Құрт шайы
Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қонақүйінің ресторандары тіл үйірер небір дәмді тағамдарды дайындайды. Алайда ресторанның біз сөз еткелі отырған қонақтары тамақ атаулыға мұрынын шүйіре қарайтындардың қатарынан емес. Ресторандардың тұрақты қонақтары боп кеткен мыңдаған жер құрттары кез-келген тамақты жей береді. Арнайы жасалған қорап сауыттарға салынған олар ресторандар мен ас үйлерден шыққан тамақ қалдықтарын түк қоймай жеп тастайды екен. Содан кейін өздерінен «құрт шайы» деген атпен белгілі болған арнайы зат бөліп шығарады. Ол «шай» әлгі қонақүйдің бақша-баулары үшін таптырмас тыңайтқыш болып тұр. Бұл жер құрттарының ұзындығы 15 сантиметр екен. Қалдық тамақтарды жай ғана төгіп тастасаңыз, ол өздігінен шіріп, бұзылып, соның нәтижесінде көмір қышқыл газын және метанды бөліп шығарады екен. Бұл екі газ түрінің ғаламдық жылымыққа тікелей себепкер екендігі белгілі. Ендеше қалдық тамақтарды жеп тастап, оны пайдалы тыңайтқышқа айналдыру арқылы әлгі жер құрттары, ең бастысы, Жер планетасын жылымық проблемасына ұрынудан сақтайды деседі. Алдағы айларда қонақ үй өкілдері құрт өсіру ісін одан әрі жандандырмақшы. Бұл іске ат салысқан кез-келген адам риза көңілде қалатынға ұқсайды. Осы жоба бойынша жұмыс істеп жүрген, табиғат қорғаушы белсенділердің бірі Мэри Мерфи ханым «Құрттар әлемді сақтап қалады!» – деп жар салуда.
52-тапсырма: табиғат жанашырының пікірімен келісесіз бе? Сізде әлемді сақтап қалу туралы қандай ой бар?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұйқы маңызы
Ұйқы – ми мен бүкіл ағзаның физиологиялық жағдайы.
Ұйқы дегеніміз – адамның сыртқы ортамен белсенді қатынасы мен ағзаның мақсатты қызметінің жоқ уақыты.
Адам өмірінің 1/3 бөлігін ұйқымен өткізеді. 75 жастағы адамның 25 жыл өмірі ұйқыға кетеді.
Мынаны есте ұстаған дұрыс:
үнемі бір уақытта ұйықтауға дағдылан;
ұйқы алдында таза ауада қыдыруға, жылы суға жуынуға дағдылан;
ұйықтар алдында шай не кофе ішпе;
ұйқы алдында жақсы ой ойлауға тырыс;
ұйықтайтын бөлме жылы, бірақ ыстық болмағаны дұрыс;
денені қысатын киім киіп жатпа;
ұйықтайтын төсек ыңғайлы болғаны дұрыс;
ұйқыға жатқан кезде күндізгі істерді ойламауға тырыс;
Бұл жағдайлар жақсы ұйықтап, демалуыңа көмектеседі.
53-тапсырма: демалыстың пассивті түрі – ұйқы. Олай болса, оның маңызы қандай?
Ұйқы кезінде ми демалады;
Тіршілік процестері бәсеңдейді;
Ағза демалады.
54-тапсырма: Сіз ұйқыға қалай көңіл бөлесіз? Өз ойыңызды жазыңыз
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |