«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет11/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы

Ұялы телефон


Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Қарағанды қаласында тұратын Марат сабақтан кейін спорттық секцияға барады. Спорт кешені Мараттың үйінен алшақ жерде орналасқан. Ол үнемі қоғамдық көліктермен жүреді және кесіп өтеді. Ата-анасы сол уақытта жұмыста болғандықтан, баласына алаңдап отырады. Сол себепті мәселені жеңілдету үшін ұялы телефон әпермек болады. Алайда телефонның бала денсаулығына зиян екеніне тағы алаңдайды. Сол себепті Маратты ұялы телефон туралы нұсқаулықтармен, талаптартармен таныстыруды жөн санайды

Нұсқаулықтар:

  • Ұялы телефонды денеден аулақ ұстау;

  • Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу;

  • Сөйлесіп болған соң құлақтың түбінде сөндірмеу;

  • Ұйықтаған кезде 1,5-2м алыс жерге қою;

  • Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минут сөйлесу;

  • Жаңбырлы күнде телефонды қоспау;

  • Телефонды төсекке алып жатпау

Телефонмен сөйлесудің әдептері:

  • Мезгілсіз уақытта қоңырау шалмау;

  • Телефонды көтермеген жағдайда қайта-қайта қоңыраулатпау;

  • Әңгімені сәлемдесуден бастау;

  • Қоңырау шалушы өзін таныстыруы қажет;

  • Қажет жағдай болмаса,

әңгімені тым ұзартпау;

  • Қоңырау шалушы сөзді бірінші болып аяқтау;

  • Телефон соғылса, жауапсыз тастамау;

  • Қоңырау даусына жағымсыз әуендерді қоймау

25-тапсырма. ата-анасы баласына ұялы телефонды не мақсатта әпермек болды?


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

26-тапсырма. Маратқа берілген нұсқаулықтардың қажеттілігі туралы қандай пікір айтуға болады? Сіз осыған келісесіз бе, жоқ па?


Себебін түсіндіріп берсеңіз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

27-тапсырма. Қандай жағдайда телефонмен сөйлесуде шектен тыс сыпайылық ерсі болып саналады деп ойлайсыз?



  1. тым кеш немесе тым ерте телефон соққанда;

  2. телефон арқылы анықтама алғанда немесе телефонистпен сөйлескенде;

  3. телефонда ұзақ отырып, достарыңызбен сөйлесу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет