөрініс тауып келе жатқан 
үрдіс. Мәселен, қазақ халқының өзі араб, латын, кирилл әліппесін қолданылуы, олардың 
ата бабаларында өзінің төл жазуы болмағандықтан емес, белгілі бір саяси-әлеуметтік 
жағдайларға байланысты болғаны белгілі. Сол сияқты түркілердің, алғашқылары соғды, 
кейін манихей үлгісіндегі көне ұйғыр деп аталатын түркі фонологиясына бейімделген 


91
бөтен графиканы, Қарахан мемлекеті тұсынан бастап араб графикасын түркі фонологи-
ясына бейімдеп қолдануы осындай үрдістерді көрсетеді. 
Әдебиеттер:
1. Аманжолов А. С. История и теория древнетюркского письма. – Алматы: Мектеп, 
2003. 
2. Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии.  
М-Л, 1959.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет