Ә. ӘЗ-ЗАМАХШАРИДЫҢ «МУКАДДИМАТ ӘЛ-ӘДӘБ» СӨЗДІГІ (ХІІІ Ғ.)
ЛЕКСИКАСЫНЫҢ МОРФОНОЛОГИЯСЫ
(ПРАКТИКАЛЫҚ ПАЙЫМДАУЛАР)
Ш. Ш. Жалмаханов
Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ф.ғ.д.
Түркі халықтарының ХІІІ ғасырдан жеткен жазба ескерткіші Әбілқасым әз-
Замахшаридың «Мукаддимат әл-әдәб» сөздігінде 1545 түбір сөз бар. олардың 1 буынды-
сы 418 сөз, 2 буындысы 1002 сөз, 3 буындысы 120 сөз, 4 буындысы 5 сөз. Түркі тілдерінің
100
түбір лексикасының дыбыстық құрамының 6 типі бар екені – лингвистика ғылымында
қалыптасқан пікір [1, 19]. Олар: Дт, ДсДт, ДтДс, ДтДсДс, ДсДтДс, ДсДтДсДс (орысша
қысқартылуы: Г, СГ, ГС, СГС, СГСС). Академик Ә.Т.Қайдаровтың пайымдауынша, Дт,
ДсДт, ДтДс (Г, СГ, ГС) типтері ең негізгі құрылымға жатады да, қалғандары осы жай
типтерден туындайды. Бұл пікірдің ақиқаттығына Замахшари сөздігіндегі бір буынды,
екі буынды сөздердің көп кездесетіндігі (1420 сөз) дәлел бола алады.
Сөздіктегі бір буынды түбір сөздер 2 дыбыстан (аз, ай, үз, іп; де, йе, су, не), 3 ды-
быстан (ант, айт, бөз, бас, бат), 4 дыбыстан (қайт, сүрт, тарт) тұратын түбірлер болып
жіктеледі. 2 дыбысты сөздің өзі іштей ДтДс (ат, ор), яғни тұйық буынды, ДсДт (бу, йе,
кү – ашу), яғни ашық буынды болып ерекшеленеді. 3 дыбысты сөздер ДтДсДс (айт,
ант), яғни тұйық буынды, ДсДтДс (бөк, бүр, йай: садақ, жаю, жаз мезгілі), яғни бітеу
буынды болып келеді. Ал 4 дыбысты түбірлер ДсДтДсДс (йурт, қарт, қурт, төрт), яғни
бітеу буынды ғана құрылым жасайды.
Қазақ тіл білімінде, жалпы түркітануда, сөйлемнің, сөз тіркестерінің, сөздердің
жасамдары – егжей-тегжейлі зерттеліп зерделенген сауалдар, десек те түбір сөз
құрамындағы дыбыстардың тіркесуі, яғни дыбыс тіркесімдік заңдылықтар толық тал-
дана қарастырылды деуге болмайды. Олай дейтініміз, сөз түбірінің дыбыстық құрамы
дауысты және дауыссыз дыбыстар негізінде ғана айқындалғанмен, дауыстылардың не-
месе дауыссыздардың акустикалық, артикуляциялық, фонологиялық жіктелуіне қарай
анықтау, нақтылауды қажет етеді. Мәселен, қазақ тіліне, жалпы қыпшақ тілдеріне тән
тарихи түбір сөзде екі дауысты, екі дауыссыз қатар келмейді, ұяң дауыссыз дыбысқа (
з
ұяң дауыссызынан басқа) аяқталмайды, немесе қатаң дауыссыз дыбыстардың тіл алды,
тіл ортасы, тіл арты арқылы жасалатын түрлерінің дауысты дыбыстың жуан, жіңішке
түрлерін таңдап тіркесетіні (қ жуан буынды, к жіңішке буынды сөздерді құрайтыны
секілді) және т.б. қалыптасқан қағидалар бар.
Сөз түбіріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерінің сөз (дыбыстық кешен)
құрау ерекшеліктерін, заңдылықтарын, олардың типтері мен түрлерін Замахшари
сөздігіндегі 2 дыбысты түбір сөздің негізінде қарастырамыз. Ол үшін 2 дыбысты түбір
сөздерді ДтДс, ДсДт деген типтерін жеке-жеке талдау керек болады, себебі сөздің да-
уыстыдан не дауыссыздан басталуының өзіндік өзгешеліктері бар. Оған жасалған ке-
стеге қарап та көз жеткізуге болады.
Р/с Түбір сөз
Дауыстылар
Дауыссыздар
Жу
ан
Жі
ңішке
Ерін
дік
Езу
лік
Ашық Қы
саң
Қа
таң
Ұяң Үнді
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1.
аз (көп емес)
+
+
+
+
2.
аз (арықта)
+
+
+
+
3.
ай
+
+
+
+
4.
ақ
+
+
+
+
5.
ал (ол)
+
+
+
+
101
6.
ам
+
+
+
+
7.
ар: 1. арған –
шаршаған; 2.
арды –талды
+
+
+
+
8.
ас
+
+
+
+
9.
ат (жылқы)
+
+
+
+
10. ат (есім)
+
+
+
+
11. ат (ату)
+
+
+
+
12. ау
+
+
+
+
13. ач
+
+
+
+
14. аш
+
+
+
+
15. бу
+
+
+
16. де
+
+
+
+
17. ев
+
+
+
+
18. ег (иді
+
+
+
+
19. ег (ию)
+
+
+
+
20. ек
+
+
+
+
21. ел
+
+
+
+
22. ел
+
+
+
+
23. ен (түсу)
+
+
+
+
24. ең
+
+
+
+
25. ер: 1. еркек; 2. ер
(күйеу)
+
+
+
+
26. ес (адамның
зердесі)
+
+
+
+
27. ес (жел есті)
+
+
+
+
28. ет (тін)
+
+
+
+
29. ет (істе)
+
+
+
+
30. еш (жіп, арқан
ширату, есу)
+
+
+
+
31. еш (серік болу)
+
+
+
+
32. ит
+
+
+
+
33. йе
+
+
+
+
34. йу (жу)
+
+
+
35. йү (үю)
+
+
+
36. не
+
+
+
+
37. оқ
+
+
+
38. ол
+
+
+
102
39. он
+
+
+
40. оң
+
+
+
41. ор
+
+
+
42. от
+
+
+
43. өз
+
+
+
44. өк(өксүді)
+
+
+
45. өл
+
+
+
46. өп (сүю)
+
+
+
47. өр (өру)
+
+
+
48. өс
+
+
+
49. өт
+
+
+
50. өч
+
+
+
51. cу
+
+
+
52. сы (сыну)
+
+
+
+
53. сі (сию)
+
+
+
+
54. ун
+
+
+
+
55. ур (ұру)
+
+
+
+
56. ут
+
+
+
+
57. уч
+
+
+
+
58. уш, үш (ұшу)
+
+
+
+
59. үг (үгу)
+
+
+
60. үз (жүзу)
+
+
+
61. үй
+
+
+
62. үн
+
+
+
63. үч (ұшы, шеті)
+
+
+
64. іе (ие)
+
+
+
65. із (іззет)
+
+
+
66. ій (ие)
+
+
+
67. ін
+
+
+
68. ің (ыңыра ну)
+
+
+
69. іп (жіп, арқан,
үзік жіп)
+
+
+
70.
іт (ит)
+
+
+
71.
іч (ішу)
+
+
+
72. іч : І. іш, қарын;
ІІ. іші, сырты
емес
+
+
+
73. іш (іс)
+
+
+
103
Мысалы, кестедегі алғашқы сөз аз, ондағы дыбыстардың тіркесімі: дауысты а ды-
бысы жуан, езулік, ашық, ал дауыссыз з ұяң, тіл алды. Бұл түбір сөздің дыбыстық
тіркесімін жуан-езулік-ашық-ұяң деп, яғни ЖуЕзАҰ деп қысқартып таңбалауға бо-
лады, қалған сөздерді де қысқалық үшін осылай белгілейміз. Түбірлердің дыбыстық
құрамының сипаты кестеде + таңбасымен ерекшеленеді. Осыдан келіп олардың
типтері мен түрлерін анықтаймыз.
Дауысты-дауыссыз дыбыстардан жасалған түбір сөздердердің дыбыстық
тіркесімінің 6 типі бар. Олар: жуан-езулік-ашық-ұяң (аз – ЖуЕзАҰ), жуан-езулік-
ашық-үнді (ал, ар – ЖуЕзАҮ), жуан-езулік-ашық-қатаң (ақ, ас, ат – ЖуЕзАҚ), 2)
жуан-еріндік-қысаң-үнді (ун, ур – ЖуЕрҚысҮ), жуан-еріндік-қысаң-қатаң (ут, уч
– ЖуЕрҚысҚ), 3) жуан-еріндік-ашық-қатаң (оқ, ут, уш – ЖуЕрАҚ), жуан-еріндік-
ашық-үнді (ол, он, ор – ЖуЕрАҮ), жіңішке-езулік-қысаң-ұяң (ев, ег – ЖіңЕзҚысҰ),
жіңішке-езулік-қысаң-үнді (ел, ен, ең – ЖіңЕзҚысҮ), жіңішке-езулік-қысаң-қатаң (ек,
ес, ет – ЖіңЕзҚысҚ), 5) жіңішке-еріндік-ашық-қатаң (оқ, өк, өп – ЖіңЕрАҚ), жіңішке-
еріндік-ашық-үнді (өз, өл, өр – ЖіңЕрАҮ), 6) жіңішке-еріндік-қысаң-ұяң (үг, үз –
ЖіңЕрҚҰ), жіңішке-еріндік-қысаң-үнді (үй, үн – ЖіңЕрҚҮ), жіңішке-еріндік-қысаң-
қатаң (үч – ЖіңЕрҚысҚ).
Достарыңызбен бөлісу: |