«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал


Ағылшын тілі туралы ең қызықты мәліметтер



бет10/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Ағылшын тілі туралы ең қызықты мәліметтер

23 сәуір, 2014 massaget.kz сайтынан алынған


Бүгін – ағылшын ақыны, даңқты драматург У.Шекспирдің дүниеге келген және қайтыс болған күні. Артындағы ұрпаққа 5 поэма, 10 күнделік, 11 трагедия, 17 комедия, 154 сонет қалдырған қаламгердің туған күнінің құрметіне Бүкіләлемдік ағылшын күні белгіленсе, қайтыс болған күніне орай Бүкіләлемдік кітап күні атап өтіледі.


Ағылшын тілі күні БҰҰ-ның тікелей бастамасымен басқа тілдерге арналған ресми күндер секілді 2010 жылдан бері мерекеленіп жүр. Тілдер мерекесінің басты мақсаты – әлемдегі көптілділік дәстүрін нығайту.
Бүгінде ағылшын тілі «әлемдік тіл» мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі, тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тіл саналады. Бұл тілде сөйлейтін адамдарды «англофандар» деп атау дәстүрі қалыптасқан.
Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп отыр. Бірінші орында –қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800000-нан астам сөз бар және синоним сөздер қатары да көп. Мұның тиімділігі керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда басқа сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.

22-тапсырма: Бүкіләлемдік кітап күні неге байланысты өтеді?



    1. Шекспирдің туған күніне байланысты?

    2. Шекспирдің дүниеге келген және қайтыс болған күндеріне байланысты;

    3. Шексирдің қайтыс болған күніне орай.

23-тапсырма: «Бүгін – ағылшын ақыны, даңқты драматург У.Шекспирдің дүниеге келген және қайтыс болған күні» деп қай күнді айтып отыр?


________________________________________________________________________________________________________________________________________

24-тапсырма: Әлемде танымалдығы бойынша үшінші орынды иемденіп отырған ағылшын тілі біздің заманымызға керек пе? Өз жауаптарыңызды негіздеңіз.


_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет