Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


сің , Ләғілдей мислі Таһир сің



Pdf көрінісі
бет48/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
сің
,
Ләғілдей мислі Таһир
сің
.
Көзден аққан жастарым,
Меһірбан қыл, Таһир сен!
Бұтағынан қайрылған,
Гүлдей солып қалдың сен.
Құстарынан айрылған,
Бақшадай болып қалдың сен.
Мысалдардан  байқап  отырғанымыздай,  жіктеу  есімдіктері  мен  етістіктер  өзара 
қиыса байланысқан. Келтірілген мысалдардағы жіктеу есімдіктері мағынасынан ажы-
рай қоймаған. 
Ал 
Таһирсің – Таһир сен
 деген мысалдар тіл дамуының кезеңдерін нақты көрсете 
алады, яғни жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айғақтайды. 
Яғни  жіктік  жалғаулары  мен‚  сен,  ол  жіктеу  есімдіктерінен  шыққан.  Соған  бай-
ланысты  І‚  ІІ  жақ  жіктеу  есімдіктері  мен  етістік  әрдайым  қиыса  байланысады.  Әрі 
жіктеу есімдіктері етістіктен кейін келіп, өзара қиыса байланысқан. Кейін қосымшаға 
айналып кеткен. 
«Biz azbiz» (О, 8) деген сөйлем екі жақты өзекке құрылған: бір өзек – сөйлемдегі 
субъект, екінші өзек – предикат [4, 50].  Мұнда сөйлемнің басында тұрған біз – субъект 


107
(тема, А.Байтұрсынұлының атауы бойынша – бас мүше), ал сөйлемнің соңындағы біз 
– предикат (рема, А.Байтұрсынұлының атауы бойынша – баяншы мүше). 
Екі мүше өзара ымыраласып, қиыса байланысатындықтан, тілдегі үнемдеу заңына 
сәйкес  көп  жағдайда  бас  мүше  қызметіндегі  жіктеу  есімдіктері  түсіп  қалған: 
bälä 
tugma ärdi ogly bän
 (E 15, 2);
 bilgä kagan atysy jolyg tigin män...
 (Mh, X, l); 
bu atymyz 
umay bäg biz
 (E 28, 3); 
biz az biz
 (О, 8); 
tänsi män
 (IB, 1); 
ala atlyg jol täŋri män
 (IB, 2); 
altun kanatlyg talym kara kuš män
 (IB, 4); 
korkma timiš kut birgaj män timiš
 (IB, 3) т.с.с. 
Тіл дамуының өзіндік кезеңдерінде ІІІ жақта да есімдік пен етістік қиыса байла-
нысқан:  
bilgä toñukuk añyg 
ol
 (Tk, 34). 
oguzy jämä tarkanč 
ol
 (Tk, 22). 
А.Байтұрсынұлы жіктік жалғаулары І, ІІ жақта өзара ымыраласып, ІІІ жақтың көпше 
түрінде ымырадан шығып кететінін айтады. Мұндай дәйектерді қисса-дастандардың 
тілінен де кездестіруге болады:  
Кімді балам дер енді, 
Кімді мендей сүйер ол?
Біз есіне түскенде, 
Жанған отта күйер ол. 
Күйгеніне кез болсаң, 
Сабыр айта көріңіз! 
Көрген итің – дұшпан ол,
Арамызға түскен ол,
Екеумізді күзетіп,
Көп сырларды шешкен ол.
Сені менен айырар ол,
Қанатымнан қайырар ол. 
Мұнды басты ғаріпке,
Көп залымдық айлар ол. 
Яғни, жіктеу есімдіктері ертеректе предикативтілікті білдіретін көмекші сөз ретінде 
емес, толыққанды сөз ретінде қолданылған. Кейін уақыт өте келе аналитикалық құры-
лым түзіп, көмекші қызмет үстеген. 
А.Байтұрсынұлы  қазақ  тілінің  өзіндік  ерекшеліктерін  терең  пайымдап,  өзіне 
дейінгі  тіл  білімпаздарының  еңбектерін  зерделей  отырып,  жіктеуді‚  ең  алдымен‚ 
анайылық және сыпайылық жөнге жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше түрге са-
ралайды. Сонымен қатар ортақ, оңаша тәуелдікті жіктеу іштей тағы да анайы-сыпайы, 
жекеше-көпше  түрге  бөлініп,  жіктеу  үлгісі  бірізділікпен,  жүйелі  түрде  баяндалған. 
А.Байтұрсынүлы  тұжырымдарын  кейін  Қ.Кемеңгерұлы,  Қ.Басымұлдары  да  қолдап, 
оңаша тәуелдеу мен анайылық жөн, ортақ тәуелдеу мен сыпайылық жөн бірдей ай-
тылады деп түсінген. Ал І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінен бастап 
тәуелдеу оңаша, ортақ түрге сараланғанмен, сыпайылық жөн ІІ жақпен ғана шектеледі. 
Бұл кейінгі еңбектерде де сабақтастық тауып, мектеп оқулықтарында, «Қазақ тілінің 


108
грамматикасында», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»,  С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі 
сөздердің грамматикалық сипаты»  т.б. еңбектерде жіктеу мен тәуелдеудің сыпайылық 
жөні  ІІ  жаққа  байланысты  ғана  түсіндіріледі.  Жіктеуді  анайы  және  сыпайы  түрге 
сараламаудың нәтижесінде аталған еңбектерде І жақ анайы жіктеудің көпше түрі мен 
осы жақтағы сыпайы жіктеудің жекеше түрінің орындары ауысып кеткен. 
Жіктеу  есімдіктері  адамға  қатысты  қолданылатындықтан  (персонификация 
жағдайында  ғана  ауытқулар  болады),  әу  баста  жіктеу  есімдіктері  адамға  ғана  тән 
сөздерге  жалғанғанын  байқаймыз.  Жіктеу  есімдіктері  жіктік  жалғауына  ғана  емес, 
тәуелдік жалғауларына да негіз болған. Алайда уақыт өте келе қосымша мүлде түсіп 
қалған. Қазіргі кезде ІІІ жақ нөлдік тұлғада келеді: 
мен студентпін, сен студентсің, 
ол – студент.
Мен, сен
  жіктеу есімдіктері сөйлемнің соңында келіп, оған қаратпа мәнді -а қосымша-
сы үстелуінің нәтижесінде 
мана, сана
 тұлғалары пайда болған. А.Байтұрсынұлы мұн-
дай тұлғалар 
(барсана, тұрсана, жүрсана, қойсана, кетсана)
 өтініш мәнін білдіретінін 
айта келіп, оны ызалы райға жатқызады. Ғалым бұл тұлғаның қолданыстан ығысып 
бара жатқанын, негізінен бұрынғы ертегілерде кездесетінін ескертеді [3].   
Бүгінде  тілдік  қолданыстан  шығып  қалған 
мана,  сана
  тұлғалары  ауыз  әдебиет 
үлгілерінде («Алтын сақа», «Қара батыр» ертегілерінде т.с.с.) кездеседі. Мысалы: 
Бала қарғаға айтты: 
– Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет