«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет12/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Ғаламтор туралы ұғым

20-ғасырдың соңында пайда болған Ғаламтор қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып, сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.


Ғаламтор 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. 60-жылдардың соңында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы желі жасады. Тәжірибенің ойдағыдай жүргізілуі барысында ARPA net желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы 3 компьютерді ғана біріктірді. Кейін ARPA net бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Ғаламтор деген термин пайда болды. Бұл – ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990 жылдары Ғаламторға енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн. Компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Ғаламтордың мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл күйіңізге қарай одан сізді қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Үйден шықпай газеттің тың нөмірін парақтағыңыз келе ме, мейліңіз, тек www немесе web деп аталатын әлемдік шырмауықты қолдансаңыз жетеді. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті басылымыңызды санаулы минуттар ішінде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесіндегі ауа райын, ақпараттық агенттіктің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе, Ғаламтор жәрдем беруге әзір. Шалғай елдерге сапар шексеңіз, сізге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Ғаламтордан ғалым да, бизнесмен де, компьютерлік ойын әуесқойы да – бәрі-бәрі қажет ақпарат таба алады. Ғаламтор күнделікті тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келеді.
Ғаламтордың негізі АҚШ-та жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Ғаламторға жеке-дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет