«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет1/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Әдістемелік құрал

Қ арағанды, 2015


Пікір жазғандар:
Қ.Н.Әбуғалиев – Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты;
А.А. Мұқатаев – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағы: әдістемелік құрал / құраст.: М.Б. Айткенова. – Қарағанды, 2015. - 32 б.

Бұл әдістемелік құралда PISA халықаралық зерттеуінің негізгі бағыты оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар берілген. Әдістемелік құрал зерттеуде берілетін тест тапсырмалары үлгісінде құрастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курстарында әзірлеген тапсырмалардан жинақталған.


Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
Эксперттік кеңесімен ұсынылған (23.01.2015ж., №1 хаттама)

© «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы


Қ арағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, 2015



Кіріспе
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында жаңа экономикалық және саяси әлеуметтік-мәдениет жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарын интелектуалдық және рухани дамытуға, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта құрулар қарастырылған. Аталған міндеттерді орындау мақсатында 2012 жылдың маусым айында қабылданған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» мүмкіндіктер береді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, соның ішінде, оқу сауаттылығын дамыту процестерін қамтамасыз ету бойынша мазмұндық, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық іс-шаралар кешені Ұлттық жоспарда қарастырылған.
«Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігі емес, мәліметтерді айқындай білу қабілетімен анықталуда. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді. Оқу сауаттылығы туралы түсінік мектеп бітірушінің әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және оқушылардың мектептен тыс уақыттарда және әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген.
Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы оқу сауаттылығының даму деңгейін анықтауға септігін тигізеді. Зерттеуде қолданылатын құралдар әлемнің тәжірибелі сарапшыларымен педагогикалық өлшемдердегі бірегей технологияларды қолдана отырып жасалған.
PISA зерттеуі өлшемдердің бірнеше инновоциялық идеяларын: функционалдық сауаттылықты бағалау, қатынастарды оқу, қызығушылық, оқу стратегиялары мен мотивацияларды қатар жүргізеді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау (PISA- Programme for International Student Assessment) негізгі 3 бағыт бойынша өткізіледі: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы.
PISA зерттеуінің негізгі мақсаты 15 жастағы оқушылардың оқу, математика, жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеудің негізгі қарастыратын сұрағы – «15 жастағы оқушылардың жалпыға міндетті бойынша алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын қазіргі қоғамда толыққанды қызмет етуге тиімді пайдалана біле ме?». Оқушылардың нәтижелеріндегі өзгешеліктерді түсіндіруге мүмкіндік беретін факторлар да зерттеледі. Мұндай факторларға оқушылардың және олардың жанұяларының сипаттамасы, білім беру мекемелерінің және оқу үрдісі жағдайларының сипаттамалары жатады. Зерттеудің әрбір кезеңінде 3 зерттеу бағытының біріне ерекше назар аударылады:

  • Оқу сауаттылығы – 2000, 2009жж.

  • Математикалық сауаттылық – 2003, 2012жж.

  • Жаратылыстану сауаттылығы – 2006, 2015жж.

Зерттеудің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және бұл бағытқа байланысты салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Оқу сауаттылығын бағалау келесі 5 тұрғыны есепке алуы керек. Оны меңгергені мәтінді толық түсінгенін білдіреді:

  • мәтін мазмұнындағы ортақ бағыт және оның бүтіндік мағынасын түсіну;

  • мәліметтің анықталуы;

  • мәліметтің дамуы;

  • мәтін мазмұнының рефлексиясы;

  • мәтін формасының рефлексиясы.

Оқу тұрғылары өзара байланыстырылған және олардың біреуінің орындалуы басқасының да нәтижелі аяқталуына септігін тигізеді. Мәтінді толық түсіну – әр тұрғыдан қарағанда оқушы құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіші. Құзыреттілік деңгейі тапсырмалардың сұрақтары мен нұсқаулардың көмегі арқылы анықталады.
Мәтіндегі қажетті мәліметті табу біліктілігін анықтау үшін оқушы назарын мәліметке сұрақ қою арқылы аудару қажет, ол үшін мәтінге көз жүгіртіп, оның негізгі элементтерін анықтап, қажетті мәліметті табу талап етіледі.
Бұл әдістемелік құралда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсы барысында дайындаған оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға байланысты дайындаған тапсырмалары жинақталған.
Әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет