192
дауысты бір сөздің құрамында бірнеше рет кездесе беретін болғандықтан, олай ете
алмаймыз. Өйткені бір сөздің ішінде қосалқы (диакритик) таңбалы немесе қосақ
таңбалы дауысты-дауыссыз бірнеше рет қайталанып жатса, жазу дағдысын былай
қойғанда, көзтанымға ауыр болады.
Мәтін-өрнек (ерін үндестігін қазіргі дәстүрмен ескермей отырмыз):
ABAY JOLI
Üş kündik joldɪŋ bügingi, soŋǧɪ künine bala şәkirt barɪn saldɪ. Qorɪqtan kün şɪǧa atqa
mineyik dep asɪqqan-dɪ. Bunɪ qaladan alɪp qaytqalɪ barǧan aǧayɪnɪ Baytastɪ da taŋ atar-atpasta
özi oyatɪp turǧɪzɪp edi. Kün uzɪn attan da tüspey, özge jürginşilerden oq boyɪ alda otɪrǧan.
Key-keyde özine tanɪs Köküyirim men Buwratiygen, Taqɪrbulaq sɪyaqtɪ qonɪs-qudɪqtardɪŋ
tus-tusɪna kelgende bala oqşaw şɪǧɪp, astɪndaǧɪ jaraw qula bestisin aǧɪzɪp-aǧɪzɪp ta aladɪ…
-Mɪna balanɪŋ awɪlǧa asɪǧuwɪn-ay!
Әрине, әліпби мәселесіне әртүрлі мамандардың қатысы болады. Солардың ішінде тіл
мамандары мен информатика мамандарының орны бөлек. Алайда, ешкімнің көңіліне
келмей-ақ қойсын, жоба авторлары бұл тұста неше түрлі ойға қонымсыз «шеберлік»
танытуда. Мұның басты себебі олардың өз алдына ғылыми пән болып табылатын жазу
теориясы мен әлеми жазу дәстүрінен бейхабарлығында болып отыр. Сондықтан әркім
өз орнын біліп араласса дейміз.
Мысалы:
-тіл мамандары (фонетистер) тілдің әліпби құрамын анықтап, емле-ережесін
құрастырады,
-математиктер әрбір дыбыс пен таңбаның кездесім жиілігін есептеп шығады,
-информатиктер компьютер түйметақтасына оңтайлы орналастырудың амалын
қарастырады,
-сызбашылар әріп сұлбасының қарапайым үлгісін іздейді,
-әдіскерлер оның сауат ашу дағдысын бағалайды,
-көз дәрігерлері көзтанымға әсерін байыптайды,
-психологтар бала жүйкесіне шақ келу жағын пысықтайды т.с.с. сөйтіп бәріне
жұмыс табылады.
Ендігі қиындық кірме таңбалардың дыбыс құрамын оқулықтар мен оқу-әдістемелік
құралдар арқылы көпшілік санасына жеткізіп, ақиқатын мойындату. Бүгінгі таңда бұл
қиынның-қиыны болғалы тұр. Кірме таңбалар қазақ тілінің жеке дыбыстары емес,
дыбыс тіркестері дегенді түсіне қоятын орта жоқ. Көпшілік санасын орыс орфогра-
фиясы тұмшалап тастаған. Жоқ жерден өзімізге өзіміз жұмыс тауып беріп отырмыз.
Сондықтан ең алдымен қазақ мәтінін «әліпби» транскрипциялап алуымыз керек.
«Әліпби» транскрипция дегенді амалдың жоғынан ойлап тауып отырмыз. Мақсат –
қазақ сөзі
Достарыңызбен бөлісу: