адам (36,1%) қазақтармен;
7 адам (19,4%) орыстармен,
1 адам (2,8%) -
түріктермен,
1 адам (2,8%) – өзбектермен,
14 (38,9) адамның мәліметтері көрсетілмеген.
Ал аралас отбасыларда бала ұлтының белгіленуі төмендегідей сипатта көрініс табады:
9 (25%) баланың ұлты балқар деп жазылған,
7 адам (19,4%) баланың ұлты қазақ деп жазылған,
1 (2,8%) - баланың ұлты қарашай деп көрсетілген,
19 (52,8%) - баланың ұлты көрсетілмеген.
Сауалнамаға жауап берушілердің барлығы ана тілінде білім алудың маңыздылығын
түсінеді, алайда көнекөз қариялар қатарының сиреп бара жатқандығымен балқар
тілінде сөйлейтін диаспора өкілдерінің азаюын, сәйкесінше олардың ана тілінің
қолдану аясының таралуын өкінішпен белгіліп отыр. Олардың үлкен жастағы өкілдері
ана тілінде еркін сөйлейді, орта буын өкілдері түсіне алса, ал жас буын мүлдем ана
тілін білмейді. Балқар жастарының тілі орыс-қазақ билингвизмімен ерекшеленеді.
Мұның себебін олардың көбіне қазақ (21 адам – 58,3%) және орыс (13 адам – 36,1%)
мектептерінде білім алуымен және жергілікті қазақ ұлтымен некелесуінің жиілеуімен
байланыстырамыз.
Балқарлардың ана тіліне қатысты талдау қорытындысы келесідей:
Сауалнаманың отбасында мектеп жасына дейінгі балалармен қай тілде сөйлесесіз
сұрағының жауабы бойынша қорытындысы:
23 (63,9%) – тек қана қазақ тілінде;
8 (22,2%) – тек қана орыс тілінде;
2 (5,6%) – тек қана балқар тілінде;
97
1
(2,1%) – тек қана қарашай тілінде;
2 (5,6) – мәліметі көрсетілмеген.
Сауалнаманың отбасында мектеп жасындағы балалармен қай тілде сөйлесесіз
сұрағының жауабы бойынша қорытындысы:
23 (63,9%) – тек қана қазақ тілінде;
8 (22,2%) – тек қана орыс тілінде;
2 (5,6) – тек қана балқар тілінде;
1 (2,1%) – тек қана қарашай тілінде;
2 (5,6) – мәліметі көрсетілмеген.
Сауалнаманың отбасында ересектермен қай тілде сөйлесесіз сұрағының жауабы
бойынша қорытындысы:
23 (63,9%) – тек қана қазақ тілінде;
8 (22,2%) – тек қана орыс тілінде;
2 (5,6) – тек қана балқар тілінде;
2 (5,6) – балқар және орыс тілінде;
1
(2,1%) – тек қана қарашай тілінде.
Сауалнаманың отбасында басқа ұлт өкілдерімен қай тілде сөйлесесіз сұрағының
жауабы бойынша қорытындысы:
22 (61,1%) – тек қана қазақ тілінде;
9 (25%) – тек қана орыс тілінде;
2 (5,6) – қазақ және орыс тілінде;
3 (8,3%) – мәліметі көрсетілмеген.
Тілдік жағдайды талдаудың қорытындылары Қазақстандағы балқарлар үшін «тілдік
фактордан» туындайтын мәселелердің жоқтығын көрсетеді. Балқарлардың көбі (63,9%)
қазақ тілін еркін меңгерген және қазақ тілінде түсінісе алады. Респонденттердің
көпшілігі тілдік негіздер бойынша олардың құқықтарын бұзу фактілерін белгілеген
жоқ. Елдегі тілдік ахуалдың дамуы барысында балқар этникалық тобы өкілдерінің
басым көпшілігі орыс тіліне нұқсан келтірместен қазақ тілін игеру қабілеттілігін арт-
тырып келеді. Тіл саясатының неғұрлым қолайлы модельдері ретінде қазақстандық
балқарлар мемлекеттік тіл – қазақ тілін және ресми тіл – орыс тілін қатар қолданатын
«қостілді» болып келеді (96,8%). Бірақ ана тілінде еркін сөйлейтін балқарлар
респонденттердің небәрі 13,8%-ын құрайды.
Сонымен талдау қорытындысы бойынша:
34 адам (94,4%) – балқар, башқұрт, қазақ, қарашай және орыс тілдерінде еркін
сөйлейді;
30 адам (93,7%) – балқар, қазақ, қарашай және орыс тілдерінде еркін оқиды;
20 адам (42,6%) – қазақ, қарашай және орыс тілдерінде еркін жазады;
25 адам (69,4%) – балқар, қазақ, қарашай және орыс тілдерінде еркін түсінісе алады;
32 адам (88,8%) – қазақ және орыс тілдерінде кітап, газет, журнал және хабарлан-
дыруларды еркін оқи алады;
23 адам (63,8%) – балқар, қазақ, және орыс тілдерінде дәріс, сұқбат, баяндама,
телебағдарламалар мен радиохабарларды тыңдап, түсіне алады;
23 адамға (63,8%) – балқар, қазақ, және орыс тілдерінде концерттік және сахналық
бағдарламалар тыңдау түсінікті;
98
23 адамға (63,8%) – қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді олардың ана тілінде
түсіндірудің қажеті жоқ деп жауап берген.
Барлық респонденттер өздерін өз ұлтының толыққанды мүшесі деп санайды.
Балқарлар жеке тұлғасын белгілейтін факторларда, ең алдымен, өздерін өз ұлтының
құндылықтарымен тұтас қарастырады (сауалнамаға жауап берген 36 адамның 33-і
(91,6%) ислам дінін ұстанады, тек 2-і (5,6%) христиан дініне сенеді), екінші кезекте —
өздерін қазақстанның азаматы ретінде таниды (96,4%).
Қазақстандық балқар диаспорасының өкілдері қазақтар және елде тұратын басқа
этникалық топтар арасында ешқандай қақтығыстар мен шиеленістер жоқ деп көрсетеді.
Сауалнаманың бұл бөлімінде респонденттердің 36-сы (94,4%) ешбір қақтығыстың
кездеспейтінін белгілесе, 2-і (5,6%) бұл сұрақтың жауабын білмейтінін білдірген.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда белгілі бір «балқар мінез-құлық үлгісін» бөліп
қарастыру мүмкін емес, алайда зерттеу нәтижесі бұл этникалық топтың мына-
дай екі ерекшелігін көрсетеді: оның бірі – қақтығыссыз әлеует болса, екіншісі –
этносаралық өзара ықпалдастық үшін ашықтық деңгейінің жоғарылығы. Мысалы,
«Сіздің қоғамдастықтарыңызда қандай этностар арасындағы неке қабылданбайды?»
сұрағына жауап берген 29 адамның 21-і (72,4%) ешбір этноспен некелесуге шектеу
қойылмағандығын алға тартса, тек бір респондент (3,4%) орыстармен некелесуге бол-
майтынын білдірді. Бірақ іс жүзінде аралас неке олардың 66,1%-ында көрініс тапқан
және оның ішінде 19,4% орыстармен некелескен.
Сауалнама жауаптары негізінде қазақстандық балқар халқының ұлттық
дәстүрлерінен қол үзбегендігін көреміз. Мысалы, «Гущэхэпхэ» (бешик той, баланы
бесікке салу) балаға қырық күн толғанда жасалады. Баланы бесікке салғанда өмірінде
нан көп болсын, аш қалмасын деп басына хычыне нанын қояды (қарашайлар хычин
наны деп атайды), аяғына ғұмыры балдай тәтті болсын деп бал қояды. Үйлену тойдағы
келін бетін ашу рәсімінде келінді 3 орамалмен жауып қояды және оны пышақпен
көтеріп ашады. Жаңадан түскен келін үлкендерге қатты сөйлемейді. Үлкендерді
сыйлау мызғымас қағидат саналады. Мейрамдарда ұлттық тағам саналатын хычыне
дайындалады. Хычыне тағамы дегеніміз – майға қуырылып пісірілген қаттама нан.
Балқарлар тіл мерекесін, наурыз мерекесін тойлайды, қарашай-балқар халықтарының
атақты ақындарының әдеби кештерін ұйымдастырып отырады.
«Сіздің этносыңыздың дәстүрлерін сақтауға қандай мүмкіншіліктер берілген?» де-
ген сұраққа 24 (66,6%) респондент барлық мүмкіншіліктердің берілгенін белгіледі.
Олар 2010 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысында «Қарашай және балқар –
Бірлік» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы құрылғандығын
мақтанышпен тілге тиек етіп, барлық мүмкіншіліктер беріліп, ешқандай қысымның
жоқтығын, барлық мерекелерін мәдени орталықтарында еркін тойлайтындарын
білдірді. Дегенмен де балқарлардың тұрмыс-салтында, тілдерінде қазақ халқының
күшті әсері байқалады. Мысалы «Көрші этностардың әсерімен дәстүрлеріңізге
қандай өзгерістер енген?» деген сұраққа жауап берген 20 респонденттің 13-і (65%)
қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің әсерін белгілесе, екеуі (10%) орыстардың аздаған
ықпалының байқалатынын көрсетеді.
Балқар этносы, әдеттегідей, ауылшаруашылығы және мал шаруашылығымен айна-
лысады, бірақ басқа да мамандықпен жұмыс істейтіндері де бар. Мысалы:
99
5 адам (13,9%) – мұғалім;
5 адам (13,9%) – жұмысшылар;
3 адам (8,3%) – басқа салада;
2 адам (5,6%) – мемлекеттік қызметкер;
2 адам (5,6%) – қызмет көрсету саласында;
2 адам (5,6%) – студент;
1 адам (2,8%) – сантехник;
1 адам (2,8%) – мемлекеттік мекемеде жұмысшы;
1 адам (2,8%) – мемлекеттік мекемеде жүргізуші;
1 адам (2,8%) – заңгер;
1 адам (2,8%) – зейнеткер;
1 адам (2,8%) – механик;
1 адам (2,8%) – оқушы;
1 адам (2,8%) – күзетші;
10 адам (27,8%) – мәліметі көрсетілмеген.
Балқар диаспорасы өкілдерінің басым бөлігі, яғни 29 адам (76,3%) ана тілдеріндегі
халық ауыз әдебиетінің үлгілерін білмейді. Үлкен және орта жастағы балқарлардан бірі
(2,6%) «Нан мен Роза» хикаясын, Казым Мечидің «Жаралы жугъутур» поэмасын және
бірі (2,6%) Кайсын шығармашылығындағы «Нарттық эпостарды» білетінін жазды.
Қазақстандағы балқар диаспорасы өкілдерінің басқа да қазақстандық азаматтар-
мен құқықтары бірдей қорғалуда. Қазақстанға мәжбүрлі жер аударумен қоныстанып,
мұнда бiржолата қалған, оны өзiнiң екiншi отанына айналдырған балқарлар, ең ал-
дымен, ауыр жағдайда қолұшын берген қазақ халқының бауырмал, меймандос
көңiлiне, ақ пейiлiне ризашылықтарын білдіруде. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк
алған жылдарда оның Президентi Н.Ә.Назарбаев халықтар арасындағы бiрлiк пен
достыққа, тең құқылық жағдайға ерекше мән берiп, тұрақты назарда ұстап келедi.
ТМД елдерiнiң арасында алғаш Қазақстанда Халықтар ассамблеясы құрылып,
тұрақты жұмыс iстеуi соның айғағы. Қазіргі таңда екі мыңға жуық, бейресми деректер
бойынша үш мыңға таяу балқар көпұлтты Қазақстанның бір этностық тобын құрап,
тату-тәтті өмір сүруде. Халықаралық жобаның зерттеу нәтижелері балқар халқының
әлеуметтік-лингвистикалық жағдайының, мәдениетінің Қазақстандағы ұлтаралық
келісім негізінде дамуын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |