Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет43/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165
 
32 балқардың
 
22-сі (68,7%-ы) 1943 жылы, 2-і (6,2%-ы) 1944 жылы деп жа-
уап берсе, келу себебін олардың 71,8%-ы – жер аударумен, 3,1%-ы – репрессиямен 
байланыстырады  (25%-ының  ақпараты  жоқ).  «Қазақстанға  жер  аударылдыңыз  ба?/
депортациядандыңыз ба?» сұрағына 22 адам (61,1%) – ия, 7 адам (19,4%) – жоқ деп 
жауап берген, ал тағы 7 адамның (19,4%) жауап мәліметі жоқ. 
Қалай дегенмен де, олардың Қазақстанға қоныстандырылуының себебі, біз жоға-
рыда жазғанымыздай, Екінші Дүниежүзілік соғыста немістермен ымыраға келді де-
ген  айыптаумен  жаппай  мәжбүрлі  түрде  жер  аударылады.    Балқарлардың  барлығы 
отбасыларының жер аударылып келгендерін білсе де, оны әлі де ашық түрде көрсетуден 
қорқатын секілді. Мыңдаған балқарлардың өмірін жалмаған депортация кезіндегі қор-
қыныш «ұлттық үрейге» айналып, бүгінгі оның ұрпақтарының этнопсихологиясында 
осындай жағдаймен көрініс тауып отыр.
Құжат бойынша ұлты: сауалнама жауап берген 35 респонденттің барлығы (100%) – 
балқар ұлтына тиесілі.
Этникалық өзін-өзі анықтау: 36 респонденттен 35 адам (97,2%) өздерін балқар деп 
таныса, 1 адам (2,8%) мәліметін ұсынбаған. 
Балқар диаспорасы өкілдерінің дерлік барлығы төлқұжаты бойынша да, этникалық 
өзін-өзі танулары бойынша да балқар ұлтына тиесілі болып табылады. Балқарлар көбіне 
өз ұлтының өкілдерімен, қарашайлармен және қазақтармен некелеседі. Сауалнаманың 
қорытындыларын келесідей үлеспен көруге болады:  
Жауап  берген  36  балқардың  әкесінің  ұлты:  33  адам  (91,7%)  –  балқар;  1  адам 
(2,8%) – хемшилі түрігі; 2 адамның (5,6%) мәліметі анықталмаған. Талдау нәтижесі 


96
балқарлардың әке бағытында балқар ұлттың басымдылығын және тек хемшилі түрігі 
өкілінің қатыстылығын көрсетеді.
Ал анасының ұлты бойынша 5 ұлттың қатыстылығын көреміз:
 
10 адам (27,8%) – 
балқар; 9 адам (25%) – өзбек; 5 (13,9%) – татар; 4 (11,1%) – орыс; 1 (2,1%) – қазақ жә не 
7 адамның (19,4) анасының ұлты анықталмаған. 
Осылайша  этникалық  топтың  қандай  ұлт  өкіліне  жататындығына  қарамастан, 
ұлттың жеке басын куәландыратын этникалық маркер әкелік желісі (балқар) болып та-
былады, яғни отбасында баланың ұлты әкесінің этникалық тобымен анықталады. Мұны 
балқар отбасыларында әке беделінің үстемдігімен және отбасының ислам менталитеті 
негізінде құрылатындығымен түсіндіруге болады. «Аралас некеден туған балалар қай 
ұлтқа жатады?» сұрағына жауап берген 38 адамның 25-і (65,7%) «әкесінің ұлтына бай-
ланысты» деп жауап берсе де, іс жүзінде олардың 25%-ы ғана балаларының ұлтын 
балқар деп көрсетеді. Алайда сауалнамаға жауап берген балқар отбасы мүшелерінің 
басым бөлігі (52,8%) балаларының ұлтын ресми құжатта қай этникалық топқа тиесілі 
екендігін ашық түрде білдіре бермейді. 
Қазақстандағы балқар отбасыларында аралас неке басымдылықты құрайды және 
аралас  некеге  ешқандай  шектеу  қойылмаған,  тек  өте  сирек  тұрғыда  кейбір  отбасы 
(2,1%) орыстармен некелесуді құптамайды. 
Балқардың аралас некелі отбасыларында ұлттық үлес салмақ келесідей көрінеді:
13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет