«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет19/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы

Кофенің шығуы туралы

Кофенің шығуы туралы көптеген аңыздар бар. Солардың біреуінде былай делінеді: «Ертеде бір молда жол бойында әдеттен тыс ойнақ салған ешкілерді кездестіреді. Құдайдың құлы бұл араға арамза күш араласқан деп ұйғарған. Ал бақташылар ешкілердің беймәлім бұтаның жемісін жесе, ерекше ойнақ сала бастайтынын аңғарған. Жемістерде екі дәннен бар екен. Молда бұл жемісті жеп көре бастаған, оны қуырып та, қайнатып та көреді». Кофе дәнінің сыры осылай ашылыпты. 17-ғасырдың басында Венеция көпестері Батысқа көп мөлшерде кофе әкелді. Сол кезден бастап кофе кең тарала бастады.


46-тапсырма: құпия қалай ашылды?



  1. Арамза күштің араласуы;

  2. Ешкілердің белгісіз жемістің дәмін татуы;

  3. Молданың іс-әрекеті.

47-тапсырма: кофенің адам психологиясы мен ойлау жүйесіне тигізер пайдасы мен зияны қандай?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
48-тапсырма: кофені ең көп қолданатындарды атай аласыз ба?
________________________________________________________________


Дермене

Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі кездеседі. Дермене – жусанның бір түрі. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде сиреген.





Асыл шөп жайлы ел аузында аңыз желісі бар: «Ертеде елді ағайынды қос жігіт басқарыпты. Мамыражай бір күні сырттан жау тиеді. Хандықты басып алады. Биліктен айырылған екеудің бірі қаңғырып кетеді де, екіншісі осы жерде көптің бірі болып қалады. Арада жылдар өтеді. Жатжұрттық хан қайтыс болады. Тұрғылықты халық қайтадан байырғы қалпына оралады. Ағайынды жігіттің үлкені бауырын іздеуге кіріседі. Жан-жаққа хабаршы жібереді. Ауыл-ауылға сұрау салады. Дүниенің төрт бұрышын шарлап жүргенде, інісінің дерегі шығады. Хабар жеткенімен, кері оралуға намыстанған бауыры жатжұрттық болып қала беруді таңдайды. Мұны түсінген ағасы ақ шүберекке бір түп дерменені түйіп, сәлемшілерден беріп жіберіпті. Орамалдың түйінін жазып, дермененің хош иісін емірене иіскеген жігіт ағыл-тегіл жыласа керек. Шіркін, туған ауылдың иісі-ай!.. Көп ұзамай атамекенге оралыпты».


49-тапсырма: «Қызыл кітапқа» енген өсімдікті атаңыз. Неге «асыл шөп» деп атаған?


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет