Алашорда дәуіріндегі ең сымбатты кісі кім?
Алаш. Алаш дәуірі. Алаш азаматтары десе, көз алдымызға не елестейді? Ұлтын сүйген бір ұлдың елі үшін, елінің есе теңдігі үшін күресіп, ақыр соңында шейіт болған қасіретті өмірі көз алдымызға бірден елестейді. Өмірі аңыз, айтқан сөздері мен жүрген іздері әфсанаға толы осы алтын азаматтардың сәні жайлы ел арасында мың сан әңгіме бар.
«Сәнін берсін Сәкеннің» деген әннің өзі неге тұрады...
Айтар ойдың ауаны осыдан қолсозым-ақ жерде тұрған Алаш азаматтарының сәні жайлы. Ер мінезімен, серілігімен, сымбатымен өз заманында-ақ қазақ даласына аңыз боп тараған кісі – Сәкен Сейфуллин.
Сәкенмен сән таластырып, сымбатына иық тіресе алатын жалғыз замандасы болған. Ол – Мағжан Жұмабаев. Екеуі бір қызға ғашық болып, бір ущилищеде оқып, өнер мен әдебиеттің көгіне бірге шыққан азаматтар. Іштей бірін-бірі қандай сыйласа, сән-сымбат, серілік жағынан сондай тартыста жүрген алыптар...
Әрине айта берсеңіз таусылмайды. Тәптештей ойлап, шұқшия үңілсеңіз мұндай серілік, мұндай көрікке олардың биік азаматтығы, бір басына жетерлік мол өнерлері де тірек болып тұр. Ақындық қарым, ер мінезіне тән қайсарлық жатыр бұл көріктің астында...
Бірде, Әлиханды өмірінде екі-ақ рет көріп, көркі мен парасатына бас иген арбакештің әңгімесін бір ағамыздың аузынан естігенім бар.
Арбакеш Әлихан туралы көзінен жас парламай, тебіренбей айта алмаушы еді дейді ақсақалдың ұлы.
Әлиханның дегдарлығы бүгінгі ұрпаққа аңыз болып сәнімен жеткен жоқ, бірақ Сәкен мен Мағжан сынды екі арысын алақанына салып еркелеткен үлкен азаматтығында жатса керек.
18-тапсырма: Сонымен Алашорда заманының сымбатты азаматтары, олар:
Бірінші орында: _____________________________________________
Екінші орында: ______________________________________________
Үшінші орында: Мұхтар Әуезов тұрса жөн болар деп ойлаймын.
Сіздіңше қалай? _____________________________________________
_______________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |