Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН БАЛҚАРЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-



Pdf көрінісі
бет42/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН БАЛҚАРЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ: ТАРИХИ АНЫҚТАМА ЖӘНЕ 
АНКЕТАЛЫҚ ТАЛДАУ
А.А.Жалмырза
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, ф.ғ.к.
Бұрынғы  Кеңес  Одағының  аз  халықтарының  бірі  болған  балқарлар  Солтүстік 
Кавказдың небәрі төрт әкiмшiлiк ауданын мекендейтiн және жалпы саны 40 мың 900 
адам ғана болатын. Кавказ халқын үдере көшіруді бастаған кеңес билігі 1944 жылдың 
наурызында балқарларды жер аударды. КСРО-ның Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 
«Балқар халқын депортациялау» шешімін орындау үшін 1944 жылы 8 наурызда Ішкі 
істер  халық  комиссариатының  суық  қаруланған  жасағы  «неміс  басқыншыларымен 
ымыраға келді» деп айыпталған балқарларды қоршап алды. 9-11-наурыз аралығында 
37 мың 103 балқар эшелондарға күшпен тиеліп, өздерiнiң жаңа мекендерi Қазақстанға 
және Қырғызстанға жөнетiлдi. Қазақстанның Ақмола, Павлодар, Семей және оңтүстік 
өңірлеріне 4,660 отбасы (21,150 адам) балқарлар қоныстандырылды.
1957 жылдардың аяғына қарай басқа да қуғынға ұшыраған Кавказ халықтарымен 
бірге балқарларға да ата жұртқа қайтуға рұқсат етілді.
Қазіргі күнде Қазақстанның Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыста-
рында екі мыңнан астам балқарлар өмір сүруде. 1996 жылдан бері балқар диаспорасы 
қарашайлықтармен бірге «Минги тау» этномәдени орталығын құрып, Қазақстанның 
мәдени өмірінде белсенділік танытып келеді.
Қабарда  және  қарашай-балқар  халықтары  тарихи  тағдырлас  болғандықтан, 
тілдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, олардың әдебиеті бір арнада қатар да-
мыды. Балқар әдебиетінің негізгі бастауы, әлемнің басқа да халықтарының әдебиеті 
тәрізді – халық ауыз әдебиеті. Балқарлардың ерте кезеңдегі тұрмыс-тіршілігін, әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін терең зерттеген ғалымдар олардың ауыз әдебиетінің 
өте бай екендігін жазды. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде орыс география қоғамының 
мүшесі,  этнограф-кавказтанушы  Г.Ф.Чурсиннің  еңбектерінде  балқарлардың  халық 
әндерінің  туу  сарындары  мен  орындалу  ерекшеліктері  Кавказдағы  көрші  басқа  да 
түрік халықтары тарапынан жоғары бағаланғандығы баяндалады. Өте бай балқар ауыз 
әдебиеті тақырыптық және стильдік ерекшеліктері жағынан өзге Кавказ халықтарының 
сөз өнеріне жақын болып келеді (Чурсин 1913). 


92
Қарашай-балқар  ауыз  әдебиетінің  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  –  Нарт  таурухла, 
яғни нарт дастандары. Нарт дастандары – қарашай-балқар түріктеріне және әртүрлі тілде 
сөйлейтін  көршілес  кавказдық  халықтарға  ортақ  мұра  болып  табылады  (Абаев  1933). 
Кавказ  мифологиясына  сүйенсек,  нарттар  –  кавказ  халықтарының  арғы  тегі  болып 
саналған,  аты  аңызға  айналған  кейіпкерлер.  Нарт  жырларында  олардың  атты  қолға 
үйреткендігі,  темір  балқытып,  алғашқы  қару-жарақтарды  жасағандығы  айтылады. 
Нарттар  батылдықтың,  ержүректіліктің,  игіліктің  және  Кавказ  халқы  мәдениетінің 
символына  айналған.  Ең  ақылды,  тапқыр  және  шебер  жауынгерлер  болған  нарт-
тар,  адам  күші  жетпейтін  жауларын  күш-қуат  пен  ынта-жігермен  ғана  емес,  терең 
ақылдылықпен жеңетін болған. Жоғарыда айтылғандай, нарт жырлары тілі мен ділі 
әртүрлі, басқа-басқа бабадан тараған Кавказ халықтарының арасындағы мәдениетті 
біріктіретін  бірден-бір  туынды  саналады.  Нарт  дастандары  адыг  (шеркеш),  абхаз, 
осетин  және  шешен-ингуш  халықтарымен  бірге  қарашай-балқар  түріктерінің  ауыз 
әдебиетінде де ең көне туынды болып саналады.
Қарашай-балқар халық ауыз әдебиетінің құрамдас бөлігі саналатын нарт дастан-
дарынан бөлек батырлар туралы жырлары мен тарихи жырлары да олардың маңызды 
рухани-мәдени  мұрасы  болып  табылады.  Жыршы  деп  аталатын  халық  ақындары 
орындайтын жырларда балқар халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, Кавказдағы 
басқа халықтармен қарым-қатынастары, Ресейге қарсы азаттық күрестері секілді ке-
сек тақырыптар жырланды (Казахская литература, 2005: 238). 
«Авчы  Бийнөгер»  (Аңшы  Бинөгер)  дастанын  қарашай-балқар  ауыз  әдебиеті 
туындыларының  ең  көнелеріне  жатқызуға  болады.  «Батыр  Карча»  дастанында 
қарашайдың  Карча  есімді  биінің  қабардалық  шахзадалармен  күресі  баяндалады. 
Қарашай-балқар  халық  әдебиетінде  қабардалық  шахзадалардың  ерліктерін  баян-
дайтын  жырлар  да  кездеседі.  Мұндай  жырлар  қабарда  халқының  әдебиетінде  де, 
қарашай-малқар халқының әдебиетінде де құнды шығармалар болып табылатындығы 
таңғаларлық жайт. Қарашай-малқарлар аталмыш жырлардың кейіпкерлерін иемденіп 
алғаны  соншалық,  Ачемез  бен  Жансох  сияқты  тарихта  болған  қабарда  батырлары 
кейіннен қарашай-балқар халқының батырлары ретінде де таныла бастады. 
Қарашай-балқар халқының ең танымал болған тұлғалы ақындарының бірі – XVII 
ғасырда өмір сүрген Қара Мұса. Ол Балқар бегі Айдаболұлы Артұтайдың жыршысы 
әрі кеңесшісі еді. Оның Артұтай мен гүржі патшасы Таймұразды мадақтайтын жырла-
ры осы күнге дейін сақталып келген.
Қарашай-балқар халық ақындары арасында XVIII ғасырда, дәлірек 1695-1798 жыл-
дар арасында өмір сүрген Заңтудының алар орны айрықша. Оның қабарда ханзадасы 
Қайтұқұлы Асланбек жайлы айтқан жыры кең танымал болып, кейін халық дастанына 
айналған. 
XIX ғасырдағы қарашай-малқар әдебиетінің негізін қалаушы ақын ретінде Казым 
Мечидің  есімі  кеңінен  танымал  болды.  Казым  1859  жылы  Кавказда  Холам-Бызын-
гы аймағының тау бөктеріндегі ауылда,  балқарлардың Мечи руылы кедей отбасын-
да дүниеге келді. Анасының тегі қарашай-балқарлардың Аппо руынан болған. Бала 
кезінде  медреседе  білім  алған  Казымның  араб,  парсы  және  түрік  әдебиетін  жетік 
меңгеруі, кейіннен қарашай-балқар тілінде жазған туындыларында байқалады. Казым 


93
жастайынан шығыстың Науаи, Фузили және Фирдауси секілді асыл сөз шеберлерінің, 
Әл-Бируни, Әл-Фараби мен Ибн Сина іспеттес ғұламаларының шығармаларына қанып 
өседі. Ол бойына сіңген шығыстық сарын әсерімен қарашай-балқар тілінде жырлаған 
«Тахир иле Зүхре» («Тахир мен Зұхра») дастанын 1891 жылы жарыққа шығарды.
К.Мечидің  әзіреті  Мұхаммед  пайғамбардың  миғраж  түнінде  көктің  жеті  қабатына 
көтерілгені және игі мұсылманның қандай болуы керектігі  туралы, жұмақ пен тозақ 
жайлы  баяндайтын  діни  тақырыпта  жазылған  көптеген    өлеңдері  бар.  Мысалы, 
Казымның «Алданмайын ахир заман дүнияйа» (Алданбаңыз ақыр заман дүниеге) атты 
өлеңі қысқа ғана уақытта бүкіл қарашай-малқар халқы арасына тарады. Сондай-ақ оның 
шығармаларында  қарашай-балқар  қоғамының  «шахзада-ақсүйек-құл»  ара сындағы 
шиеленісті мәселелер, байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздіктер секілді әлеуметтік 
тақырыптар да кеңінен орын алды. 1907 жылы соғыс майданында туған, сегіз бөлімнен 
тұратын «Жаралы жугутур» (Жаралы тауешкісі) атты өлеңінде жараланған тауешкіні 
жанамалы  жырлай  отырып,  Кавказ  жеріндегі  шахзадалар  мен  рулардың  тартысын, 
ауқаттылардың кедейлерге күн көрсетпеуін, қара халықтың азабын сынайды. 
1944 жылы 85 жасқа толған Казымға билікке қарсы тұрды және отанын сатты де-
ген жала жабылып, қуғындалған барлық қарашай-балқар халқымен бірге жүк вагон-
дарымен Түркістанға жер аударылады. Тәбәрік жастағы ақын жаңа қоныстағы ауыр 
азапқа, отанына деген сағынышқа төзе алмай алғашқы жылы-ақ көз жұмады. Сүйегі 
Қазақстанның Талдықорған өңіріне жерленеді. 54 жылдан кейін, яғни 1999 жылы Ка-
зым  Мечидің  сүйегі  Қазақстаннан  Кавказ  жеріне,  туған  жерінің  топырағына  қайта 
жерленеді. К.Мечидің зираты қазіргі таңда Қабарда-Балқария Республикасының аста-
насы – Нальчик қаласында есімімен аталынған бір паркте орналасқан. 
Кеңес  өкіметі  тұсында  қарашай  әдебиеті  Б.М.Пачев,  П.Кешоков,  Т.Борукаев,  Али 
Шогенцуков,  Ә.Кешоков,  К.Кулиев,  А.Налоев  сынды  жаңа  ақын-жазушылардың 
есімімен толықты. Кеңес Одағына танымал болған ақындардың бірі – Кайсын Кули-
ев. К.Кулиев айдауда жүрген кезінде Қырғыз Жазушылар Одағында қызмет атқарды. 
Оның еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылып, дәуірдің ең атақты ақындарының 
бірі ретінде танылды. Қарашай-балқар әдебиетінің кейбір өкілдері сүргін жылдарында 
социализмнің теңдігі, ұлттардың әдеби достығы тақырыптарында қалам тербеді. Бұл 
дәуірдегі қарашай-балқар әдебиетінде олардың Орта Азия халықтарымен тарихи және 
мәдени  байланыстары  туралы  жазылған  шығармалар  ерекше  назар  аудартады.  Кай-
сын Кулиевтің «Казак евинде» (Қазақ үйінде), Керим Отардың «Кыргыз язарларына» 
(Қырғыз жазушыларына), Жанакайыт Залиханның «Эльма ааджы» (Алма ағашы), Исса 
Боташтың «Фрунзе шехрине» (Фрунзе қаласына) сынды туындыларында Түркістанның 
түрік тілдес халқына деген құрметі пен бауырластық сезімі анық байқалады.
Бүгінгі қарашай-балқар әдебиеттанушылары Қырғызстанның астанасы Бішкекте «Ка-
рындашын сөзү» (Бауырдың айтқаны) және «Джашабузну байрагы» (Өміріміздің байрағы), 
Қазақстанның Алматы қаласында «Жилтинле» (Шырылдар) атты қарашай-балқар ақын-
жазушыларының өлеңдер жинағын жекелеген кітаптар ретінде басып шығарды. 
Қарашай-балқарлар  1957  жылдан  бастап  отаны  –  Кавказ  жеріне  қайта  орала  бас-
тады. 1959-1961 жылдары балқар әдебиетінің оқырмандарына көптеген жаңа кі тап тар 
ұсынған өнімді кезеңі болды. Репрессияға ұшырап, халық жауы атанған, ІІ Дүниежүзілік 


94
соғысы  кезінде  қан  майданда  қаза  болған  балқар  ақын-жазушыларының  еңбектері 
құрастырылып, қайтадан баспасөз бетіне шыға бастады. 1970 жылдан бастап  қарашай-
балқар әдебиетінің гүлденген дәуірі басталды деп айтуға болады. Абдуллах Беги, Аскер 
Доду,  Светлана  Моттай,  Муталип  Беппай,  Мураддин  Өлмез,  Сакинат  Мусука,  Мұса 
Байда секілді жас ақын-жазушылар легі сол халықтың сөз өнеріндегі жаңа белесті ба-
стады. Осы жас ақындардың барлығы дерлік 1950 жылдары туған жерлері – Кавказдан 
жыраққа жер аударылғандардың ұрпақтары екен (Tavkul 2002: 270-277).
Балқар  тілі  –  Қабарда-Балқария  Республикасының  (РФ)  мемлекеттік  тілі, 
Қазақстандағы балқар диаспорасының экзогенді тілі болып табылады. 
Балқар тілі Батыс түрік тілдері тобының қыпшақ бұтағына тиесілі. Бұл тіл Солтүстік 
Кавказ жеріндегі құмық және ноғай тілдеріне ұқсауымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге 
де  ие.  Сөздік  қорына  қарай    (лексикалық  ерекшеліктері)  жоғарыда  аталған  түркі 
тілдеріне жақын, ал фонетикалық ерекшелігі бойынша, жалпы түрік тіліндегі сөз ба-
сында й дауыссыз дыбысының орнына  ж/дж дауыссыз дыбысының келуі жағынан 
қыпшақ  тобына  кіретін  түрік  тілдеріне  (қазақ,  қыпшақ,  өзбек-қыпшық  тілдеріне) 
ұқсас болып келеді. Балқар тілі көбіне қарашай-балқар, не қарашай-малқар тілі болып 
танылады және зерттеушілер де түбірлес қостілді қатар қарастырып келеді.
Негізінде балқар тілі Алтын Орда мемлекетінің орталық аймақтары болған Еділ-
Орал алабы мен осы мемлекеттің батыс шегі – Қара теңіздің солтүстігі мен Қырым, 
сондай-ақ  мемлекеттің  оңтүстік-шығыс  шегі  –  Хорезм  аймағында  қолданылған 
әдеби  қыпшақ  тілінің  жалғасы  болып  табылатын  қыпшақ  тобы  диалектілеріне  өте 
жақын  болып  келеді.  Дәлірек  жазсақ,  қырым  және  қазан  татарларының  тіліне,  Хо-
резм аймағының кейбір қыпшақ говорларына, құмық пен ноғай тілдеріне өте ұқсас. 
Сондықтан  қарашай-балқар  тілдерінің  қалыптасуын  Алтын  Орда  мемлекетіне  тән 
қыпшақ тілімен байланыстыра аламыз. Әсіресе, бұл тіл, кейбір дауысты дыбыстардың 
ерекшеліктерін есептемегенде,  қазан татарлары тіліне етене жақын. 
Бүгінге дейін батыстық және отандық зерттеулерде қарашай-балқар тілі қарашай және 
балқар тілдері болып бөлек екі тіл ретінде қарастырылды. Мұндай қателіктің негізгі 
себебін  көптеген  зерттеушілердің  аймақтағы  халықпен  тілдеспей,  тек  өзіне  дейінгі 
жарияланған тілдік еңбектер мен сөздіктерге сүйенгендігімен түсіндіруге болады. 
Қарашай-балқар  тілі  Қыпшақ  тобы  тілдерінің  Кавказдағы  шығыс  тармағын 
қалыптастырды.  Қарашай-балқарлар  тілдерін  Тау  тілі  немесе  Тауша  деп  атайды. 
Қарашай-балқар тілі тарихи даму барысында екі үлкен диалектіге бөлінді. Бірақ ол 
қарашай, балқар болып бөлінбейді, өйткені Қарашай аймағы мен Балқардың Басхан, 
Чегем  аңғарларында  қолданылған,  кейін  олардың  жазба  тілі  болған  бұл  тіл  қандай 
да  бір  ерекшеліктерімен  бөлектенбейді.  Екінші  диалект  –  Черек,  Холам,  Бызынды 
аңғарларында қолданылатын черек диалектісі.
Қазақстанның Тараз, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 
этно-мәдени орталықтар жанында қарашай-балқар тілін үйрететін жексенбілік мек-
тептер жұмыс істеуде. Балқар тілі мүшелері арасында балқар диаспорасының өкілі бар 
отбасыларда қолданылып келеді.
Қарашай-балқарлар 1924 жылға дейін араб әріптерін, 1924 жылы латын, 1937 жыл-
дан бастап кириллицаны қолдана бастады. Кириллица негізіндегі әліпби де 1961 және 
1964 жылдарында 2 рет өзгеріске ұшырады. 


95
Қазіргі қарашай-балқар  кириллица әліпбиі
А а Б б
В в
Г г Гъ гъ Д д Дж дж Е е
Ё ё Ж ж З з
И и Й й
К к Къ къ Л л
М м Н н Нг нг О о П п
Р р С с
Т т
У у Ў ў Ф ф Х х Ц ц
Ч ч Ш ш
Щ щ
ъ
Ы ы ь
Э э Ю ю Я я
Сауалнама бойынша балқарлардың әлеуметтік-лингвистикалық жағдайын статис-
тикалық талдаудың қорытындылары
Халықаралық  жобаның  2014  жылдан  бастап  жүргізген  далалық  лингвистикалық 
зерттеулері Қазақстанның  түркі тілдері бойынша өте сирек тілдік материал жинауға 
мүмкіндік берді. Аудио және бейне жазбалардың материалдары құжатталды, содан кейін 
ауызша сөйлеудің әрбір үзіндісіне жеке транскрипция жасалды. Сұхбат аяқталғаннан 
кейін  метамәліметтер  сауалнамасы  толтырылды.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда  ресми 
түрде 1798  (бейресми мәлімет бойынша 3 000) балқарлар өмір сүріп жатса, олардың 
жалпы 36-сы сауалнама сұрақтарына жауап берді.
Сауалнама қорытындысы бойынша, балқар отбасыларының барлығы аталарының 
қазақ жеріне қашан және қандай жағдайда қоныс тепкенін дәл, әрі дәлелді ақпаратпен 
айтып  бере  алады.  Сауалнаманың  «Қашан  көшіп  келдіңіз?»  деген  сұрағына  оған 
қатысушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет